Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет29/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Бақылау­сұрақтары:
1. Орда Ежен ұлысының құрылуы мен оның Алтын Орда құрамындағы стату-
сын анықтаңыз. 
2. Орда Ежен ұлысының ішкі құрылымы қандай болды?
3. Ақ Орда мемлекетінің аумағын көрсетіңіз. 
4. Ақ Орданың саяси тарихы бойынша толық мәліметтер қандай деректерде 
көрсетілген?
5. Шығыс Дешті Қыпшақтағы Барақты биліктен тайдыру қалай жүзеге асты?
§­2.­Ақ­Орданың­XIV-XV­ғасырлардың­алғашқы­
­­­­­­­жартысындағы­саяси­тарихы
XIV ғасырдың бас кезінен Орда Ежен ұрпақтарының Сыр өңірінің 
қа лалары мен Жетісу жайылымдары үшін Шағатай ұрпақтарымен күресі 
жүргізілді. Сонымен бірге далалық аудандардың көшпелілері мен жартылай 
көшпелілерінің және Сыр өңірі жазирасының отырықшы аудандарының 
халқы арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды қалпына келтіру 
үрдісі күшейді. 
Ақ Орда хандары Ертістен Сырдарияға, Алтайдан Ұлытау мен Аралға 
дейінгі кең далада экстенсивті мал шаруашылығын дамытып, дәстүр бойын-
ша жазғы және қысқы жайылымдарға көшіп-қонудың қалыптасқан тәртібін 
орнықтырып, Сырдарияның орта ағысының, Таластың, Шудың отырықшы-
егіншілік жазиралары мен Ұлытау даласында шаруашылық және мәдени 
өмірді қалпына келтіруге қадамдар жасайды.
Му’ин ад-дин Натанзи Ақ Орданың кезекті ханы Сасыбұғаның ұзақ 
уақыт бойы ел басқарғанын және Сауран қаласында жерленгенін жазады. 
Ал оның мұрагері Ерзен хан Алтын Ордадағы Өзбек ханның жарлығымен 
таққа отырады. Оның тұсында Ақ Орда көркейіп, Сығанақ, Отырар, Сау-
ран, Жент, Барышкент қалалары гүлденеді, көптеген ғимараттар салынады. 
Ұлыстың көркейгенін Му’ин ад-дин Натанзи: «Мұндайды ешкім де одан 
кейін түсінде де көрмеді», – деп жазады. Ерзен хан қайтыс болғаннан кейін 
Сығанақ қаласында жерленеді. Ал оның ұлы Мүбарак Қожа хан Ақ Орданы 
Алтын Ордадан бөлектеу саясатын жүргізеді. Деректе оның бұл саясатын 
«бұлғақтау» деп атайды. Бірақ оның саясаты жеміс бермей, ол Ақ Орданың 
тағынан қуылады да, Алтай жағында қайтыс болады. 
Жәнібек ханның жарлығымен Ақ Орда тағына Мүбарак Қожа ханның 
бауыры Шымтай (1344-1361) отырады. Оның билігі тұсында Алтын Ордада 


IV тарау. Шығыс Дешті-Қыпшақтағы XIV-XV ғасырлардағы этносаяси өзгерістер
69
20 жылға созылған «дүрбелең жылдар» кезеңі басталады. Бердібек ханның 
өлімінен кейін Шымтайды Сарай әмірлері таққа отыруға шақырғанымен, 
ол ұсыныстан бас тартады. Оның ұлдары болса, керісінше бағыт ұстанады.

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау