Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


Зерттеу үдерісіне мониторинг жүргізу және талдау



жүктеу 2,34 Mb.
Pdf просмотр
бет67/149
Дата10.03.2023
өлшемі2,34 Mb.
#41684
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   149
Bilim-beru-zertteulerine-kirispe

4.3.6 Зерттеу үдерісіне мониторинг жүргізу және талдау 
Іс-әрекетті зерттеудің дәстүрлі зерттеу әдістерінен басты өзге-
шелігі – зерттеушінің рөлі. Сырттан бақылап, деректерді жинап, 
оларды талдаудың негізінде білім жасаудың орнына, зерттеуші 
зерттеудің бір бөлігіне айналады, зерттеуге қатысушылармен қа-
рым-қатынас орнатып, тәжірибеге немесе қоғамға өзгеріс алып 
келуге және аталмыш әрекеттердің негізінде пайда болған білімді 
теориялауға тырысады. Яғни, өзгеріс әкелу теориясын тек зерт-
теудің соңына қарай толыққанды жүйелей алады (Wilson, 2009). 
Сонымен қатар, іс-әрекетті зерттеу жүргізуде деректерді талдау 
жүйелі түрде, яғни зерттеудің басынан аяғына дейін үздіксіз іске 
асуы керек. Осы реттілікті қамтамасыз ету үшін келесі қадамдарды 
пайдалануға болады (Kemmis et al., 2014): (1) рефлексия – баста-
пқы мәселені анықтау, бұл проблеманы түсіну мақсатында барлау-
ды және фактілерді анықтауды қамтиды; (2) мәселені шешу мақса-
тында іс-әрекеттің жоспарын құру; (3) әрекет ету – жоспарды іске 
асыру; (4) мониторинг жүргізу және бағалау (4.1 суретті қараңыз).
4.1-сурет. Іс-әрекетті зерттеудің кезеңдері (Kemmis et al., 2014)
Мониторинг
Рефлексия
Қайта-
рефлексия
жасау
Қайта-
рефлексия
жасау
Қайта
жоспарлау
құру
Қайта
әрекет ету
Қайта
әрекет ету
Қайта
жоспарлау
құру
Жоспар 
құру
Әрекет ету
Қайта-
мониторинг 
жасау
Қайта-
мониторинг 
жасау


107
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
Зерттеулердің сыни, коммуникативті және жүйелі болуын 
қамтамасыз ету үшін деректерді талдауды үздіксіз үдеріс ретін-
де қарастыру маңызды (Miles & Huberman, 1994; Feldman et al., 
2018). Зерттеу үдерісін нақты зерттеу сұрақтармен бастауға бо-
лады, бірақ жаңа түсініктер мен білімдерге ашық болу маңызды. 
Әлеуметтік зерттеу болғандықтан, ‘шындықтың’ өзі үшін сөйлеуі 
маңызды, өйткені ол сыни сұрақ қоюға және рефлексияға түрткі 
болады (Feldman et al., 2018). Сол себепті, деректерді талдауда де-
дуктивті және индуктивті әдістерді қолдануға болады. Бұл зертте-
ушіге зерттеу тақырыптары немесе сұрақтары арасында байланыс 
орнатуға және өзекті тақырыптарға ашық болуға мүмкіндік берді 
(Westhues et al., 2008). Деректі талдап болғаннан кейін оларды 
тақырыпшаларға бөлуге болады. Сондай-ақ, деректердің сақталуы 
мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін деректерді талдаудың сапа-
лы бағдарламалық жасақтамасын (мысалы, NVIVO 12 бағдарлама-
сын) қолданған абзал. Сол арқылы, деректердің жүйелі түрде ұй-
ымдастырылуы мен талдауын қамтамасыз етуге болады.

жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау