«өңі айналып» өзгеріп сала бергенін,
басқа құрам, өзгешелеу түбір, жұрнақ
алып кеткенін, қып-қысқа, жылдам айтып жүрген сөздерінің ұзарып,
шұбалыңқы тіркеске айналғанын, үйлесіп, үндесіп тұрған дыбыстардың тілге
келмейтін дыбыстармен тіркескенін көріп, өзінің осыған дейін
мәдениетсіздеу
сөйлеп келгеніне ұялып, енді мәдениетті, әдеби тілде
сөйлейтініне сенімі молаяды. Оған әліпбидегі әріптің бәрін дыбыс, әр әріптің
бесеуден артық мағынасы болмайды, ол сөздің қай шеңінде келсе де, солай
оқылады деген оқулық ережелері тіпті көмектеседі. Сөйтіп, қазақ тілінде
«тәп-тәуір» сөйлеп келген бала қағазға жазылған сөзді, әріптеп оқимын деп,
өз сөзіне өзі түсінбей қалатын кезі жиілейді.
Мәтіннің, қарапайым мысал,
ертегілердің мазмұнын өзі оқығанда, бірден ұғынып ала алмай, ал сол мәтінді
ауызша сөйлеу нормасымен мәнерлеп оқыған басқа адамның аузынан қағып
алатын оқушылардың көптігіне сондықтан таң қалуға болмайды.
Қазақ тілінің ауызша сөйлеу нормасы қашан, қалай бұзылды дегенде,
міне, ең алдымен, хат танытудың осы сатыларын ескеруіміз қажет. Әсіресе,
қала мектебін, қала берді ауыл мектетерін бітірген түлектердің 80-90 пайызы
бүгінде қазақ тілінің орфоэпиялық нормасын білмейтін (тек теория жүзінде
ғана білетін), соны сақтамайтын ұрпақ болып келеді. Сол ұрпақ елдің
мәдениеті, экономикасы, өркениетіне араласқан,
араласатын буын болмақ,
болып жатыр. Сондықтан бүгінде радио, теледидар, қоғамдық орын,
мінбелерден естілетін сөздердің жартысынан астамы «жарымжан» сөзге
айналуда. «Жарымжан сөз» деп теле-, радиошешендерінің, кадр сыртында
сөйлейтін
журналистердің, театр сахналарындағы актерлердің қағаздағы
мәтінді әуелі ауызша тілдің айтылу сазына салып алмай, бірден, сол
қалпында айна-қатесіз, «әріптеп» оқуын айтып отырмыз. Осыдан барып
естілген сөздің қағаздағы тұрпатын көрмесе, берілетін ақпараттардың
мазмұны түгіл, дыбыстық жамылышын құлаққа сіндіре алмай (психикадағы
дыбыс қорымен сәйкеспей), әрі-сәрі болып отыратын кездер жиілейді.
Бұл әсіресе тәуелсіз телеарналар мен
радио журналистерінің тілінен,
сахнадағы жас актерлер тілінен көбірек байқалады. Ауызша тілдің табиғаты
басқа, оны дұрыс түсіну, дұрыс қолдану үшін жазылған сөзді ауызша сөзге
көшіріп алу керектігі ескерілсе және жазуды оқуға айналдыратын ережелер
мен бірдей етіп, қатар үйретілсе, сонда ғана тілдің айтылу мәнері бұзылмас
еді. Қазақ тілінің ауызша жүйесіне көңіл бөлінбегендіктен (ауызша сөз бен
жазу бір деп ұғынылғандықтан) бүгінде теледидар, радио, театр, кинодан
естілетін аға буынның сөйлеу сазы мен жас
буынның сөйлеу сазы жер мен
көктей болып барады.
Ал қазақ әдеби тілінің орфоэпиялық нормасын құрайтын, қазақ тілінің
ауызша жүйесі болып табылатын, жазба тілді ауызша сөзге айналдыратын
мынадай ортақ заңдылықтар бар. Ол заңдылықтар алдымен жеке сөздерге
байланысты мынадай қағидалар.
Біріншіден, қазақ тілі ауызша жүйесінің үлкен құрсауы үндесім заңы
(сингармонизм заңы). Ол – тілдегі дауысты дыбыстардың бір-бірімен
үйлесіп, үндесіп, ыңғайласып айтылуы.
Достарыңызбен бөлісу: