Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет8/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   152
Айша

Мекке естеліктері
мұсылмандар жақта өмір-салт күннен-күнге 
түрленіп, қызып жатты. Күн сайын келіп жатқан 
иләһи хабарларменен мекке түндерінің өзі жарық 
нұрға айналып, иман келтіргендер әрдайым жаңа бір 
жарықтың шуағына бөленді. 
Қуаныш, азап пен қиындықты бірге басы-
нан кешірген айша анамыз болып жатқан барлық 
жағдайды бақылауда ұстап, болашақ ұрпақ үшін 
естелік ретінде жадына тоқып жатты. сондықтан да 
қай аяттың қай жерде түскенін, кімнің қашан келіп 
мұсылман болғанын және қандай шарттарда қандай 
оқиғалардың орын алғанын жақсы білетін. Бірнеше 
жылдан кейін бір күні мәдинаға Ирактан бір кісі 
келіп, меккедегі жылдар туралы сұрады. Қоғамның 
сол кезеңдегі рухани жағдайын көрсететіндей тал-
даулар жасап, егжей-тегжейлі мәліметтер берген 
айша анамыздан ол өзі оқитын Құранның реттік 
қатарын анықтау үшін мусхафын сұрайды. анамыз 
Ирактық жолаушыға өз мусхафын беріп, Құранды 
сол мусхаф бойынша ретке келтіруіне жәрдемдесті
20

Піл оқиғасына куә болған және де меккенің 
алғашқы жылдардағы жағдайлардың бел ортасында 
жүрген екі кісінің кейінірек сол аймақта қайыр сұрап 
жүргенін көргенін айтқан айша анамыз
21
ол кез-
20
Қараңыз: Бұхари, фадаилул Құран 6 (4707), Тәфсиру сура 54\6 
(4876); нәсаи, фадаилул Құран 1\65; абдурраззақ ибн Хаммам, 
мұсаннаф 3\352; айни, Умдатул қари 20\21; Ибн Хажар, фат-
хул бари 1\319, 9\39. Тақырыпқа қатысты «айша анамыздың неке 
құрғандағы жасы» тақырыбына қараңыз.
21
Бұл мәліметті өзінен басқа тек әпкесі Әсма анамыз жеткізуде. 
Қараңыз: Ибн Һишам, сира1\176; Хәйсәми, мажмауз зәуәид 3\285; 


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
28
дерде намаздың екі рәкат парыз етілгенін, кейіннен 
тұрғылықты адамдар үшін төрт рәкат боп бекітілгенін, 
тек сапар жағдайында ғана екі рәкат болғанын естелік 
етіп айтатын
22

меккенің 
алғашқы 
жылдарына 
қатысты 
естеліктері тек мұнымен ғана шектелмеді.
– Исаф пен наиланы біз Қағбада күнә жасап, сол 
себептен алла оларды тасқа айналдырған журһумдық 
әлдекімдер деп еститінбіз
23
, – деп Ислам келгенге 
дейінгі меккеде болған оқиғалардың тарихынан сыр 
шертіп отыратын. 
айша анамыз үшін меккедегі күндер артында 
өшпес із қалдырған ащы естеліктерге толы болатын. 
Ол он үш жылдық азапты жылдармен бірге өсіп, әрбір 
атырған таңдарында бір қиындыққа кезігетін. Осын-
дай отты азапты су құйғандай етіп өшіретін жалғыз 
нәрсе алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
олардың үйіне жиі-жиі зиярат жасап тұратындығы 
еді. Ол кездегі қуанышын анамыз былай жеткізеді:
Ибн Кәсир, Тәфсирул Құран 4\553; Ибн Кәсир, әл-Бидая 2\214; 
Құртуби, әл-Жами 20\195 
22
Қараңыз: Табарани, әл-мұғжамул кәбир 2\285, 286; әл-мұғжамул 
әбсат 12\145; Ибн Һишам, сира 1\243. Бұл мәліметті одан басқа Ибни 
аббас, сәлман фариси және саиб ибн язид те айтады. сәлман фари-
си пайғамбарымызбен мәдинада кездескен, саиб ибн язид һижреттен 
үш жылдан кейін мәдинада дүниеге келген. Ибни аббас болса 
пайғамбарлықтың оныншы жылы, һижреттен үш жыл бұрын және 
шиби Әби Талиб сүргінінде дүниеге келген. Демек, үш сахабаның 
да меккенің алғашқы жылдарында оқылған екі рәкат намазға куә 
болуы, миғраж түні арқылы келген бес уақыт намаз бұйрығын көруі 
де мүмкін емес. Ендеше, бұл жағдай пайғамбарымыздың өзінен естіп 
бізге айтқан мәселе болмаса, айша анамыздың көрген ақиқаты болып 
табылады. Бұл оның алғашқы күндерді білетінін және жасының да ол 
кезде осылардың бәрін ұғынатындай дәрежеде екенін көрсетеді. 
23
Ибн Һишам, сира 1\83


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
29
– мен есімді білгелі ата-анамның діндар екенін 
көріп өстім. алланың елшісі (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) күн сайын бізге келіп тұратын
24
.
Тағдыр
Бұл кездері алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) өзіне өмірлік серік болатын жанның кім 
екенін білдіретін түстерді жиі көретін. алайда, 
ешкімге тіс жармай, мұны сыр етіп сақтаған. 
Жол көрсетуші ретінде жіберілген пайғамбарлар 
үшін түс уаһидің бір бөлшегі болып саналады. 
Демек, көз жұмып дем алғанмен көңілі ояу таңдаулы 
құлдарда алламен байланысын еш үзілмейді. Олар 
адамдардың көзін ақиқатқа ашу үшін алладан ха-
барлар алуын үнемі тоқтатпайды. негізінде көрген 
түстерінің өңінде сол қалпында жүзеге аса бастауы-
мен уаһи да түсе бастаған. 
міне, алғашқыда түсіне қонақ болған Жәбірейіл 
періште енді басқаша хабарлар әкелетін болды. Бір 
хабар алдағы уақытта өмірі қосақталатын болашақ 
әйелі жайлы екен. Өйткені, бір түсінде уаһи періштесі 
Жәбірейіл жібек
25
киген айша анамызды меңзеп: 
– мына кісі дүние мен ақыреттегі сенің әйелің, – 
деді
26

24
ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\198 (25667); Байһақи, сүнән 6\204. 
сонымен қатар, қараңыз: Бұхари, салат 52 (464); Кәфалә 4 (2175), 
фадаил 74 (3692), Әдәб 64 (5729). 
25
риуаяттарда түстерге қатысты кейде «сүттей ақ», кейде «зүмрүт 
жасыл» мағынасына келетін сөздер де кездеседі, үш рет болғаны 
аңғарылатын бұл түстердің кейбірінде айша анамыздың ақ, 
басқаларында жасыл түсті жібек киіммен әкелінгені байқалады. 
26
Тирмизи, мәнақиб 63 (3880). Бұл некеден бірнеше жылдан кейін бір 
күні алла расулы айша анамызға былай дейді: 


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
30
Тағдырдың тағы бір мұраты айқындалды. 
Жиырма бес жыл бірге отасқан адал жары хазірет 
Хадишадан кейін алла елшісіне әйел ретінде 
лайық болатын адаммен некелесетіні мәлім болды. 
алла тағала діндегі отбасылық құпия жайттарға 
қатысты мәліметтердің үмбетке жеткізілуін қалап, 
пайғамбардың қасына адал жарды уахи арқылы өзі 
ұсынды
27

Бұл кезең тағдырдың осы жазуы жүзеге асатын 
уақыт еді. Еш нәрседен хабарсыз айша үшін алдағы 
күндерде өзін тосын сыйлар күтіп тұрды. айша 
анамыздың алдынан үлкен сыйдың есігі ашылып, 
алланың ең сүйікті құлының көңіліндегі ең айрықша 
орынды иеленді. 
– Түсімде үш рет көрсетілдің. ақ жібек жамылғыда сені періште 
әкеліп, «Бұл сенің жарың» дегені есімде. Бетін ашсам, сен екенсің. 
сол күні «алла қалаған іс міндетті түрде жүзеге асады» деген едім.
Қараңыз: мүслим, фадаилус сахаба 79 (2438)
Басқа бір хадистерінде пайғамбарымыздың:
– неке қидырмай тұрып сен маған екі рет көрсетілдің, – дегені 
айтылған. Қараңыз: Бұхари, Табир 21 (6610), никах 9 (4790), 36 
(4832); мүслим, фадаилус сахаба 79 (2438); ахмад ибн Ханбал, 
мүснәд 6\41 (24188), 6\128 (25015)
27
Қараңыз:фәузи, Жихан рафат, Әс-сәйидәту айша уә тәфсикуха лис 
сунна 19.


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
31

жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау