Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
390
бағынғандықтан, бүгін ақиқатқа бет бұрып, ис-
ламды күшейту үшін көбірек күш салып, жүгіруге
міндеттісіңдер. анығында діндерің үшін үсті-үстіне
нығмет жаудырған алланың сонша жақсылығына
сендер дүниеге ашкөздік таныттыңдар. Дінге көмек
беруден қашып, дүниенің соңына түстіңдер. мынаны
жақсы біліп алыңдар, бір нәрсені тұрғызудан гөрі быт-
шытын шығарып қиратқан оңай. алайда, ұмытпаңдар,
қол жеткіздім деп ойлаған бұл жақсылықтарың көп
ұзамай көзден бұл-бұл ұшады
670
.
сол күні Имран ибн Хусайн және Әбул Әбсад әд-
Дуәли жіберген Осман ибн Хунәйф келіп:
– шешей, осы жерге дейін келу себебіңіз не,
расулалланың айтқан тапсырмасы ма, әлде өзіңіз бе?
– деп сұрағанда «Османның шейіт етілгенін естіген
соң өз ойыммен осы жерге келдім» деп, артынан
былай деген:
– Османды шейіт ету арқылы сендер үш тый-
ымды белден басып, үш харамды бірден істедіңдер.
Бұл аймақтың киелі екендігіне мән бермедіңдер,
халифалық дәреженің беделін аяққа таптадыңдар.
Оның үстіне мұны харам айларында жасадыңдар! Әрі
Осман қалауларыңды орындаса да оны тығырыққа
тіреп ақыры шейіт еттіңдер! сендер міне осындай
зұлымдық жасадыңдар. Біз Осман үшін сендерге
ашуландық. сендер Османға қылыш көтергенде, сен-
дерге біз ашуланбауымыз керек пе?
671
Әйелдігіне қарамастан көтеріңкі дауыспен
екпіндете сөйлеп, жағдайды реттеуге тырыса-
670
Әбу нуғайм, Имта 511, Ибн Тайфур, Бәләғатун ниса 5, Бути, айша 81
671
Ибн Кәсир, әл-Бидая 7\232, Жәхиз, Баян 2\332
Айша - ғылымның қайнар бұлағы
391
тын. мәселен, Жәмәл күні келісімге келуде айша
анамыздың осындай әдіске жүгінген. нағыз шешендік
ретінде бағаланған сол сөзде ол:
– менің сендерде аналық қақым болғаны секілді,
насихат айтуға да қақым бар, – деп бастап, алланың
өзі арқылы берген нығметтерден пайғамбарымыздың
құзырындағы жағдайына, әкесінің ерекше қасиеттері
мен халифалық міндетті мойнына алған күндерде тап
болған қиындықтарға қарамастан ақиқатты ұлықтау
мақсатында жасаған әрекеттеріне дейін бірқатар
мәселелерді қозғап, өзінің де бітімге келу бағытында
әрекет жасайтынын айтқан. Борыштарлығын сездіріп
оларға былай деп дауыстады:
– Білесіңдер, мені тек раббысына қарсы
шыққандар айыптайды. расулалла (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) менің кеудеме басын қойып көз
жұмды. Бұған қоса, мен жұмақтағы әйелдерінің бірі
боламын. раббым мені соған сақтап дайындады және
әртүрлі қасиетсіздіктен сақтады. сондай-ақ, мен
арқылы араларыңа енбекке ұмтылған мұнафықтарды
шын мүминдерден ажыратты. менің себебіммен алла
сендерге таза топырақпен тәйәммүм жасау жеңілдігін
берді. Әкемнің үшіншісі алла болған екі кісінің бірі
екенін де білесіңдер! Бұған қоса, ол төртінші болып
ислам дінін қабылдаған. «сыддық» атағын алғаш рет
сол алған. расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бақиға аттанарда әкеме разы болып кеткен. Өйткені
әкем халифалықтың қуатын арттырды және оған
күш берді. алайда, кейіннен діндегі бірлікке сызат
түсті, ал ол болса екі тарапты бір жерге біріктіріп,
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
392
нығайтты. расында сол күні екіжүзділік орын алып,
діннен шығу оқиғалары да кездесті.
Тыңдағандарға терең әсер қалдырған осы
құтбадан кейін Басра халқы екіге бөлініп,
басым бөлігі айшаға қарсы келуден бас тартты.
Тіпті осыншалықты нақты әрі шешен сөзбен
айтылған
құтба
естімегендеріне
таңданып,
ендігәрі өздерін басқарған Осман ибн Хунейфқа
бағынбайтындықтарын білдірді
672
.
Тарих
арабтар «әйәмун нас» деп атайтын өткен
күндерге қатысты ғылымға да айша анамыз жүйрік
болған. Әкесі Әбу Бәкір (р.а.) әйәмун нас және
арабтардың ескі күндеріне қанықтығы жағынан сана-
улы әрі белді, беделді кісі болған. «арабтардың шығу
тегі және басынан кешкен оқиғаларын айшадан
артық білетін адамды көрмедім»
673
деген жиені хазірет
Уруаның осыған қатысты айтқан сөздерінің арасын-
да кездесетін «Өлең және «әйәмун насқа» қатысты
біліміне таң қалмаймын. Өйткені, ол адамдардың ең
білгірі немесе ең білімділерінің бірі болған құрайыш
ғалымы Әбу Бәкірдің қызы»
674
деген сөздері осыны
растайды.
Тарих мәселесі сөз болғанда айша анамыздың
жағдайын
пайғамбарлықтан
бұрын
және
672
Қараңыз: Ибн Әсәкир, Тариху Димашқ 30\390, мұттақи, Кәнзул
уммал 12\224, 225 (35638), нәдәуи, сирәтус сәйидәту айша 178, 179
673
Хаким, мүстадрак 4\12 (6733), Әбу нуайм, Хиллиятул әулия 2\49-
50, Ибни Жәузи, сыфатус сафуа 2\32
674
ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\67 (24425), Хаким, мүстадрак 4\218
(7426), Хәйсәми, мәжмәуз зәуәид 9\242
Айша - ғылымның қайнар бұлағы
393
пайғамбарлықтан кейін деп екі түрлі кезеңде
қарастыру керек.
Пайғамбарлықтан бұрынғы күндерге қатысты
анамыздан бірқатар риуаяттар жеткен. Жахилия
кезеңіндегі бірқатар оқиғадан бастап хазірет Ибра-
химге дейінгі мерзімдегі ең дұрыс мәліметті сол
жеткізді. анамыздың:
– арабтардың тегі мағад ибн аднаннан та-
райды
675
, – деген сөзінен-ақ осы мәселеге терең
қарағанын аңғарамыз. Өйткені, мағад ибн аднан
хазірет Ибраһимнің немересінің немересі және
арабтардың түп атасы деп танылады. сонымен қатар,
мағад жиырма буын жоғары пайғамбарымыздың да
аталарының бірі болып келеді.
айша анамыз жахилия кезеңінде үйленуден
адамдар
арасындағы
байланысқа,
туыстық
қатынастардан қауымның көзқарастарына және
салт-дәстүрден әлеуметтік өмірге дейінгі түрлі
айырмашылықтарды жіліктеп бізге жеткізген жалғыз
жан деуге болады. Үйлену түрлері
676
, ажырасу
677
,
тойларда ұйымдастырылған ойын және көңіл көтеру
мәдениеті
678
, қай кезде ораза тұтып, қай кезде тұтпау
679
немесе қажылыққа барғанда құрайыштардың
қалай әрекет жасағаны
680
және біреу өлгенде оған
675
Табарани, әл-мұғжамул әбсад 8\154 (8249), Хәйсәми, мәжмәуз
зәуәид 1\458 (935), Ибн Хажар, фәтхул бари 6\529, Тахмаз, әс-
сәйидәту айша 202
676
Бұхари, никах 37 (4834), Әбу Дәуіт, Талақ 33 (2272)
677
Тирмизи, Талақ 16 (1192)
678
Хаким, мүстадрак2\201 (2753), Табарани, әл-мұғжамус сағир 1\214 (343)
679
ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\243 (26110)
680
Бұхари, Тафсирул Құран 2 (37) (4248), мүслим, Хажж 151 (1219),
Әбу Дәуіт, мәнасик 58 (1910), Тирмизи, Хажж 53 (884), нәсәи,
мәнәсикул Хажж 202 (3012)
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
394
қалай қарағаны
681
, жылдар бойы үзілмеген Буас
соғыстарына қатысты хабарлар
682
және ғибадат
ретінде жасаған пұтқа табынушылыққа қатысты
мәселелердің барлығы дерлік
683
айша анамыз арқылы
кейінгі ұрпаққа жеткен.
Біз пайғамбарлықтан кейінгі маңызды оқиғалар
тізбегін, уаһидің қай кезде және қалай басталғаны,
Құранның түсуі, тәртібі және сақталуы, алғашқы
намаз, үкімдері, дұшпан және қауіп төнгенде
оқылатын қауіп намазы, хижрет, мұнафықтардың
қайда және қандай жоспармен алла расулын және
отбасын қаралауға тырысқаны, пайғамбарымыздың
отбасылық өміріне қатысты жағдайлар, құлшылығы,
түнде оқыған намаздары, көркем мінезі, соғыстары,
жала жабу оқиғасына қатысты мәліметтер, Уәда
қажылығы туралы деректер, пайғамбарымыздың
соңғы күндері және ауырған кезі, қайтыс болуы және
одан кейін болған жағдайлар сияқты тақырыптардың
көбіне қатысты деректерді айша анамыз жеткізген.
Тарихқа қатысты анамыздан бізге жеткендер
әрине бұлармен шектелмейді. Хазірет Әбу Бәкірден
(р.а.) бастап халифалар кезеңіндегі басты оқиғалар,
халифа сайлау, хазірет фатима анамыз және
пайғамбарымыздың басқа әйелдерінің мұрагерлікті
талап етуі, хазірет Әлидің жеке жағдайы, қол беру,
діннен шығу оқиғалары, Жәмәл және сыффин сияқты
ащы естеліктерді де бізге ардақты анамыз жеткізген.
681
Бұхари, мәнәқиб 26 (3625)
682
Бұхари, фадаилус сахаба 31, 56 (3566, 3633)
683
Бұхари, Хажж 79 (1561)
Айша - ғылымның қайнар бұлағы
395
Бұлардың барлығы оның бұрынғы кезеңнің де,
өзі өмір сүрген кезеңнің де оқиғаларына әбден қанық
екенін және айша анамыз туралы жиені хазірет
Уруаның өте дұрыс айтқанын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |