128
ҚОРЫТЫНДЫ
«Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық пен жаңашылдық (1991-
2015 жж.)» деп аталатын докторлық диссертацияда
Қазақстанның театр
режиссурасындағы сабақтастық пен жаңашылдық үрдісінің ерекшеліктері
айқындалып, эстетикалық сипаттық белгілері,
концептуалды негіздері бір
жүйеге келтірілген. Бұл нәтиже зерттеу тақырыбының негізгі мәселелеріне
тарихи-театртанушылық тұрғыдан кешенді экскурс жасау арқылы жүзеге асты.
Зерттеу жұмысы теориялық және практикалық мәселеге арналғандықтан,
тақырыптың толық, әрі жан-жақты ашылуы үшін
«Қазақстанның театр
режиссурасындағы сабақтастық пен жаңашылдық үдерісі»
атты
бірінші
бөлім – «Мәдени
кеңістіктегі режиссураның ролі, сабақтастық пен
жаңашылдық
мәселелелері»,
«Ұлттық
классикалық
пьесаларды
интерпретациялаудағы дәстүр мен жаңашылдық» атты екі тараушадан тұрады.
Бірінші бөлімнің «Мәдени кеңістіктегі режиссураның ролі, сабақтастық
пен жаңашылдық мәселелелері» деген бірінші тараушасында жалпы әлемдік
театртану ғылымындағы сабақтастық пен жаңашылдық ұғымның даму тарихы,
шетелдік және отандық ғалымдардың мәдениет
кеңістігіндегі аталмыш
мәселелер төңірегінде жарық көрген концептуалды еңбектерді жан-жақты
сараптау арқылы зерттеу жүргізілді.
Бұл жерде автор өнердегі сабақтастық пен жаңашылдық ұғымдарына жеке-
жеке тоқталып, оларға кеңінен тоқталды. Сонымен қатар қазіргі режиссураның
ролін
сараптай келе, Тәуелсіз Қазақстанның режиссерлік өнерінің
қалыптасуына әсер еткен негізгі факторлар мен алғы шарттарды айқындап
берді.
Бірінші бөлімнің «Ұлттық классикалық пьесаларды интерпретациялаудағы
дәстүр мен жаңашылдық» атты екінші тараушасында соңғы жиырма төрт жыл
ішінде сахна төрінде қойылған лиро-эпостық дастандар
негізінде жазылған
ұлттық классикалық шығармалардың қазақ театрының бүгінгі дамуына үлкен
үлес қосқандығы, режиссерлердің классикалық пьесаларды сахналаудағы
ізденістері мен ерекшеліктері сараланды.
Сонымен қатар М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов
драматургиясының көркемдік
сипатын, заманауи театр формаларымен қаруландыра отырып сахналаған
режиссерлердің жаңашыл қойылымдарға тән қолтаңбалары анықталды.
Жұмыстың
Достарыңызбен бөлісу: