Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет132/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   152
Айша

Әлеуметтік ғылымдар
айша анамыздың білімі тәпсір, хадис, фиқһ, 
кәлам және тасаууф салаларымен шектелмеген. 
Бұған қоса, ол медицина ғылымынан әлеуметтануға, 
шежіре ілімінен тарихқа дейінгі бірқатар салаларға 
жүйрік болған. Ол орын алған оқиғаларға қарап соңы 
немен тынатынын болжап, оқиғалардың себептерін 
дөп басып анықтайтын. мысалы, мәдина қаласының 
тоқырау жылдарында пайғамбарымыздың ол жаққа 
көшіп баруы қаланың гүлденуіне жол ашқанын 
айтады.
Ол кезде мәдинада Әус пен Хазраж деген екі ру 
жүз жылдан бері соғыстан көз ашпай келе жатыр еді. 
Тіпті олар хижретке дейін де соғысқа әзірленіп жатты. 
Осы үшін бір топ кісілер жіберіп, меккеліктерден 
көмек сұрады. Бұл соғыста Бәни надир, Бәни Құрайза, 
Бәни Қайнұка сияқты иудей тайпаларының барлығы 
Әус немесе Хазраждың бірімен одақ құрып, олар да 
қатысатын еді. Бір айырмашылығы, бұлар алдыңғы 
шепте жүрмей, тек жоспар құруға көп араласатын. 
Бұған қоса, олар соғыс кезінде қару сатып өз сауда-
сын қыздыратын. 
Ол кездегі мәдина халқының саны да назар 
аударарлықтай. Хижреттен кейін алла расулының 
жасатқан халық санағының нәтижесі бойынша, он 
мың шамасында халқы бар мәдинаның үш мың бес 


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
396
жүзін иудей тайпалары, төрт мыңын араб мүшріктері 
құраған. мұның тек бір мың бес жүзі ғана мұсылман 
ансарлар еді. анығырақ айтқанда, ол кезде алла ра-
сулын қолдаушылар он бес пайызды құрады. алайда, 
пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өте 
аздығына қарамастан, басқа топтардың қолдауын 
алып, мәдина мемлекетінің басшысы болған. 
міне, айша анамыз осы мәселе жайлы айта 
келе, 
пайғамбарымыздың 
басшы 
болуының 
себебін дағдарысқа түскен қалаға қадірлі адам боп 
келгендігімен байланыстырған. себебі, мәдинадағы 
иудейлер мен мүшріктер өздерін бітпейтін соғыстан 
құтқарып, бастарын біріктіретін тұлғаға мұқтаж еді. 
Екі жақ қанша бітімге келсе де, араларынан шыққан 
басшыға бағынбайтын. Өйткені, ғасырға созылған 
соғыстар нәтижесінде құдды олар сырттан келер 
қадірлі бір кісіге зәру күй кешкендей. 
айша анамыз болып жатқан оқиғалардың астары-
на осылай үңіле білетін парасат пайымы мол жан еді. 
алла тағала адамдардың табиғатымен санаса 
отырып Құран аяттарын жиырма үш жыл бойы 
біртіндеп түсірді. Пенделерге ауыр тимеуі үшін 
Ислам үкімдері осылай аз-аздан міндеттелді. 
сондықтан алғашқы аяттардың басым көпшілігі 
имани ақиқаттарды құрады. меккеде көбіне имани 
мәселелер қозғалған болса, нақты парыз аяттары 
мәдина кезеңінде түскен. 


Айша - ғылымның қайнар бұлағы
397
Бұл хикметті айша анамыз да білетін әрі қараңғы 
қоғамды жарыққа бастауда осы бір хикметті әдістің 
қаншалықты маңызды екенін жиі тілге тиек ететін
684

абзал анамыз кіммен қалай сөйлесу керектігін 
және әртүрлі жағдайларда қандай шешім қабылдау 
керектігін алла расулының өзінен үйреніп, мәселені 
ушықтырмай шешетін. Бірде бір кісі сәлем бере келді. 
расулалла оның келе жатқанын алыстан байқап, «бұл 
нашар кісі» деді. алайда кездескенде сыпайы қарсы 
алып, ұзақ әңгімелесті. Бұны көрген айша таңғалып:
– Уа, расулалла! нашар кісі деп онымен ұзақ 
сөйлескеніңіз қалай?
сонда:
– айша, ең нашар адам ешкім жоламайтын яки 
жамандықтары себепті жұртты өзінен қашыртқан 
жан
685
, – деген жауап естіді.
Пайғамбарымыз Исламды толығымен ұғынбады 
деген оймен бастапқыда шөлде тұратын бәдәуилерден 
келген сыйлықтарға күмәнмен қарайтын. Оны саха-
балар да білетін. Әрине, бұл жағдайға айша анамыз 
да қанық еді. 
Бір күні шөлден Үммү сүмбүлә деген әйел кісі 
келді. ала келген сүтті алла елшісіне берді. Бірақ ол 
кезде пайғамбарымыз үйінде жоқ еді. Үммү сүмбүлә 
расулалланың келуін күтіп тұрғанда анамыз оған:
684
Ішімдік пен зинақорлыққа тыйым салынған үкімдердің мекке жыл-
дарында түспеуінің даналығына ерекше көңіл аударғаны және сол 
себептен уағызда ең алдымен Құран мен сүннеттегі даналық негізге 
алынуы керектігі туралы мысалдар үшін қараңыз: Бұхари, фадаилул 
Құран 6 (4707)
685
Бұхари, Әдәб 38 (5685), мүслим, Бирр 73 (2591), Әбу Дәуіт, Әдәб 6 
(4792), Тирмизи, Бирр 60 (1996)


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
398
– Ол кісі көшпенді арабтардың тағамын жемейді, 
– деді. Осы кезде үйге расулалла мен әкесі Әбу 
Бәкір келіп қалды. Көзі Үммү сүмбүләға түсе сала 
пайғамбарымыз:
– Бізге ұсынар нең бар, ей, Үммү сүмбүлә? – 
дейді. Әйел:
– сізге сүт әкелдім, – деді. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
– Ендеше, сүттен құй, – дейді. сосын:
– Әбу Бәкірге бер, ішсін, – деді.
– Үммү сүмбүләнің берген кесесінен хазірет Әбу 
Бәкір (р.а.) сүт іше бастады. сосын:
– Тағы да құй, – дейді. 
Үммү сүмбүле сүт құйған кесесін енді алла ра-
сулына ұсынды. Ол алып сүтті іше бастағанда, айша 
анамыз шыдай алмай:
– Уа, расулалла! Көшпенді арабтар әкелген асқа 
аса құлық танытпаушы едіңіз ғой, – деді. 
сонда пайғамбарымыз былай дейді:
– айша! Бұл әйел олардан емес. Біз қала адам-
дары шөлдегі халықпен байланысымызды үзбеуіміз 
керек
686
.
Қағбаға жанаса орналасқан жарты айға ұқсайтын 
Хатымның үйі Қағбаның іші болып саналып-санал-
майтынын алла расулынан сұрап, алған жауабының 
нәтижесінде айша қоғамдық мәселелерді шешуде 
686
Хаким, мүстадрак 4\142 (7168), Хәйсәми, мәжмәуз зәуәид 4\149, 
ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\133 (25054), Ибн сағд, Табақат 8\294, 
Ибн абдулбәрр, Истиғаб4\1942, Ибн Хажар, Исаба 8\233


Айша - ғылымның қайнар бұлағы
399
халықтың ой-пікірімен санасудың қаншалықты 
маңызды екенін ұғынған
687

Әкесі хазірет Әбу Бәкірдің (р.а.) халифалыққа 
тағайындалу оқиғасында жасаған әрекеті де назар ау-
дартады. Бұдан бұрын да айтылғандай, алла расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өмірден озғаннан 
кейін жүкті мойнына кім алса да оның орнын баса 
алмайтынын ойлап уайымдап, халифалықтың 
әкесіне жүктелгенін қаламады. сол себепті әкесін 
адамдардың халифалыққа лайық көргенін ұнатпады. 
сірә, оның соңы неге апарып соғарын алдын ала 
болжай білсе керек. 
Елдің жалпы іс-әрекеттеріне қарап олардың алда 
не істейтінін сезетін және соған орай әрекет жасай-
тын. Бір іске үкім берерде мәселені егжей-тегжейлі 
зерттеп, берген үкімнің себебін де түсіндіретін.
Халифа хазірет Османның үйі қоршауға алынған 
қысылтаяу шақта өзінің мәдинада болуы керектігін 
айтқандарға берген жауабы
688
және Османның 
шейіт болғанын естігенде көрсеткен әрекеті оның 
қаншалықты парасатты екенін аңғартуда. Өйткені, 
ол әсіресе Осман халифалығының екінші жартысын-
да туындаған, халифаны сынап-мінеудің соңы ақыры 
шейіт етіп тынуға апарғанын айтады және халифаның 
белгілі бір міндеттер тапсыру арқылы қарсыластарын 
басуға тырысқаны дұрыс деп есептеген. 
687
мүслим, Хажж 398 (1333)
688
Ибн Кәсир, әл-Бидая 7\187


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
400

жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау