Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет10/48
Дата29.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#41899
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48
Физика Мұғалімге арналған нұсқаулық

тілдік
 
мақсаттар
маңызды құрал болып табылады. 
Оқушылардың олардан қандай нәтиже күтілетінін түсінуі тілдік мақсаттардың анық 
құрылуына байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар мұғалімдерге оқушылардың оқуға 
деген уәжін арттырып, оларды бағамдауға және қолдауға көмектеседі. Пән мұғалімдері 
оқушылардың пән мазмұнын меңгеріп, академиялық тілдерін дамытуына қолдау көрсетеді. 
Академиялық тілді меңгеруге қолдау көрсету үшін мұғалімдерге сабақ жоспарларына 


15 
төмендегідей оқу мақсаттарын жүйелі түрде қосу ұсынылады: 
-
оқушылардың назарын академиялық тілге аудару (мысалы, пән бойынша оқу 
мақсаттарына жету үшін қажетті терминология немесе тұрақты тіркестері бар лексиканы 
қолдану); 
-
сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдарымен жұмыс істеуге қажетті жұмыс тілін 
ұсыну (мысалы, топтық жұмыс жүргізуге, сұрақты дұрыс қоюға, жағдайды талдап
пікірталас жүргізуге қажетті сөздер мен сөз тіркестері); 
-
алдын ала оқыту және пәнді оқуда дұрыс қолдана білу үшін қажетті терминология мен 
тіркестер жиынтығын қамтитын лексиканы алдын ала орынды жағдайларда пайдалану; 
-
түрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін оқушылардың тілдік дағдылардың барлық төрт 
түрін түрлі комбинацияда (мысалы, оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-
айтылым, тыңдалым-жазылым және т.б.) қолдануы; 
-
оқушыларды пікірталас, диалогтерге қатыстыру (мысалы, оқушыларды толық жауап 
беруге ынталандыру, білу деңгейіндегі сұрақтармен шектелмеу, пікірталас тиімді болуы 
үшін оқушыларды өз білімін қолдануға түрткі болу, сондай-ақ оқушылар диалогке 
қатыса алуы үшін қажетті лексикалық қормен қамтамасыз ету);
-
тіл үйренуге тән оқу дағдыларын дамыту (мәселен, таңдап алынған материалдарды 
тыңдау, түсіндіру, металингвистикалық және метатанымдық сананы дамыту, басқаша 
тұжырымдау, сөздікпен жұмыс істеу дағдылары); 
-
тіл туралы сыни ойларын дамыту (мысалы, тілдерді салыстыру, оқушыларды тілді 
барынша нақты пайдалануға ынталандыру, тілді үйренудегі жетістікті бағалау); 
-
сабақ басында тілдік мақсатты белгілеу және сабақтың соңында осы мақсат бойынша 
қол жеткізілген жетістіктерді талқылау. 
Тілдік мақсат үлгісі оқу жоспарының әр бөлімінде көрсетілген. Сонымен қатар, тілдік 
мақсат үлгісінде академиялық тілдің құрамдас бөліктері ұсынылған, оны оқушылардың 
есте сақтап, пайдаланулары керектігін ескерту маңызды. Бұл құрамдас бөліктер төмендегі 
тақырыпшаларда ұсынылған: 
(1) пәнге тән арнайы лексика және терминология; 
(2) диалог/ жазылымға арналған пайдалы сөз тіркестері. Егер пәннің тілі анық әрі 
оқушыларға түсінікті болса, бұл олардың пән бойынша оқу мақсаттарына ғана емес, тілдік 
мақсаттарға да қол жеткізуіне көмектеседі. 
Тілдік мақсаттарды белгілеу үшін келесі етістіктерді пайдалануға болады: саралау, 
санаттарға бөлу, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, қарсы қою, көшіру, құрастыру, 
сынау, анықтау, суреттеу, әзірлеу, бағамдау, түсіндіру, мысал келтіру, жорамалдау, 
анықтау, негіздеу, келіссөз жүргізу, болжау, өндіру, балама шешім ұсыну, себебін 
түсіндіру, пысықтау, қайта ұйымдастыру, басқа сөзбен айту, мазмұндау, қайта қарап шығу, 
көшіріп алу, рөлдік ойын ойнау, қорыту, жинақтау және жазу, түрлі мақсатта пайдалану, өз 
сөзімен анықтама жазу, безендіру. 
Тілдік мақсаттардың бірқатарын пән мазмұнына сай оқу мақсаты ретінде қарастыруға 
болғанымен, мазмұн мен тілдің бөлінуі оқушылардың мазмұнға да, тілге де баса назар 
аударуына көмектеседі. Сонымен қатар, бұл жауап/ шешімге назар аударумен қатар, сол 
жауап/шешімді іздеу үшін қолданылатын үдерістерге назар аударылуын теңдестіруге 
көмектесе алады. Атап айтқанда, осы үдерістерге баса назар аудара отырып, тілдің барынша 
нақты қолданылуын және ойлау әрекетін жақсартуға болады. 
Физика сабақтарында оқу мақсаттарының басым бөлігі мазмұнға бағытталғанымен, 
кемінде біреуі тілді дамытуға бағытталуы керек.

жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау