Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет140/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   152
Айша

Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
422
мен бірге соғысқа қатысқан 8 бен 13 жастағы бала-
лар да болған. Олар ерте жетіліп, майданда соғысуға 
батылдық таныта алатындай деңгейде еді. 
Бұлардың барлығы сол кездің салты бойын-
ша ерте жаста үйлендірудің қалыпты дағды болып 
саналғанын көрсетеді. сондықтан да алла расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өз қыздары Зейнеп, 
руқая және Үммү гүлсімді де бізше ерте деуге бола-
тын жаста үйлендірген
742
. ал, хазірет фатима болса 
һижреттен бір жылдан кейін, яғни он төрт жасында 
хазірет Әлимен атастырылып, һижреттің екінші жылы 
сапар айында он бес жасында некелері қиылған
743

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, айша 
анамыз тоғыз жасында үйленген десек те, бұл жерде 
таңғалатын еш нәрсе жоқ. Болмаса дін дұшпандары 
бұл тақырыпты сол кездері-ақ бәле іздеу үшін қозғар 
еді. Бұны Әбу Жәхіл де, Әбу ләхәб, Уқба ибн Әби 
муайт сияқты қатігездер мен дін дұшпандары да, 
абдулла ибн Үбей ибн сәлул және абдулла ибн 
сәбә секілді мұнафықтар да еш сөз етпеген. Олар 
742
Пайғамбарымыз отыз жасында дүниеге келген Зейнеп анамыз бен 
отыз жасында дүниеге келген руқа анамыз және одан кейін дүниеге 
келген Үммү гүлсім анамыздың қазіргі шарттарға қарағанда өте 
ерте деуге болатындай жаста үйленгені байқалады. Өйткені, әсіресе 
руқая және Үммү гүлсім анамыздың «Тәббәт» сүресі түскеннен 
кейін Әбу ләхәб пен әйелі Үммү Жәмил бастаған меккеліктердің 
қысымымен үйлену келісімі бұзылады. Бұл пайғамбарлықтың 
бесінші жылын көрсетеді. Бұл кезде руқая анамыз 15, ал Үммү 
гүлсім болса 12 жастарда болған. Бір айырмашылығы, Үммү 
гүлсім анамыздың үйленуі тек сөз жүзіндегі келісім еді және ол әлі 
отбасылық өмір басталмай тұрып аяқталған. Қараңыз: Ибн Хажар, 
Исаба 8\288-289, 7\648, Ибн абдилбәр, Истиғаб 4\507-508, Ибнул 
Әсир, Усудул ғаба 6\399
743
Ибнул Әсир, Усудул ғаба 6\223-224


Айша анамыздың некелескендегі жасы
423
о бастан кемшілік іздеп әуреленген, егер бұл мін 
болғанда, онда жерден жеті қоян тапқандай қуанып, 
баршаға әшкере етер еді. Жала жабу оқиғасы сияқты 
болмаған жерден жала шығарғандардың мұндай 
мүмкіндікті қалт жібермеуі мүмкін емес. Осының өзі 
айша анамыздың ерте тұрмыс құруында ешқандай 
оғаштық жоқтығына дәлел. 
Бір қызығы, бұл тақырып осы күнге дейін ислам 
әлемінде көп қозғалмаған, оның өзіндік себертері де 
болған
744
.
Балиғатқа әлі толмаған балаларды үйлендірмеуді 
Құранның өзі ескерткендіктен
745
сол Құранның ең 
үлкен тәпсіршісі пайғамбарымыздың осы ескертуді 
елемей қоюы мүмкін емес
746
. Әсіресе, бұл үйленудің 
(айшамен - ауд.) алланың әмірі арқылы жүргенін 
ескеретін болсақ, мәселе тіптен түсінікті болады. Егер 
пайғамбарымыз бұрыс қадам жасаған болса, алла 
тағала оған міндетті түрде ескертер еді. Туралықтан 
таймау жолында ең кішкентай кемшіліктің өзіне иләһи 
ескерту түсіп отырғанын ескерсек, мұндай маңызды 
мәселенің айтылмай кетуі мүмкін емес. 
744
аталмыш оқиғаның қазірге дейін осы өлшемде күн тәртібіне 
келмеуінің басты себептері болуы мүмкін. Оларды былай қорытуға 
болады: 1. Оқиғаны айтылған түрінде қабылдап, оны көп зерттемеу. 
2. Әр қоғамды өз салт-дәстүрі шеңберінде қарау. Әркім өз дәуірінің 
адамы. Бүгін оғаш болып көрінген нәрсенің кеше әспеттелгені де 
шындық, 3. мұндай әрекеттер ол кездерде кең тараған. Қыз бала-
лар да, ер балалар да қазіргі көзқараспен өте ерте деуге болатын 
жаста үйлендірілген. Бұл ол кезде қалыпты дағды болып саналған. 
4. географиялық, физиологиялық шарттар бойынша балалардағы 
жетілу кезеңі ерте басталған. 
745
ниса, 4\6
746
айша анамызбен некесі алла расулына түсінде аян етілген. Қараңыз: 
Бұхари, фадаилус сахаба 73 (3682)


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
424
ал шындығында жағдай қалай еді? Бар 
риуаяттардың ешбірін жоққа шығармай, оған өзге де 
дәлелдерді қосып қарастырғанда, қандай нәтижені 
көреміз? анығырақ айтқанда, айша анамыз қай кезде 
дүниеге келген және пайғамбарымызбен (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) қанша жасында үйленген? Жасты 
анықтау мәселесінде жоғарыдағы мәліметтер ғана 
ма, әлде басқа риуаяттар да бар ма? Бір-біріне қайшы 
көрінетін бұл мәліметтерді салыстырып, ортақ 
көзқарасқа келуге бола ма?
Біріншіден, айша пайғамбарлықтың алғашқы 
жылдарында және әпкесі Әсмамен бірге мұсыл-
мандықты қабылдаған. мәселенің назар аударарлық 
тұсы, ол хазірет Осман, Зүбәйр ибн аууам, абдур-
рахман ибн ауф, сағд ибн Әби Уаққас, Талха ибни 
Убайдуллаһ, Әбу Убайда ибн Жаррах және Әрқам 
ибн Әбил Әрқам сияқты «сабиқун әл-әууәлун» 
деп аталған ең алғашқылардан кейін абдулла ибн 
масғуд, Жағфар ибн Әбу Тәліп, абдулла ибн Жахш, 
Әбу Хузайфа, сухайб ибн синан, аммар ибн ясир 
және Хаббаб ибн Әрат секілді сахабалардан да бұрын 
Ислам дінін қабылдаған
747
. Демек, ол кезде айша 
анамыз кішкентай да болса ес білетін. Осы себепті 
шамамен 5, 6 немесе 7 жастарда болуы керек. атал-
мыш деректерде осы мәселе туралы қозғалғанда, 
мұсылмандықты кішкене жаста қабылдағаны осыны 
растайды
748
.
Тағы бір маңызды жайт әпкесі Әсмаға 
қатысты. сіңілісі айшамен бірге мұсылмандықты 
747
Ибн Хишам, сира 1\271
748
Ибн Хишам, сира 1\271


Айша анамыздың некелескендегі жасы
425
қабылдаған кезде жасы 15-те еді
749
. Өйткені, Әсма 
595 жылы дүниеге келген
750
. Бұдан (595+15=610) 
пайғамбарлықтың алғашқы (610 ж.) жылы 
мұсылмандықты қабылдағанын анықтаймыз. Демек, 
айша 610 жылы кішкентай жаста мұсылмандықты 
қабылдаған. 
Егер 9 жасында үйленген десек, онда дүниеге 
келмеген болады. Өйткені, бұл есеп бойын-
ша пайғамбарлықтың төртінші жылы туылуы 
тиіс. 
Жоғарыдағы 
мәліметтер 
мұсылман 
болғанын, ол кезде төрт жыл толғанын көрсетеді. 
Ендеше, пайғамбарымызбен 19 жаста үйленген 
(пайғамбарлыққа дейінгі 5 жыл +13 жылдық мекке 
өмірі +7 айлық һижреттен кейінгі мәдина өмір
751
=18,7). 
айша меккенің алғашқы жылдары аяттар-
ды түсіне алатын. Керек десеңіз, оларды жаттап, 
айтып бере алатын. Осыны айғақтайтын Юсуф ибн 
махак әңгімелеген мынадай бір оқиға бар. Бірде 
Ирактық біреу айшаға жолығып, біраз сұрақ қояды. 
Тіпті сүрелердің ретін анықтау үшін жеке мусха-
бын сұрайды. айшаның әлгі кісіге айтқан жауабы 
айрықша назар аударарлық. ардақты анамыз:
– Ең алғаш, ішінде жұмақ пен тозақ туралы ай-
тылатын түсінікті бір сүре уаһи етілді. Жұрт Ислам 
дінін түсініп имандары орныққан кезде ғана халал, 
харам үкімдері келе бастады. Егер алғашқы түскен 
749
нәуәуи, Тәхзибул Әсма, 2\597, Хаким, мүстадрак 3\635
750
нәуәуи, Тәхзибул Әсма, 2\597, Хаким, мүстадрак 3\635
751
айша анамыздың хижреттен жеті айдан кейінгі шәууәл емес
Бәдірден кейінге тең келетін екінші жылдың шәууәл айында 
тұрмысқа шыққаны да айтылады. Бұл жағдайда оның үйлену жасы 
бір жылға тағы кешіктірілген деген сөз. Қараңыз: нәуәуи, Тәхзибул 
Әсма, 2\616


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
426
үкімдерде «Ішімдік ішпеңдер!» делінсе, арабтар «Біз 
ішімдікті тастамаймыз» деп қарсылық танытар еді. 
сол секілді алғашқы келген аяттарда «Зинақорлық 
жасамаңдар!» деген үкім болса, онда кейбіреулер 
«Зинақорлықтан біз бас тарта алмаймыз» деп, бұны 
да қабылдамас еді. мен меккеде ойын ойнап жүрген 
қыз кезімде хазірет мұхаммедке 

жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау