М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


Жүріс дөңгелектерін, мойынтіректерді, тежегіштер



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет136/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   149
kulgildinov-kolik

5.3. Жүріс дөңгелектерін, мойынтіректерді, тежегіштер 
мен муфталарды жөндеу
Жүріс дөңгелектерінде көбінесе дөңгелек бойынша жүрудің тіректік 
беттері мен ребордалары тозады. Жүріс дөңгелектерін жөндеуде кең 
тараған әдіске тозған беттерді автоматты түрде балқытып, сонан соң 
оларды токарь станогінде өңдеу жатады. Балқыту сымы есебінде СВ-
08ГА және АН-348А маркалы флюс қолданылады. Балқытып болған соң 
дөңгелекті номиналь өлшемге өңдейді де, термиялық өңдеуге (сорбити-
зация) жібереді. Балқытылған металдың қаттылығы 350...400 НВ болған 
жағдайда термиялық өңдеудің қажеті болмайды. Жүріс дөңгелектерін 
балқытып өңдеу әдісімен жөндеудің құны әдетте жаңа деталь құнының 
15...20%-н құрайды [12].
Көліктік техникада сырғанау мойынтіректерін бүтін втул-
ка түрінде немесе алмалы-салмалы түрінде шығарады. Сырғанау 
мойынтіректерінің негізгі ақаулары: жұмыс бетінің балқуы және тозуы; 
жергілікті зақымданулар, май жүру арналарының толып қалуы және 
зақымдануы.


251
Өлшемдері үлкен емес тозған втулкаларды әдетте антифрикциялы 
шойынмен, қоладан, желімнен жасалған жаңа втулкалармен алмастыра-
ды. Өлшемдері ірі втулкаларды түсті металдарды үнемдеу мақсатында 
биметалл етіп (ішкі беттеріне қола немесе ЦАМ10-5, ЦАМ9-1,5 марка-
лы мырыш алюминий қорытпа жалатылған болат немесе шойын втулка) 
жасайды. Втулканы престеп болған соң корпус тесігін қажетті өлшемге 
дейін кеңейтеді.
Мойынтірек втулкаларын қалпына келтіру пластикалық деформа-
ция немесе жөндеу размеріне келтіретін өңдеу тәсілімен жүргізіледі. 
Бойлық сызаттары мен сынықтары бар қола втулкаларды қалпына 
келтіруге болмайды, оларды жаңасымен ауыстыру қажет.
Алынып салынатын мойынтіректерде әртүрлі антифрикциялы 
қорытпалардан жасалған қабаттары бар төсемелер болады. Егер осы 
қабаттардың тозуы байқалса, онда төсемелерді үлкен диаметрге келтіріп 
өңдеу қажет, алайда антифрикциялы қабаттың қалған қалыңдығы 0,16 
мм-ден кем болмауы тиіс.
Тербелу мойынтіректері тораптарында тек корпус қана жөнделеді, 
ал шектен тыс тозған мойынтіректерді жаңасымен ауыстырады. 
Жұмыстағы мойынтіректерді қолданған кезде оларды керосинде және 
ыстық майда жуады да, консистентті маймен майлайды. Корпустағы 
тозған отырғызу орындарын балқытып, номинал өлшемге дейін өңдейді. 
Корпустың қалыңдығы жеткілікті болған жағдайда оны үлкен өлшемге 
кеңейтіп, сонан соң болат втулканы (сақинаны) престейді. Втулканың 
ішкі диаметрі тербелу мойынтірегінің сыртқы диаметріне жауапты бо-
луы тиіс. Алайда мұндай втулканың қабырға қалыңдығы 5 мм-ден кем 
болмауы керек.
Тежегіштерді жөндеу кезінде тежегіш шкиві құрсауының тозуы 
бастапқы қалыңдығынан 0,2-ге ауытқыса, онда оны жөндеу размеріне 
келтіріп өңдейді. Мұнда өңдегеннен соңғы құрсау қалыңдығы оның но-
минал қалыңдығының 0,75 бөлігінен кем болмауы тиіс. Тозуы жергілікті 
сипаттағы (арнашалар) тежегіш шкивтерін немесе оларда кішігірім 
сынықтар байқалған жағдайда автоматты дірілдоғалы немесес доғалы 
балқытумен қалпына келтіреді. Мұнда ерітілген металл қаттылығы 
шкивтің негізгі металл қатылығынан 8...10 НВ кем болуы тиіс.
Тозығы шектен шыққан тежегіш жапсырмаларын жаңамен ауысты-
рады да, оларды мыс немесе алюминийден жасалған тойтармалар мен 
тежегіш колодкаларына орналастырады.
Муфталарды жөндеу кезінде дискілі фрикционды муфталарда фрик-
ционды жапсырмалардың тозуынан басқа қысқыш, жетекті және аралық 
дискілердегі беттердің мүжілуі, саусақтардың, жұдырықшалардың, қысу 
иінтіректерінің және т.б. детальдардың тозуы байқалады. Дискілердің 
мүжілуіне түзету жасап, сонан соң магнитті столы бар жазық ажарлау 


252
станогінде ажарлау арқылы жояды. Тозған фрикционды жапсырмалар-
ды жойып, олардың орнына жаңасын қою ісі тежегіш механизмдерін 
жөндегендей етіп жүргізіледі. 5.6-суретте дискілерге жапсырмаларды 
желімдеуге арналған жабдық көрсетілген. Желімдеп болған соң жап-
сырма беттерінің күпшек осіне перпендикулярлығы мен беттердің өзара 
параллельдігі тексерілуі қажет.
5.6-сурет. Жапсырмаларды желімдеуге арналған айлабұйым:
1 – қысқыш сомын; 2,3 – қысқыштар; 4 – құралбілік; 5 – тірек тақтасы
Конустық фрикционды муфталарда тозуға көбінесе колодкалар 
мен шкифтердің конустық беттері жақын болады. Шектен тыс тозған 
колодкаларды жаңаларымен ауыстырады. Жұдырықшалы муфталар-
да ең көп тараған ақауға жұдырықшалар беттері мен қосу ашалары 
саусақтары астындағы сақиналы ойықтардың тозуы жатады. Тозған 
жұдырықшаларды алдымен пісіріп, сонан соң қажетті өлшемге дейін 
механикалық өңдеу арқылы қалпына келтіреді. Жартымуфталардың 
тозған сақиналық ойықтарын алдымен ерітеді, сонан соң күпшекті 
жонып, жаңа ойықты қажетті өлшеммен кесіп жасайды. Ал тісті муф-
таларды жөндеу тісті дөңгелектерді жөндеумен сәйкес жүргізіледі. 
Втулкалы-саусақты муфталарды жөндеу кезінде саусақтар мен аморти-
зацияланатын втулкаларды ауыстырып, саусақасты тесіктерді қалпына 
келтіреді.

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау