Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



жүктеу 2,34 Mb.
Pdf просмотр
бет66/149
Дата10.03.2023
өлшемі2,34 Mb.
#41684
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   149
Bilim-beru-zertteulerine-kirispe

4.3.4 Этикалық нормаларды сақтау 
Іс-әрекетті зерттеу әлеуметтік зерттеуге жататындықтан, басқа 
дәстүрлі зерттеу әдіснамаларына қарағанда адамдар арасындағы 
қарым-қатынастар мен саяси мәселерді ескеруді талап етеді (Herr 
& Anderson, 2005). Сол себепті, зерттеудің басынан аяғына дейін 
зерттеуші әдеп мәселелерін ескергені абзал. Біріншіден, зерттеу 
жүргізіліп жатқан ұйымға, онын ішкі ережелері мен онда қызмет 
ететін адамдарға деген құрмет болуы тиіс. Екіншіден, зерттеу жо-
басы бекітілген зерттеу қағидаттарының негізінде іске асуы қажет 
(мысалы, «Қазақстан білім зерттеушілерінің әдеп кодексі»). Үшін-
шіден, зерттеушінің әрекеттері мен құндылықтары біріне-бірі сай 
болуы керек (McNiff, 2016). Ондағы ең басты талаптар, зерттеу-
ге қатысушыларға, олардың ойларын ашық білдіруіне, олардың 
құқықтарына, біліміне, демократиялық құндылықтарға құрмет 
білдіру. Қатысушыларды зерттеу жобасы жөнінде хабардар етіп, 
олардан жобаға қатысуға келісімдерін алу қажет. Сонымен қатар, 
зерттеуге қатысушылардың анонимділігін қамтамасыз ету және 
жиналған деректерді қауіпсіз жерде сақтау арқылы зерттеудің 
сапасы қамтамасыз ету (BERA, 2011). Ұйымның ішінде (әсіресе, 
мемлекеттік ұйымдардың ішінде) зерттеу жүргізуге ресми рұқсат 
алу қажет. Рұқсат алу жолдары әр контекстіде әр түрлі болуы мүм-
кін (Wanat, 2008). Зерттеуге қатысқан барлық ұйымдар мен қаты-
сушыларға лақап аттар беру маңызды.
4.3.5 Зерттеудің сапасын қамтамасыз ету 
Іс-әрекетті зерттеуді жүргізуде зерттеу сапасын қамтамасыз 
ету басқа позитивистік немесе интерпретивистік зерттеулерден 
өзгеше (Herr and Anderson, 2005). Дәстүрлі зерттеу әдістерінде 
зерттеудің сапасы мен сенімділігі (validity; reliability) дегеніміз 
зерттеу нәтижелерінің шынайылығын өлшеу арқылы оларды жал-
пылауға ұмтылуды білдіреді (Eikeland, 2006; Bush, 2012; Boughton, 
2012). Іс-әрекетті зерттеуде сапа мен сенімділікті қамтамасыз 
етуге тырысқанымен, оның мақсаты жалпылауға болатын білім 
жасау емес (Herr & Anderson, 2005). Ол белгілі бір қоғамдық фе-
номенді егжей-тегжейлі түсіну арқылы оны өзгертуге ұмтылады 


106
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
(Cohen et al., 2011). Аталмыш мақсатқа қарамастан, іс-әрекетті 
зерттеуде де сапаны қамтамасыз ету өлшемдері бар. Оның ішін-
де зерттеудің басынан аяғына дейін зерттеушінің өз әрекетіне 
рефлексия жасауы, зерттеуге қатысушылармен талқылау жасау 
арқылы зерттеу нәтижелерінің сенімділігін арттыру, және атал-
мыш зерттеу нәтижелерінің оған қатысушылар мен қоғамға пай-
да тигізуін қамтамасыз ету.

жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау