117
ҚОРЫТЫНДЫ
128
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
134
3
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Зерттеу жұмысында тәуелсіздік алған
1991-ші жылдан бастап қазірге дейінгі аралықтағы Қазақстанның театр
режиссурасындағы сабақтастық пен жаңашылдық үрдістері театртанушылық
контекстер мен өнертанушылық үдерістер бойынша сарапталды. ХХ ғасырдың
аяғы мен ХХІ ғасыр басындағы Қазақстанның көп ұлтты театрларындағы
режиссураның сахна кеңістігінде алатын орны, көркемдік сипаты мен
эстетикасы теориялық тұрғыда талданды. Режиссура өнеріндегі заманауи
ізденістер мен тәжірибелердің даму жолдары, сабақтастық пен жаңашылдық
бағыттарының ұлттық болмыс-бітім мен рухани құндылықтарды сақтаудағы
рөлі зерделенді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:
Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан
бергі жиырма бес жылдың ішінде рухани кеңістігіміз бен қоғамдық өміріміз
өзгерістер мен даму жолында екендігі анық. Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат,
бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында: «Дәстүр мен мәдениет - ұлттың
генетикалық коды» екендігін атап, «Қазақстан мәдениетінің дамуына жаңа
импульстар беру керек екендігін» нақты айқындаған [1]. Мемлекет басшысы
бәсекелестікке қабілетті мәдениетті ментальді қазақстандықтарды және
заманауи
мәдениет
кластерін
дамытуға
бағытталған
Қазақстан
Республикасындағы мәдени саясаттың ұзақмерзімді тұжырымдамасын бекітті.
Елбасы бекіткен мемлекетіміздің мәдени саясатының ұзақмерзімді
тұжырымдамасының стратегиялық доминанты «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы
болып табылады. Ол Қазақстан халқын өзінің бай мәдени мұрасымен және
шығармашылық әлеуетімен Қазақстан Республикасының 30 дамыған елдің
қатарына кіру мақсатына ойдағыдай қол жеткізуге шоғырлануға үндейді.
Мәдениет - ең алдымен әлемдегі елдердің ұлттық идеологиялары мен
ұстанымдарын қалыптастырудың мықты құралы екені анық. Ендеше мәдениет
пен өнердің әлемдік өркениетте алатын орны мен атқаратын рөлі,
перспективалық даму платформаларының барлығы да ең алдымен ғылыми
тұрғыда сараланып, кейін практика жүзінде іске асады. Өнертану ғылымында
өте аз зерттелген саланың бірі - режиссура болып табылады.
«Егемендікке дейін қазақ театрының туу, қалыптасу дәуірінде орасан мол
еңбек еткен әдебиет пен мәдениет, қоғам қайраткерлері орынсыз
кінәланғандықтан ол кездегі театрлық атмосфера, идеялық-шығармашылық
және өнерпаз күштерді ұйымдастыру мәселелері де нағыз ғылыми зерттеуден
тыс қалды. Қазақ театрының алғашқы дәуірінде өздерінің ерен шығармашылық
эрудициясымен жас театр өнерінің қабырғасын қатайтуға сүбелі үлес қосқан
ұлт зиялыларының шығармашылығы мәлімсіз болды. Халқымыздың басынан
өткерген тарихи кезеңдердің, дүрбелеңге толы дәуірлердің әсері мен ықпалы
ұлттық болмысымыздың молая түсуіне мүмкіндік бермей, орасан зор орны
толмас өкініштерге ұшыратқаны баршамызға белгілі» [2, 7 б.] – деп
4
театртанудағы осынау өзекті мәселені өнертану докторы, профессор
Б.К.Нұрпейістің қоғам назарына ұсынуы тегіннен-тегін емес.
Сондықтан, Тәуелсіз Қазақстанның театр өнеріндегі режиссура саласын
сабақтастық пен жаңашылдық рухта нақты зерделеп, әлемдік сахна
заңдылықтары мен үрдістеріне жауап бере алатын қазіргі ұлттық театр
бағыттарын кәсіби тұрғыда пайымдап, рухани мұралардың сақталуы мен
заманауи талаптарға сай даму үрдістерін қарастыру – ғылыми, мәдени саяси,
тарихи қажеттіліктерден туындаған міндеттердің бірі.
Жетпіс жыл өмір сүрген кеңестік идеология мен «тоталитарлық жүйе»
өнердегі ғажайып құбылыстар мен кереметтердің барлығы басқа елдерде, тек
ұлы халықтарда деген ұғымды санамызға сіңіріп, өз ұлтымыздың
құндылықтарын айтуға, ғылыми тұрғыда саралауға мүмкіндік бермеді.
Сондықтан режиссурадағы сабақтастық, дәстүр мәселесі аяқасты болып, рухани
інжу-маржанға айналар біртуар дүниелерге баға берілмей келді. Оған дәлел, бас
штаб пәтері Парижде орналасқан ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық театр
институты шығарған «Әлем театрларының тарихы» атты 2 томдық кітапта,
қазақтың ұлттық театр өнері туралы жарты параққа толар-толмас мәлімет көзге
ілінеді. Онда да Қызылорда қаласында 1926 жылы қазақтың тұңғыш театрының
ашылғаны, алғашқы актерлері туралы тарихи мағлұматтан басқа ештеңе жоқ.
Тәуелсіздік алғалы өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілді. Мемлекетімізді
төрткүл дүние таныды. Ең бастысы, өнеріміз бен мәдениетіміздің тарихындағы
ақтаңдақ тұстарының ақиқатын ешкімнен қысылмай, қымтырылмай айтатын
кезеңге жеттік. Егер халық пен өнерді егіз ұғым десек, егеменді ел атанған
кезеңнен бастап мәдениетіміздегі рухани мұралар мен құнды жәдігерлер, сахна
саласындағы қол жеткізген шығармашылық жетістіктер мен тәжірибелер
туралы ғылыми-әдістемелік тұрғыда саралауға да қол жеткіздік.
Соның бірі қазақ театр режиссурасының тарихы мен даму үдерістері
туралы ұлттық театртану саласында біршама зерттеулер жүргізіле бастады.
Өнертану ғылымында ең алғаш рет Б.К.Нұрпейістің 2010 жылы «Қазақ театр
режиссурасының қалыптасуы мен даму кезеңдері» (1915-2005) атты докторлық
диссертациясы қорғалып, ал 2014 жылы монографиясының арнайы кітап болып
жарық көріп, мұндағы кеңестік кезең мен тәуелсіздік жылдарындағы қазақ
режиссурасы туралы байыпты байлам, ғылыми жаңаша тұжырымдама
қалыптастырғаны бәрімізге аян.
Әрине, 1991 жылға дейінгі қазақ театр өнері зерттелмеген, одақтық
баспасөз беттерінде жарияланбады десек, дұрыстық емес. Қазақ театр тарихын
зерттеумен арнайы айналысқан театртанушы ғалымдар Н.Львовтың,
Қ.Қуандықовтың, Б.Құндақбаевтың, Л.Богатенкованың, Қ.Мұхамеджановтың
зерттеу нысандары – еліміздің сахна өнерін көп ұлтты кеңестік театр өнерінің
бір саласы ретінде қарастырылып, коммунистік идеология мен кеңестік
жүйедегі ғылыми үдерістер шеңберінде зерттелді.
Әрине, дәл осындай жағдайларды одақтас республикалардың көпшілігі
басынан кешірді. Соның ішінде ғылымның басқа салалары секілді, өнертану
5
мен мәдениеттануда да «сабақтастық» пен «жаңашылдық» ұғымдарын
пайымдау мәселесі тарихи, әлеуметтік-саяси мәселелерге байланысты әр
кезеңде әртүрлі бағаланады. Мысалы, жиырмасыншы ғасырдың 1920-шы
жылдарында Кеңес Одағы «Қазан төңкерісіне» дейінгі дәстүрлі мұраларды
жоққа шығарып, тек қана жаңашылдықты қабылдады. Мемлекет құруда ғана
емес, мәдениетте төңкеріс жасаған Кеңестер Одағының басты ұстанымы,
жаңашылдықтың революциялық идеялық мазмұнын қолдай отырып, өзіне
дейінгі мәдени мұраның барлығын теріске шығарды. Нәтижесінде мәдени
кеңістікте тепе-теңдік жойылып, дәстүрлі бағыттағы рухани құндылықтар аяқ
асты болды.
Жалпы жетпіс жыл тоталитарлық жүйеде өмір сүрген Кеңестік
театрлардың көркемдік-эстетикалық бет-бейнесіне ғылыми баға берген басқосу
1990 жылы маусым айында Мәскеу қаласында өткен «Театр және тоталитарлық
мемлекет» атты халықаралық конференция еді. КСРО, ГДР, Чехославакия
секілді елдердің өнертанушы-ғалымдары мен театр сыншылары екі күн бойы
ашық айтып, бүкпесіз саралап, заманауи театр үдерісінің даму үрдістерін жаңа
арнаға бұруды, мұрағаттардағы шаң басқан материалдарды қайта жинақтап,
жаңарған таным мен тағылымдар тұрғысында өнертанудың жаңғырған көшін
бастауды бірауыздан ұсынды.
«Перед нами такое обилие фактов, трогающих душу, ужасающих до сих
пор, фактов гибели целых направлений, очень крупных явлений нашей
театральной и вообще художественной культуры, судьбы отдельных людей.
Тоталитаризм жестоко отомстил всем нам, кто работал внутри, заключив
искусство в очень жесткую систему эстетических координат. Для театра долгие
годы это было трагедией, потому что не позволялся выход за пределы принятой
эстетики» [3, 3-6 б.] – деп өнертану докторлары М.Е.Швыдкой, В.А.Максимова
шеңберден шығаруға мүмкіндік бермеген сол зұлмат заманның өнердің даму
үдерісіне тигізген жағымсыз әсері мен зиянды ықпалы туралы ашық айтады.
XX ғасырдың сүргінін бастан кешіп, жаңа мыңжылдықтың табалдырығын
жаңғырған қалпында аттаған Қазақстан өзінің барша төлтума болмысын,
жарқын да бай мәдениетін, ғасырлар қойнауында қалыптасқан салт-дәстүрін,
қызық та қилы-қилы тарихын әлем халықтарының алдына жайып салып, еңбек
пен мәдениетті жарастыру үшін, сұлулық пен парасаттың салтанат құруы үшін,
жаппай келісімі жарасқан прогрессивті адамзатпен бір сапта болу үшін жаңаша
өмірге қадам басты.
Ендеше жаңарған дәуірдің тынысынан туындаған қазіргі таңдағы
мемлекетіміздің театр режиссурасындағы ізденістерді сабақтастық пен
жаңашылдық тұрғысында зерделеу және әлемдегі сахна сүйер халыққа
таныстыру – Қазақстан өнерінің жетістіктерін паш ету, режиссурамыздың даму
үрдістерін айқындау болып табылады.
Бұл біріншіден, қазіргі театр үдерісінің көркемдік көкжиегін жаңа
көзқараста танитын, тәуелсіздік пен елдік рухта өнер құбылыстарын жасауға
ұмтылған қазақстандық режиссураны кәсіби тұрғыда одан әрі дамытуға жол
6
салады. Екіншіден, халықаралық мәдениет аренасындағы Қазақстанның біртуар
тұлғасын қалыптастыруға және нығайтуға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |