М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


Машиналардың жұмыс және жүкқармағыш



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет141/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   149
kulgildinov-kolik

6.2. Машиналардың жұмыс және жүкқармағыш 
органдарын жөндеу
Жерқазу машиналарының жұмыс органдары (бульдозер пышақтары, 
скреперлер мен экскаватор шөміштері) пайдалану кезінде қарқынды 
абразивті тозуға түсетін болғандықтан, оларды жөндеу кезінде тозуға 
төзімді балқымаларды қолдану қажет.
Бульдозерлер мен скреперлер пышақтарының негізгі ақауларына 
абразивті тозу, сызаттар, сынықтар, шалыстықтар жатады. Сыза-
ты мен сынығы бар пышақтар қолданыстан алып тасталынады. 
Деформацияланған пышақтарды преспен түзетеді. Тозған пышақтарды 
қалпына келтіру үшін қолдық немесе автоматтық ерітпелер 
қолданылады. Ерітпе жапсыру алдында шалыстауды болдырмау үшін 
пышақтың ұштарын ұстағыштарымен бекітеді. Ерітпе жапсыруды 
пышақтың алдыңғы қырына әртүрлі төзімді қорытпалармен (сталинит, 
сормайт, ЭТН құбырлы электрод, легірленген ұнтақ қабаты бойынша 
таспалы электродпен және т.б.) орындайды.
Сталинитпен ерітуді бір-үш қабатпен жүргізеді. Шалыстауды 
азайту үшін еріту алдында пышақты 300
0
С-қа дейін қыздыру қажет. 
Легірленген ұнтақ қабаты бойынша пышақтарға ерітпе жапсыруды ар-
найы қондырғыларда (6.3-сурет) жүзеге асырады [4].
Легірлегіш ұнтақ есебінде сталинит, ұнтақ тәріздес сормайт неме-
се ферроқорытпа ұнтақтарының қоспасы пайдаланылады. Электрод 
есебінде ені 40 немесе 50 мм, қалыңдығы 0,3...0,4 мм болатын болат 
таспа қолданылса, балқытуға жоғары марганецті АН-60 флюсі пай-
даланылады. Арнайы қондырғыда еріту өнімділігі қолмен ерітумен 
салыстырғанда 5-6 рет жоғары болады. Пышақтарды ерітуді санымен 


261
бірге автоматтағы ұнтақты таспамен немесе ұнтақты сыммен жүзеге 
асырады. Ерітіндіні қай тәсілмен жапсырғанына қарамастан, пышақты 
біртіндеп салқындатады, қажет болған жағдайда түзетеді.
Экскаватор шөміші тістерінің негізгі ақауларына тозу, сызат-
тар, ұштықтардың майысуы жатады. Сызатты тістерді қолданыстан 
алып тастайды. Ұштықтардың майысуын ыстық жағдайда түзетумен 
жөндейді. Тістің толық тозуының белгісі оның ұзындығының 30% және 
одан көп шамаға қысқаруы болып табылады. Тістерді қалпына келтіру 
кезінде оларды еріту қабатын 8мм-ге дейін өсіре отырып тозуға төзімді 
қорытпалармен ерітіп жөндейді. Тозу шамасы үлкен болған жағдайда 
алдымен тісті Э-50 электродпен бірнеше қабат ерітеді, сонан соң тозуға 
төзімді қорытпамен тістің тозған бөлігін оттекті кескішпен кесіп тас-
тайды немесе оның номинальді өлшемін қалпына келтіру арқылы тістің 
жаңа бөлігін балқытып бекітеді.
Экскаватор шөміштері тістерін, бульдозер пышақтарын, гидробалға 
ұштарын ерітіп өңдеу үшін төмендегідей электродтар қолданылады:
– Э-110Х14В13Ф2, ВСН-6 маркасы;
– DJN Е2-UM60-GP, ОЗH-6 маркасы;
– Э-300Х28Н4С4, ЦС-1 маркасы;
Азкөміртекті, ортакөміртекті, орталегірленген және жоғары-
легірленген болаттардан жасалған машина детальдарын ерітіп 
өңдеу үшін еріту коэффициенті К
е
=8,6 болатын ОЗH-300 маркалы 
электродтар қолданылады. Экскаватор шөмішінің корпусында кесу 
6.3-сурет. Пышақтарды балқытып қаптастыруға арналған 
қондырғы сұлбасы:
1 – стол; 2 – балқытылатын деталь; 3 – легірлейтін ұнтаққа арналған шанап-
мөлшерлегіш; 4 – флюс шанабы; 5 – балқыту бастиегін жылжытуға арналған 
рельс; 6 – басқару пульті; 7 – таспа кассетасы; 8 – таспа; 
9 – беру механизмі


262
жиегінің, қабырғаларының тозуы, күшейткіш белбеулерінің тозуы мен 
зақымдануы, сонымен бірге сызаттар мен майысулар секілді ақаулар 
болуы мүмкін. Шөміштің алдыңғы қабырғасының бүйірлік айналым-
дары мен тісаралық участоктары ЭТН-2 немесе ЭТН-4 электродтары-
мен ерітіп өңдеуге түседі. Еріту формасы тұғырлы. Еріту қабатының 
қалыңдығы тіссіз шөміштердің кесу жиектерін ерітіп өңдегендеймен 
бірдей. Сыйымдылығы 0,33м
3
шөміштер үшін еріту ені 40 мм-ге дейін 
болса, сыйымдылығы 1,25 м
3
шөміштер үшін – 100 мм-ге дейін болады. 
Қарқынды абразивті тозу кезінде жалпылай тегіс ерітуді қолданса, ал 
белсенділігі аздау тозу кезінде жеке білікшелермен жүргізілетін торлық 
еріту қолданылады. Торлық еріту ерітетін материал шығынын үнемдеп, 
өнімділікті арттырады. 
Жүккөтергіш машиналардың ең көп жөнделетін тораптарына грей-
фер жатады. Тозуы тістердің жұмыс элементінің бастапқы ұзындығынан 
35% асып кеткен жағдайда олар жаңасымен ауыстырылады. Тозуы 
аз шамадағы тістерді Т-590, Т-620, КБХ, ХР-19 өзекті электродтар-
мен немесе ЭТН-1, ЭТН-2 құбырлы электродтармен ерітіп өңдейді. 
Осы электродтармен грейфер жақтарының кескіш жиектерін де ерітіп 
жөндейді.
Майысқан тартқыштар мен корпус элементтерін салқын күйде 
немесе қыздырып түзетеді. Тозған құлақшаларды ОЗН-300 типтегі 
электродтармен ерітіп, номинальді өлшемге келтіріп өңдейді. Корпус 
қабырғалары жарықшақтары мен грейфер белбеулерінің сызаттарын да 
пісіріп жөндейді.
Табақшалы ілгіштерде алдымен сақтандырғыш табақшалар мен 
тесіктерге престелген болат втулкалардың күштік беттері тозады. Тозуы 
қабырғаның бастапқы қалыңдығынан 50%-ға асатын сақтандырғыш 
табақшаларды жаңасымен ауыстырады. Өтпелі бойлық сызаттары бар 
табақшалар да алмастырылуы тиіс. Жинағыш жүк құрықтарының да 
(төменгі маңдайша және т.б.) тозған элементтері жаңасымен ауысты-
рылады.

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау