Технология пәнінде оқушылардың шығармашылық қабылеттерін дамыту



жүктеу 85,13 Kb.
Дата02.03.2018
өлшемі85,13 Kb.
#10931

Қостанай облысы

Арқалық қаласы

4 жалпы орта білім беретін мектеп



Сызу бейнелеу өнері және технология пәнінің мұғалімі

Амиргазин Нурбол Куракбаевич


Оқушылардың шығармашылық қабылеттерін дамыту.
Қазіргі кезде заман талабына сай, мектептің, ұстаздардың алдына қойған мақсаты мектеп қабырғасында тәрбиеленіп келе жатқан жас ұрпақты ұлтымыздың көнеден келе жатқан салт-дәстүрмен таныстыру, еңбекке деген шеберлігі мен икемділігін, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Бұл тек ұстаздардың ғана емес, сонымен қатар қазақтың көне салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын, тұрмыс-тірліктерін, қолөнерін жадымызда ұстау келешек ұрпаққа үйрету, жөн сілтеу, ата- бабаларымыздың дәстүрін ұмыт қалдырмау- баршамыздың парызымыз.

Бүгінгі таңда қолөнерді оқыту үрдісінде көшіріп салу, дайын жобалық нобайлармен жұмыс жасу орын алып келеді.Әрбір оқушының қоршаған ортадан алған әсері, көркем дүниені қабылдауы, жүрегімен сезінуі, түсінуі әр алуан. Сондықтан оқушының жеке дара қабілетін ескеріп, өз бетімен ізденуге жағдай туғызу керек және өз ойын еркін жеткізіп бейнелеуге, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру- біздің басты парызымыз.

Осыған орай, қазақ қолданбалы қолөнеріндегі кеңінен тараған қолөнер түрлерін оқушыларға еңбек сабағында таныстыру, осы бағытта баули отырып, эстеттикалық тәрбие беру, жастарды халық қолөнерінің көп ғасырлық үрдісіне негіздеу қалыптастырылады.

Ұлттық мектептің мәні өз шәкірттеріне халқының мәдениетін терең, жан- жақты үйрету олардың санасына, ұлтына деген көзқарасын, құрмет пен мақтаныш сезімін сіңіре білуде, басқа ұлттардың мәдениетін қадірлей білуге ұштастыру болып табылады.

Егеменді қазақ мемлекетінің болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оның сонау ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен, мәдениетімен сабақтастыра отырып, халықтық қолөнерін сақтап қалуға тәрбиелеу – ұлтжанды ұлағатты ұстазтардың абыройлы ісі. Қазақ қөлөнерінің тарихы мен теориялық манызын жете түсінуіміз керек.

Келешек мектептер 12 жылдық оқу бағдарламасында да біздің қазақтың қолданбалы қолөнерінің оқушыларға беретін тәрбиелік мәні зор болмақ. Ұлттық тәрбие беру бесігіндегі оқушылардың ата-баба дәстүрін, мәдениетін, қолөнерін және азаматтық арнадағы асыл қасиеттерін еңбекке баули отырып, жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, рухани мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу мүмкіндіктері қарастырылады. Сондықтан оқу-тәрбие жұмысының барысында, еңбек сабағында оқушыларға еңбек пәнінің үйірме жұмыстарында халқымыздың ұлттық қолөнерін салт-дәстүрімен, әдеп ғұрпымен таныстыра отырып, оқушының іскерлігін, дағдысын, еңбекке деген ынтасын қалыптастыруды негізгі мақсат етіп қою- біздің міндетіміз. Ұлттық мәдениетке негізделген қазақ мектебінің қайта түлеуі қазіргі таңдағы көкейкесті мәселе болып отыр. Өйткені оқушылардың көркемдік білім алуын арттыру және рухани деңгейін дамыту, шығармашылыққа тәрбиелеу- қазіргі білім беруде көзделіп отырған мәселе. Осы тұрғыдан келгенде оқушылардың жұмыс істеу әдет- дағдыларын көркем шығармашылық іскерлікпен жалғастырып дамыту мәселесі қарастырылады. Оқушыларды әсемдікті сезініп, түсініп, қадірлей білуге баулу эстетикалық тәрбие беру арқылы іске асырылады.

Бұл күнде ауылдық жерлердің өзінде ұмыт бола бастаған, тіпті кейінгі жастардын көбі біле бермейтін (сонын ішінде қала жастары) ағаш шеберлері,темір ұстасы, зергер, үйші, оймашы, тоқушы халықтық ұлттық қолөнеріміздің ұмыт бола бастаған түрлері деуге болады. Ата-бабаларымыздың ұлттық өнерін ұрпаққа айтып жеткізу біздің міндетіміз екенін есте сақтау абзал.

Өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол іждағат, мейірімділікпен қоса, кәсіби дарын іздемпаздық, іскерлік керек екендігін баса айтуымыз керек.

Мектепте технология сабағын халықтық педагогикамен ұштастырудың иаңызы зор. Еңбнк оқушылардың ең бірінші өмірлік қажетіне айналу үшін, еңбек ету талабын адамның бойында тәрбиелеудің зор маңызы бар. Бұл міндетті-адам өзі ынта қойған еңбекпен шұғылданып, оның бейімділігімен мүдесіне сай келетін және адамгершілік қаңағат беретін іспен шұғылданған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Сондықтан да бұл міндеттерді шешу еңбекті дұрыс таңдап алумен аса тығызбайланысты. Еңбекке тек шығармашылықпен қарау ғана, тек жасау мен материалдық игілік алудың құралынан, ортақ рухани және ең алдымен, адамның адамгершілік дамуының құралына айналдыра алады.

Технология сабағы- мектеп оқушыларын рухани байытып, дүниетанымын қалыптастыратын пәндердің бірі. Технология пәнінде ұлттық қолөнерді, тәрбиені үйрету арқылы мынандай дағдыларды немесе іскерлікті қалыптастырамыз.



  • еңбекқорлыққа:

  • ұлтжандылыққа;

  • рухани мәдениетке;

  • іскерлікке;

  • шыдамдылыққа;

  • іздемпаздылыққа.

Оқушыларды еңбек қызметіне ісжүзінде даялау міндетінің де маңызы бұдан кем емес, өйткені адам белгілі бір еңбек дағдыларына ие бола отырып, еңбек ете алмайды, әрібұдан басқа еңбек үрдісінде ғана, оқушыларды мектептегі сарамандық еңбек қызметіне тарту жолымен еңбекке қатынастық негізін қалауға болады.

Халық қолөнерінің бай мұраларын жинап, сұрұптай отырып, заманымызға сай лайықты сапа, түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беруіміз керек.

Халық өнерін оқып, оны өмірмен ұштастыра білген адамның жан дүниесі кеңейеді, ой алғырлығы артады, шеберлігі кемелденеді. Ол адамның мәдени, рухани және шығармашылық дәрежелерінің көрсеткіші ретінде адамның күш-қуатының даму үрдісін іске асырады, кісіні сауаттылыққа жетелейді. Сондықтан сол өнерді келеше кұрпаққа жеткізіп түсіндіре дамыта білуді негізгі мәселе деп қараймыз. Оқушыларға өздері оқып үйренетін ғылым негіздерінің іс жүзіндегі маңыздылығын көрсетіп, олардың бойында машықтанып алған білімдерін қолдану дағдыларынжасаудың маңызы зор.

Сонымен бірге, оқушы өзін қоршаған ортаның, дүниенің салт-дәстүріміздің, қолөнеріміздің адам айтқысыз қымбат, замандар бойы тарих жасап қалдырған асыл мұра екенін жете түсінуіә керек.

Жоғарыда айтылғандардың бәрі кәсіби еңбек сабағында үйрету, оқыту, игерту болып табылады. Мүнкін болмаған жағдайдаүйірме жұмыстарында жалғастыруға тура келеді.

Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өміршең өнер. адамзат дамуының қайысында болмасын, қоғаммен бірге дамыған қолөнер әр дәуірге өзінің өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік көркем жағынан дәуір тынысын қалт жібермей әсерін тигізіп отырған. Қолөнер дүние жүзінің барлық халқына тән. Бұл-халық қазынасы, ғасырлар мұрасы. Соған орай әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына байланысты қолөнер өзіндік ерекшілігімен эстетикалық талғамына байланысты қолөнерөзіндік ерекшілігімен халық өмірін өшпес із қалдырып отырған. Халқымыздың қолөнерінеңтуған асыл мұраларынәр оқушыға саналы түрде жеткізуге, оның сырын ұқтыруға, түсіндіруге, терең зерттеуге, одан әсер алуға, қазіргі заман талабына сай көркем шығармашылықпен дамытуға тиістіміз.

Қолөнер ешқандай станоксыз тек қол еңбегімен ғана жасалған. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын тұтыну бұйымдары мен жабдықтары талапқа сай әдемілене, әшекейлене түсуде. Оны күнделікті өмірде қазіргі қолөнер туындыларынан көріп жүрміз.

Бұдан қолөнерімізежелгі маңызын жойды, ендігі жерде онымен шұғылданудың қажеті жоқ деген ой туындауы мүнкін. Қайта халық қолөнерінің бай мұрасын жинап сұрыптай отырып, заманымызға лайықты сапа. Түр беріп, оларды ідгері дамытуымыз тиіс. Мектеп технология сабағын ұйымдаструда қазақтың қалықтық қолөнері саласының біраз түріне тоқталып өтуді жөн көрдім. Олар: ою-өрнектердің түрлері, олардын атауларымен қолданылатын орындары, өрнектердің түрленіп дамутарихы мен кейбір өрнек әуендерінің үлгісі.

өрісі кең, өнер атаулының қай саласы болмасын, жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқыда өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және бір өзіне ғана тән мәдени ерекшілігімен көзге түседі. Ал, түрлі өнер және дарын иелерін өмірге келтіретін де сол- халық. Сондықтан да біз оларды халықтық дейміз. Міне сол халақтық дарындарының қолынан зергерлік бұйымдар, киім үлгілері, тұрмыс жиһаздары, әсем де зәулім ғимараттар қай заманда да өз маңызын жоғалтпайтындығы мәлім.

«Жаратылыс жалғыз емес,уақыт өтпей» - дейді халық даналығы. Қарап отырсақ, көңіл-күй де, талғам да, әдет-ғұрып та өзгереді. Сән дегеніміз күнде өзгеріп отыратын нәрсе. Мысалы, бүгін ұзын, ертең қысқа, бүгін тар, ертең кең деген сияқты. Ал қолөнер саласы сән бағытына, талғамына көбіне бағына бермейді.

Қолөнердің өзіне тән әлемі, қоршаған ортасы, өзіндік күші бар, ол ешқандайөтпелі құндылықтарға бағынбайды. өзіне деген тыныштықпен сенім бізге белгілі бір дағдылар мен икемдерге жеткізеді.көптеген адамдар ең алғаш қолөнермен айналыса бастаған кезде, белгілі бір материалды өңдеумен, зертеумен айналыса бастайды.

Көркем шығармашылықпенайналысуға деген қажеттілік біз үшін бір абсолютті қажеттілікпен емес, ол қолөнершінің қолының жылуы мен жан-тәнінің сезімі сақталған туындысын өнеркәсіптің жалпылай бір текті салқын өнімдеріне қарсы қою,тілегінен келіп шыққан.

Бұл салыстыру егер бір белгілішығармашылық биіктнрге, жетістіктерге жеткенде ғана тиімді болады және өзін-өзі ақтайды. Шығармашылық белес деп біз мыналарды айтамыз; ритм заңдылықтарын түсініп білу үшін қажетті білім мен түсінік, оюлар мен өрнектерді орналастыра білу, бүтін бір бұйымда тепе-теңдікті сақтау. Сондықтан да біз өмір бойы оқып үйренуге тиіспіз. Сонымен, қорыта келгенде, жасөспірімдерге көркем қолөнердің берер ықпалы өте зор. Мектеп бағдарламасына сәйкес қолөнердің әр түрін үйретудің өзіндік орны бар.

Шығармашылық жоба- әр оқушының жыл бойы мұғалімнің көмегімен орындайтын өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілетін бақылау жұмысы. Әрине жасалатын жобаның сапасы оқушының біліктілігіңе, технология пәнінен алған біліміңе, оқулықтағы материалды қалай меңгергеніңе тікелей байланысты.

Жоба әр түрлі бөлімдерден, арнайы сызбалардан, суреттерден, нобайлардан және жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүнкін. Ол бұйымдыжасаған кезде есептер, экономикалық немесе экологиялық дәлелділік, түсінік хаттар да пайдаланылады.

Жобаның бірнеше нұсқасы болуы мүнкін. Мысалы, өте күрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата-ананың т.б. көмегімен орындай алады. Егер бір күрделі жобаны бірнеше оқушы бірлесіп орындаса, әр оқушының үлесі алдын ала анықталуы қажет. Ол оқу жылының соңыңда өзінің орындаған шығармашылық жобасын оқушылардың және мұғалімнің алдында қорғайды.

Бұл жағдайда оқушы жобаны қалай дәлелдейді? Ол үшін әр оқушы өзінің жасайтын жобасындағы бұйымның қоғамға немесе өзіне не достарына қандай пайда келтіретіні дәлелдеп беруі қажет.

Сонымен, шығармашылық жоба – бұл оқушының мұғалімнің басқарумен орындалған өзіндік шығармашылық (жоба) жұмысы.

Оның мақсаты: 1. Шығармашылық жоба барысында өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізе білуге, ісмерлік, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

2. Күнделікті тұрмысқа қажетті сұраныс туғызатын, қазіргі заман талабына сай жана бұйым жасап шығару.

3. Ұмыт болған халқымыздың қолөнерін жандандыур. Оны жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білуге үйрету, тұтыну бұйымдарын еңбек объектісі ретінде пайдалана отырып, танып білу.

Шығармашылық жобаны орындау жүйесін мынандай кезендерге бөліп қарастырамын.



Шығармалық жобаны орындау жүйесі

І. Ұйымдастыру, дайындық кезеңі.

- Проблеманы шешу;

- Үлгі таңдау. Жасалатын бұйымның үлгі сұлбасын сызу, суретін салу;

- Материалдар мен керекті-құрал жабдықтар дайындау;

- Жұмыс орның ұйымдастыру.



ІІ. Техникалық кезең

- Техникалық жұмыстарды орындау;

- Еңбек қауыпсіздік ережелерін сақтау

ІІІ. Қортындылау кезеңі, жүйелеу.

- Дайын бұйымды бағалау;

- Шикізат шығынын есептеу;

- Шығармашылық жобаны қорғау



ІV. Шығармашылық жобаға қойылатын негізгі талаптар.

- Өзіндік қызығушылығы;

- Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың сәйкестігі, күрделілігі;

- Оқу кабинетінің материалы тихникалық базасына сай болуы;

- Өзіндік кәсіптік айқындалуы;

- Өз мүнкіндігін ескеру;

- Өз өнімдерін іске асыру, тұтыну.

V. Жобаны жарнамалау.

- Өнім белгісі;

- Өндірістін аты;

- Бұйымның аты, қолдану;

- Жарнамалау.

VI. Шығармашылық жобаны қорғау.

- Оқушы өзінің дайыңдаған шығармашылық жобасын қорғап, жұмысын

қортындылайды.

Бүгінгі күнде тәуелсіздігіміздің арқасында ата-баба дәстүрі жалғасын табуда. Оқушылар қолынан шыққан бұйымдарды көріп, ата-баба дәстүрі жаңарып жалғасуда. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», -қазақ халқының ұлы, кемеңгер ақыны Абай айтқандай, зерек те, іскер бес саусағынан өнер таматын шәкірттерді оқытуға, үйретуге біз, ұстаздар, әрқашанда дайынбыз. Бабаларымыздан жеткен асыл мұраны шаң басқан жерінен сілкіп, тот басқан бетін ашып, кейінгі ұрпаққа жеткізетінкез жетті деп ойлаймын.



Ұстаздық-ұлы ұғым, сондықтан ұлтық мектептің ұлы мұратын ұмытпай, бойымыздағы білімімізді, ұрпақтан ұрапққа жалғастыру міндетіміз.



жүктеу 85,13 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау