Маемиров асхат максимович


 Жас режиссерлердің ізденіс жолдары



жүктеу 1,12 Mb.
Pdf просмотр
бет18/25
Дата12.06.2023
өлшемі1,12 Mb.
#42973
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
3.2 Жас режиссерлердің ізденіс жолдары 
Қазақстанның театр режиссурасындағы жаңа буынның қалыптасуына, 
көркемдік келбетіне еуропалық, америкалық заманауи театр үрдісі ықпал етті. 
Бұл ықпал – әсіресе көркемдік стиль, еуропалық заманауи драматургияның жиі 
сахналануы, ұлттық образдардың бойынан батыс менталитетінің табылуы 
секілді мысалдардан анық сезіледі.
ХХІ ғасырдың басынан бастап Қазақстанның театр режиссурасы жаңа 
есімдермен толықты. Олардың қатарында: өмірден ерте кеткен Қ.Сүгірбеков, 
Р.Есдәулетов, сондай-ақ Г.Мерғалиева, Қ.Адылов, Н.Дубс, Г.Пьянова және 
одан кейінгі жас буын өкілдері Е.Нұрсұлтан, Ә.Баймаханова, Д.Жұмабаева, 
Б.Абдрахаманов, Ф.Қанафиндер заманауи көркемдік үрдіске жаңашылдық 
әкелуімен, заманауи формалар мен стиль әкелулерімен ерекшеленеді. 
Олардың көпшілігі Еуропада жүргізіліп жатқан әртүрлі режиссерлік 
эксперименттік және лабораториялық жұмыстарды көре отырып, батыл 
ізденістерге кіріскен болатын. Әрине, ол спектакльдер негізінен реализмнен 
көрі, театр өнеріндегі шарттылықтарға бағытталған.
«Шартты театр» құрылымына негізделген режиссураны театр теоретиктері 
«белсенді режиссура» деп атады. Себебі, қойылымның бейнелік жүйесін 
жасауда форма басты функция атқарып, сценография - минималистік тұрғыда 
шешіліп, ал актерлік өнер, суретші, композитор арасындағы негізгі ұстаным 
режиссердің көшбасшылығына бағындырылған тығыз байланысқа құрылды.
Басқа сөзбен айтсақ, нағыз «Авторлық режиссура» шығармашылығының 
өкілдері үшін, ендігі жерде Кеңестік сахна өнерінде салтанат құрған «Режиссер 
актерде өледі» қағидасы емес, режиссура - спектакль арқылы көрерменге актер 
сияқты өз ойын айта алатын биік көркемдік-эстетикалық құралға айналды. 
Диссертациялық жұмыстың көлеміне байланысты, Қазақстанның театр 
үдерісінде жаңашылдық бағытын ту еткен орта буын мен жас буынның 
арасынан, заманауи режиссерлік ойдың бай мүмкіндіктерін жетік меңгерген 
Г.Мерғалиева, К.Адылов шығармашылығына ғана тоқтауды жөн санадық.
Гүлсина Бақытжанқызы 2000 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық 
өнер академиясында білім алып, аталмыш оқу орнын «драма театрының 
режиссері» мамандығы бойынша тәмамдады.
2000-2002 жылдар аралығында Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық 
қазақ музыкалық драма театрында бас режиссер болып қызмет жасады. 2002 
жылдан бері Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық қазақ музыкалық 
драма театрының көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері. 2006 жылы 
режиссурадағы қол жеткізген шығармашылық табыстары үшін «Қазақстанның 
еңбегі сіңірген қайраткері» атағына ие болды. 


118 
Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма 
театрында Н.В. Гогольдің «Ревизор» комедиясы бойынша қойған дебюттік 
спектаклі - Г.Мерғалиеваның өзіне тән режиссерлік қолтаңбасын айқындады. 
Аталмыш қойылымның негізінде «Конвейер» деген атаумен сахналаған 
композициялық жұмысы 2001 жылы Алматы қаласында өткізілген шағын 
комедиялардың І-ші республикалық театр блиц-фестивалінде жеңімпаз 
танылып, сол Египет мемлекетінде өткізілген Каир халықаралық 
эксперименттік театр фестиваліне қатысып өнер көрсетті. 
Еліміздің театр өнерінде жарқ етіп «Конвейер», «38 немесе қарақұрт» 
сияқты жарқын дүниелерімен, батыл қадам жасап, бүкіл театр өнерін сүйетін 
көрермен мен сыншылар назарына ерте іліккен режиссер жұмыстары жалпы 
театр жұртшылығын елең еткізгені анық. 
Бәрімізге мәлім, қазақ театрында халық поэзиясы мен халық 
орындаушыларынан бастау алатын - сөз өнері мен мәдениеті жоғары 
бағаланады. Сөз құдіретін сезініп, оның айшықты да көркемдігіне мән беру 
жолында жас режиссер Г.Мерғалиева - ұлы ойшыл, заңғар ақын Абай 
мұрасының қазақ халқына қаншалықты қымбат екенін жақсы түсінді.
Себебі, Абай өлеңдері мен қара сөздерінде қазақтың болмыс-бітімі, 
әлеуметтік өміріндегі айтылған өмiр шындығы түгелдей дерлік көрініс тапқан.
 
Сондықтан қазақтың рухани өмiрiнiң қай саласын алсақ та, халықты тәрбие мен 
тағылымға жетелеуге қатысты Абайдың тоқталмаған мәселесi кемде-кем 
шығар.
Әрине, адамтану жолындағы елдiк, бiрлiк, әдiлдiк, достық, адамгершiлiк, 
махаббат, табиғат, қысқасы адамзаттың өмiр сүру салтының әр алуан саласы - 
Абай шығармаларының негiзгi тақырыптары.
Міне, Абайдың отыз сегізінші қара сөзі негізінде сахналаған «38 немесе 
Қарақұрт» эклектикасы құрылымдық ойлау жүйесінен туған Қазақстанның 
театр режиссурасындағы жаңашыл спектакль болды. Жаңашыл дейтін 
себебіміз, бұрын М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма 
театрында режиссер Б.Атабаев сахналаған «Абай десем» символикалық 
драмасы да ұлы ақынның шығармалары негізінде қойылғанмен бүкіл оқиға үш 
түрлі Абай мен халықтың арасында өрбитін еді. Ал, Г.Мерғалиева 
қойылымында басты кейіпкер ұғымынан саналы түрде бас тартып, халықтың 
келбетін, яғни мыңның үшінде жүрген әрбір адамның бейнесін, мінезін ашып 
көрсетуге қадам жасады. 
Режиссер қойылымдағы халықтың әрекетін небір көркемдік сахналық 
формалар арқылы Абай көтерген идея мен мақсат жүгіне бағындырған. Ол идея 
мен мақсаттың негізінде адамды рухани кемелдендіру, адамзаттық 
құндылықтарды дамыту, ар-намысты биіктету, жасампаздық істерге 
құлшындыру секілді ұғымдар жатыр.
Ұлттық философияның сахнада көрініс табуы жолында Г.Мерғалиева, өзі 
инсценировкасын жасаған қойылымында шығармашылықтың жаңа қырынан 


119 
келді. Бұрынғы спектакльдерінің шешімдеріне еш ұқсамайтын, түбегейлі жаңа 
әдіспен жұмыс жасады. 
Қойылым көрермен санасына идеялық тұрғыда философиялық импульс 
беріп тұрады. Яғни, психологиялық театрдағы кейіпкержандылық мектебінің 
принциптерінен саналы түрде бас тартып, интеллектуальды көрермен 
талғамына жұмыс жасайтын, құрылымдық ойлау жүйесінен шыққан өнер 
туындысын ұсынды. Көрнекті театртанушы, өнертану докторы Ю.Барбой бұл 
туралы: «Есть еще один, собственно научный резон в предлагаемой логике 
жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау