Графика. Орфография. Орфоэпия


 Жазу нормалары және одан ауытқудың түрдері мен себептері



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет19/152
Дата13.09.2023
өлшемі2,09 Mb.
#43345
түріМонография
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   152
fce55c58e23c15bef10aa33237001bcc

2.2 Жазу нормалары және одан ауытқудың түрдері мен себептері 
 
Тіл жүйесі өзінің ішкі заңдылығы бойынша бірте-бірте дамиды. Ал 
тілдік норма дегеніміз сол жүйенің сөздегі (речь) нақты қолданысы 
болғандықтан, соған сәйкес ол да бірте-бірте өзгеріп отырады. Әдетте 
мұндай норма адамдардың еркінен тыс (стихиялы түрде) жүзеге асады. 
Әдеби тілде, оның өмір сүруінің бір формасы – жазба тілде норма сол тілді 
тұтынушы адамдардың саналы араласуымен ғылыми (сөздіктер, грамматика, 
анықтағыштар т.б.), кейде ресми (әліпби, орфографиялық ереже туралы 
үкімет жарлықтары, терминдер жөнінде арнайы комиссияның қаулылары 
т.б.) тұрғыда қалыпқа түсіп (кодификацияланып) жатады.
Қазақ әдеби тілінің нормаларын практикалық жақтан алғаш
қалыптандыру (кодификациялау) қазақ сөзінің хатқа түсе бастаған кезі болса, 
жазу нормаларын ғылыми жақтан қалыптандыру емле ережелері мен 
сөздіктерден басталады. Сөйте келе, тәжірибе жинақтаудың барысында, 
материалды қамту, белгілі бір жүйе мен бірізділікті сақтау жағынан 
анықтағыш әдебиеттің (сөздіктердің) өзі де толығып, жетіле береді.
Алайда жазу нормаларын қалыпқа салу деген алдымен қолдан ереже, 
сөздік, грамматика жасап алып, тілді соған сырттан таңу емес.
Керісінше, норманы, оның ішінде жазу нормасын қалыптандыру 
дегеніміз тілдің сол кезеңдегі жұртшылық мойындаған және қолданып 
жүрген жүйесін дәл беріп, дұрыс қамту дегенге саяды. Бірақ сөздіктерде, 
грамматикалық еңбектерде, емле ережесінде көрсетілген нормамен бірге
адамдардың күнделікті тіл жұмсау дағдысында әртүрлі жаңа қолданыстар


пайда болып жатады. Сөйтіп, белгілі бір тілдік тұлғаның екі немесе одан да 
көп нұсқасы қатар қолданылуы мүмкін. Уақыт жағынан алғанда олардың 
ескісі, жаңасы, функционалдық мәні тұрғысынан қарағанда кітаби, сөйлеу 
тілі, көтеріңкі, пәс, бейтарап түрлері болады. Сондай-ақ жарыспалы көп 
нұсқаның ішінде тілдің даму үрдісіне (тенденциясына) сай келетіні алдымен 
еске алынуға тиіс.
Қазіргі кезде әдеби тілдің жазу нормалары біршама қалыпқа түсті. 
Әйтсе де жазу нормаларын қалыптандыруда әлі де болса тиянақты шешімін 
таппай келе жатқан емле жүйесінің осал тұстары аз емес. Солардың бірі,
мысалы, қысаң дауыстылардың жазылуы. Әрине, бұл жерде 30-40 
жылдардағыдай жаппай қиындық жоқ. Алғашқы кезде 
асыра – асра, 
жамыра – жамра, шарыуа – шаруа, көбірек – көбрек, топырақ – топрақ
т.б. 
тәрізді сөздер осылайша екіұдай жазыла келіп, қазіргі кезде бір ғана нұсқада 
орнықты. Сөйтіп, жазылуы кейбір фонематикалық құбылыстармен 
байланысты едәуір орфографиялық қиындықтардың шеңбері айтарлықтай 
ықшамдала түсті. Мұның өзі жазу нормаларының біршама аз уақыт ішінде 
азды-көпті орныға түскенін байқатады. Дегенмен кейбір дыбыстық 
құбылыстармен байланысты көптеген сөздердің жазылу нормасы түбегейлі 
шешімін тапқан жоқ. Жазылуы редукция, палатализация, абсорбция, 
метатеза, ламдаизм, протеза құбылыстарымен ұштасып жататын сөздердің 
жазу тәжірибесінде ала-құла жазылып жүргендері аз емес. Сондай-ақ күрделі
сөздердің кейбір типтері мен түрлері де жазу тәжірибесінде едәуір қиындық 
келтіріп жүргені мәлім. Осы айтылғандармен байланысты жазу нормаларын 
қалыптандырып, бірізге салуда қиындық келтіріп жүрген сөздердің топтығы 
мен түрлерін арнайы қарастырып, азды-көпті талдау жасаудың қажеттілігі
байқалады. 
Олардың 
біразы, 
жоғарыда 
айтылғандай, 
дыбыс
құбылыстарымен байланысты болса, бірсыпырасы күрделі сөз топтары мен 
көмекші сөздердің жазылуына қатысты болып келеді.
Әдетте тіл өзінің қоғамдық өмірдегі сан-салалы қызметін атқара 
отырып өзгереді. Сондықтан тіл жүйесінде дағдыға сіңген қолданыстармен 
бірге ескісі мен жаңасы жарыса жүреді. Ескінің өзі жаңаша мазмұн алып, 
қайта жаңғырып жатса, су жаңалары дағдыға айналып, сонылығы білінбей,
үйреншікті, қолданыстың қатарына қосылады. Тіл жүйесінде болып жатқан 
мұндай құбылыстарды дер кезінде байқай отырып, оларды тілдің даму 
үрдісіне сай қалыптандырудың жазу мәдениетін көтеруде үлкен мәні бар. 
Міне, осымен байланысты бұл тарауда біз тіл жүйесіндегі үрдістерді анықтай 
отырып, оларға қай нұсқаның сай келетінін көрсетуге тырыстық. Мысалы, 
30-40 жылдары дауыстылар белгілі бір позицияда бірде жазылса, бірде 
жазылмай жүрді (шін-ара) ішін ара, жамыра (жамра). Бірте-бірте қысаң
дауыстыларды «естілген жерде» жазу нормаға айналды. Мұның өзі тілдің 
синхронды күйіне үйлесімді болды. Бұлай болмаған жағдайда дауыссызды 
дауыстыдан бөліп тастау сияқты қауіпке жол ашылар еді. Бұл жерде қазақ 
тілі дауыстарының табиғатын дәл бейнелейтін «тәнді жан қалай билесе, 
дауысты дыбыстар басқа дыбыстарды солай билейді» (А.Байтұрсынов) деген 
теңеуді тағы қайталауға тура келеді. Сөйтіп, Ереже бойынша қысаң


дауыстыларды жаппай түсіріп жазуға шек (регламент) қойылып, белгілі бір 
позицияда түсіріп жазуға болатыны анықтағыш әдебиетте көрсетіле бастады. 
Осымен байланысты бұл саладағы қиындықтың шеңбері едәуір ықшамдала 
түсті.
Қазіргі кезде, қолда бар тілдік деректерді саралай келгенде, ашық 
буынның жабыққа айналуы арқылы сөздің буын саны жағынан ықшамдалу 
үрдісінің бар екені байқалады (парағы, парқы, халығы, халқы, мүлігі, мүлкі). 
Жазу нормаларын қалыптандыруда, әрине, ықшамдалған нұсқаға басымдық 
берілуге 
тиіс. 
Анықтағыш 
әдебиет 
арқылы 
жазу 
нормаларын 
қалыптандыруда тағы бір ескеретін үрдістердің бірі – бейүндес буынды 
сөздердің палатализация құбылысына ұшырауы (құдырет – құдірет). Бұл
жерде сингармонизм заңдылығының әрекет етуі соншалық, к фонемасы 
әдеттегі өзінің (к), (х) нұсқаларынан басқа (қ) түріндегі жаңа бір реңкке ие
бола бастағанын байқауға болады.
Аталған фонеманың (қ
і
) реңкі күнделікті сөйлеу тілінде ғана емес, 
сахна, радио, теле хабарлар тілінде орнығып келе жатқанын қазіргі кезде 
байқау қиын емес: (қабілет (қа/бы/лет емес), (қар
і
ек
і
ет
і
) (қа/ра/кет емес). Олай 
болса мұндай типтегі сөздердің жазылу нормасын қалыптандыруда 

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау