Хазірет айша


айша анамыздың науқастануы



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет58/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   152
Айша

айша анамыздың науқастануы
Бәни мұсталық үшін жолға шыққандарына дәл 
жиырма сегіз күн өтті. мәдинаға қайтып, жорық 
біткеннен кейін бір айлық сапарға әлсіз денесі шы-
дамай, айша анамыз ауырды. Болған жағдайлардан 
да, өзі туралы тараған өсектен де әлі хабары жоқ бо-
латын. алайда, мына жақта мұнафықтардың күңкілі 
тыншымады. Бұл өсек бара-бара күйеуі мен әкесінің 
құлағына жетті.
Бұған пайғамбарымыз да, Әбу Бәкірдің үйі де 
сенбеді. сондықтан ол туралы айша анамызға 
айтуды қажет деп санамады. Дегенмен хазірет айша 
бір келеңсіз жайттың болғанын сезіп, алла елшісінің 
неліктен өзгеше күйде жүрген түсінуге тырысты. 
Өйткені, өзі болса ауырып жатыр. Бұрынғыдай 
жары ауырған кезінде өзін зиярат етпеді, тіпті 


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
180
жақындамады. анасы бар кезде ғана келіп, жағдайын 
сұрады. Хазірет айшаның да іштегі күдігі күшейіп:
– Уа, расулалла, рұқсат берсеңіз, анамының 
қасында болсам, маған сол кісі қараса, – деді. 
Бұл да дұрыс шығар. Жары: 
– Өзің біл, – деді де қойды.
Ойынан 
жаңылмапты, 
иә, 
бұрынғымен 
салыстырғанда бір салқындықтың сезілетіні анық. 
себебін түсіне алмаса да өзі науқас болғандықтан, 
анасы Үммү румәнға еріп төркініне кетті.
Тек жиырма күннен кейін есін жинап, енді ғана 
белін тіктей бастады. Болып жатқан жағдайдан әлі де 
хабарсыз еді. 
Осы арада қалын сұрап келгендер болды, 
солардың бірі жақын туысы Үммү мистахпен бірге 
бір қажеттілігі үшін сыртқа шықты. Бір кезде Үммү 
мистахтың
308
аяғы бір нәрсеге шалынып, құлап қала 
жаздады. Түзеліп тұрып жатып өз баласының атын 
айтып:
– Құрып кеткір, мистах, – деп қалды. 
Есі бар әйел өз баласына жаманшылық тілей 
ме? Бір қателік орын алған жерде айша анамыз оны 
түзеткісі келетін. Бұл жолы да Үммү мистахқа қарап:
– алланың разылығын қалап мәдинаға көшіп, 
Бәдірге қатысқан кісіні жамандыққа қалай қиясың? – 
деді.
Үммү мистах айша анамызға ожырая қарады. 
Өзін өсектеп жүрген кісіні жақтағаны несі? рас, 
308
Үммү мистахтың анасы Бинт сахр айша анамыздың әкесі хазірет 
Әбу Бәкірдің нағашы әпкесі болатын.


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
181
баласы мистах жала жабушылардың арасында еді. 
Біраздан кейін:
– Әй, сен мистахтың өзің туралы айтқандарын 
естіген жоқсың ба? сен шынымен де жаны таза 
мүмин әйелсің-ау. Әлде өзің туралы гу-гу өсек барын 
білмегенің бе? – деді.
Бұл бір зіл батпан сұрақ еді. Одан да сорақысы, 
айша анамыздың шынымен де ештеңе білмеуі еді. 
Ол:
– мен туралы не депті? Қандай хабар? 
Ештеңе білмеймін, – деп Үммү мистахқа қарады. 
«Болып жатқан нәрселерді маған тезірек айт» деп 
асықтырғандай Үммү мистах осы кезде ел ішінен 
естіген-білгендерін түгел ақтарып салды
309

Бұл айтылғандар адам сенгісіз нәрселер еді. айша 
не үшін сыртқа шыққанын ұмытып, денесінен жан 
кеткендей сүлей-сопа болып тұрып қалды. ауруынан 
енді айығып келе жатқанда тағы да ауыр соққы алды. 
Көзі жасаурап, жан дүниесінің астаң-кестеңі шықты. 
Тыныс алуы да қиындап, тамағына өксік тығылды. 
Зорға дегенде тілге келіп:
– шынымен де осылар болды ма? – деп сұрады 
да есінен танып қалды. 
Үммү мистах біраз әбігерге түсті. Біраздан кейін 
есін жинап:
– сүбханалла! Қалайша жұрт осылай айта 
алады? – деді.
Далаға не үшін шыққанын ұмытып, тезірек үйге 
кіргісі келді. Үммү мистахқа сүйене орнынан тұрып, 
309
Ибн Һишам, сира 4\464


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
182
әкесінің үйіне қарай жүрді. Үйге тезірек кіргісі келсе 
де аяқтары еркіне бағынар емес. 
Үйге кіре сала анасына: 
– алла кешірсін, жұрттың өсегін ести тұра маған 
неге ештеңе айтпағансыз? – деді. 
Үммү румән байсалды, парасатты жан еді. 
Жағдайға салқынқандылық танытқаны да содан. 
Қызын жұбатып:
– сабыр ет, құлыным, сабыр ет. алла тағала 
саған да бір жеңілдік береді. сен сияқты сұлу әрі 
пайғамбарымыз сүйген, сонымен қатар күндестері де 
бар қай әйелге сөз ермеген, оны мұқату үшін қандай 
жалалар жабылмайды дейсің? мұндай адамдар 
туралы өсек көп болады
310
, – деді. 
анасы дұрыс айтқан еді, бірақ ел ішіндегі өсек те 
соншалықты жеңіл сөздер емесі белгілі. Қанша күн 
өтсе де айша анамыз дөңбекшіп ұйықтай алмады. 
мына жақта болса өзі туралы айтылған жаланы 
естіген және кейбір мүминдердің соған сенгенін білген 
хазірет сафуан да ашуға булықты. Өсек айтқандардың 
бірі Хассан ибн сәбитпен шарт-шұрт сөзге келіп 
қалды. Екеуінің дауы ушығып, пайғамбарымыздың 
алдына дейін барды. 
сол кезге дейін мистахқа көмектесіп келген Әбу 
Бәкір (р.а.) оның да осындай сөзге ергенін естігенде, 
іштей ренжіп, енді оған көмектеспеуге бекінді.
Осының барлығын жақыннан бақылап жүрген 
мұнафықтар асығы алшысынан түскендей көтеріңкі 
көңіл күймен жүрді. Бәни мұсталықтан қайтқанда 
310
Бұхари, шаһадат 15 (2518); мағази 32 (3910)


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
183
жоспарлаған зымияндықтары іске асқандай, барлығы 
жапқан жалаларына мұрттарынан күліп, риза болы-
сты. 

жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау