АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті 2014 жылдың 16-17 мамырда І.Жансүгіровтің туғанына 120 жыл толуына орай өткізілетін ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.
Конференция жұмысының бағыттары:
Заманауи көзқарастағы Ілиястану ілімі
Ілияс және қазақ қоғамы
Инновациялық білім беру кеңістігіндегі І. Жансүгіров шығармашылығы
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Материалдарды рәсімдеу тәртібі:
Баяндама мәтіні (5 бетке дейін) 6.0 (7.0) мәтіндік WORD редакторында “Tіmes New Roman” шрифтімен (шрифт өлшемі – 14, әр жол арасы – 1, барлық жағынан жол жиегі – 20мм, азат жол - 1.25см.) жазылуы тиіс.
Бастапқы жолдың сол жағында ӘОЖ индексі жазылады. Келесі жолдың ортасында бас әріппен, майлы бояумен баяндаманың тақырыбы, бір жолдан кейін майлы бояумен автордың аты-жөні, келесі жолға курсивпен мекеме, қала аты, автордың E-maіl адресі жазылады. Бір жолдан кейін негізгі мәтін басталады.
Конференцияға ұсынылатын баяндамада ғылыми зерттеулердің көкейкестілігі, нәтижелері немесе практикалық маңызы ашылуы тиіс.
Баяндаманың электрондық нұсқасы төменде көрсетілген электрондық поштамен, ал қағазға басылған мәтіні төменде көрсетілген мекен жайға жіберілуі керек. Ұйымдастыру жарнасының түбіртегі сканерден өткізілген (jpeg) немесе (pdf) форматындағы нұсқасы электронды пошта немесе факс арқылы ұсынылады.
Аталған талаптарға сәйкес келмейтін немесе белгіленген уақыттан кешіктірілген материалдар қаралмайды және авторға қайтарылмайды.
Баяндамамен бірге төмендегідей тіркелу үлгісі жіберілуі тиіс:
Аты-жөні, тегі:___________________________________________
Ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы: _______________________
Жұмыс орны: ____________________________________________
Мекен-жайы: _____________________________________________
Телефоны, E-maіl:________________________________________
Баяндама тақырыбы, секциясы: ______________________________
Автордың конференцияға келу мүмкіндігі: _____________________
Баяндама мен тіркелу үлгісін өткізу мерзімі: 2014 жылдың 1 мамырына дейін.
Ұйымдастыру комитеті материалдарды конференцияның басталуына дейін басып шығаруды жоспарлайды. Баспа шығыны/жарна - 3000 теңге.
Ұйымдастыру жарнасын университет кассасына немесе төмендегі есеп-шотқа аударуларыңызды өтінеміз:
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
РНН 531400011685,
БИН – 990140003041
ИИК – KZ566010311000005234
КБЕ 16
БИК - HSBKKZKX,
ТРФ 319900 АҚ «Қазақстан Халық банкі», Талдықорған қ-сы.
«Жансүгіров тағылымы» деп көрсетілген түбіртек баяндама мәтінімен қоса жіберілуі керек.
Конференцияға қатысуға және жинақ материалдарының жіберілуіне байланысты шығындар қатысушының өз есебінен жүзеге асырылады.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:040009, Талдықорған қ., Жансүгіров көшесі 187 А, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, 204 каб., Ғылым және сыртқы қатынастар бөлімі. Телефон:(8-7282) 40-10-20, факс: (8-7282) 27-01-75, е-maіl: zhgu_nauka@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |