Ер есімі ел есінде Көз тіксем сонау селді өткеліме



жүктеу 15,6 Kb.
Дата29.05.2020
өлшемі15,6 Kb.
#30694
Ер есими - ел есинде


Эссе

Ер есімі – ел есінде



Көз тіксем сонау селді өткеліме,

Сұстанам от сұрапыл шеккенге

Ерлермен майдан зілін сілкідім бір,

Масайрап сол күн жеңіс көктемінде.

Қалижан Бекхожин

«Ер есімі – ел есінде» дегенде бірден ойыма Ұлы Отан соғысының ардагерлері келеді. Міне, осы соғыстың біткеніне де 75 жыл болды. Қазақ елінде қайтпас, қайсар батырлары көп болғаны тарихымыздан белгілі. Олардың ерен ерліктерінің бәрі аспанымыз ашық, әр азаматтың басының амандығы, Қазақстанымыздың тәуелсіздігі, ата-жұрт, атамекен еліміздің еркіндікте өсіп, өркендеуі үшін, Жер-Анамыз – құтты мекеніміз, ата-бабамыздың қалған асыл мұрамызды, қазынамызды келер ұрпаққа қалдырған аманатын жеткізу үшін болды. Аналарымыз жесір, сәбилеріміз жетім қалып, өмірдің ащы дәмін татқаны бәріміздің жүрегімізді қынжылтатыны рас.

Мен бұл ауыр соғыста болмасам да, батыр ағалардың, жесір аналардың қиналғанын көз алдыма елестетудің өзі мен үшін қиын. Жетімдердің тоқтамай ағызған көз жасы, жылаған дауыстары құлағыма шалынып тұрғандай. Қарапайым гүлдің тікенегі қолымызға кірсе, біз өзімізді қоярға жер таппай қаламыз, ал соғыс майданында қаны төгіліп, көз жұмған жақындарын көрген бүлдіршіндер қандай сезімді бастарынан кешіргендері бізге, тәуелсіз елде, ашық аспанда, еркіндікте өмір сүріп жатқан, ата-анасы, туған-туысы бүтін, «Не жеймін? Не ішемін?» уайымы жоқтарға түсіну, сезіну қиынға соғады.

Екінші дүниежүзілік соғыста қайтпас қайсарлығымен көзге түскен Бауыржан Момышұлы атамызды және Әлия мен Мәншүк апаларымды мақтан тұтамын.



Осындай батыр қыздары бар біздің ел қандай бақытты! Әлия Молдагулова – ефрейтор, құралайды көздеп атқан мерген болған. Ал Мәншүк Мәметова ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, аса ерлікпен қаза тапты. Мен де осындай аға-апаларым секілді қаһарман болғым келеді.

Міне, біз осындай батыр аталардың, батыл апаларымның арқасында азат елдің ұрпағы болып отырмыз. Сол себепті «Мен үшін елім не істейді?» деп емес, «Елім үшін мен не істей аламын?» деген сұрақ әр азаматтың жүрегінде болуы тиіс. Еліміз үшін жанын берген ерлеріміздің ерлік істерін бағалай отырып, мен жақсы білім алуды мақсат еттім. Бос уақытымды зая кетірмей көп ізденіп, білімді серік етіп келемін. Құрбыларыма, замандастарыма «Тәуелсіздіктің қадірін жете түсінейік!» - дегім келеді. Ел үшін, ұрпақ үшін от кешкен ата-әжелерімізді көзі тірісінде бағалай білейік!
жүктеу 15,6 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау