ә
келетін сөздер үшінші буында да «таза»
ә
-мен айтылып, кейінгі
буындарда
а
-ға жуықтап, бірақ
ә
-нің реңкін сақтап, яғни
а
мен
ә
-нің
ортасында айтылып, сөз аяғында жуан дыбыстауға көшеді. Сонда бейүндес
жазылатын сөздерді жіңішкеден жуанға, бірте-бірте, буын жігін ажыратпай,
өткізіп айтатын болсақ, сөз табиғи қалпын сақтап, үндесімді шығатын
болады. Оны былай көрсетуге болады:
ә – à – а
1-тапсырма. Мына сөздердің айтылу нормасын сақтап, жаттығып
көріңіздер:
пәруана – пәрᵞүәнà
пәруардігер – пәрᵞуәрдігер
пәруайсыздану – пәрᵞуәйсізденүу
пәруайсыз – пәрᵞуәйсіз
пәтуа – пәрᵞуә
пәтуаласу – пәрᵞуәлàсұу
оәсуа – рәсᵞуә
рәсцаланғанмен - рәсᵞуәлàңғàммен
Сондай-ақ
ш, ж
мен
й
-дің аралығында жазылатын а дыбысы айтуда
жіңішкеріп,
ә
-ге ұқсап кетеді:
шай – шәй, жай – жәй
. Бұл позициядағы
ә
-нің
жіңішкеруі өзінен кейінгі буынды да қамтиды. Бірақ сөз соңына, әсіресе
қосымша қосылғанда сөз бірте-бірте жуандай береді. Сонда
ә
әрпі мен
а
дыбысының аралығында тағы да 2-3 саты аралық реңктер айтылады, яғни
ә
дыбысы екінші буыннан ары жуандап, соңында мүлдем жуан дыбысқа
айналып кетеді. Кейде ауызекі тілде сөз жіңішке үндесуін бұзбаған қалпы
соңындағы
а
дыбысының орнына
ә
айтылады. Мысалы,
жайылымдағы –
жәйілімдегі
. Бірақ бұл орфоэпиялық норма бола алмайды.
2-тапсырма. Мына сөздердің орфоэпиялық нормасын сақтап
айтып, жаттығыңыздар:
шайға – шәйғә
шайларың - шәйләрыʼң
шайларыңды - шәйләрыʼңді
жайлау – жәйләу
жайлауда - жәйләудà
жайлаудағылар – жәйләудàғылар
шашбау – шәшпàу
ашына – шәшінà
шашындағы – шәшіндàғы
жайылым – жәйілім
Екіншіден, қазақ тілінің үндесім құбылысына бағынбайтын түбірдің
жуан, жіңішкелігіне үйлеспейтін мынадай жұрнақтар бар:
-қор, -паз, -кер, -
кеш, -қой, -кент, -пен, -мен, -нікі, -күнем, -хан, -хана, -тал, -паң
. Мысалы:
шайқор – шәйқор,өнерпаз – өнөрпаз, әсеспаз – әсемпаз, арбакеш – арбакеш,
қушыкеш – құушұкеш, қаламгер – қаламгер, жауапкер- жауапкер, айыпкер –
айыпкер, саудагер – саудагер, ананікі – ананікі, Мараттікі – мараттікі,
тарақпен – тарақпен, отпен – отпен, сумен – сұумен, пайдакүнем –
пайдагүнөм, ақылгөй – ақылгөй, данагөй – данагөй, есепқой – есепқой, сәнқой
– сәңқой, әзілқой – әзілқой, Шымкент – шымгент, Құмкент – құмгент,
емхана – емхана, дәріхана – дәр хана, кітапхана – кітәпхана.
Мұнда көріп отырғанымыздай, буын жігіндегі дауыссыз дыбыстар ғана
көрші дыбыстың әсерінен өзгеріп, үйлесіп айтылады да (
ақылгөй, құмгент,
пайдагүнөм
), тіл үндестігі сақталмайды. Бұлардың
қор, паз, кеш, гөй, кент,
хана, хан
түрлері араб, парсы тілдерінен енген және сол тілдік нұсқасын
біршама сақтап игерілгендіктен, өзгермей айтылады да
, -нікі, -күнем, -пен, -
мен, -бен
жұрнақтары түбір сөзден туған төл жұрнақтар болғандықтан,
үйлесім заңдылығына бағынып айтылады.
Үшіншіден, бір сыңары жуан, бір сыңары жіңішке біріккен қос,күрделі
сөздер жазылуы бойынша аралас айтылады:
желбау – желбау, қара ет -
қарʼет, Сәрсенғали – сәрсеңғәлій, кесе-аяқ - кесʼайақ, кесеқап – кесеғап,
Зеңгібаба – зеңгібаба, итарқа – ійтарқа, итала – ійтала, итжуа – ійтшұуа,
(27 бет) ит-құс – ійт-құс.
Тіл үндестігінің тағы бір бұзылар тұсы
Достарыңызбен бөлісу: |