Эксперименттік
тәсіл
теориялық тәсілмен тығыз байланысты, түрлі физикалық
эксперименттер арқылы жүзеге асады және келесі кезеңдерді қамтиды:
-
Эксперимент тапсырмасын анықтау;
-
Болжамдар ұсыну;
-
Экспериментті зерттеу және өткізу әдісін анықтау;
-
Бақылау және өлшеу;
-
Алынған нәтижелерді жүйелеу;
-
Ұсынылған болжамдардың ақиқаттығы туралы қорытынды жасау.
Физика экспериментке негізделген ғылым болуына байланысты физиканы оқуда
оқушылардың жаңа ұғымдар мен теорияны меңгеруі тәжірибеге негізделе отырып
қалыптасады.
Оқу эксперименттерінің оқу үдерісіндегі маңызы:
-
Физикалық заңдар мен заңдылықтарды оқушыларға түсінікті түрде көрсету;
-
Сабақтың көрнекілігін қамтамасыз ету;
-
Оқушыларды физикалық құбылыстарды зерттеудің тәжірибелік тәсілімен
таныстыру;
-
Техникада, технологиялар мен күнделікті тұрмыста зерделенетін физикалық
құбылыстардың қолданылуын көрсету;
-
Оқушылардың физикаға қызығушылықтарын арттыру;
-
Политехникалық және тәжірибелік-зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру.
Оқу эксперименттері физикалық құбылыстарды лабораториялық жағдайда туындату
арқылы жасалатын ғылыми физикалық эксперименттермен тікелей байланысты. Ғылыми
эксперимент табиғатты зерттеу және жаңа білім алуды көздейтін болса, оқу эксперименті
осы білімді оқушыларға жеткізуге бағытталады.
Физика сабақтарында көрсетілімдік және зертханалық эксперимент түріндегі оқу
тәжірибелері қолданылады.
Көрсетілімдік эксперименттің көрнекілік мазмұны басым, мұнда мұғалім тәжірибе
жасау физикалық құбылыстардың табиғатына оқушылардың танымдық қызығушылығын
арттырып, сабақтың мазмұнын ашады. Мұғалім тәжірибе көмегімен проблемалық
мәселелерге оқушылардың назарын шоғырландырып, танымдық әрекеттерін басқарады.
Мысалы, сұйықтың жоғарғы қабат бетінің қасиеттерін зерттеу үшін судың бетінде болат
тебеннің қалқуын көрсету арқылы проблемалық жағдаят туындуы мүмкін.
Зертханалық эксперимент оқушының тәжірибе жасау қызметімен байланысты:
жаппай зертханалық жұмыстар, физикалық практикумдар, эксперименттік есептер,
сыныптан тыс бақылаулар мен тәжірибелер арқылы ұйымдастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |