М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


 шынжыртабан жүрісінің детальдарын жөндеу



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет138/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   149
kulgildinov-kolik

5.5. шынжыртабан жүрісінің детальдарын жөндеу
Заманауи көлік техникасындағы шынжыртабан конструкцияларын 
жоғары пайдалану жаңа техникалық параметрлерімен ерекшеленеді, бұл 
өз кезегінде кез келген топырақпен жұмыс істеу барысында машинаның 
өткіштігі мен орнықтылығын қамтамасыз етеді.
Тірек және бағыттаушы аунақшалардың негізгі ақауларына жүгіру 
жолының тозуы, ернеулердің сыртқы және ішкі беттерінің тозуы, 
цилиндрлік беттердің тозуы, бұрандалардың мүжілуі мен үзілуі жата-
ды. Тозу шамасы аз кезінде ернеулер мен жүгіру жолдарының беттерін 
аунақшалы құралбілікке орналастырып, токарлық-бұрамакескіш ста-
ноктарда жөндейді (5.9-сурет). Ал тозу шамасы үлкен болған жағдайда 
аталған беттерді флюс астында немесе қорғағыш газдар ортасында 
автоматты түрде ерітіп, сонан соң номинальді өлшемге механикалық 
өңдеумен келтіреді. 
5.9-сурет. Шынжыртабан аунақшасының жүгіру жолдарын жону
Катоктардың жүгіру жолдарын ПП-АН-122 сымымен кеңқабатты 
балқыту УД-143 арнайы қондырғының көмегімен жөндеу заводтарында 
жүзеге асырылады. Екі жүгіру жолын аралық электродпен бір мезгілде 
балқыту өнімділікті 3 есе арттырады, келесі термиялық өңдеудің 
(балқытылған қабаттың қаттылығы 48...50 НRC құрайды) қажеттілігі 
болмайды және катоктардың тозуға төзімділігі 1,5 есе өседі.
Кең қабатты балқытуды қолдану пісіру сымының шығынын азайтуға 
және детальдарды жинау орнына механикалық өңдеусіз бағыттауға 


255
мүмкіндік береді. Бұл әдістің өнімділігі қолдық электрдоғалы 
пісірумен салыстырғанда 8 есе, бұрама сызығы бойынша балқытумен 
салыстырғанда 3
÷
5 есе жоғары.
Қола және шойын втулкалары астындағы цииндрлік тесіктердің то-
зуын тесіктерді механикалық өңдеумен жөндеу өлшемдеріне келтіру 
арқылы жояды (5.10-сурет).
5.10-сурет. Шынжыртабан аунақшасының ішкі тесіктерін кеңейту:
S
бой
, S
kon
сәйкесінше бойлық және көлденең берістер бағыттары
Жетекші және жетектегі дөңгелектерді 30ГЛ, 50Г, 35Л болаттары-
нан құйып жасайды. Олардың негізгі ақаулары: құрсаудағы сызаттар, 
жұдырықшалар беттерінің тозуы, жетекші білік пен ось астындағы 
тесіктердің тозуы, кілтек ойықтарының ені бойынша тозуы және т.б. 
құрсаудағы сызаттарды электрдоғалы пісірумен жөндейді. Жетекші 
дөңгелектің жұдырықшаларын қалпына келтіруді Т-500, Т-590 маркалы 
құбырлы немесе өзекшелі электрдоғалы балқыту арқылы жүзеге асыра-
ды. Механикалық өңдеу қиынға соғуына байланысты жұдырықшаларды 
мыстан немесе жезден жасалған қимаүлгілердің көмегімен (5.11-
сурет) балқытуға рұқсат етіледі. Балқыту кезінде қимаүлгілер мен 
жұдырықшалардың арасындағы кеңістік металмен толтырылады. 
Балқытылған жұдырықшаларды біртіндеп салқындатып болған соң 
қимаүлгілер алынады да, жұдырықшалар беттері тазаланады.
5.11-сурет. Жетекші дөңгелектің жұдырықшаларын балқытып 
қаптастыру орындары


256
Біліктер мен осьтер астындағы тесіктердің тозуы кезінде алдымен 
беттерді автоматтық ерітумен ерітеді де, сонан соң тесіктерді номинальді 
өлшемге дейін келтіреді. Жетекші дөңгелектердің оймакілтектерінің 
бүйір беттерінің тозуы кезінде оларды электрдоғалы пісірумен ерітіп, 
номинальді өлшемге ұру станогында өңдеп келтіреді.
Шынжыртабан буындарының негізгі ақауларына тірек жолдарының, 
құлақшалардың, тарақшалардың тозулары жатады.
5.12-сурет. Шынжыртабанның тозған буындарын 
балқытып қаптастыру
Буындардың тозған жұмыс беттерін Т-590 маркалы арнайы элек-
тродты пайдалану арқылы балқытумен қалпына келтіреді (5.12-сурет).

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау