423
Науқастың ҿлу себептерінің бірі тыныс алудың бҧзылуына байланысты
пневмонияның дамуы. Одан ҽрі зақымдалған бҧлшық еттерде атрофия жҽне екіншілік
кальцификация пайда болуы мҥмкін.
Терінің зақымдалуы кҿп тҥрлі жҽне осы ауруға тҽн болып келеді: эритемалар, ісіктер,
дерматиттер басым келеді; папулезді, буллезді, петехиальды бҿртпелер байқалады.
Параорбитальды ақшылкҿк «гелиотропты» ісік жҽне эритема тҽн. Саусақтар арасында,
шынтақ жҽне тізе буындарында (Готтрон белгісі), білек пен балтырдың алдыңғы сыртқы
аймағында, бетінде, мойнында орналасқан, ҿзінің тҧрақтылығымен, тоқыраулы кҿктігімен
ерекшелінетін ашық, эритроматозды папулездық бҿртпе байқалады. Шамамен аурулардың
жартысында осымен бірге клегей қабаттардың зақымдалуы байқалады.
Буындық синдром онша тҽн емес, артралгия немесе периартикулярлы тіндердің
зақымдалуымен білінеді. Висцериттер сирек байқалады жҽне ЖҚЖ немесе
склеродермияда-ғыдай айқын білінбейді, жиі миокардтың зақымдалуы, пневмониттер,
ІҚЖ зақымдалуы, бауырдың ҧлғаюы, бҥйректің зақымдалуы кездеседі. ІҚЖ васкулиті
клегей қабаттарында жара жҽне инфаркттың пайда болуының себебі болуы мҥмкін.
Жалпы белгілердің ішінде ең жиі кездесетіні – дене салмағының азаюы болып келеді.
Анықтау.
ДМ анықтау критериялары:
1.
ҿзіне ғана тҽн дерматомиозитті бҿртпе (негізгі критериясы);
2.
симметриялы шеткі бҧлшықет ҽлсіздігі;
3.
қан сарысуында бҧлшық ферменттерінің активтілігінің артуы;
4.
электромиограммадағы ҿзгерістер;
5.
бҧлшық ет биоптаттарында анықталатын тҽн ҿзгерістер (биопсия, тек 1, 2 немесе
3 белгілер анықталмағанда жасалады).
Диагноз
қою ҥшін негізгі критериясы басқа 3-критерияның кезкелгенімен
қосарлануы қажет. ДМ вирусты миозит, склеродермия, миастениямен ажырату керек.
Емі.
Аурудың жедел кезіңінде тыныс бҧлшықеттерін жҽне таңдай бҧлшықеттерін
бақылау керек. Қабыну процессін 2мг\кг есебінен преднизолонмен басуға болады.
Креатнфосфокиназа, лактатдегидрогеназа, трансаминазалар немесе альдалазалар
активтілігін анықтау қабыну процессінің активтілігін жҽне емнің тиімділігін анықтауға
мҥмкіндік береді. Олар қалыптасса біртіндеп ГК (преднизалонның) дозасын қолдаушы
дозаға дейін тҿмендетуе болады.
Достарыңызбен бөлісу: