Сабақтың тақырыбы Механикадағы күштер. №5 Практикалық жұмыс



жүктеу 0,51 Mb.
Дата05.01.2022
өлшемі0,51 Mb.
#36554
түріСабақ


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Динамика негіздері.

Мектеп: «Надеждин орта мектебі»ММ


Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Серикова Г.Ж


Сынып: 9 «А»


Қатысқандар:


Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Механикадағы күштер. №5 Практикалық жұмыс. Күшті өлшеудің практикалық тәсілдері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.2.3 ауырлық күші, серпімділік күші, және үйкеліс күші табиғатын түсіндіру


Сабақтың мақсаты


Барлығы: күштердің физикалық мағынасын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттай алады.

Көпшілігі: күштердің физикалық мағынасын өмірмен байланыстырып мысалдар келтіре алады.

Кейбіреуі: механикадағы күштердің физикалық мағынасын ашу және өзгерту әдістерін дәлелдей алады, есептер шығарып, эксперимент жүргізе алады.

Бағалау критерийі

*ауырлық, серпімділік және үйкеліс күштерінің табиғатын түсінеді;
*механикадағы күштерге байланысты қойылған сұрақтарға жауап береді;
*күштерге берілген деңгейлік есептерді шығарады.

Тілдік мақсаттар


- Механикадағы күштерге байланысты тапсырмаларды ауызша немесе жазбаша нысанда бере алады;

-Пәндік лексика және терминология:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

күш

Сила

force

инерция

инерция

Inertia

Денелердің әрекеттесуі

Взаимодействие тел

interaction of bodies

инерция құбылысы

Явление инерции

The phenomenon of inertia

Бағыттас

сонаправленные

in the direction of

Қарама-қарсы

противоположенные

Opposite



Құндылықтарға баулу

  • «Жауапқа-сұрақ» әдісі, суреттермен жұмыс әдістерінде ашықтық, ынтымақтастық құндылықтары қалыптасады.

  • Экспериметтік тапсырманы орындау арқылы ұқыптылық, тиянақтылық қалыптасады.

  • Ынтамақтастық, өзіне және өзінің айналасындағы адамдарға деген құрмет – жеке және жұптық жұмыс арқылы бірлесе жұмыс жасау.

Пәнаралық байланыс

Математика – күштердің бағыттарын векторларды қосу ережесі бойынша формуласымен және арифметикалық амалдармен шығара аламыз;

Күштерге байланысты жасалған зертханалық жұмыстар және оның мысалдары технология (еңбек) пәнімен жүзеге асады;

И.Ньютон, Р.Гук сияқты ғалымдардың өмірбаяндары мен еңбектері тарих пәнімен іске асырылады;

Информатика пәнімен байланыс арқылы оқушылар күшке қатысты ақпараттарды ғаламтор желісі арқылы жинайды.


Тақырып бойынша алдыңғы білім

Бұрын біледі: күш, ауырлық күші, үйкеліс күші, серпімділік күштері,еркін түсу үдеуі (g=9,8Н/кг);

Енді біледі: механикадағы күштердің табиғаты;

Қосымша біледі: күнделікті тұрмыста үйкеліс және серпімділік күштерінің мысалдарын (шанамен сырғанау, қырдан домалау, серіппе).

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері, уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі:

1.

-оқушылардың зейінін шоғырландыру;

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу;

- оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға көңіл бөлу

2.Үй тапсырмасын тексеру:

1.«Бір қадам алға...»



  1. Инерция деген не?

  2. Күш деп қандай шаманы айтамыз?

  3. Векторлық және скаляр шамалардың айырмашылығы қандай?

  4. Үдеу дегеніміз не?

  5. Инерциалды санақ жүйелері.

2.Сурет бойынша өз ойыңды білдір.





Мұғалімді тыңдайды, сабақтың мақсатын айқындайды.


Есіктен кіргеннен өткен материалдарға байланысты сұрақтар қояды. Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Оқушылар столына жеткенше, бірнеше сұрақ қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырып алады.



«Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды



Презентация

Сұрақ жазылған планшет



Сабақтың ортасы



«DEAL» әдісі бойынша сабақты түсіндіру,талқылау

1.D – Describe – баяндау, суреттеу (оқығанды, көргенді сипаттау, сынау, ).

«Анықтамалық кесте» толтыру



Күш атауы

Мағынасы

Белгі-ленуі

Форму-ласы

Ауырлық күші










Салмақ күші










Үйкеліс күші










Серпімділік күші










2. E – Explain – түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу).

«Сипаттап көрелік»



Автокөліктің жүрісі

Тас жолда

Балшықта

Мұзда









3.A – Anallуse – талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін атау).

«Кім жылдам?»

Жеке жұмыс

1.Жалпы массасы 1 т болатын жүгі бар шананы ат мұзбен сүйретіп келеді. Шана табаны мен мұз арасындағы үйкеліс коэффициенті µ=0,05. Ат арбаны қандай күшпен тартып келеді?

2. Массасы 70 кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті µ=0,3.

3. Массасы 50 кг дене 200Н күштің әрекетінен жазық бетте бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициенті неге тең?




Бағалау критерийі

Дескриптор

Механикадағы күштердің табиғатын біледі

1. Оқушылар күштің түрлерімен танысады.

2. Топтық жұмыс жасай отырып күштің түрлеріне мысал келтіреді және сұрақтарға талдау жасайды.

3. Механикадағы күштерге байланысты есептер шығарады





Оқушылар бейне ролик, презентация қарап осы кестені толтырады.

Суреттерге қарап өз ойларын айтады, кесте толтырады.



(оқушыларға тақырыпқа байланысты есептер беремін, кім бірінші болып, қатесіз шығарса «бүгінгі күннің жұлдызы» деп, оқушыларды ынталандыру мақсатында мотивация беремін.)

Бейне ролик көрсету


Презентациядан слайд көрсету

Презентация

Әр оқушының алдына есеп жазылған таратпа қағаздар беріледі


Сабақтың соңы

Үйге тапсырма

Рефлексия

4. L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру).

Сабақты бекіту. «Сқрақтарға жауап»

1.Білеуді көлбеу тақтайға қоялық. Тақтайдың еңке? Бұрышы онша үлкен болмаған кезде білеу орнында қала алады. Оны төмен қарай сырғудан не ұстап тұр? (Тыныштық үйкелісі.)

2.Үстелде жатқан дәптерді қолдарыңмен қысыңдар да оны жылжытыңдар. Дәптер үстелге қатысты қозғалады, бірақ сендердің қолдарыңа қатысты тынышuықта тұрады. Сендер ненің көмегімен дәптерді қозғалуға мәжбүр еттіңдер? (Дәптердің қолмен тыныштық үйкелісі көмегімен. Тыныштық үйкелісі қозғалыстағы транспортер таспасында тұрған жүктердің орнын ауыстырады, баулардың шешілуіне кедергі жасайды, тақтаға қағылған шегені ұстап тұрады және т.б.)

3.Таудан сырғыған шана біртіндеп ненің салдарынан тоқтады? (Сырғанау үйкелісінің салдарынан тоқтады.)

2.Мұзда сырғанап келе жатқан шайба өз қозғалысын неге баяулатты? (Сырғанау үйкелісінің салдарынан. Сырғанау үйкелісінің күші әрқашанда дене қозғалысының бағытына қарама-қарсы жаққа бағытталған.)



«Табиғаттағы күштер» тақырыбына хабарлама дайындау

SMS – хабарлама»

Оқушыларға қағаздан жасалған қалта телефондарынан SMS хабарлама жазу тапсырылады. Хабарлама ұсынылған сөйлемдердің толықтырылған немесе аяқталған нұсқасы болуы қажет.

«Бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ... білдім, ақиқатына жеттім»;


  • «Бүгінгі сабақта мені қуантқаны....»;

  • «Мен өзімді....үшін мақтар едім»;

  • «Маған ерекше ұнағаны....»;

  • «Сабақтан соң мен... жасағым келді»;

  • «Мен... туралы армандаймын»;

  • «Бүгінгі сабақта мен....жасай алдым»;

  • «Мен... орындадым»;

  • «...қызықты болды»;

  • «...қиын болды»;

  • «...мен түсіндім»;

  • «Енді мен ...»;

  • «...сезіндім»;

  • «Мен үйрендім»;

  • «Мені... таңқалдырды» және т.б.



Оқушылар берілген сұрақтарға А4 қағазына түсіру арқылы жауап береді

Оқушылар берілген тапсырманы жазып алады.





Презентация, мәтінмен жұмыс

Саралау



Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушылармен бірге мәтінмен және тәжірибелермен жұмыс жасалады. Оқушылар өз бетінше тәжірибе жасайды. Мұғалім оқушыларға тәжірибе бағытын көрсетеді.

Тәжірибе барысында қиындық туындаған оқушыларға көмек көрсетіледі. Оқушылар құрал жабдықтармен жұмыс істейді. Күшті өмірмен байланыстырып графикалық түрде күштің бағыттарын сипаттайды.

Тәжірибемен жұмыс жасау барысын және оны талқылауын бақылау.

Есептерді шешуін бақылау.

Мәтінмен жұмысты талқылауын қарау.

Жауап беру барысында тақырыппен байланыстылығын байқау.

Күштің бағыттарымен мәнін графикалық түрде кескіндеу.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Тәжірибелер барысында Құрал жабдықтармен жұмыс істеу қауіпсіздігін қамтамасыз ету,

Сабақ бойынша рефлексия








Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?






жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау