Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
192
– Жоқ, мен оған емес, тек аллаға мадақ айтып,
алғысымды тек Жаратушыға ғана арнаймын
318
, –
дейді.
Енді Құраннан анамыздың тазалығын баян-
дайтын аяттар орын алды
әрі қияметке дейін мәңгі
қалмақ. Әр замандағы мүминдерге оның күнәдан пәк
екенін үнемі білдіріп отырмақ. Бұл аяттарда алла
тағала айшаның таза екенін баяндап, ертеңгі күн
үшін оған көркем ризықтар уәде етуде. Құранның
сүйінші хабары мұнымен шектелмеді, бұл бүлікке
араласқандарды ақыретте ауыр азап күтетіні жайлы
да ескертті.
Түскен аяттарды сахабаларымен де бөліскісі
келген пайғамбарымыз былай деді:
«Жаланы шығарғандар
араларыңдағы шағын
бір топ. сендер бұл жаланы өздерің үшін жамандық
деп ойламаңдар, керісінше жақсылық! Әлгі жаланы
жабушыларға келетін болсақ, олардың әрқайсысына
күнәсінің жазасы бар. ал, бұған басшылық жасаған
адамға тіптен аяусыз азап бар».
сахабалар да үстілерінен ауыр жүк түскендей,
рахаттанып қалды. Өйткені, бұл азғындардың кім
екенін білмейтін адам жоқ еді. Оларға еріп, көңілдерін
кірлетпеген болатын.
318
Қараңыз: Бұхари, шаһадат; мүслим, Тәубе. Осы кезде хазірет Әбу
Бәкір келіп, қызының маңдайынан сүйді. мұны көргенде қызы:
−
менің күнәсіз екенімді неге ертерек айтпадыңыз? – деп сұрады.
сонда әкесі:
−
Білмеген нәрсем туралы айтсам, қай аспан маған пана бола ала-
ды, қандай жер мені көтере алады? – деп жауап берген. Қараңыз:
Байһақи, әл-мәдхал әс-сунәнул кубра, 2\167 (647);
сондай-ақ,
қараңыз: шәләби, Хаяту айша 120
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
193
Демек, жақсы ниетке жетері жоқ. айтылғандарды
зерттеп, шын екені расталмай тұрып даурықпау
керек еді. Күнәдан сақтану – мүмин үшін ең дұрыс
жол. Ескерту үстіне ескерту жасалған аяттарда жала
жабушылардың қателіктерін қайта-қайта айтып, ба-
старына ауыр соққы беріп жатқандай еді.
«Әлгі жала жабушылар төрт куәгер әкелу керек еді.
Куәгер әкелмегеніне қарағанда олар алла құзырында
өтірікшілердің нағыз өзі болып саналады».
Демек, адам өз қалауымен ойына келгенді айта
алмайды. Біреу туралы негізсіз сөйлемеу керек, айтса
да міндетті түрде дәлел ретінде бір сүйенетін нәрсесі
болуы керек. Әсіресе,
ар-намысты әйелдердің зина
жасағанын айту үшін ең кемі төрт куәгерге сүйенуі
тиіс. Керісінше жағдайда ең үлкен күнәлардың бірін
жасаған болып саналып, бұ дүниеде де оларға жаза
қолданылады. маңдайларына «өтірікші» деген таңба
басылады. Қиямет күнінде де маңдайларындағы
сол «өтірікші» деген таңбасы өшірілмей, мәңгілік
«өтірікші» деп айтылатын болады.
анамыз (р.а.) тағы да
көптеген жақсылықтарға
себеп болды. Қатты азап шегіп, бір айдай қиналғанмен
сабыр ету арқылы осы сынақтың жемісін көрді.
Өйткені, жоғарыдағы сөздерден кейін келген басқа
да хабарлар осыны айқын көрсетті, осыған байланы-
сты бірқатар үкімдер анықталып, адамдар арасын-
да құқықтан бастап әлеуметтік өмірде қолданылуы
тиіс қағидаларға дейін бірқатар мәселе айқындалды.
нәтижеде қоғамда жаман ой мен күмәнға жол берілмей,
парасатпен пайымдайтын жаңа бір қоғамның үлгісі
көрсетілген еді.
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
194
араларында алла елшісі (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм) болғандықтан
сахабалар бұл сынақтан
сүрінбей өтті. Бұрынғы үмбеттер ұшыраған қиын
жағдайлардан аман қалды. Бұл ақиқатты да ұлы
Жаратушының өзі білдірді:
«Дүниеде де, ақыретте де алланың мейірімі мен
рақымы сендермен бірге болмағанда, бұл істерің үшін
міндетті түрде жазаға ұшырар едіңдер».
сахабалар аллаға мадақ айту керектігін айқын
түсінді. Күнәнің кішісі де, үлкені де күнә. Демек,
әу баста-ақ күнәнің үлкеюіне жол бермеу керек.
Жала жабу оқиғасы да осындай бір күнә болатын.
сондықтан да Құран жаланы естісе де оған мән бер-
мегендерге былай деді:
Достарыңызбен бөлісу: