Графика. Орфография. Орфоэпия


Эфирдегі сөз және оның ритуалдық қырлары



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет107/152
Дата13.09.2023
өлшемі2,09 Mb.
#43345
түріМонография
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   152
fce55c58e23c15bef10aa33237001bcc

 
Эфирдегі сөз және оның ритуалдық қырлары.
Ғұмыр жасы жүздеген 
жылмен өлшенетін, заман өзгеріп жатса да, байырғы қалпын бұзбайтын 
құрылымдар тіл жүйесінің дыбыс, лексика, морфема, синтаксис 
деңгейлерінде ерекше орын алады. Сондай-ақ тілде өзгерте беруді 
қаламайтын ежелден қалыптасқан стеоретиптер, этикеттің формалар, 
эталонда т.б. орнықты сөз орамдары болады. Сонымен бірге оларды өзгерте 
бермей, орынды жұмсау аса қажет. 
Амандық-саулық сұрасу, қоштасу, құттықтау т.б. ұлттық 
стеоретиптердің арнайы тілдік таңбалары (құралдары) және олардың «кім-
кімге», «қашан», «қай жерде» деген принципке бағынатын қолдану жүйесі 
бар. Әсіресе тілдік дайын үлгілерді, яғни амандасу, қоштасу формулаларын 
әркім өз қалауынша өзгерте алмайды. Этикеттік сөздер осы қасиетімен 
құнды.
Алайда этикеттік таңбалардың осы қасиетінен бейхабар сөйлеушінің 
бүйректен сирақ шығарып алуы оңай. Мысалы, соңғы жылдары тыңдарман 
эфирден 
құрметті достар, қадірлі ағайын
тәрізді этикеттік қаратпаны жиі 
еститін болды. Тыңдарманды құрметтеу нышаны, әрине, мақұлдарлық жайт, 
бірақ радиохабар аудиториясының әлеуметтік құрамы әр алуан болатынын 
ескеру қажет. Тыңдарман қатарында мектеп оқушысы да, зейнеткер де, 
қоғам, ғылым, өнер қайраткерлері, мектеп мұғалімдері тәрізді зиялы қауым 
өкілдері мен шаруа баққан ауыл тұрғындары болуы ықтимал. Олардың жас 
шамасы әр түрлі болатыны да белгілі. Сондықтан 
«достар»
деген этикеттік 
қаратпаны әркім әр түрлі қабылдауы ықтимал. Бұл жерде «ақ самайлы ана, ақ 
шашты ата «достар» деген қаратпаны қалай қабылдар екен?» деп ойлануға 
тура келеді.
80-жылдары 
жастарға 
арналған 
«Ұшқын» 
тәрізді 
арнайы 
радиохабарларда 
құрметті достар, замандастар, құрбылар
тәрізді этикеттік 
қаратпалар орынды қолданылатын. Сондай-ақ балдырғандарға арналған теле, 


радиохабар бағдарламаларында 
жас достар, менің қымбатты жас 
достарым
тәрізді этикеттік сөздер айрықша интонациямен айтылып, жас 
тыдармандарды баурап тұратын. Мұндай жағымды жайттар қазір де үлгі 
болуға тиіс. Сондықтан
 достар
қаратпасын радио бағдарламаның мазмұнына 
келсін-келмесін тықпалай беру орынды деп есептелмейді.
Радио, -телехабар бағдарламалары көбіне-көп 
көріскенше күн жақсы, 
эфирдегі келесі кездескенше, эфирдегі келесі ұшырасқанща, көгілдір экранда 
амандықпен жүздескенше, эфирдегі амандықпен көріскенше
т.б. тәрізді 
қоштасу ритуалын білдіретін формалармен аяқталып жатады. Алайда 
бірқатар тыңдаушы, көрермен 
көріскенше
деген нұсқаны жылы 
қабылдамайды, өйткені олардың санасында 
көрісу
сөзі өзгеше мазмұндағы
ритуалмен ассоцацияланады. Сондықтан тәжірибелі журналист басқаша 
ассоцация тудыратын тілдік таңбалардан тартынғанды мақұл көреді. 
Байырғы кездегі телехабарларда 
көріскенше
деген сөзді қолдана бермейтіні 
байқалатын. 
Телехабарлар бағдарламасының спорт хабарында қоштасудың 
жеңісті 
күндері жүздескенше
деген нұсқасы тыңдарман үшін жағымды әсер 
қалдыратын этикеттік формула деуге болады. Қоштасу ритуалын 
бай 
болайық 
тәрізді тілекпен аяқтап жүретін журналистің «тапқырлығы» естір 
құлаққа кезінде тосын, ерсі көрінгені белгілі. Өзге әріптестерінің бұл 
«жаңалықты» іліп әкетпей, іркіліп қалғаны мақұлдарлық болды. 
Сөз этикетіндегі орнықтылық, тұрақтылық, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып 
отыратын сабақтастық – өркениетті қоғамға, мәдениеті гүлденген халыққа 
тән қасиет. Қазақ сөз этикеті де осындай қоғамдастықта қалыптасып, 
тұрақталған. Ал оның қалыптасқан тілдік-мәдени дүниесіне жоқ жерден 
эксперимент жасау жаңсақтыққа саяды. 

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау