Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет70/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   152
Айша

Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
216
келген. Бұның құмарлықтан тумағаны анық, осындай 
құдандалық дәстүрмен көп адамдар мұсылмандықты 
қабылдаған. 
Бұл некелердің кейбірі Үммү Хабиба мен Зейнеп 
секілді уаһи арқылы жүзеге асқан. Бұл тұрғыдан 
қарағанда мекке жеңісінің Үммү Хабиба анамыз бен 
алла елшісіның некеленген күні жүзеге асқанын
351

Зейнеп анамызға үйленумен сол күнгі қоғамда бар 
қате түсінікке жол берілмегенін айтуға болады
352

сондай-ақ, анамыздың дәрежесі наз дәрежесі 
болатын. Бұл дәрежеде кейбір әрекеттер жақсы 
қабылданатын. Бұл үй осындай мәселелерге 
кезігетіндер үшін шешім жолын ұсынатын мектеп 
тәрізді еді. Барлық әйелде болатын мұндай 
әрекеттердің осы мектептен шығуы керек еді, сонда 
адамдар шешім жолын табуда алла елшісінің өміріне 
қарамақ. Тіпті, даналығы тұрғысынан қарағанда 
үйінде мұндай оқиғалардың болуы керек те еді. 
Өйткені, ол кезде аналарымыздың арасында осын-
дай шағын жағдайлар орын алмағанда табиғатынан 
әйелдердің арасындағы осындай мәселелерді шешуде 
дұрыс жол табу қиындар еді. Олардың мұндай 
351
Пайғамбарымыздың Үммү Хабиба анамызбен некесі Хәндәктен 
кейін және Хұдайбиядан бұрынғы уақытқа тең келеді. Бұл 
некенің «алла сендер мен дұшпандарыңның арасындағы осы 
келеңсіздіктерді жойып, орнына жақсылық орнатар деп үміт 
етіледі» (мүмтахина, 60\7) деген мағынадағы аят келгеннен кейін 
жүзеге асқаны белгілі. нәтиже де солай болған, осы некеден кейін 
Әбу суфияннан бастап меккеліктердің саясатында біраз өзгерістер 
болған. Кеңірек мәлімет үшін ышык баспасынан шығатын «фетхин 
мүминлери» атты кітапқа қарауға болады. 
352
Зейнеп анамыздың алла расулымен некесінің қиылатыны уахи 
түрінде түскен. Қараңыз: ахзаб, 33\37


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
217
әрекеттері басқа әйелдердегідей емес, уақытша және 
бір сәттік оқыс мінезден туындаған. Бұған қоса, 
алланың елшісі де (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
қызғануға тұратындай жан еді.
сәті түскен бір күні еріне жақындап, назданып: 
– Егер жемісі төгіліп тұрған жерге барсаңыз, ол 
жерде жемістердің желінгені және желінбегені болса, 
қайсысын таңдар едіңіз? – деп сұрады. 
айшаның өзіне қыздай қосылғанын меңзегенін 
жақсы түсінген Пайғамбарымыз оның күткен жауа-
бын берді:
– Әлі ешкім қол тигізбеген жеміске!
353
сондай-ақ, бұл үйде әркім өз мінезімен 
үйлесетіндермен жақын араласқан. мысалы, айша 
Хафса мен сәуда сафияға жақын болса, Зейнеп Үммү 
сәләма анамызға жақын болған
354

Бұл үйде айша анамыздан кейін Зейнеп анамыздың 
сөзі жүретін. Пайғамбарымыздың әпкесінің қызы, 
абдулла ибн Жахш секілді сахабаның қарындасы бо-
латын. алла елшісіне әйел болып, некесі аят арқылы 
қиылып, Құраннан орын алған
355
. яғни, біреуінен 
жақын болуы басқаларынан алыстауды керек 
етпейтін. араларында әртүрлі көзқарастың болуы 
әрине мүмкін еді, дегенмен қай кезде де алланың 
елшісінің таңдауы шешуші рөл атқаратын. 
Дегенмен араларында өзара құрмет болғаны 
даусыз. мәселен, хижреттен кейін айшаны (р.а.) 
некеге дайындағандардың басы-қасында Зейнеп 
353
Бұхари, никах 9 (4789); Ибн Хиббан, сахих 10\174 (4331)
354
Бұхари, Хиба 7 (2442); Табарани, әл-мұғжамул кәбир 23\50 (132)
355
Қараңыз: ахзаб 33\37 


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
218
анамыз жүрумен қатар жаладан оны ақтағандардың 
басында да сол тұрды
356

Пайғамбарымыздың әйелдерінің арасында болған 
келіспеушіліктердің түбінде көбінесе жақсылықта 
жарысу бар еді. Өйткені, бірі жасаған жақсылық 
не құлшылықты басқасы да жасағысы келетін. 
Құлшылық жасағысы келгенде мешітке бір шатыр 
құрылып, алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
рамазанның соңғы он күнін осы шатырда өткізетін. 
Бір жолы мешіттің ауласында айша анамызға да 
шатыр тігілді. Демек, рұқсат деген сөз. Іле басқа ана-
ларымыз да осындай талап қойды. Әуелі, Хафса келіп, 
айша анамыздан рұқсат сұрап, өзіне шатыр тіккізді. 
Оның артынша Зейнеп те өзіне шатыр тігілгенін 
сұрады. Таң атып, ауланың шатырға толып кеткенін 
көрген алла елшісі:
– Бұларың не? – деп сұрады.
аналарымыз 
пайғамбарымызға 
біртіндеп 
жағдайды түсіндіреді. алайда, алла елшісі мазасыз-
данып:
– сонда дұрыс істедік деп ойлайсыңдар ма? – 
деді.
Бәсекелестік шыққан жерде ғибадатта қайдан 
ләззат болсын. Пайғамбарымыз дереу шатырларды 
жыққызды, өзі жарты құлшылығын шәууәл айында 
аяқтады
357

356
Қараңыз: Бұхари, Тәфсир 18 (4473, 4479); шаһадат 15 (2518); 
мүслим, Тәубе, 56 (2770)
357
Бұхари, Иғтикаф 6 (1928); мүслим, Иғтикаф 2 (1173); ахмад ибн 
Ханбал, мүснәд 6\84 (24588)



жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау