|
Дәуренбекова Ақмарал Нармаханбетқызы
|
Дата | 18.12.2017 | өлшемі | 22,9 Kb. | | #4965 |
| Дәуренбекова Ақмарал Нармаханбетқызы - –техника ғылымдарының кандидаты,
- «Ашық кен жұмыстары» кафедрасының аға оқытушысы,
- педагогикалық өтілі 6 жыл
- “Кенді ашу және ашық қазу жүйелері " пәні 050707–«Тау кен ісі» мамандығының студеттеріне арналған
- Курс көлемі: 4 кредит
Курстың аңдатпасы - Курстың аңдатпасы
- «Кенді ашу және ашық қазу жүйелері» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені 050707– Тау-кен ісі мамандығының типтік және жұмыс оқу жоспарлары негізінде құрастырылған, мазмұны және көлемі бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты талаптарына, берілген мамандық бойынша мамандар дайындаудың кәсіби сипаттамасына және деңгейіне толық сай келеді. «Кенді ашу және ашық қазу жүйелері» пәнінің бағдарламасы оқылатын материалдардың логикалық кезегімен құрастырылған. Теориялық материалдар тәжірибелік тапсырмалармен бекітілген. Студенттердің алған білімдерін бекіту үшін курсты оқу барысында қажетті ағымды, рубеждік және басқа да бақылау түрлері қарастырылған. Оқу жүйесінде бакалаврлардың білімге қажеттігін қамтамасыз ету, пайдалы қазбалар кенорындарын ашық игеруде тау-кен инженері-технологтарын даярлауды оқу-әдістемелік қамтамасыз ету сапасын арттыру қарастырылған.
- Пәнді оқу мақсаты – студенттің ашық кен жұмыстары технологиясы бойынша тереңдетілген теориялық білім алуын, қатты пайдалы қазбалар кенорындарын қазу жағдайларының ерекшеліктеріне байланысты технологиялық шешімдер қабылдаудың есептік әдістерін игеруін қамтамасыз ету.
- Пәнді оқу міндеттері: 050707 мамандығы бойынша бакалаврлардың жоғары білімінің Мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес студент пәнді оқып үйрену нәтижесінде білуі керек:
- әртүрлі тау-кен геологиялық және табиғи жағдайларда жатқан кенорындарын қазу кезіндегі ашық кен жұмыстары технологиясының ерекшеліктерін;
- карьердің жұмыс аймағының даму заңдылықтары;
- жер қойнауын тиімді және толық пайдалануды қамтамасыз ететін ашу тәсілдері мен сұлбасын, қазу жүйесін таңдау және негіздеу әдістерін.
Мамандық бағдарламасындағы курстың рөлі. - Мамандық бағдарламасындағы курстың рөлі.
- «Кенді ашу және ашық қазу жүйелері» пәні студенттердің пайдалы қазбалар кенорындарын ашық игеру жөніндегі білімдерінің толықтыратын негізгі курс болып табылады. Пайдалы қазбалар кенорындарын ашық игеру негіздерін және инженерлік ғылыми әдістерді қабылдау шешімдерін оқып үйрену студенттер үшін білікті білім алуға және де жалпы карьердің дамуын, сонымен қатар оның экономикалық жақтарын негіздеуге мүмкіндік береді.
- Курстың жаңалығы.
- Пайдалы қазбаларды өндіруде ашық тәсілмен игеру алдыңғы қатарлы орынды алады. Өндірілетін пайдалы қазбалардың жалпы көлемінің 70% осы ашық тәсілге тиесілі. Оның тау-кен тәжірибесіне кеңінен енгізілуіне және дамуына ашық кен жұмыстарының техникасы мен технологиясын жетілдіру бағытындағы ғылыми зерттеулер нәтижелері де көп ықпал етуде.
-
Материалды таңдау мен құрылымын қалыптастырудың негізгі принциптері - Материалды таңдау мен құрылымын қалыптастырудың негізгі принциптері
- Білім беру технологиялары оқу үрдісімен тікелей байланысты: оқытушы мен студенттің қызметімен, оның құрылымымен, оқу құралдары, әдістері және формаларымен.
- «Кенді ашу және ашық қазу жүйелері» пәнін оқу процесі келесі принциптерге негізделген:
- оқытудың мазмұнды бөлігі:
- оқыту мақсаттары – жалпы және нақты;
- оқу материалының мазмұны;
- оқу процесін ұйымдастыру;
- студенттердің оқу қызметінің әдістері мен формалары;
- оқытушы жұмысының әдістері мен формалары;
- материалды игеру процесін басқару бойынша оқытушы қызметі;
- оқу процесін талдау.
-
Курс бағдарламасының негізгі бағыттары: кенжарлар мен тау-кен қазындысын қабылдау бекеттерінің арасында көліктік байланысты қамтамасыз ету үшін карьердің жұмыс деңгейжиектерін ашу; ашық тау–кен жұмыстарының басты мақсаты – пайдалы қазба мен аршыма жыныстарын массивтен қабылдау бекеттеріне дейін тасымалдау мәселелері; аршу, өндіру және тау –кен дайындау жұмыстарының орындалу тәртібінің жиынтығы болып табылатын қазу жүйесін оқып үйрену. Теориялық материалдармен қатар, студенттердің өзіндік жұмыстары және курстық жоба жасау қарастырылған. - Курс бағдарламасының негізгі бағыттары: кенжарлар мен тау-кен қазындысын қабылдау бекеттерінің арасында көліктік байланысты қамтамасыз ету үшін карьердің жұмыс деңгейжиектерін ашу; ашық тау–кен жұмыстарының басты мақсаты – пайдалы қазба мен аршыма жыныстарын массивтен қабылдау бекеттеріне дейін тасымалдау мәселелері; аршу, өндіру және тау –кен дайындау жұмыстарының орындалу тәртібінің жиынтығы болып табылатын қазу жүйесін оқып үйрену. Теориялық материалдармен қатар, студенттердің өзіндік жұмыстары және курстық жоба жасау қарастырылған.
- Пәнді оқып үйренудің негізгі түрлері мен әдістері: дәрістер, тәжірибелік сабақтар, семинарлар, өзіндік жұмыстар, рефераттарды қорғау, баяндамалар, тестілеу, ғылыми-зерттеу жұмыстары, т.б. Мұның барлығы білім беру сапасы мәселелерін шешуге ықпал етеді.
- Жүргізілетін сабақтардың түрлері – лекциялар мен практикалық сабақтар.
- Пән бойынша дәрістерді жүргізу барысында заманауй ақпараттық технологиялар қолданылады. Дәрістер мен тәжірибелік материалдар бойынша университет ішілік теледидарлар, мультимедиялық проекторлар және интерактивті тақталар, дербес компьютер немесе ноутбук арқылы презентациялар жасалады.
Дәрістердің тақырыптық жоспары - Дәрістердің тақырыптық жоспары
- Карьер алаңдарын ашу
- 1. Пайдалы қазбалар кенорындарын ашық игерудің негізгі түсініктері мен принциптері
- 2. Кен жұмыстарының даму тәртібі және режимі
- 3. Жүкағындардың қалыптасуы және олардың түрлері
- 4. Карьердің жұмыс деңгейжиектерін ашу тәсілдері. Ашу қазбалары
- 5. Ашу қазбаларының трассалары
- 6. Жерасты қазбаларын пайдаланып ашу
- 7. Оржол параметрлері. Оларды үңгілеу тәсілдерінің сыныптамасы
- 8. Оржолдарды көлік құралдарынсыз үңгілеу
- 9. Оржолдарды көліктік құралдарды қолданып үңгілеу
- Кенорындарын ашық қазу жүйесі
- 10. Кенорындарын ашық қазу жүйесі және оның сыныптамасы
- 11. Кен жұмыстары шебінің жылжу бағыттары
- 12. Ашық қазу жүйесінің негізгі параметрлері
- 13. Карьердің жұмыс аймағы және оның параметрлері
- 14. Ашық қазу жүйесінің көрсеткіштері
- 15. Карьердің жұмыс аймағындағы тау жыныстарының қорлары
- 16. Тегіс қазу жүйелері, олардың қолданылу жағдайлары және ерекшеліктері
- 17. Тегіс қазу жүйелерінің түрлері, оның параметрлерінің жабдықтар кешендері параметрлерімен өзара байланысы
- 18. Тереңдете қазу жүйелері, оларды қолдану жағдайлары және ерекшеліктері
- 19. Тереңдете қазу жүйелерінің түрлері, оның параметрлерінің жабдықтар кешендері параметрлерімен өзара байланысы
- Күтілетін нәтижелер (студенттің игеретін біліктіліктері)
- «Кенді ашу және ашық қазу жүйелері» курсы бойынша студенттердің алған теориялық білімдері нақты жағдайларда тау-кен техникалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студент өздігінен кенорнының нақты жату жағдайларына байланысты ашу және қазу жүйесінің параметрлері мен көрсеткіштерінің технологиялық есетпеулерін (сонымен қатар ЭЕМ қолданып) жүргізе білуі керек.
- Бұл курс бойынша алған білімінің нәтижесінде студент:
- кен жұмыстарын механикаландыру мен автоматтандырудың алдыңғы қатарлы құралдарын қолданып, пайдалы қазбаларды өндірдің жоғары тиімділікті ресурссақтайтын технологияларын таңдай алады;
- карьердің жүкағындарын қалыптастыруға байланысты ашу сұлбасы мен қазу жүйесі және тәсілдерді таңдауда техникалық шешімдер қабылдай алады;
- пайдалы қазбаларды ашық тәсілмен қазуда алдығңы қатарлы технологиялық сұлбалар параметрлерін есептеу әдістерін қолдана алады;
- кенорнының табиғи жағдайларын ескеріп кен жұмыстарын жоспарлап, басқара алады;
- пайдалы қазбаларды кешенді пайдалану жолдарын біледі.
Нәтижелерді бағалау құралы мен технологиясы Кредиттік технология бойынша «Кенді ашу және ашық қазу жүйелері» пәнін оқыту үшін „Ашық кен жұмыстары” кафедрасында студенттер білімін рейтингтік бақылау қолданылады. Пән үшін бақылаудың келесі түрлер белгіленеді: 1) Ағымды бақылау: тәжірибелік сабақ, өзіндік жұмыстар; 2) Аралық бақылау; 3) Қорытынды бақылау: 6 семестрде курстық жоба және емтихан. - Студент суммарлық рейтигтік баллы 30 болғанда ғана қорытынды бақылауды тапсыруға жіберіледі. Қорытынды бақылау баллы 20 болғанда ғана ол тапсырылды деп есептеледі. Пән бойынша қорытынды бағасы студенттердің білімін бағалау шкаласы бойынша анықталады.
Дәуренбекова Ақмарал Нармаханбетқызы - техника ғылымдарының кандидаты, «Ашық кен жұмыстары» кафедрасының аға оқытушысы, жалпы ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 10 жыл. - Дәуренбекова Ақмарал Нармаханбетқызы - техника ғылымдарының кандидаты, «Ашық кен жұмыстары» кафедрасының аға оқытушысы, жалпы ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 10 жыл.
- Дәуренбекова Ақмарал Нармаханбетқызы ғылыми зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкес ҚазҰТУ ҒЗЖ қатысады. Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша 11 ғылыми мақала, 1 монография, 10 әдістемелік нұсқау, 10 оқу-әдістемелік кешендері мен силлабустары жарияланды.
- 1) «Оқу процесінде интеравктивті тақтаны пайдалану» курсын бітірген (сертификат №347 28.06.2006ж. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ)
- 2) «Ұжымдық мәдениет және ұстаз әдептілігі» семинар-тренингіне қатысты ( сертификат №35 05.03.2009г. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ).
- 3) «Ашық кен жұмыстарының технологиясы және кешенді механикаландыру» курсы бойынша біліктілігін жоғарылатты (сертификат №76, 08.07.2009ж. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ РЦПК).
- А.Н.Дәуренбекованың жетекшілігімен орындалған дипломдық жобалардың тақырыптары:
- Көксу кенорнында аттыру жұмыстарын кешенді механикаландыру (Тулеуов А)
- Екібастұз көмір кенорнында Үйінділеу және ашық тау-кен жұмыстарымен бұзылған жерлерді қалпына келтіру (Акишев А)
- Үшқатын карьерінде аршу жұмыстарында тиегіштерді қолдану тиімділігін негіздеу (Тұрлыбеков Е)
- Итауыз карьерінде бұрғылау-аттыру жұмыстарының параметрлерін анықтау және тиімді технологиясын таңдау (Оспанова Ж)
- Васильков кенорнында карьер алаңын ашу тәсілін таңдау және негіздеу (Қожатілеуова А)
- Үшқатын карьерінде үйіндісалудың тиімді технологиясын және жабдықтарын таңдау (Дайырханов Е)
- Казхром кенорнында көліксіз қазу жүйесі элементтерінің параметрлерін негіздеу (Нургазина Р)
- Казхром кенорнында карьер жағдауын кеңейту негізіндегі бұрғылып-аттыру жұмыстарын ұйымдастыру (Махимова А)
Оқытушының курстары бойынша студенттердің үлгерімінің - Оқытушының курстары бойынша студенттердің үлгерімінің
- орташа балы жөніндегі ақпарат
- Студентке қойылатын талаптар:
- 1. Сабаққа кешікпеу және сабақтан қалмау;
- 2. Оқытушы ұсынған материалдарды мұқият тыңдау және белсенді қатысу;
- 3. Аудиторияда ұялы телефордарды сөндіріп жұмыс жасау;
- 4. Кітапханада және үйде өздігінен жұмыс жасау.
- Академиялық этика нормалары:
- тәртіп;
- мейірімділік;
- шыншылдық;
- жауапкершілік;
- мәдениеттілік.
- Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|