Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



жүктеу 2,34 Mb.
Pdf просмотр
бет69/149
Дата10.03.2023
өлшемі2,34 Mb.
#41684
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   149
Bilim-beru-zertteulerine-kirispe

Мән-мағына (ұғым) қалыптастыру
Зерттеу аясында орын алған әрекетті баяндау арқылы 
мағынаны қалыптастыруға болады (Bruner,1991). Баяндау (нар-
ратив) арқылы мағынаны іздеу үшін, зерттеуші өз ісі мен дүни-
етанымы туралы ойлануы маңызды (MacIntyre, 1984; Burnard 
et al., 2016). Сонымен қатар, нарратив тәсілі зерттеушіге агент 
ретінде әрекет етуге, нақты әлеммен қарым-қатынаста белсен-
ді рөл атқаруға, қоршаған әлемнің оның тәжірибесіне ықпалын 
және жағдайды өзгертудегі әрекеттерін түсіндіруге мүмкіндік 
берді (Polkinghorne, 1995).
Дауыс
Нарратив тәсілі іс-әрекеттің маңызды оқиғаларын айтып қана 
қоймай, зерттеуге қатысушылардың айтқанын тыңдатуға мүмкін-
дік берді (Rappaport, 1995). Нарратив тәсілі зерттеуге қатысушы-
лардың әлеуметтік қабылдаған нормалары мен кәсіби канондары-
на қатысты маңызды оқиғаларды есепке алуға мүмкіндік береді 
(Bruner, 1990; Mertova & Webster, 2012). Яғни, нарратив тәсілі зерт-
теуге қатысушылардың айтқанын бағалауға және олардың көзқа-
растарын естуге мүмкіндік беруі мүмкін (Winter, 2002). Сонымен 
қатар, қатысушылардың өмірлік тәжірибесін айту зерттеушіге 


109
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
кеңірек білім беру мәселелерін талқылауға мүмкіндік бере алады 
(Niemi et al., 2010).
Зерттеу нәтижелерінің сенімділігін қамтамасыз ету
Зерттеушінің қаламынан туындаған әңгіме зерттеу нәтижесі 
жөнінде күмән тудыруы мүмкін. Дәстүрлі зерттеулермен салысты-
рғанда әңгімелеу тәсілі зерттеу нәтижелерін жалпылауға ұмтыл-
майды (Heikkinen et al., 2007). Брунердің (Bruner,1991) пікірінше: 
[…] нарратив - бұл шындықтың нұсқасы, оның қабылдануы эмпи-
рикалық тексеру мен логикалық қажеттілікке емес, конвенция мен 
«баяндау қажеттілігіне» тәуелді болады (4 -бет).
Осылайша, нарратив тәсілінен туындайтын білімді оның 
шынайылығына «өмірге» (күнделікті өмірлік шындыққа жақын бо-
луына) байланысты бағалауға болады (сол жерде: 61 бет). Бұдан 
басқа, нарративтен (әңгімеден) туындайтын білімнің сенміділігін 
онда баяндалған оқиғалардың эволюциясын қалай бейнеленген-
дігіне, бір оқиғаға әр түрлі көзқарастар білдірілгендігіне, әдеп ди-
леммаларын қарастырылғандығына, өзгерістерге сыни көзқарас-
пен қараумен, жаңа ойлар мен эмоциялар тудыра алатындығымен, 
сонымен қатар зерттеушінің дүниетанымын аша алауымен бағала-
уға болады. Мұның бәрі зерттеушінің рефлексияны көбірек жаса-
уына назар аударуын талап етеді (Heikkinen et. al., 2007).

жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау