Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж.
25
келіп, өзінің тарихын, мәдениетін мансұқ еткен ұрпақ пайда болды. Осы бір өзекті мәселенің себебін
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Түптеп келгенде, күні кешелер ғана басқа этномәдени жүйенің
ықпалында болған кейбір қазақтарымыздың мәдени дүбәралыққа (маргинализация) ұрынуы негізінен
төл тарихын парықтай алмағандықтан» деп ашына айтқан болатын [1].
Халықтың өткен тарихын зерттеп білмейінше болашағын болжауға болмайды. Халықтың тарихы
тек материалдық мәдени мұраларында ғана сақталмайды, сол кезеңдерде хатқа түсіп, бүгінге жеткен
мұралар тілінде халықтық, ұлттық мәдени-рухани қазынасына қойылатын атаулар мен ұғымдардың
сақталып жететіні бүгінгі күні дәлелденіп отыр [2]. Осы жобада қарастырылатын мәселелердің
этномәдени құндылықтарды терең зерттеуде ұлттық және халықаралық деңгейдегі қолданысқа енуде
пайдасы тиері сөзсіз.
Мақаланың негізгі ғылыми нәтижелері мен тұжырымдары, яғни қазақ халқының тұрмыс-
тіршілігін, таным-түсінігін, наным-сенімін, дүниетанымын бейнелейтін сөздер тілдік және
этногенетикалық байланыстарды, сабақтастықты анықтауға жол ашады. Осыған байланысты, зерттеу
жұмысының нәтижелері тілі тарихы мәселелерін зерттеуге өзіндік үлес қоса алады [3]. Зерттеу
жұмысының нәтижелерін этнолингвистика, семасиология, қазақ тілі тарихы т.б. салалар бойынша
дәріс оқуда, осы зерттеулер бойынша арнаулы курстар жүргізуге, лексикографиялық тәжірибеде
пайдалануға, сондай-ақ оқу құралдары мен оқулықтар жазу үшін де қолдануға болады.
Қазіргі таңда этнолингвистика ғылымының зерттеу нысанына айналған қазақ халқының
этномәдени бірліктері осы ғылым саласына қосылатын сүбелі еңбек болатындығына шүбә келтіруге
болмайды. Бұған дейінгі этномәдени бірліктерге қатысты зерттеулердің басым бөлігі отандық
ғалымдардың үлесінде екендігі белгілі. Бірақ ұлттық таным, салт-дәстүр, тіл мәселесі біршама
қарастырылғанымен, нақты, жүйелі түрде зерделенген жоқ. Сол себепті өз жобамызда этномәдени
бірліктерді заманауи тұрғыдан сабақтастықта насихаттауды, ұлттық мәдени мұрамыздың қазынасын
кеңейтуді қаржыландырылу қарастырылып отыр.
Этнолингвистика – халықтың этногенезін тұрмыс-салты мен әдеп- ғұрпын, мекен-жайын, басқа
халықтармен тарихи-мәдени байланысын, күнделікті тұрмысын, материалдық және рухани
мәдениетін зерттейтін тіл білімінің жаңа саласы. Тіл мәселелерін мәдениетпен халық әдет-ғұрпымен,
салт-санамен байланыстыра зерттеу XX ғасырдың 20-70 жылдарында орын ала бастады. Тіл білімінде
қалыптасқан екі түрлі бағыт бар. Олар негізінен Америка мен ФРГ-да дүниеге келген. Алғашқы
этнолингвистикалық зерттеулер ретінде мына еңбектерді атауға болады: Эдуар Сепирдің 1921 жылы
шыққан «Тіл», 1929 жылы шыққан «Лингвистиканың жайы», Б.Уорфтың «Тіл, ойлау және шындық»
(1959) жинақтары. Э.Сепир индеецтердің көптеген тайпаларының тілдерін зерттесе, неміс линвисі
Л.Вайсгербер «Неміс тілінің күші» туралы төрт томдық еңбек жазды. Америка мектебі тіл мен
мәдениетті негізгі проблема деп алса, Германия тіл мен халықты I орынға қояды. Яғни, тіл
функциясын, оның қоғамдағы даму рөлін асыра сөз етеді. «Тіл адам санасы мен объективтік шындық
арасындағы бірыңғай қатынас тізбегіне ене отыра, өзі сол санадан, объективтік шындықтан туған
туынды болып табылады» дейді В.А.Звягинцев. Америка ғалымдарының еңбектерінде «этнолин-
гвистика» терминінің орнына көбіне «антрополингвистика», «этносемантика» атаулары қолда-
нылады. Осы бағытта зерттеулер жүргізген Ресей этнолингвистикасының өкілдері Н.И. Толстой,
В.В. Иванов, В.Н. Топоровт т.б. Олар тілдің тарихын, этнолингвистикалық атластарын жасап, тілдегі
және халық мәдениетіндегі аумақтық және әлеуметтік диалектілерді т.б. зерттейді.
«Этностың басып өткен сан ғасырлық даму жолы, оның белгі-бейнелері біздерге тас мүсіндер мен
жартастарға қамалған сына жазулар арқылы, мәдени ескерткіштер мен әртүрлі ғимараттар түрінде
жетуі мүмкін. Бірақ бұлар этнос өмірінің мың да бір елесі ғана, оның шын мәніндегі даналығы мен
дүниетанымы тек тілінде ғана сақталады. Әрбір дәуірде өмірге қажет болған құрал-сайманның, қару-
жарақтың, киім мен ішер тамақтың, тұрмыстық заттар мен салт-санаға, әдет-ғұрып, наным-сенімге,
ойын-күлкі, той-домалаққа байланысты ұғымдардың аты-жөні, сыр-сипаты т.б. тек тіл фактілері
ретінде ғана. Яғни жеке сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер мен мақал-мәтел арқылы ғана
бізге жетуі мүмкін» дейді.
Тіл мәселелерін мәдениет пен халық әдет-ғұрпымен, салт-санамен байланыстыра зерттеу
Р.Сыздықова, Е.Жанпейісов, М.Серғалиев, Б.Шалабаев, Х.Кәрімов, Ә.Ахметов, Ж.Манкеева,
С.Сәтенова, А.Жылқыбаева, А.Мұқатаева, К.Аронов, Р.Шойбеков еңбектері мен зерттеулері қазақ
этнолингвистикалық мектебінің негізі қаланып, бағыт-бағдарын, өзіндік зерттеу тәсілін
қалыптастыра бастағандығын көрсетеді [4, 55].
Халқымыздың тіл арқылы ерекшелігін көрсететін басты байлығымыздың бірі – тұрақты тіркестер.
|