Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


«ФИЗИКА» ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет7/48
Дата29.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#41899
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48
Физика Мұғалімге арналған нұсқаулық

«ФИЗИКА» ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 
 
Жан-жақты және үйлестірілген оқу бағдарламасын жоспарлау, ұйымдастыру және 
басқару – оқушылар үлгерімінің жоғары болуының негізгі тетігі (Alexander, 2002). Оқу 
бағдарламасы оқушыларға бірқатар теориялық, тәжірибелік, шығармашылық және 
әлеуметтік дағдыларды меңгеруге, сондай-ақ негізгі дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік 
береді (Primary education in England, 1978). Алға ілгерілеуіне қарай оқушылар оқудың 
әртүрлі бағыттарын байланыстыра отырып, оларды зерттеп, осылайша анағұрлым терең 
түсінік қалыптастыратын болады. Оқушылар нені үйреніп жатқандарының мәнін нақты 
ұғынып, сонымен бірге, бұл олардың қазіргі және болашақ өмірімен қалай байланысатынын 
түсінуі керек. 
Физика оқу пәні ретінде ғылыми, техникалық және гуманитарлық мүмкіндіктерге ие, 
сонымен қатар адамзат жинақтаған әлеуметтік тәжірибенің басты компоненті болып 
табылады. Әлемнің физикалық көрінісі, оқу пәнінде негізгі физикалық теорияның тұтас 
жүйесі ретінде беріліп, оқушылардың ғылыми көзқарастарын және дүниенің 
жаратылыстану-ғылыми көрінісінің тұтастығын қалыптастыратын негізгі моделі болып 
табылады. 
«Физика» пәнін оқып-үйренудің мақсаты – оқушыларда ғылыми көзқарастың негізін 
қалыптастыру, Әлемнің жаратылыстанымдық-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауды, 
бақылау қабілеттерін дамыту және табиғат құбылыстарын талдау және таңдау арқылы 
өмірге қажетті практикалық есептердің шешімдерін таба білуге дағдыландыру. Осы 
мақсатқа сәйкес пәнді оқытудың
 
негізгі міндеттері белгіленген:

оқушылардың Әлемнің қазіргі физикалық бейнесінің негізінде жатқан 
заңдылықтар мен принциптер туралы білімді алуына, табиғатты танудың
ғылыми әдістерін меңгеруіне ықпал ету; 

оқушылардың зияткерлік, ақпараттық, коммуникативтік және рефлексиялық 
мәдениетін дамытуға; физикалық экспериментті орындау және зерттеу 
жұмыстарын жүргізу дағдыларын дамыту;

оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу; 

алынған дағдыларды табиғат ресурстарын пайдалануда және қоршаған ортаны 
қорғауда, адамды және қоғамды қауіпсіз өмір сүрумен қамтамасыз етуге 
қолдану. 
Пәннің оқу бағдарламасы тәрбиелеу мен оқытудың біртұтастық қағидатын жүзеге 
асыруға бағытталған. Оқу бағдарламасының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, 
сонымен қатар оқушылардың кең ауқымды дағдыларының қалыптасуына бағыттылғаны 
оның ерекшелігі болып табылады. Оқу бағдарламасында пәнді оқып үйренуден күтілетін 
нәтижелерді қамтитын оқу мақсаттарының жүйесі пәннің негізгі мазмұнын анықтайды. Пән 
бойынша анықталған оқу мақсаттарының жүйесі оқушылардың білімді мақсатты және 
шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың 
түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және 
шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларын дамытуға негіз болады.
Оқу бағдарламасында «Физика» пәнінің оқу мақсаттары бөлімдерге бөлінген. Бұл 
бөлімдер дағды немесе тақырып, білім немесе түсінік деңгейіне қарай бөлімшелерге 
бөлінеді. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікті сақтай отырып құрастырылған оқу 
мақсаттары бөлімше аясында оқушылардың қаншалықты алға ілгерілегенін көрсетеді, бұл 
мұғалімдерге жұмысын жоспарлап, оқушыларды бағалап және алдағы уақытта олардың 
қандай шешім қабылдаулары қажеттігін анықтап, оны оқушыларға жеткізуге негіз болады. 
Сонымен қатар, «Физика» пәні бойынша оқу бағдарламасына негіз болған маңызды қағида 
оқу бағдарламасының спиральділік қағидаты болып табылады.
«Физика» пәні бағдарламасының мақсаты оқушылардың зерттеу дағдыларын 
қалыптастыру болып табылады. Зерттеу дағдысы болашақ мамандықта белгілі бір нәтижеге 


11 
жету үшін қажетті бірден-бір критерий болып табылады, өйткені проблеманы зерттеу, 
идеяларды сынақтан өткізу, жақсартудың жолдарын ұсыну қандай да болмасын 
проблеманы шешу үшін әмбебап операциялар болып табылады.
Бағдарламаның шиыршықты құрылымының арқасында көптеген тақырыптар екі 
немесе одан да көп рет, материалды біртіндеп күрделендіре отырып және үйренген 
дағдыларды жетілдіре отырып оқытылады. Физика пәнінің сабақтарында оқушылар жәй 
ғана тәжірибелер өткізіп қоймайды, мәліметтерді жинақтайды, жазып алады және 
талдайды; градиентті тәуелділігі мен табуға қатысты кестені құрастырады, соның ішінде 
Корнфильд әдісін пайдалана отырып ақаулықтарды табады, тәжірибені өткізуге әсер ететін 
факторларды анықтайды және оны жақсарту жолдарын ұсынады. Осының арқасында, әр 
бір оқушы зерттеу жолын жеке меңгереді және қандай да болмасын физика заңдылығына 
қатысты қорытындыны жасай алады. Мысалы, сұйықтықтың кинематика саласындағы 
зертханалық жұмыстар кешенін орындау оқушылардың қазіргі күні сұранысқа ие «Мұнай 
– газ ісі», «Жылуэнергетика», «Сумен қамтамасыз ету» мамандықтарын сәтті игеруіне 
дайындай алады.
«Физика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
 
1)
7 сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
2)
8 сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
3)
9 сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
Оқу пәнінің мазмұны 8 бөлімді қамтиды: 
1)
физикалық шамалар мен өлшеулер,
2)
механика;
3)
жылу физикасы; 
4)
электр және магнетизм;
5)
геометриялық оптика;
6)
кванттық физика элементтері;
7)
астрономия негіздері;
8)
әлемнің қазіргі физикалық бейнесі. 
«Физикалық шамалар мен өлшеулер» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: 
1)
физика – табиғат туралы ғылым; 
2)
физикалық шамалар;
3)
Физикалық өлшеулер. 
«Механика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: 
1)
Кинематика негіздері; 
2)
Динамика негіздері; 
3)
Сақталу заңдары; 
4)
Статика; 
5)
Тербелістер мен толқындар 
«Жылу физикасы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: 
1)
Молекулалы-кинетикалық теория негіздері; 
2)
Термодинамика негіздері. 
«Электр және магнетизм» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: 
1)
Электростатика негіздері 
2)
Электр тогы 
3)
Магнит өрісі 
4)
Электромагниттік толқындар және тербеліс 
«Геометриялық оптика» бөлімі «Геометриялық оптика заңдары» бөлімшесінен 
тұрады. 
«Кванттық физика элементтері» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: 
1)
Атом мен атом ядросының құрылысы; 
2)
Радиоактивтілік; 
3)
Элементар бөлшектер. 


12 
«Астрономия негіздері» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: 
1)
Жер және Ғарыш, 
2)
Астрофизика элементтері. 
«Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі» бөлімі «Физиканың дүниетанымдық мәні» 
бөлімшесінен тұрады
.
Жаңартылған бағдарламаның басты мақсаттарының бірі – физика шамаларын 
тәжірибе жүзінде анықтау, қолдағы құралдармен тәжірибе өткізу, көрсеткіштерді оқи білу 
және нәтижені талдау. Осыған байланысты, бұл қосылған тәжірибелік есептердің есесінен, 
оқу бағдарламасының әрбір бөлімшесі кем дегенде 3 тәжірибелік жұмыстардан тұрады:

ауырлық күшін зерттеу («Кинематика негіздері» бөлімшесі 7-сынып); 

түрлі денелердің созылуын зерттеу («Кинематика негіздері» бөлімшесі 7-сынып);

жұмыстың мәнін график бойынша анықтау («Кинематика негіздері» бөлімшесі 7-
сынып);

ауырлық күші мен үйкеліс күшінің жұмысын салыстыру («Динамика негіздері» 
бөлімшесі 7-сынып); 

транспорт түрлерінің қуатын бағалау («Сақталу заңдары» бөлімшесі 7 сынып); 

үстел теннисіне арналған шариктің тебілу биіктігін анықтау («Сақталу заңдары» 
бөлімшесі 7-сынып); 

түсірілген күштің айналу осіне дейінгі қашықтыққа тәуелділігін зерттеу 
(«Статика» бөлімшесі 7-сынып); 

жылу мөлшерінің дене массасына тәуелділігін зерттеу («Молекулалы-
кинетикалық теория негіздері» бөлімшесі 8 сынып); 

жылу мөлшерінің қыздыру температурасына тәуелділігін зерттеу («Молекулалы-
кинетикалық теория негіздері» бөлімшесі 8 сынып); 

әртүрлі отынның жану тиімділігін бағалау («Молекулалы-кинетикалық теория 
негіздері» бөлімшесі 8-сынып); 

заттың фазалық ауысу графигін зерттеу («Молекулалы-кинетикалық теория 
негіздері» бөлімшесі 8-сынып); 

мұздың балқу температурасын зерттеу («Молекулалы-кинетикалық теория 
негіздері» бөлімшесі 8-сынып); 

булану 
жылдамдығының 
әртүрлі 
факторларға 
тәуелділігін 
зерттеу 
(«Молекулалы-кинетикалық теория негіздері» бөлімшесі 8-сынып); 

ішкі энергияның механикалық энергияға айналуын зерттеу («Термодинамика 
негіздері» бөлімшесі 8-сынып); 

жылулық тепе-теңдік орныққандағы энергияның сақталу заңын зерттеу 
(«Термодинамика негіздері» бөлімшесі 8-сынып); 

бір-бірінен қандай-да бір арақашықтықта орналасқан және жіңішке жіпке ілінген 
екі бірдей ауа шарының әрекеттесуін зерттеу («Электростатика негіздері» 
бөлімшесі 8-сынып); 

электроскопты жасау («Электростатика негіздері» бөлімшесі 8-сынып); 

өткізгіш кедергісінің материал тегіне тәуелділігі («Электр тогы» бөлімшесі 8-
сынып); 

қыздыру шамының қуаты мен жұмысын өлшеу («Электр тогы» бөлімшесі 8-
сынып); 

тізбектей қосылған шамдардың ток қуатын зерттеу («Электр тогы» бөлімшесі 8-
сынып); 

параллель қосылған шамдардың ток қуатын зерттеу («Электр тогы» бөлімшесі 8-
сынып); 

су компасын (құбылнамасын) жасау («Магнит өрісі» бөлімшесі 8-сынып); 

магнит өрісінің түрлі материалдар арқылы өтуін зеттеу («Магнит өрісі» бөлімшесі 
8-сынып); 


13 

түрлі тиындардың магниттік қасиеттерін зерттеу («Магнит өрісі» бөлімшесі 8-
сынып); 

үйкеліс арқылы магниттеу («Магнит өрісі» бөлімшесі 8-сынып); 

магниттің қасиетіне температураның әсері («Магнит өрісі» бөлімшесі 8-сынып); 

қарапайым перископты жасау («Геометриялық оптика заңдары» бөлімшесі 8-
сынып); 

калейдоскопты жасау («Геометриялық оптика заңдары» бөлімшесі 8-сынып); 

жазық айнадағы кескінді зерттеу («Геометриялық оптика заңдары» бөлімшесі 8-
сынып); 

ойыс айнаға түскен және шағылған стандартты сәулелердің жүрісі 
(«Геометриялық оптика заңдары» бөлімшесі 8-сынып); 

жинағыш және шашыратқыш линзадағы негізгі сәулелердің жүрісі 
(«Геометриялық оптика заңдары» бөлімшесі 8-сынып); 

көз бен фотоаппараттың оптикалық жүйелерін салыстыру («Геометриялық оптика 
заңдары» бөлімшесі 8-сынып); 

қозғалыстың салыстырмалылығы («Кинематика негіздері» бөлімшесі 9-сынып); 

денелердің қозғалысын сипаттау тәсілдері («Динамика негіздері» бөлімшесі 9-
сынып); 

дененің еркін түсу үдеуін өлшеу («Динамика негіздері» бөлімшесі 9-сынып); 

денелердің соқтығысуы кезіндегі импульстің сақталу заңын зерттеу («Сақталу 
заңдары» бөлімшесі 9-сынып); 

еркін және еріксіз тербелістерді зерттеу («Тербелістер мен толқындар» бөлімшесі 
9-сынып); 

толқындардың сипаттамасын зерттеу («Тербелістер мен толқындар» бөлімшесі 9-
сынып); 

ұялы телефонның жұмыс істеу принципі («Тербелістер мен толқындар» 
бөлімшесі 9-сынып); 

аналогті сигналдың берілуі («Тербелістер мен толқындар» бөлімшесі 9-сынып); 

Морзе әліппесі («Тербелістер мен толқындар» бөлімшесі 9-сынып). 
Осылайша, жаңартылған бағдарлама 70 тәжірибелік жұмыстардан тұрады, ал өз 
кезегінде қолданыстағы бағдарламада 30 тәжірибелік жұмыстар қарастырылған.

жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау