Графика. Орфография. Орфоэпия


Палатализацияланған [а]-ның жазылуы



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет25/152
Дата13.09.2023
өлшемі2,09 Mb.
#43345
түріМонография
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   152
fce55c58e23c15bef10aa33237001bcc

Палатализацияланған [а]-ның жазылуы 
 
Орфографиялық 
сөздікте берілуі
Ұсыныс
дүбара 
дүдамал 
ділда 
ділмар 
кіназсі 
күстана 
күшала 
мүбада 
мүбарак 
мүлайім 
мұттайым 
мінажат
дүбәра, дүбәраға 
дүдәмал, дүдәмалға 
ділдә, ділдәға 
ділмәр, ділмәрға 
кінәз, кінәзсы 
күстәна, күстәналау 
күшәла, күшәлаға 
мүбәда, мүбәдаға
мүбәрек, мүбәрекке 
мүләйім, мүләйімге 
мүттәйім, мүттәйімге 
мінәжат, мінәжатқа
 
 
Бірінші буында <ә>, ал екінші буында палатализацияланған [а] 
дауыстысы келетін сөздердің жазылуы жоғарыда аталған сөздер типінен
өзгеше. Бірінші буындағы тіл алды дауысты <ә>-нің әсерінен келесі 
буындағы [а] палатализацияланады, <а>-ның қосалқы реңкі [ә] ескерілмей, 
негізгі реңкі бойынша жазылады: 
жәннат, зәузат, нәпақа, пәтуа, тәурат, 
пәруай, пәруаз
т.б. Қазақ орфографиясында бірінші және екінші буында 
ә
арқылы белгіленетін сөздер бар: 
мәрмәр, сәруәр, зәмзәм, тәмәм, әзәзіл 
т.б. 
Бұл топтағы сөздердің екінші буынындағы 
ә
әрпі арқылы таңбаланып тұрған 
дауыстыны палатализацияланған 
а
деуге болмайды. Бұлай деуімізге себеп – 
екінші буынның тап бірінші буын тәрізді толық немесе біршама толық 
қайталануы.
Кейбір позицияда дауыстылардың жуан-жіңішке оппозициясы 
«көмескіленеді» де, сол дыбыстың тіл алды дауыстысы немесе тіл арты 
дауыстысы екендігін ажырату едәуір қиынға соғады. Осындай ерекшелікке 
байланысты бірсыпыра сөздердің жазылуы практикада дұрыс шешімін 
таппай келеді (3-қосымша). 


Орфографиялық сөздікте 
Қолданыста 
ақырет 
кесапат 
қабілет
қаракетсіз 
қағілез 
қасірет
қатыгез 
қошамет 
құдірет 
лағынет 
мүбарак, мүбарагы 
тәкаппар 
тақсірет 
тауқымет 
тақылет 
ақірет 
кесепат 
қабылет 
қарекетсіз 
қағылез 
қасырет 
қатігез 
қошемет 
құдырет 
лағінет 
мүбәрәк, мүбәрегі 
тәкәппар 
тақсырет 
тауқімет 
тақілет 
Бұл сөздердің сөздіктегі, практикалық қолданыстағы әліптемелерінде
бірізділік жоқ екенідігі байқалады. Мысалы,
қағілез
деп жазған соң, неге 
қатігез
деп жазуға болмайды. Немесе неге 
лағынет, тәкаппар
деп жазамыз? 
Неге 
лағінет, тәкәппар
емес? Әліптемесі қиын мұндай сөздердің дұрыс 
жазылуының белгілі бір таянышы болуы керек. Біздіңше, ол таянышты 
сөздің буын құрылымынан іздеуге болады. Жоғарыда көрсетілген сөздерді 
алдымен бейүндес (асингармониялық) екі буынға бөлуге болады
: а-қы-рет
(а-қі-рет емес), 
құ-ді-рет
(құ-ды-рет емес), 
ке-са-пат
(ке-се-пат емес), 
ла-ғы-
нет 
(ла-ғі-нет емес), 
қа-бі-лет
(қа-бы-лет емес),
мүбә-рек
(мү-бә-рак емес),
қа-ре-кет
(қа-ра-кет емес),
тә-кәп-пар
(тә-кап-пар емес), 
қа-ғы-лез
(қа-ғі-лез 
емес),
тақ-сі-рет
(тақсы-рет емес), 
қа-сі-рет
(қа-сы-рет емес), 
тау-қымет
(тау-қі-мет емес), 
қа-ті-гез
(қа-ты-гез емес),
та-қы-лет
(та-қі-лет емес),
қо-
ше-мет 
(қо-ша-мет емес), 
қо-сі-рей
(қо-сы-рей емес).
Осы типтес сөздердің буын құрылымындағы ерекшелікті ескеру дұрыс
жазуға негіз болады. Біріншіден, жуан мен жіңішке буын түйіскен тұста
дауыссыз дыбыс өзі жұптасып дауыстымен реңкі жағынан үйлесіп тұрады: 

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау