12
лы білім алуы барысындағы
психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік
және басқа да көмекке мұқтаждығы. ерекше білім беруге қажеттілігі бар
балалардың төмендегідей топтары көрсетіледі:
1-топ. психикалық және дене дамуында түрлі бұзылымдары бар ба-
лалар: көру, есту, сөйлеу бұзылымдары, зияты, тірек-қозғалыс аппа-
раты, психикалық дамуы тежелген және
эмоционалды-ерік-жігер аясы
зақымдалған балалар.
2-топ. Оқытудағы ерекше қиындықтары, мінез-құлық және эмоциялық
проблемалары бар балалар.
зияты қалыпты балалардың ерекше қиындықтары жеке оқу дағдыларын
меңгеруде байқалады: оқу, жазу және санау (дисграфия, дислексия, дис-
калькулия және т.б.). бұл қиындықтар уақытша сипатқа ие және оны
балаларға мамандардың тиісті көмегімен жоюға болады. мінез-құлық
және эмоционалдық проблемалар ерекше психологиялық факторлар-
дан (отбасында
тәрбиенің бұзылуы, ата-ана мен баланың және отба-
сы ішілік қатынастың бұзылуы), сонымен қатар дамуындағы ерекше
проблемалардың болуынан (гипербелсенділік және толыққанды көңіл
бөлмеуден, аутистикалық бұзылыстар спекторы және т.б.) құрдастарымен
және мұғалімдерімен қарым-қатынас жасаудағы әртүрлі қиындықтардан
(енжарлық, тұйықтық немесе жанжалдық, тіл алмаушылық, агрессивтілік)
пайда болуы мүмкін.
3-топ.
әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік, мәдени
ерекшеліктерінен туындайтын ерекше білім беруге қажеттілігі туындай-
тын балалар. бұл топқа микроәлеуметтік және педагогикалық қараусыз
қалған нашар отбасынан шыққан немесе бала тәрибесіне көңіл аудармай-
тын отбасылардан, әлеуметтік қатерлі топтағы отбасы балалары (ішімдікке,
нашақорлыққа жақын ата-аналар), сонымен бірге жергілікті әлеуметке
бейімделуде қиындықтары бар (босқындар,
мигранттар, оралмандар) не-
месе оқу тілін түсінбейтін және бұл тілде сөйлемейтін балалар кіргізіледі.
ебҚ бар балаларды мұндай топтарға бөлу мектепте білім алуында
қиындығы бар бірде-бір оқушының назардан тыс қалуына жол бермейді.
ҚР инклюзивті білім беру принциптерін енгізіп отырған жалпы
білім беру педагогтары үшін ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушы
- психикалық және дене дамуы бұзылған (мүмкіндігі шектеулі) бала ғана
емес, сонымен қатар оқытуда қиындықтарға тап болған кез келген бала
екенін түсінулері маңызды.
психикалық және дене даму бұзылыстары жоқ екінші және үшінші
топтағы балалар көбінесе психологиялық-медициналық-педагогикалық
кеңеске жүгінбейді және ол арқылы анықталмайды.
сәйкесінше, жалпы
білім беретін мектеп балалардың бұл топтарын да өз назарынан қалдырмай
және оны уақытында анықтап, оларға көмек көрсетуі тиіс.
13
Қазақстанда, бүкіл әлемдегідей, психикалық және дене дамуы бұзылған балалардың саны
аз. пмпк мәліметтері бойынша 2018 жылы олардың саны барлық балалар популяциясының
2,7% ғана құрайды.
Оқыту қиындықтары бар балалардың көпшілігі-психикалық және дене даму бұзылыстары
жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: