Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет10/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   152
Айша

алғашқы тоқтам
алдымен сәуданың үйіне барған Хаулә бинт 
Хакимнің қуанышында шек жоқ. Пайғамбарымыздың 
қиындығын жеңілдететіндей жақсы іске себепші 
болғалы тұрғаны көңіліне қанат бітіргендей. Хазірет 


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
33
сәудаға алып-ұшып жеткен ол алла елшісімен 
тұрмыс құру жайында сыр ашты. 
Хазірет сәуда салмақты, сенімді әрі байсал-
ды әйел болатын. азап пен қиындыққа толы өмір 
сүрсе де, алла мен елшісіне деген шынайы сенімінен 
айнымаған әйел еді. ақыретке тән нығметтерді бұл 
дүниеде тауысуға құмар болмай, басына келетін 
барлық қиындыққа қарсы сабырлылық танытуға 
белін бекем буған-ды. 
Еш күтпеген жерден келген мына бір ұсыныс 
сәудаға «мүминдердің анасы» деген атқа иелік ету 
мүмкіндігін тудырған еді. Бұл ұсыныс күйеуінің 
қайғысынан әлі арыла қоймаған сәуда сынды абы-
ройлы әйелді қайғысынан арылтып, қиындықтарын 
ұмыттырғандай. Жолына барлық нәрсе құрбан болуға 
дайын тұрған алла елшісімен бір жастыққа бас қою 
ұсынысы еді бұл! мұндай ұсынысты қабыл алмау 
сірә мүмкін бе?! 
алайда, қарт әкесінің қас-қабағына қарап отырған 
сәуда бұл шешімді жалғыз өзі қабылдай алмай-
тын. Әкесінің пікірін сұрауға өзінің батылы жетпей, 
хазірет Хауләні араға салды. 
Қарт кісіге барған Хаулә надандық дәуіріндегі кең 
тараған әдіспен сәлем беріп кіріп келді:
– Бұл кім? – деп сұрады қарт.
– Хаулә бинт Хаким, – деп жауап берді Хаулә.
Таныды, бірақ көп келе бермейтін болғандықтан 
келген себебін сұрады:
– неге келдің? Бұйымтайыңды айт? 
Хазірет Хаулә тіке мәселеге көшіп:


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
34
– мені абдуллаһтың баласы мұхаммед жіберді, 
сәудәні өзіне сұрайды, – деді. 
«абдуллаһтың баласы мұхаммед!» деген есімді 
естіген кезде қария дереу бойын жиып:
– мінез-құлқы өте жақсы, кәміл әрі шыншыл 
адам ғой, – деді де артынан:
– ал, құрбың бұған не дейді? – деп сұрады.
Бұл қарияның аталған мәселеге оң қабақ 
танытқанын білдіретін еді, Хаулә: 
– Ол да оң көзқараста, – деді. 
– сәуданы бері шақыр. 
Хаулә дереу сәуданы шақырды. сәуда келген 
кезде әкесі хазірет Хауләні көрсетіп: 
– мына әйел сені абдуллаһтың баласы 
мұхаммед сұрады деп отыр. мұхаммедтің жақсы 
адам екенін білемін, сені соған берейік пе? – деп 
сұрады. 
Бұл жауабы бұрыннан белгілі сұрақ болатын. 
Басын изеген хазірет сәуда ақырын ғана: – Иә, – деді.
Хазірет 
сәуда 
келісуін 
келіскеніменен 
жақындарынан бұған қарсылық танытқандар 
кездесті. Әкесімен сөйлескен күні меккеде болмаған 
бауыры абдулла ибн Зәма келіп, болған жағдайды 
ести сала қарсылық танытты. Өз еркімен қарындасын 
мұхаммадул Әминге бермейтінін айтты
31
. Көкесі 
сүхайл да оны қолдап, әдеттегідей шешен тілімен 
мұндай істің жүзеге аспайтынын баршаға жар салды.
31
Кейіннен абдуллаһ ибн Зәма да мұсылман болады. сол күнгі 
жасаған осы қылығына өкініш білдіретін. 


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
35

жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау