Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет60/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   152
Айша

Қуанышты хабар
арада тағы бірнеше күн өткен соң пайғамбарымыз 
Әбу Бәкірдің үйіне барып, сәлем беріп, бір шетке 
отырды. Бәни мұсталықтан қайтқаннан бері бұл үйге 
алғаш келуі. 
Бұл кезде айша анамыз жоқ жерден өзіне жабылған 
жалаға күйініп дұға етіп, жылап отырған болатын. 
Қастарында ансардың бір әйелі де бар еді. анасы мен 
әкесінен естімеген нәрселерін содан сұрауға тыры-
сып, мәселені толық білгісі келді. сол жерде намаз 
оқыған пайғамбарымыз шаһадат келтіріп, аллаға 
мадақ айтқаннан кейін айша анамызға қарап:
– айша, жұрттың өсегі құлағыңа жеткен болар. 
Өзіңе бекем бол. Дегенмен мұндай іс рас жасаған 
болсаң, мойында, сен үшін дұға етіп, кешірім тілейін. 
Жоқ, бұл жала десең, алла тағала оны да білдіреді. 
ал, шынымен де жамандыққа барған болсаң, тәубе 
етіп, кешірім тіле. Өйткені, пенде қателігін мойында-
са, тәубесі қабыл болады, – деді. 
Әр сөз айша анамызға соққы болып тигендей 
есеңгірете түсті. сөз арасында алла өзі істің ақ-
қарасын білдіреді дегені көңілге үміт бергенмен, 
жан жарының өзіне күмәнмен қарағаны ауыр тиді. 
Бұдан ары не боларын да білмеді. Көзінде жас таусы-
лып, тамырларындағы қан да тартылып кеткендей. 
Жұрттың өсегін естіп жарының өзі күдіктенсе, бұл 
енді сырын кімге аша алады, дертін кіммен бөлісе 
сіңлісі Хамна бинт Жахштың ғана әлгі өсекке сенгенін білдірген. 
Қараңыз: нәсәи, Ишратун ниса 3; Бұхари, шаһадат 15 (2518), 
мағази 34 (3910); мүслим, Тәубе 56 (2770)


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
189
алады. Тілі байланып, еш нәрсе сезбей қалғандай 
күй кешті. Тіпті жүрегінің әлі соғып тұрғанына аң-
таң. ата-анасына жаутаңдады. Жауап айтып, қызын 
қорғағанын қалады. алайда, олар да үнсіз. 
– Уаллаһи, 
расулаллаға 
қандай 
жауап 
беретінімізді білмейміз, – деп жақ ашпады. сірә, 
мәдинадағы гу-гу өсек оларды да екіұшты ойға итер-
мелеген секілді. сол себепті хазірет айша бар күш-
жігерін жинап, күйеуіне:
– Уаллаһи, тәубе етпеймін
315
, өйткені істемеген 
ісіме қалай тәубе етпекпін. Жұрттың айтқаны жала 
десем де сіздерді сендіре алмайтын сияқтымын. Есіме 
хазірет Жүсіптің әкесінің
316
жағдайы түсіп отыр, мен 
де тек соны айтамын. «Ендігі міндетім үміт үзбей, 
сабыр ету ғана. не деймін, бұл жағдайдағы жалғыз 
сүйенішім – алла!» – деді. 
Хазірет айша (р.а.) не істерін білмей, аллаға 
қолын жайып, істің ақ-қарасын көрсетуін өтінді. 
Өзі туралы өсектің жалғандығын көрсететініне 
күмәнданбады. «Пайғамбарлықтың қырық алты 
315
айша анамыздың бұл сөздерін тек жарына емес, ата-анасымен қоса 
баршаға қарап айтқанын көрсететін риуаяттар да бар. Ол бойынша: 

Иә, мен жұрттың айтып жүргенін естідім. сіздер де сол өсекке 
сенген сыңайлысыздар. «Бұл жаладан тазамын» десем, сірә мені 
құптамайсыздар. сіздерге бола мойындасам, рас екен деп ойлай-
сыздар. Уаллаһи, мен сіздер мен өзімнің жағдайымды «Ендігі менің 
міндетім үміт күтіп, сабыр ету. не дейін, бұл жағдайда жалғыз 
сүйенішім алла» деген Жүсіптің әкесінің жағдайын ұқсатамын. 
Қараңыз: Бұхари, шаһадат 15 (2518)
316
сол оқиғаның әсерімен есеңгіреп тұрып есіне хазірет яқубтың (а.с.) 
атының түспегенін айтқан айша анамыз тек «Жүсіптің әкесі» дей 
алғанын айтады. Қараңыз: Табарани, әл-мұғжамул кәбир 23\111


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
190
бөлігінің бірі түстер арқылы алла елшісі хабар алар, 
қайғым бітер» деп ойлады. 
арада көп өтпей көз тоқтатып қарағанында 
расулалланың моншақтап терлеп кеткенін көреді. 
Бұл бір айдан бері үзілген Жәбірейіл періштенің 
уахи әкелуі еді. Борша-борша болып терлеп, ауыр зат 
көтергендей қиналды. 
Көктен жаңа бір хабар келген еді. ата-анасының 
да реңі қашып кетіпті. сірә, елдің өсегі рас шығып 
масқара боламыз ба деп қорықты ма екен. Дегенмен, 
Жәбірейіл періштенің әкелген үкімі өзіне қатысты 
болса да, иләһи әділдіктің көрініс табатынына 
күмәнданбады. Үлкен сабырмен нәтижені күтті. 
сөйтіп, уаһи жағдайы аяқталды. алла елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) отырған жерінде 
маңдайының терін сүртіп, Әбу Бәкірдің отбасына 
қарады. сол кезге дейін үйге төніп тұрған қайғының 
орнын бірте-бірте қуаныш басып, үстеріндегі қара 
бұлттың сейілгенін көздерімен көрді. Өйткені, 
алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
күлімсіреген еді. Бүгінге дейін баршаны уайымға 
салған мұнафықтардың өсегіне еріп тосын әрекет 
жасамағанына қуанды. Әуелі мейірімге толы дауыспен 
жарына: 
– сүйінші, айша! алла тағала түсірген аяты 
арқылы сенің таза екеніңді білдірді! Тұр да, аллаға 
мадақ айт! – деді. 
Бұл бір айлық ауыртпалықтың соңғы нүктесін 
қойған сүйінші хабар еді. Иә, күткеніндей, үміті 
ақталған анамыз да күлімдеп:



жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау