657
маңызы ҥлкен. Осы кезеңнің соңғы жағын ала зҽрдің кҥрт қоңырлануы жҽне нҽжістің
тҥссізденуі (сарғаюдың пайда болуынан 1-2 кҥн бҧрын) байқалады.
Сарғаю кезеңі
біртіндеп сарғаюдың қарқындылығының артуы, интоксикациялық
жҽне диспепсиялық белгілердің, ішінің ауруының кҥшеюімен, брадикардия, қан қысымы-
ның тҿмендеуі сияқты ваготония белгілерінің пайда болуымен сипатталады. Дақты-
папулезді бҿртпе, буындардың ауруы байқалуы мҥмкін.
Сарғаю кезеңі, дерт асқынусыз
ағымды болса, шамамен 1 айға созылады.
Қалыптасу кезеңі
2-15 айға созылады.
Гепатит В-нің қатерлі түрі (фульминантты түрі)
бір жасқа дейінгі балалар-
да жҽне есіртке қолданатын (наркоман) жасҿспірімдерде кездеседі. Ауру жедел басталады:
дене қызуы 38-39
о
С дейін кҿтерілетін қызба, интоксикация белгілері (енжарлық, адина-
мия, мазасызданумен кезектесіп тҧратын ҧйқышылдық), айқын диспепсиялық бҧзылыстар
(кекіру, қҧсу). Сарғаю алды кезеңінің ҧзақтығы бір апта шамасындай.
Сарғаю кезеңі
бауырдың мҿлшерінің ҧлғаюымен жҽне сарғаюдың қарқынының тез
артуымен, психомоторлық қозумен, қан аралас қайталап қҧсумен, іштің кебуімен, гемор-
рагиялық
синдроммен, қызбаның, диурездің тҿмендеуімен сипатталады. Қҧрысудың,
токсикалық тыныстың, бауырдың кішіреюімен бауырлық істің пайда болуы – кома
алдының алғашқы белгілері болып келеді.
Прекомада
– психомоторлық қозумен, тремор-
мен, кейбір бҿлек бҧлшықеттер тобында қҧрысулық қимылдармен, қҧрысулармен қатар
кезеңдік ақыл-есінің жойылуымен, адинамия, ҧйқышылдық байқалады. Кҿз қарашығы-
ның,
жарыққа реакциясы сақталған, іш рефлексі анықталмайды. Прекомалық жағдай
бірнеше сағаттан бірнеше кҥнге созылады. Кома-1 санасы толық жойылып, бала
мазасызданады, қарағанда жауап болмайды, кҿз қарашығы тарылады, жарыққа реакциясы
енжар болғанда қойлады. Жҧтынуы бҧзылмайды. Ауырсыну қоздырғыштарына жауабы
сақталады.
Геморрагиялық синдром, ауызынан шыққан бауыр исі, ішінің кебуі, ҥдей тҥсіп,
олигоурия пайда болады. 1-2 тҽуліктен кейін кома-2 ауысады. Бҧнда ауырсыну
қоздырғыштарына
жауабы болмайды, кеңейген кҿз қарашығының жараққа реакциясы
жойылады, Куусмауль немесе Чейн-Стокс тынысы, кҥрт тахикардия, қҧрысулар
байқалады. Кома бірнеше сағаттан тҽулікке дейін созылады.
Перинатальды гепатит В.
Егер жҥкті ҽйел бірінші триместрде гепатит В
ауырса, туа біткен туа біткен гепатит В пайда болу қаупі ҿте тҿмен, ал екінші триместрде
болса нҽрестелердің ¼ бҿлігінде
байқалады, ал ҥшінші триместрде анасы ауырса туа
біткен гепатит В біліну қаупі 2/3 нҽрестелерде байқалуы мҥмкін. Бала кҿбіне туылу
жолдары арқылы ҿткенде жҧқтырады.
Достарыңызбен бөлісу: