Клиникалық кӛрінісі.
Жедел есекжемде (жиі аллерген ҽсерінен дамиды)
аллергенмен қатынастан бірнеше минут ҿткен соң науқастың терісінде эритема, сосын
ҽртҥрлі пішінді, сақина тҽрізді гиперемиямен, айқын шекарасы бар қатты қышитын
уртикарлы элементтер пайда болады. Есекжемге элементтер жоғалған соң пигментация
тҽн емес. Егер ҽсер тағаммен байланысты болса, типті бҿртпелер кҿрінгенше науқастың
тілі, ерні, таңдайы ісінуі, кейде іштің қатты ауруы байқалады. Жиі конъюктивит, сирек
кҿмей ісінуімен тыныс алу қиындауы білінеді. Кейде науқаста қҧсу, коллапс,
анафлактикалық шок дамиды. Тағамдық аллергияда периоральді не перианальді дерматит
дамуы мҥмкін. Ауруларда дермографизмнің ерекше тҥрі – жылдам, тҧрақты папулезді
реакция байқалады, тері тҥсі гистамин енгізгеннен соңғы ҽсерге ҧқсайды. Есекжем жиі
жҽндіктер шаққанда, ҿсімдіктермен қатынас болғанда, физика-лық фактор ҽсерінен
(қысымнан баяу есекжем, кҥндік есекжем, жайылған жҽне шектелген жылулық есекжем,
салқындық есекжем), неврогендік себептер ҽсерінен туындайды.
Ангионевротикалық ісінуде дененің кез келген жерінде, жиі ерін айналасында, тілде,
аяқ-қолда, жыныс мҥшелерінде айқын жиекті ісіктер байқалады. Ісік кҿшуі мҥмкін.
Жалпы симптомдары: қызба, қозу, артралгия, коллапс.
Егер бҿртпе 6 апта сақталса, онда созылмалы есекжем дамиды. Мҧндай ағым кҿбіне
иммундық емес есекжемге, жҥйелік аурулар кезіндегі есекжемге тҽн.
Асқынуы.
Анафилактикалық шок, кҿмей ісігі (круп), неврологиялық бҧзылыстар.
Емі.
Аллергоанамнез жинау, терілік сынама жсау арқылы аллерген анықталған соң
онымен контакті азайтуға тырысу керек. Тағамға аллергия болғанда, тҧздық
ҽлсіреткіштерді беру керек. Жедел есекжемде антигистаминді препараттардың І буынын
(ІІ буын препараттарына қарағанда тез ҽсер етеді) адренорецептор антагонистарімен
қосып беру керек. Созылмалы ағымында антигистаминді дҽрілердің екінші буынын,
лейкотриен рецепторлары блокаторларын ҧзақ қолдану керек. Тҧрақты болғанда
гидроксизин (ҽсіресе холинергиялық есекжемде), H2-гистамин рецепторларының
блокаторларын (циметидин, ранитидин) қолданады. І, ІІІ дҽрежелі кҿмей ісігінде
преднизалонның кҿп дозасын – 3-4мг/кг («пышақсыз трахеостомия»), қажет болғанда
трахеостомия қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |