сөз үлгілерін кездестіреміз:
Таудың биігі бөлек болғанмен, етегі бір
– «Дара
тұлғалар қанша биік болғанымен, түп тамыры халықта»
деген ойды
аңғартады. Түйін шешілмесе, кеседі («Егемен Қазақстан»),
Күштілер тіл
табысса, басқалар бас жарыспайды
(«Егемен Қазақстан»).
«Түркістан», «Ана тілі», «Жас алаш» газеттерінен:
Амандық Алладан,
сақтық адамнан; Қарттан қасиет кетсе, жастан ұят кетеді; Ақша бәрін
билейді, қамырдай етіп илейді; Ыңқылдан қыңқыл жаман; Көңілі
мұздағанның жүрегі сыздамас; жер жүдемей, ел жүдемейді
тәрізді
мазмұнға бай өрнекті сөз орамдарын ұшыратамыз. Әрине, кез келген жерде
асыл сөз екен деп мақал-мәтелді тықпалай бермей, найзағайдай жарқ еткізіп,
орынды қолданған өрнекті сөздің орны басқа. Орынсыз ділмарсу асылды
бейасыл етеді. Бұл жерде біз ұтымды қолданған сөз үлгілерін айтып
отырмыз.
Қазіргі БАҚ тіліндегі сөз бедеріне байланысты жағымды // жағымсыз
көріністер айқын аңғару үшін с ө й л е у т і л і, қ а р а п а й ы м с ө й л е у т і л
і (бейәдеби сөйлеу тілі),
әдеби сөйлеу тілі, кітаби тіл (оның ауызша және
жазбаша түрі) деген құбылыстардың мән-мағынасынан хабардар болуымыз
керек. Ауызша сөз болсын, жазбаша сөз болсын, сөзді саралап алу қажет
дейтін себебіміз БАҚ тіліндегі жағымды көріністер де, жағымсыз жайттар да
осы айтылған сөздің түрлеріне байланысты. Сөздің аталмыш түрлерін
ажыратып, саралап қолданғанда эфирден естілер сөз болсын, газет
бағаналарындағы сөз болсын, бедер,
өрнегі келісті болып, сөздің мазмұны
ашыла түседі. Ал оларға мән берілмеген жағдайда бедері, нақышы теріс түсіп
жатады.
Жоғарыда біз қ а р а п а й ы м с ө й л е у т і л і жайында, оның әдеби
тіл кеңістігінен тысқары жатқан, жалпыхалықтық тілдің бір түріне жататын
ерекше феномен екенін қысқаша айтып өттік.
Әдеби сөйлеу тілі мен қарапайым сөйлеу тілінің ортақ тұстары бар:
екеуі де бейресми қатынас жағдайында (үй-іші, туыс, дос-жарандар т.б.)
қолданылады; екеуі де алдын-ала дайындалмаған, ой елегінен өткізілмеген
сөз типіне, яғни машықты сөз (спонтанная речь) түріне жатады. Әдеби
сөйлеу тілі мен қарапайым сөйлеу тілі әлеуметтік жағынан да өзгешеленіп
тұрады. Қарапайым сөйлеу тілінің элементтері шаруа баққан, әсіресе, жасы
үлкен, ауыл тұрғындарының тілінде жиі кездеседі.
Әдеби тіл нормаларынан тысқары жатқан
қарапайым сөйлеу тілі
элементтерін, әдеби сөйлеу тілін кітаби тіл элементтеріне қарама-қарсы
қоюға болады. Әдетте тектес, ұқсас құбылыстарды «қарама-қарсы» қойсақ,
осы әдіс арқылы айырым белгі айқындала түседі.
Қ а р а п а й ы м с ө й л е у т і л і жүйесінде диалектизмдер,
варваризмдер, фонетикалық ерекшеліктер, әсіресе мазмұны пәс бағалауыш,
әсіре эмоционалды сөздер жиі кездеседі. Ал ә д е б и с ө й л е у т і л і н д е
де бағалауыш, эмоционалды сөздер жиі кездеседі, бірақ жоғарыдағыдай әсіре
эмоционалды, бейәдеби сөздердің қолданылуы шектеулі болады.
Салыстырыңыз:
не боп қапты?, не бәле екен?
(не болып қалыпты?);
әкем,
шелекті бере сашы
(қарағым, шелекті бере салшы);
Көзі бар болғыр көруден
қалып барады
(Көз шіркін көруден қалып барады; көз дегенің көруден қалып
барады);
темекісі құрып кеткір жөтелте береді
(темекі дегенің жаман,
жөтелте береді;
темекі дегенді айтпа, жөтелте береді т.б.). Бұл келтірілген
жарыспалылардың бірінші сыңары қарапайым сөйлеу тіліне жатады.
К і т а б и т і л ресми қатынас жағдаятында қолданылады. Ғылыми
мәтін, ісқағаз мәтіні, публицистикалық мәтін, сондай-ақ шаршы топ
алдындағы сөз, микрофон алдындағы сөз, лекция, діни уағыз т.б. кітаби сөзге
жатады.
Теле, радиопублицист, әдетте, ауызша сөйлегенде сөз арасына уәжді,
мақсатты түрде белгілі бір мөлшерде әдеби сөйлеу тілінің элементтерін
қосып отыруы ықтимал. Егер сөйлеу тілінің элементтері басым болып кетсе,
эфирдегі сөздің мазмұны төмендеп, ресмилік мәнінен айырылып, отбасында,
үй арасындағы сөздің мазмұнына ұқсап келеді.
Кітаби сөзге (кітаби стильге) көбіне ресми мазмұндағы, ресми реңі бар
тілдік бірліктер, сондай-ақ салтанатты, көтеріңкі мазмұнды білдіретін сөздер
жатады:
білім беру саласы, жол жүру тәртібі, бәсекелестікті дамыту,
жастар тиянақты білім алуда; ғылыми табыс, ту тіккен жер, тарих
сахнасына шықты, бостандық туын желбіретіп
т.б. Әсіресе көтеріңкі үн,
асқақ патетикамен айтылатын сөздерді газет, микрофон материалдарында
тым жиі қолдану, мөлшерін білмей жұмсау сөзді жасандылау көрсетеді.
Адресатқа ондай сөздің
тигізер әсері, ықпалы шамалы болады.
Әсіресе әлеуметтік мәні аса маңызды заң жобалары жөніндегі
талқылауларда, референдум, Президент, Парламент сайлауы тәрізді саяси
акциялармен байланысты саяси-публицистикалық дискурста кітаби тілге,
сөйлеу тіліне тән әсіреэмоционалды элементтердің қолдану жиілігі саяси
ахуалдың температурасына қарай жоғарылай түседі. «Жақтастар» мен
«Тілектестер» бірін-бірі дабырайта мақтап, «Қарсыластар» мен «Өштестер»
бірін-бірі дабырайта даттауға дейін барады.
Сөйтіп, кітаби тіл, сөйлеу тілі элементтерінің
белсенділігі артып,
«жағымды» немесе «жағымсыз» контекске қызмет істей бастайды. Осындай
жағдаятпен байланысты сөз қолданыстарды БАҚ-тың саяси дискурстағы
тілдік бет-бедерін байқау үшін «Өзім» және «Өзге» деген концептіні негізге
ала отырып, өткен сайлау акциясымен байланысты бірер материалдың
эмоционалды элементтеріне назар аударуға болады. Мұндағы «Өзім»
концептісі – оппозиция. «Өзге» билік жақтастары деген ұғымды білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: