Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г.
24
Тілдік бірліктерді мәдениет пен халықтың әдет-ғұрпымен, салт-санасымен байланыстыра зерттеу арқылы
этнолингвистика мәселелерін шешу мақалада шешілетін басты мақсат болып табылады. Осы тұжырым біздің
мақаламыздың да
кағидасының негізін құрап, бағытын белгілейді. Көненің көзіндей тілдің қат-қабат
қойнауларында сақталып қалған бұл дүниенің сыры мол. Оның тереңіне үңіліп, тарихымен тұтас қарап сырын
ашу – этнолингвистиканың үлесі. Мақалада тілдік бірліктер мәдениет пен халықтың әдет-ғұрпымен, салт-
санасымен байланыстыра зерттеледі, халық наным-сенімін, түйсік-түсінігін, ой-қиялын, тыныс-тіршілігін,
өмірін, дүниетанымын, сана-сезімін бейнелейтін тұрақты
сөз тіркестері қарастырылады, тілдік нысандар мен
деректер жаппай емес, зерттеудің нақты мақсаты мен тақырыптарына сай сұрыпталып алынып, саралай
қарастырылады, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, таным-түсінігін, наным-сенімін, дүниетанымын
бейнелейтін сөздер тақырыптық жағынан топтастырыла талданады.
Түйін сөздер:
этнолингвистика, тілдік орта, салт-дәстүр, әдет-ғұрып
Қазақ мәдениеті – ғасырлар бойы қалыптасќан ұлттық мәдениет. Ол
ұлттық тәлім-тәрбиенің
негізінде дамып, қалыптасты. Ұлттық тәрбие сол ұлттың мәдениетін дамытудың қозғаушы күші
болып табылады. Әрбір халықтың тарихи тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс-
тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық
құралдардың келешек жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы өте қомақты.
Белгілі бір халықтың этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан сөздер қоры бар.
Ал этностық ерекшеліктер сол этностың тұрмыс-тіршілігіне, тарихи әлеуметтік, жағрафиялық
жағдайларына, генетикалық, физиологиялық т.б. ұлттық ерекшелігіне байланысты болатыны белгілі.
Қазақ халқының ғасырлар бойын дамып, қалыптасқан ұлттық қасиеттері: меймандостық, кісілік,
сыйласымдылық,
имандылық, кішіпейілділік, кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімшілдік
десек, рухани болмысы: өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, жадына сақтай білу қабілеттілігі.
Белгілі бір халықтың сан ғасырлық даму жолы, оның әралуан таңбалары мен бейнелері бүгінгі күнге
тас мүсіндер мен жартастарға
қашалған жазулар арқылы, мәдени ескерткіштер мен әртүрлі
ғимараттар түрінде жеткені айдан анық. Бірақ бұлар белгілі бір халық өмірінің бөлшегі, сынығы
іспеттес. Халықтың шынайы даналығы мен дүниетанымы, пайым-парасаты тілінде ғана сақталады.
Әрбір дәуірде өмірге
қажет болған құрал-сайман, қару-жарақ, киім-кешек мен ас-ауқат, әдет-ғұрып,
наным-сенім, ойын-күлкі, той-томалаққа қатысты ұғымдар атауы сөздер мен сөз тіркестері, тұрақты
тіркестер мен мақал-мәтел арқылы бізге жететіні күмәнсіз. Көненің көзіндей тілдің қат-қабат
қойнауларында сақталып қалған бұл дүниенің сыры мол.
Халықтың өткен тарихын зерттеп білмейінше болашағын болжауға болмайды. Халықтың тарихы
тек материалдық мәдени мұраларында ғана сақталмайды, сол кезеңдерде хатқа түсіп, бүгінге жеткен
мұралар
тілінде халықтық, ұлттық мәдени-рухани қазынасына қойылатын атаулар мен ұғымдардың
сақталып жететіні бүгінгі күні дәлелденіп отыр. Осы мақалада қарастырылатын мәселелердің
этномәдени құндылықтарды терең зерттеуде ұлттық және халықаралық деңгейдегі қолданысқа енуде
пайдасы тиері сөзсіз.
Белгілі бір халықтың сан ғасырлық даму жолы, оның әралуан таңбалары мен бейнелері бүгінгі
күнге тас мүсіндер мен жартастарға қашалған жазулар арқылы, мәдени ескерткіштер мен әртүрлі
ғимараттар түрінде жеткені айдан анық. Бірақ бұлар белгілі бір халық өмірінің бөлшегі, сынығы
іспеттес. Халықтың шынайы даналығы мен дүниетанымы, пайым-парасаты тілінде ғана сақталады.
Әрбір дәуірде өмірге қажет болған құрал-сайман, қару-жарақ, киім-кешек мен ас-ауқат, әдет-ғұрып,
наным-сенім, ойын-күлкі, той-томалаққа қатысты ұғымдар атауы сөздер мен сөз тіркестері, тұрақты
тіркестер мен мақал-мәтел арқылы бізге жететіні күмәнсіз.
Осы тұжырым біздің мақаламыздың да кағидасының негізін құрап, бағытын белгілейді. Көненің
көзіндей тілдің қат-қабат қойнауларында сақталып қалған бұл дүниенің сыры мол. Оның тереңіне
үңіліп, тарихымен тұтас қарап сырын ашу – этнолингвистиканың үлесі.
Халықтың этногенезін, яғни,
тұрмыс-салты мен әдеп-ғұрпын, наным-сенімін, өмір сүру
ерекшеліктерін, мекен-жайын, басқа халықтармен тарихи-мәдени байланысын, күнделікті тұрмысын,
материалдық және рухани мәдениетін зерттеу үшін қазақ тіліндегі этномәдени бірліктер – құнды
дерек болып табылмақ. Тілдік бірліктерді мәдениет пен халықтың әдет-ғұрпымен, салт-санасымен
байланыстыра зерттеу арқылы этнолингвистика мәселелерін шешу – ұсынылып отырған ғылыми
жобаның басты мақсаты.
Халқымыздың көне мұраларын жеткілікті деңгейде қарастырмағандықтан кезінде «Жазуы жас –
младописьменный» халықтардың қатарына қосылғанымыз тарихи шындық. Мұның басты себебі,
біріншіден, кеңестік идеологияның басты мақсаты халықты мәңгүрттендіру саясаты болды.
Осыдан