Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
52
кіресілі-шығасылы болып жатқан әкесіне жақындап
келіп:
– Әкешім, қатты қиналып жатырсыз-ау, – деді.
Әкесі бірнеше ай бойы көрмеген қызына байып-
пен көз тастап:
– Балапаным, өлім адамға тым жақын, – деді.
мұны естіген айша анамыздың көңіл-күйі
алай-дүлей боп кетті. Иә, расында да, өлім баршаға
соншалықты жақын, бірақ Әбу Бәкірге ауру келгенмен
жүрегі дүрсілдеп, тіршілік белгісі байқатып жатты.
Әрбір сәтте айналасына ғибрат беріп жүруді ұстаным
еткен хазірет Әбу Бәкір айша анамызға осылай деу
арқылы баршаға сабақ бергісі келген болар. айша
анамыз амир ибн фуһайраға қарап:
– Әкем не айтқанын білмей жатыр ғой деймін,
– деп, жақын келіп оның да қалын сұрады. Хазірет
амирдың да есі кіресілі-шығасылы екен. Әр нәрсені
айтып сандырақтап, біресе бау-бақшалар туралы
айтса, енді бірде меккені көре алмай кеткенім бе деп
айша анамызды одан бетер толқытты. «Бұл кісі де не
айтып, не қойғанын білмеуде» деп ойлады.
Әкесінен де, оның қасынан бір елі қалмайтын жан
досы амир ибн фуһайрадан да жауап ала алмаған
айша анамыз қандай да бір жауап естіп қалармын
деген үмітпен хазірет Біләлға көз салды. алайда, оның
жағдайы екеуінен де ауыр еді. ауру жерге алып ұрған
ол басын әрең дегенде қозғалтып, әлдене деуге әрекет
жасап жатты. мұқият құлақ салған анамыз оның:
– шіркін-ай, хош иісті шөптерінің иісін жұтып,
меккенің даласында бір түнеп шықсам, арман бар
ма?! Тым құрыса, бір күн мәжанна суынан қанып
ішер шақ туар ма?! шіркін, шама мен Тафил таулары-
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
53
на қарап, өзегімді өртеген отты сағынышымды баса
алар ма екем?! – деп сөйлеп жатқанын естіді.
Біләлдің ауруына туған жерге деген сағыныштың
дерті де қосылған екен.
Үшеуінің де ауруы ортақ, қайғысы бір. мекке
табиғатын, ол жердің ауасы мен бұлақ суларын,
өсімдіктерінің бұрқыраған иісі мен беттен сипай
соққан самалын аңсап жатқан еді асыл жандар.
Олардың бұл жағдайына куә болған айша анамыз
бұлардың отауынан мұңайып шықты. Көргендерінің
барлығы көңілін әлем-тапырық етті. Болған жағдайды
пайғамбарымызға барып айтты. Өйткені, қандай да
бір мәселе туындаса, ол кісінің шешім табатынына
сенетін. Келе сала:
– Бәрі дәл бір естен айрылған адамдай не
айтқанын өздері де білмейді, – деп көзіне келген
жасын ірікті. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм) да қатты қобалжыды, тіпті екі қасының
арасындағы тамыры білеуленіп кетті. Біреуге қатты
ашуланған кезде ғана байқалатын көрініс еді бұл.
Кенет қолын көкке жайып:
– алла тағалам! Утба ибн рабияны, шәйба ибн
рабияны және Үмай ибн Халафты бір өзіңе тапсыр-
дым. Олар бізді қалай өз жерімізден қуып, осы оба
ауруы қаптаған жерге келуімізге мәжбүрлесе, сен де
бәрінің жазасын бер! – деп назаланды. сосын:
– раббым! Тым болмаса біздерге меккені
сүйдіргеніңдей одан да артық етіп мәдинаны сүйдір!
Бұл жерді ауру-сырқаудан ада қылып, береке кіргіз!
мына аурудың бетін Жухфаға қарай бұр!
48
– деді.
48
Бұхари, фадаилул мәдина11, фадаилус сахаба 75, марда 8; мүслим,
Хаж 480; муатта, Жамиғ 4
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
54
алланың ең сүйікті құлы қандай да бір нәрсе
тілегенде алла тағала оның бұл тілегін қабыл етпей
қоя ма? сол түні алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) бір түс көрді. шашы жалбыраған өңі қара бір
әйел мәдинадан шығып, Жухфаға қарай кетіп бара
жатты. Бұл түстен мәдинада пайда болған аурудың
бұдан кейін Жухфаға қарай кететінін аңғаруға бо-
латын еді. сол күннен бастап мұһажирлар аурудан
айығы бастады. Енді мәдина қаласы ансарлар мен
мұһажирлар үшін өркениеттің бесігіне айналды.
Дұғаның берекесімен мәдина мекені өзінің жаңа
тұрғындарының шынайы отанына айналды
49
.
Үйлену
Басқа да отбасы мүшелерімен бірге мәдинаға
көшкен айша анамыз әкесінің үйіне орналасты. Бұл
үй Бәни Харис ибн Хазраж аймағында
50
. Бұл кездерде
алланың елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Халид
ибн Зәйд Әбу Әюуб әл-Әнсаридың үйінде қонақ
болып тұрып жатты.
Бұл кезде онсыз да жүдеу тартып жүрген айша
(р.а.) ұзақ жол мен мәдинаның ауа-райы жақпай төсек
тартып жатып қалды. Күн өткен сайын арықтап,
шаштары да селдір тартып түсе бастады. анасы Үммү
румән қызының тезірек сауығып кетуі үшін қолынан
49
Қараңыз: Бұхари, фадаилул мәдина 11; фадаилус сахаба 75, мар-
да 8, 22; мүслим, Хаж 480; муатта, Жамиғ 4; ахмад ибн Ханбал,
мүснәд 6\221
50
Бұхари, фадаилус сахаба 73 (3681); Әбу Дәуіт Әдәб 63 (4937); ах-
мад ибн Ханбал, мүснәд 6\210; Дарими, сүнән 2\212 (2261).
|