ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі тҮзеу пеДагОгиканың ҰлттыҚ ғылыми-пРактикалыҚ орталығы


Оқытудың нәтижесін бағалау әдістерін өзгерту



жүктеу 441,9 Kb.
Pdf просмотр
бет9/46
Дата26.05.2023
өлшемі441,9 Kb.
#42790
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46
аза стан Республикасыны білім ж не ылым министРлігі т зеу пеД

Оқытудың нәтижесін бағалау әдістерін өзгерту
1.
мұғалімнің қайталау, баяу, қысқаша, ауызша нұсқаулығы (жазба-
ша нұсқаудың орнына) 
2.
тапсырманы орындау үшін қосымша уақыт беру 
3.
тапсырманы тек ауызша/жазбаша орындауға мүмкіндік беру 
4.
планшет, ноутбукты қолдану арқылы бақылау тапсырмаларын 
орындауға мүмкіндік беру 
5.
басқа
Бақылау материалдарын өзгерту
1.
нұсқаулықты қайта құрастыруға бейімдеу: тапсырманы орындау 
кезеңіне сәйкес бірнеше бөлімге бөлу 
2.
бақылау тапсырмаларының санын азайту 
3.
барлық сыныпқа арналған бақылау тапсырмаларынан өзгеше жеке 
бақылау тапсырмалары (жеке оқу мақсаттарына сәйкес) 
4.
бақылау тапсырмасын орындауын жеңілдететін иллюстративті 
және тірек материалдарды (кесте, сызба, үлгі, сөздік материалдар) 
қолдану
5.
басқа
3) Оқытудың арнайы және альтернативті әдістерін қолдану. бұл 
білім беру қажеттілігін анықтау, ең алдымен, мұғалімнің және мектептің 
психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарымен жүзеге асы-
рылады, алайда баланы арнайы немесе баламалы әдістерді қолдану арқылы 
оқыту қажеттілігін пмпк ұсынуы мүмкін. 
мұғалім арнайы және баламалы әдістерді ұштастыра отырып, барлық 
сынып үшін оқытудың қарапайым әдістерін қолдану арқылы ебҚ бар ба-
лаларды оқытуды жүзеге асырады. Оқыту формасы немесе жай тәсілдерді 
қолдану оқушының жеке ерекшеліктеріне бейімделіп алынады. көбінесе 
мұғалім бүкіл сыныпқа қолданатын тапсырмаларды және де оны балаға 
беру тәсілдерін бейімдеу талап етіледі. 
3-кесте. Оқу тапсырмаларын бейімдеу және оларды оқушыға 
ұсыну тәсілдері. 
Оқу тапсырмаларын бейімдеу және оларды оқушыға ұсыну тәсілдерінің
нұсқаулары
1
уақыт аралығында тапсырмалар саны азаяды.
2
Оқу тапсырмалары қысқартылады 


16
3
Оқу, жазу үшін мәтін қысқартылады
4.
басқа оқушылар орындайтын тапсырмалардан ерекшеленетін жеке тапсырмалар 
ұсынылады.
5
тапсырманы орындау үшін қысқартылған және кезеңі көрсетілген нұсқаулықтар 
ұсынылады
6
жаттығуды қайталау және меңгергенді бекіту үшін көп уақыт бөлінеді 
7
ауызша түсіндіру ыммен, суретпен, картинкамен, заттармен жүргізіледі
8
сабақта көбінесе оқушының әрекет түрі ауысады
9
жаттауға берілетін ақпарат саны азаяды
10
жазу барысында оқушыға дауыстап жазуға рұқсат беріледі 
11
сабақта меңгерілетін жаңа сабақтың мәнін ашу үшін оқушыға заттық-тәжірибелік 
қызмет ұсынылады
психикалық және дене дамуы бұзылған балаларды оқыту кезінде 
оқытудың арнайы әдістерін қолдану қажеттілігі жиі туындайды. арнайы 
оқыту әдістері арнайы педагогикамен әзірленген және әртүрлі санаттағы 
балаларға арналған арнайы мектептерде қолданылады: есту, көру, ақыл-
ойы кем, тірек-қимыл аппараты бұзылған, психикалық дамуы тежелген, 
сөйлеу қабілеті бұзылған.
жалпы сынып жағдайында мынандай арнайы әдістер қолдануға бо-
лады: «кіші қадамдар»; заттық қызмет пен көрнекі құралдарға; «сөйлеу 
тілін жандандыру»; заттық және ақыл-ой әрекетіне «алдыға қарай жыл-
жу», меңгергенді үзбей қайталау; меңгерілген ұғымды салыстыру және 
қарама-қайшы қою амалдарын қолдану және т.б. бұл әдістер сыныптың 
басқа оқушыларына да оқу материалдарын жемісті меңгеруге септігін 
тигізеді. Оқытудағы баламалы (альтернативті) әдістер жеке психикалық 
қызметтердің (қабылдау, есте сақтау, зейін, праксис) бұзылыстарына 
негізделген оқытуда ерекше қиындықтары бар балаларға жиі қолданылады. 
Оқытудың баламалы әдістеріне мына әдістер кіріктіріледі: глобальды 
оқыту, «нумикон» әдісі арқылы санауға үйрету, монтессори жүйесі және 
басқа да жаңа психологиялық-педагогикалық әдістер. Оқытудың балама-
лы әдістерін бірінші кезекте жеке-дамыту жұмысын жүргізетін мамандар 
білуі және пайдалануы тиіс: психологтар, логопедтер, арнайы педагогтар.
4. Оқулықтар, оқу әдістемелік құралдарын таңдау, жеке оқу матери-
алдарын даярлау. мұғалім және психологиялық-педагогикалық қолдау 
көрсету қызметінің мамандары оқушының көмекке деген қажеттіліктерін 
командалық талқылау нәтижесінде арнайы оқулықтар мен құралдарды, жеке 
оқу-дидактикалық материалдарды пайдалану қажеттілігі туралы шешімді 
қабылдайды. ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыға бейімделіп 
өзгертілген оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын ескере отырып арнайы 
оқулықтар мен оқу құралдары іріктеледі. 


17
Қысқартылған бағдарламалар бойынша қарапайым сыныпта оқитын 
ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылар бүкіл сыныпқа арналған 
оқулықтарды пайдаланады. 
арнайы оқулықтарды, жұмыс дәптерлерін және басқа да оқу матери-
алдарын жалпы сыныпта оқитын белгілі бір бұзылымдары бар балаларға 
қолдану қажет:
- көру (ірілендірілген шрифті бар кітаптар; зағип адамдарға арналған, 
брайль шрифтімен басылған оқу құралдары; бедерлі суреттер, схемалар, 
арнайы муляждар);
- тірек-қимыл аппараты (ірілендірілген шрифтпен жазылған және т.б.);
- есту (символдарды, ымдық сөйлеуді) қолданатын оқу құралдары; титрі 
бар бейнематериалдар; компьютерлік оқу бағдарламалары және т. б.);
- зиятының бұзылуы (Оәк-нің түпнұсқасы).
арнайы сынып оқушылары кәдімгі және/немесе арнайы оқу-әдістемелік 
кешендерді (Оәк) пайдалана отырып оқиды, олар тиісті түрдегі арнайы 
мектептер үшін шығарылған. 
арнайы оқулықтар мен оқу құралдарын мектеп (белгіленген тәртіппен) сатып алуы және 
мектептің кітапхана қорында болуы тиіс. 
ҚР-да шығарылған арнайы оқулықтар тізімі тп ҰғпО сайтында ұсынылған http://www.
special-edu.kz/
инклюзивті білім беру тәжірибесінде оқушының жеке ерекшеліктері 
мен мүмкіндіктерін ескере отырып, мұғалім арнайы даярлаған жеке оқу-
дидактикалық материалдарын кеңінен қолданылады. мысалы, есту-сөйлеу 
ақпаратын өңдеу қиындықтары бар бала үшін (сөйлеуді түсіну) әртүрлі 
көрнекіліктерді кеңінен қолдана отырып, жеке дидактикалық материал дай-
ындау қажет: оқу материалын түсінуді жеңілдететін және оқушыны сабаққа 
қосуға мүмкіндік беретін суреттер, схемалар, алгоритмдер.
5. Оқытудың формасын таңдау. жалпы білім беретін мектепте ерек-
ше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқуын төмендегідей
ұйымдастыруға болады:
- жалпы сыныпта (2 оқушыдан артық емес, сонымен қатар ебҚ бар әр 
оқушыға сыныптағы оқушылар саны 3-ке азайтылуы тиіс);
- жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныбында (10-12 оқушы);
- жалпы білім беретін мектептің психологиялық-педагогикалық 
қолдаудың арнайы кабинетінде (жеке немесе кіші топта) [1].
мектепте арнайы сыныптар тек даму бұзылымдарының нақты бір тобы 
жинақталғанда ғана ашылады. Оқушыны қабылдау пмпк қорытындысы 
мен ұсыныстары негізінде және ата-аналардың, қамқоршылардың
келісімімен жүзеге асырылады. 
арнайы сыныптарда оқыту – бұл жалпы сыныпта жүзеге асыруға 
мүмкіндік болмаған жағдайда арнайы оқыту шарттарын жасау қажеттілігі 
туындаған да ғана іске асады. Оған төмендегі шарттар жатады:


18
- сыныптың аз толымдылығы, педагогикалық күн тәртіп;
- оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескеретін және оқу 
қиындықтарының себептерін жеңуге бағытталған арнайы оқу пәндерін 
қамтитын арнайы оқу жоспары мен арнайы бағдарламалар бойынша 
оқыту;
- арнайы дайындығы бар мұғалім;
- арнайы жабдықтардың (есту қабілеті бұзылған балаларға арналған 
топтық дыбыс күшейткіш аппаратураның; зағип балаларға арналған ар-
найы жабдықтардың, ақыл-ойы кем балаларға арналған пәндік дамытушы 
ортаның және т. б.), оқу-әдістемелік қамтамасының болуы;
- мамандардың қолдау көрсету бойынша міндетті және топтық сабақтары 
(арнайы типтік оқу жоспарына сәйкес).
мектептің инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын шарттарының бірі 
– бұл психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету кабинеті. кабинеттің, 
ебҚ бар балалармен жекелік және топтық жұмыс жүргізуге лайықты типтік 
мектебінікіндей сынып алаңы, сабаққа арналған жиһаздары (оқу үстелдері, 
орындықтар, тақта және т. б.) болуы тиіс, сонымен қатар жеке және топтық 
сабақтар жүргізу үшін дамытушы жабдықтары болуы керек: жұмсақ пуф-
тар, кілем жабыны, швед қабырғасы, әткеншек, ойыншықтар, доптар, 
дидактикалық және иллюстрациялық материалдар, құралдар, жазулар мен 
оқулықтар. 
ебҚ бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету 
кабинетінде жүргізіледі: 
- сабақ кестесі бойынша мамандардың сабақтан тыс жеке, қосымша 
сабақтары: психологтың, логопедтің, арнайы педагогтың;
- әр түрлі себептермен сыныпта оқу материалын меңгере алмайтын ебҚ 
бар балаларға арналған жеке оқу пәндері бойынша сабақтар. сабақты пОҚ 
қызметінің мамандары жүргізеді, олар баланы оқыту үшін арнайы немесе 
баламалы әдістер мен тәсілдерді, арнайы оқулықтар мен құралдарды және 
жеке дидактикалық материалдарды пайдаланады. 
психологиялық - педагогикалық қолдау кабинетінде жеке және 
топшалық сабақтар төмендегі көрсетілген оқушыларға тән:
- сабақ барысында басқа балаларға және мұғалімге кедергі келтіретін, 
шыдамсыздық танытатын (тіпті көмекшінің қолдау көрсетуімен) мінез-
құлқында проблемасы бар оқушылар. мамандардың міндеті және осын-
дай сабақтардың табыстылығының көрсеткіші баланы сыныптың оқу 
жұмысына қосу, жалпы сыныпта тұрақты негізде оқыту болып табылады;
- бағдарламаны меңгеруде үлкен кемшіліктері (артта қалуы) және 
оқытудың айқын қиыншылықтары байқалған кезде жеке бағдарлама бойын-
ша оқыту және/немесе оқытудың баламалы және арнайы әдістерін пайдала-
нуды талап ететін оқушылар. Оқушы негізгі жалпы білім беру пәндерін (ана 
тілі, әдебиеттік оқу, математика) арнайы кабинетте жеке және топтық сабақ 


19
түрінде өтеді. жеке оқу бағдарламасымен оқытуды арнайы педагог арнайы 
оқытудың әдістері мен арнайы оқулықтарды қолдану арқылы жүргізеді. 
зияты зақымдалған оқушыларға пОҚ жағдайында негізгі оқу пәндерін 
оқыту оқытудың барлық кезеңіне берілуі мүмкін. пОҚ жағдайында 
оқытудың қажеттілігі мен ұзақтығы туралы шешімді пмпк ұсынысы не-
месе мектептің шешімі бойынша қабылдайды. 
6. тосқауылсыз орта құру және оқыту орнына бейімдеу. кедергісіз 
орта деп төмендегідей даму бұзылымдары бар балалардың мектепке бару 
қолжетімділігін қамтамасыз етілуі:
-тірек-қимыл аппараты: мектепке жеткізу, пандустар, сүйеніштер, 
көтергіштер, лифт, арнайы жабдықталған оқу орны (үстел, орындықтар), 
жалпы пайдалану орындары (дәретхана, асхана және т. б.);
- көру қабілеті: тактильді жолдар, тактильді көрсеткіштер, таяныштар 
және т. б.
Оқу орнының бейімделуі баланың жеке ерекшеліктеріне қарай оқыту 
ортасын бейімдеуді көздейді. Оларға жатады:
- дене даму ерекшеліктері: есту қабілеті төмен, көру қабілеті төмен не-
месе бойы кішкентай баланың бірінші партада отыруы; нашар көретін 
балаға үстел шамын қою, партаның және т. б. биіктігін реттеу;
- мінез-құлық ерекшеліктері: гипербелсенді бала мұғалімнің жеке 
қолдауы мен бақылауын талап еткендіктен бірінші партаға отырғызу. бала 
үшін жұмыс орнын бейімдеудің басқа да ықтимал нұсқалары:
- соңғы партада отыруы;
- өзі немесе беделді оқушымен отыруы;
- терезеден алыс (алаңдамау үшін) отыруы:
- арнайы орындықта отыру немесе биік үстелдің жанында тұру (зейін 
шоғырлануын жақсарту үшін) және т. б.
7. компенсаторлық және техникалық құралдарға мұқтаждық. Оқу 
үрдісінде тірек-қимыл аппараты, есту, көру, сөйлеу қабілеті бұзылған ба-
лалар ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен 
компенсаторлық, техникалық және көмекші құралдар тізбесіне сәйкес 
белгіленген тәртіпте алынған жеке техникалық және компенсаторлық 
құралдарды пайдаланады [19].
жалпы білім беретін мектептер ебҚ бар балаларды оқыту және қолдау 
үшін мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сонымен қатар арнайы 
білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жабдықтандыру нор-
маларына сәйкес әртүрлі компенсаторлық, техникалық құралдарын, дамы-
тушы жабдықтарын алады және пайдаланады [20].
8. арнайы педагогикалық (логопед, олигофренопедагог, сурдопедагог, 
тифлопедагог) және психологиялық көмек . психикалық және дене дамуы 
бұзылған балаларға мамандардың қызметтерін ұсыну пмпк ұсынысы 


20
негізінде жүзеге асырылады.психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету
қызметі баланы тексеру (зерделеу) нәтижелері негізінде психологиялық-
педагогикалық көмектің қарқындылығын (аптасына 1 - ден 3 сабаққа дейін) 
және сабақтардың ұзақтығын (тоқсан-жыл) анықтайды. мамандардың 
жүргізетін сабақ жиілігін анықтау оқу қиындықтарының айқындылығына 
байланысты.
Ұзақ жекелік-дамыту жұмысы барысында психофизикалық бұзылу-
ларын толық жеңу мүмкін емес оқушылар категориясы (ақыл-ойдың, есту 
мен сөйлеудің бұзылуы) бар екенін атап өткен жөн. мамандар бірінші 
кезекте танымдық іс-әрекеттің (ойлау, есте сақтау және т.б.) бұзылуын 
толық түзету мақсатында емес, баланың білім беру үдерісіне өз (типтік, 
қысқартылған немесе жеке) бағдарламасы шеңберінде табысты қосу 
мақсатында қызметтерін көрсетеді. әрі қарай орта немесе жоғарғы буында 
зиятында немесе сөйлеу тілінде бұзылымы бар оқушы өз бағдарламасының 
көлемінде оқу материалын меңгерсе, онда бір жолғы кеңес беру қызметін 
ала алады немесе мамандардың қызметтерін алмауы да мүмкін. 
мектептің қолдау көрсету қызметінің шешімі негізінде психолог 
пен логопедтің көмегі екінші және үшінші топтағы балаларға көрсетілуі 
мүмкін. бұған пмпк тексеруін қажет етпейтін эмоционалдық және мінез-
құлық проблемалары бар және ауызша/ жазбаша сөйлеу бұзылыстары бар 
балалар жатады. 
мектептің қолдау қызметі логопедиялық сабақтарға 3 деңгейдегі жалпы 
сөйлеу тілі дамымаған балаларды, оның ішінде фонетика-фонематикалық 
бұзылыстары, жазбаша жазуындағы бұзылыстары (дисграфия, дислексия) 
бар балаларды жібереді. ауызша немесе жазбаша сөйлеудің кемшіліктері 
табысты оқуға кедергі келтіріп, оқу бағдарламасын меңгерудегі 
қиындықтардың туындауына себепкер болады. Демек, логопедтің 
сабақтарына жіберудің негізгі көрсеткіші болып табылады. бағдарламаны 
меңгеруге әсер етпейтін (бала оқуда табысты) жекелеген жеңіл сөйлеу 
кемшіліктері бар (мысалы, дыбыстың дұрыс айтылмауы) балалар кеңестік
негізде мектеп логопедіне жіберіледі. 
ата-аналарға кеңес беру немесе мұғалімдерге бір реттілік немесе 
жиі (аптасына, айын, тоқсанға бір рет) көмек көрсетілуі мүмкін. Оның 
қажеттілігі мен ұзақтылығын логопедтің өзі шешеді. 
психологтың көмегі сыныпта оқуға кедергі жасайтын эмоционалдық, 
мінез-құлық және коммуникативтік проблемалары бар балаларға көрсе-
тіледі. сабақтың жиілігі мен ұзақтығын психолог өз бетінше белгілейді. 
психологпен сабақтарды тоқтатудың негізі – бұл баланың жеке 
эмоционалдық және мінез-құлықтық ерекшеліктері сақталған жағдайда да
сыныпта табысты бейімделуі мен білім алуы болып табылады. сыныпқа 
бейімделуі мен оқу бағдарламасын жемісті меңгеруге кедергі келтірмейтін 
эмоционалдық және мінез-құлықтық ерекшеліктері бар балаларға кеңестік 
көмек көрсетіледі. 


21
ата-аналарға кеңес беру немесе мұғалімдерге бір реттілік немесе жиі 
(аптасына, айына, тоқсанға бір рет) көмек көрсетілуі мүмкін. 
9) педагог-ассистентің көмегі. ерекше білім беруге қажеттілігі бар 
кейбір балаларға табысты оқуы үшін жеке көмекшінің көмегі қажет бола-
ды. жеке көмекшінің қызметіне екі функция кіреді: 
а) балаларға физикалық көмек көрсету мақсатында қолдау көрсетуші 
тұлғаның функциясы;
б) сыныптағы оқу жұмысына көмек көрсету мақсатында педагог-
ассистентің функциясы.
Қолдау көрсетуші тұлға кеңістікте өздігінен қозғалмайтын неме-
се қозғалуы шектеулі (тұрақты көмек талап етіледі), көру кемістігі бар 
балалардың оқуға қатысуына қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Ол балаларға 
мектеп, сынып бойынша орын ауыстыруға (қозғалуға), өзіне-өзі қызмет 
көрсетуге; тамақтануға; оқу құралдарын пайдалануға көмектеседі және 
басқа да қызметтерді орындауға себепкер болады. бұл функцияларды орын-
дау жоғары педагогикалық және психологиялық білімді талап етпейді. 
балалардың бір бөлігінде қозғалыс бұзылыстарының күрделілігіне 
байланысты қорғау режимін құру қажеттілігі туындайды: баланың құлап 
кетуіне, соғылуына және т. б. жол бермеу. әдетте мұндай жағдайлар 
қоңырау үзілісінде, балалардың бір-бірімен еркін қарым-қатынасы мен 
дене байланысы болатын жағдайларда болады. мұндай жағдайда өздігімен 
қозғала алатын балаларға педагог-ассистенттің көмегі тағайындалмайды, 
себебі ол оқушының күзетшісі немесе күтушісі қызметін атқармайды. 
мұндай балаларға қауіпсіз және қолайлы ортаны мектеп және сынып 
жетекшісі құруы қажет. мұғалім барлық оқушыларға сыныптасының
бойындағы ерекшеліктері, онымен дене байланысына түсу кезінде 
мұқияттықтық пен сақтықты сақтау қажеттілігі жөнінде әңгімелей оты-
рып, оларды қамқорлық көрсету, басқаға ерекше көңіл бөлу қасиеттеріне 
тәрбиелейді. мұндай оқушының мектептегі (асхана, коридор және т.б.)
қауіпсіз қозғалуы ашық түсті киімдері арқылы (сары немесе жасыл 
көкірекше) жүзеге асырылады. мұндай баланы кездестірген кезде кез
келген мұғалім немесе оқушы сақтық танытып, көмек болған жағдайда қол 
ұшын береді. 
жақын арада ҚР бғм жалпы білім беретін мектептерінің үлгілік 
штаттарына педагог-ассистент лауазымын енгізуді жоспарлауда. педагог-
ассистент оқу процесіне өздігімен қатыса алмайтын мінез-құлық, 
эмоционалдық және коммуникативтік бұзылымдары бар (асб және т.б.) 
оқушыларға көмек көрсетеді. Қолдау көрсетуді талап ететін мінез-құлық 
және эмоциялық проблемаларға мыналар жатады: 
- баланың сабақта өзін-өзі ұстау ережелерін орындауға қабілетсіздігі: 
партада отыра алмайтын, тұрып, сынып ішінде жүретін; мұғалімнің 
ескертулерін, талаптарын орындай алмайтын (елемейді);


22
- мұғалімнің талаптары мен нұсқаулықтарын қиын түсініп және 
қабылдайтын; белгілі бір іс-әрекетті орындау үшін мұғалімнің үнемі
жекелік көмегін және қолдауын қажет ететін балалар;
- сабақта өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі бақылау қиындықтары: 
баланың өзі сынып жұмысына қосылмайды және сынып тапсырмаларын 
ересек адамның көмегінсіз орындамайды;
- мінез-құлық және эмоциялық ерекшеліктері: дауыстап сөйлейді, 
себепсіз күлкі, айқайлап, жылап, басқа балаларға және сынып жұмысына 
кедергі келтіреді, мұғалімге агрессия көрсетеді. 
педагог-ассистент оқушыға оқу процесіне енуге көмектеседі,
ұйымдастырады, бағыттайды, жағымсыз мінез-құлықты, эмоциялық және 
мінез-құлқындағы теріс әрекеттерінің алдын алады. Ол баланың мінез-
құлқын бақылай отырып, өз бетінше оқу дағдыларын меңгеруге үйретеді, 
әрі қарай баланың өзі жасайтын жұмыстарын дербес орындауға қолдау 
көрсетеді. жеке көмекші қолдауды төмендету барысында жұмыс атқаруы 
қажет. жекелік қолдаудың негізгі және соңғы мақсаты - баланың сыныптағы 
және мектептегі толықтай дербестігі. Оқушыға жеке қолдау көрсетуде 
ассистенттің қатысуын азайту төмендегідей ретпен жүргізіледі:
- толық қолдау көрсету – ассистенттің оқушымен бір партада отыруы;
- біртіндеп алшақтату – оқушы партада, ал ассистент оқушыға 
бағыттаушы және ұйымдастырушы көмек көрсетіп артында отырады. 
кейінен ассистент тек бөлектенген сабақтарға ғана қатысуына болады;
- сыныпта өздігімен жұмыс жасайды– оқушы ассистенсіз партада өзі 
отырады.
мінез-құлқында проблемалары жоқ зиятының, есту, сөйлеу және т.б. 
бұзылымдары бар балаларға (арнайы қозғалыс құралдарының көмегімен 
қозғалатындардан басқа) педагог-ассистенттің көмегі тағайындалмайды. 
мінез-құлқында ерекшелігі бар баламен жұмыс жасауда педагог-
ассистенттің арнайы дайындығы болуы қажет (психология және арнайы 
педагогикалық жоғары білімі негізінде).
психикалық және дене дамуы мен мінез-құлқы бұзылған балаларға 
педагог-ассистент қызметін ұсыну пмпк ұсыныстары негізінде жүзеге 
асырылады. мектептің қолдау қызметі өз шешімімен жеңіл мінез-құлық 
проблемалары мен сыныптағы жұмысқа бейімделудің қиындықтары бар 
балаларға бір тоқсанға педагог-ассистент қызметін ұсына алады. егер де 
мұндай көмек алдағы уақытта да көрсетілу қажет болса, онда баланың 
ерекше білім алу қажеттілігін растау үшін пмпк қорытындысын алуға 
бағыттау қажет. 
10) әлеуметтік – педагогикалық көмек. әлеуметтік педагог көмегінің 
қажеттілігін әпкк анықтайды. әлеуметтік педагог лауазымдық міндеттері 
мен жұмыс жоспарына сәйкес әлеуметтік қатері бар отбасыларының бала-
ларына көмек көрсетеді.


23

жүктеу 441,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау