болмайды. Өйткені сөз мәдениеті «дұрыстық» қана емес, сөзді б е д е р л і
ж ұ м с а у деген ұғымды да қамтиды. Сөзді дұрыс жұмсағанымызбен,
нақыш-бедерін дәл тауып, ақтан тигізіп айта алмасақ, діттеген межеден
көріндік деуге болмайды. Өйткені БАҚ әр түрлі хабарды «құрғақ»
ақпарат
түрінде беріп қоймайды. Радио, -телешешеннің тыңдарман мен
көрермендерге ықпал етіп, олардың қоғамдық пікір туралы белсенділігін де
көтеруге тырысады.
Микрофон ұстаған, я болмаса жұртшылық алдына шығып, мінбеге
көтерілген адам сөйлемес бұрын алдымен тілдік қарым-қатынастың түрін,
мақсатын айқындап алуға тиіс.
• Тілдік қатынас ресми ме, бейресми ме?
• Сөздің адресаты кім? Жеке адам ба, көпшілік пе?
• Аудиторияның әлеуметтік құрамы, білім, мәдени деңгейі қандай?
Бірыңғай ма, әлде әр алуан ба?
• Тілдік қатынас біржақты ма, әлде екіжақты ма?
• Тілдік қатынастың мақсаты не? Жай ғана
хабарлау ма, ықпал ету
ме?
Міне, осы айтылған тілдік емес жайттарға көңіл бөлінсе, мыңдаған
сөздің, ондаған тілдік амал-тәсілдің ішінен қарым-қатынастың мақсатына,
жағдаятына, түріне сай келетін ең лайықтысын талғап ала білудің мүмкіндігі
арта түседі. Коммуниканттың діттеген мақсаты айқын болуға тиіс. Атап
айтқанда, адресаттың сезіміне әсер ету, ой-пікіріне түрткі болу, белгілі бір
әрекетке жұмылдыру, ой салу; өтіну, талап ету,
иландыру тәрізді жайттар
тілдік құралдардың мақсатқа сай болуын талап етеді. Осы мақсаттың
үдесінен шыға білу
сөз бедері
деп аталады.
Публицистикалық мәтінде радио, телепублицист коммуникантқа ықпал
ету үшін сөз иесі (субъект) тілдегі эмоционалдық, бағалауыш мәнді сөздерге,
бейнелі сөз орамдарына, тұрақты тіркестер мен теңеулерге, қарапайым
сөздерге, фразеологизмдер мен паремологизмдерге (мақал-мәтелдерге) т.б.
стильдік нышаны бар (маркерлі) бірліктерге иек артады. Бұлар перлокутивтік
(ықпал ету) қызметі бар тілдік таңбалар. Тілдегі өзінен-өзі дайын тұрған
мұндай бірліктердің түр-түрін әдетте ұзына бойы, екі сөздің бірінде
талғаусыз жұмсау сөздің бедеріне нұқсан келтіреді. Ал
тыңнан табылған
теңеу, қиыннан қиыстырылған сөз орамдарының ықпалы, әсер ету қуаты
әлдеқайда күшті.
Сөз бедеріне байланысты бұл айтылғандар негізінен БАҚ-қа,
публицистика тіліне көбірек қатысты. Ғылыми мәтін, көркем мәтін, ресми
ісқағаз мәтінінің арнайы тілдік құралдармен, тілдік
тәсілдермен берілетін
өзді-өзіне тән бедері болады. Мысалы:
ғ ы л ы м и м ә т і н д е атаулар, терминдер, жекелеген сөздер
• логикалық айқындылыққа,
• заттың, құбылыстың, уақиғаның мәнін ашуға,
• белгілі бір қисынды дәлелдеуге қызмет етеді;
• логикалық айқындылықты көрсетеді, сөз құбылыстың, заттың,
уақиғаның мәнін ашуға, дәлелдеуге қызмет етеді;
• сөз ғылыми мәтінде белгілі бір ұғымның «уәкілі» түрінде қызмет
етеді.
к ө р к е м м ә т і н д е сөз:
• ақиқаттағы заттың, нәрсенің, оқиғаның «образы» түрінде
қызмет
етеді;
• метафора, теңеу, бейнелі сөз орамдарын жасауға қатысады;
• ауыспалы мағынада көркем мәтіннің бедерін жасауда белсенді
жұмсалады.
р е с м и м ә т і н н і ң өзіндік бедерін жасайтын тілдік құралдар
болады. Оларға, мысалы:
• стандарттар,
• штамптар жатады;
• сөз екі ұшты мағынада қолданылмайды, логикалық айқындылыққа
қызмет етеді.
Қазіргі БАҚ тілінің сөз бедері қандай? Сөзге бедер салатын тілдік
құралдар дұрыс жұмсалып жүр ме? Дайын, үйреншікті
бедерлеуіш амал-
тәсілдермен бірге тыңнан табылған үлгілер бар ма?
Осындай сұраулардың төңірегінде азды-көпті сөз сабақтауға болады.
БАҚ-тың сөз бедері, тіл нақышы, ең алдымен, ой-сезімге әсер ететіндей
эмоционалды, экспрессивті, бағалауыш сөздерден өрнектеледі. Стильдік
нышаны бар мұндай сөздер, ең алдымен, автордың, шығармашылық
ұжымның (редакцияның), әлеуметтік жіктің,
саяси партияның нәрсеге,
құбылысқа, уақиғаға бағасын, көзқарасын (қоштау, терістеу, ұнату, ұнатпау
т.б.) білдіре отырып, олар жайында қоғамдық пікір қалыптастыру үшін аса
қажет. Осындай стильдік нышаны бар тілдік құралдар арқылы коммуникант
адресаттың эмоциясына әсер, ықпал етіп, қоғамдық пікір туғызады.
Алайда, әсіресе, 60-80 жылдары адресатқа әсер етудің құралы ретінде
БАҚ тілінде
Достарыңызбен бөлісу: