шүбә,
куә, күнә, кінә, күмән, рәсуә, пәтуа, дүдәмал, тілмаш
– тәрізді сөздер.
Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде
күнә, кінә, күмән
т.б. сөздердің
қосымшалармен жуан вариант түрінде түрленгендігі көрсетілген:
күнәға,
күнәдан, күнәсы, күнәдау, күнәсыз,
т.б.;
кінәға, кінәдан, кінәсы, кінәлау,
кінәсыз, кінәлы, күнәшыл
т.б.;
күмән, күмәнға, күмәны, күмәнданғыш,
күмәнды, күмәндылық, күмәнсыз
т.б.
Ал баспасөз беттерінде бұл сөздердің қосымшалармен түрленуі бірде
жуан, бірде жіңішке күйде жазылып жүр. Бұл қиындық осы сөздердің
құрамындағы соңғы дауыстының фонемалық реңкінің неғұрлым тәуелді
позицияда болуына байланысты. Жоғарыда мұндай сөздердің фонемалық
негізгі реңкін кейде аффиксация тәсілі арқылы айқындауға болатынын
байқадық.
Куә
сөзіне де барлық қосымшалар жуан, жіңішке түрде талғаусыз
жалғана бермейді. Бұл сөз белгілі бір қосымшаға келгенде тек жіңішке
вариантты ғана талғайды. Мысалы,
куәға, куәсыз
(орфографиялық
сөздіктерде), куәге, куәсіз (баспасөз беттерінде) деп қолданылғанмен,
-лық, -
лік
аффиксінің тек -
лік
вариантын ғана талдайды: мысалы
куәлік
.
Куәлық
түрінде жазу мүлдем кездеспейді. Осындай ерекшелікке қарағанда,
куә
сөзіндегі дауыстының фонемалық негізгі реңкі
ә
екендігі байқалады. Олай
болса бұл сөзге қосымшалар жіңішке вариант түрінде жалғануға тиіс:
куәге,
куәні, куәсіз, куәлік
т.б.
Егер соңғы буын жіңішке болса, онда бұл сөздер неге қосымшалардың
жіңішке вариантымен түрленбейді? Күнә, кінә, күмән сөздерінің жуан
вариантты қосымшаларды талғауы, әрине, себепсіз емес. Бұлай болатыны
түбір сөздің соңғы буынындағы дауыстының ерекшелігімен байланысты.
Сөздің қосымшасыз жеке өзін алғанда, соңғы буындағы дауысты фонема
өзінің негізгі реңкінде жұмсалып тұрғандығы байқалады. <ү> еріндігінің
әсерінен дауысты <а> (таңбалауы – ә) палатализацияланып, қосымша реңкке
ие болған. Мұндай сөздер әртүрлі қосымшалармен түрленгенде, қосалқы
реңкте жұмсалып тұрған фонема өзінің негізгі реңкі <а> -ға жуықтайды.
Сондықтан да соңғы буынның ыңғайына қарай қосымшалар жуан вариантта
жалғанады.
Біраз жылғы қалыптасқан дәстүрді ескермесек, бұл сөздердің
күна,
кіна, күман
(күнә, кінә, күмән емес) түрінде, фонеманың негізгі реңкіне орай
таңбалау орынды деп білер едік. Фонемалардың позициялық реңктерін
негізгі реңктерінен ажырату ескерілмегендіктен, орфграфиялық сөздікте
күнә, кінә, күмән
фонетикалық принцип ыңғайына таңбаланған тәрізді
көрінеді.
Қазақ жазуы, жоғарыда айтқандай, фонетикалық принципке
негізделген. Ал осы негізді дәйекті түрде ұстанбай, бірде фонематикалық
ыңғайда, бірде фонетикалық ыңғайда жазу – орфографияны қиындата түседі.
Оның үстінде, сөзді фонетикалық ыңғайда жазу зерттеушілер айтқандай
өтпелі дәуірге тән сипат. «Жазу-сызу ісін жасауды қолға алған алғашқы
кезеңде үстем болған фонемалық жазудың ертеде жазуы болмаған тілдер
үшін жұртшылықтың сауатын көтеруде үлкен пайдасы тиді. Ол кезеңде
жазба тілдің қалың бұқараға барынша түсінікті болу мақсаты көзделді де,
сөздің жазылуы мен айтылуын мейлінше жақындату емлеге қойылатын
басты талаптардың бірі болды. Қазір жағдай мүлде өзгерді. Түркі
халықтарының сауаттылығы мен білімі жоғары деңгейге көтерілді» [34,
27б.].
Палатализацияланған [а] қазақ орфографиясында бірде <а> (шай, жай,
жайлау т.б.) түрінде таңбаланса, бірде <ә> түрінде беріледі:
күнә, күмән,
шүбә
т.б. Ұқсас дыбыстық құбылыс әртүрлі таңбаланған. Алайда
күнә,
күмән, шүбә
деп жазған соң,
шәй, жәй, жәйлау
түрінде, немесе, керісінше,
шай, жай
тәрізді
күман, күна, шүба
түрінде таңбалау қажет. Тегінде,
жазудағы бірізділік үшін екі түрлі варианттың біріне тоқталған дұрыс. Бұл
сөздерді дегенмен
шәй, жәй, жәйлау, күнә, шүбә, күмән
деп бірізді жазып,
қосамшаларды жуан вариантта жалғау орынды да деп ойлаймыз. Жуан
варианттағы қосымшалар өзінің негізгі грамматикалық қызметімен қатар,
түбір морфемадағы фонеманың <а> екендігін көрсететін белгі (сигнал)
ретінде графикалық қосымша қызмет атқарады деп қарауға болады.
Әрине,
шәй, жәй, жәйлау
т.б. сөздерді «ә» арқылы таңбалауды
фонематикалық принциптен пәлендей ауытқу деп түсінбеу керек, өйткені
түбір морфемадағы фонеманың <а> екендігін сол сөзге жалғанатын жуан
варианттағы қосымшалар көрсетіп тұрады. Мысалы
: шәйға, жәйлау, шәйпау
,
шәйқа, шәйып
т.б. Керісінше, түбір морфемадағы «а» әрпі арқылы
таңбаланатын [а] дауыстысын сол сөзге жалғанатын жіңішке варианттағы
қосымша көрсетіп тұрады. Мысалы
хал, халге
[халге],
халі
[халі]. Х [қ]
фонемасының іргелес айтылғанда <ә> тіл арты реңкіне [а]-ға көшеді. Алайда
мұндай сөзге қосылатын қосымшалар сол сөздегі дауыстының <ә> фонемасы
екендігін «хабарлап» тұрады.
Қазақ орфографиясындағы тағы бір қиындық – бірінші буында [ү], [і]
дыбыстары, ал екінші буында палатализацияланған [а] кездесетін сөздердің
жазылуына қатысты. Бұл дауысты <а> бірде
ә
, бірде
а
әрпімен таңбаланып
жүр. Салыстырыңыз:
шүбә, тіфә, кінә, күнә, мүләйім
т.б.;
дәлда, тілмаш,
ділмар, мұттайым
т.б. Бірақ палатал а-ны да «ә» әрпімен таңбалау
бірізділікке саяр еді (2-қосымша).
Достарыңызбен бөлісу: |