Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы


ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СӨЗДІК ҚОРДЫҢ ЖАҢАЛАНУ (НЕОЛОГИЗАЦИЯ)



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет107/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   361
file20200121044531 (1)

 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СӨЗДІК ҚОРДЫҢ ЖАҢАЛАНУ (НЕОЛОГИЗАЦИЯ)
МӘСЕЛЕСІНІҢ КОГНИТИВТІК-ДИСКУРСТЫҚ МӘСЕЛЕСІ
 
Аңдатпа 
Тіл – жанды құбылыс. Сондықтан ол үнемі өзгеріске түсіп, даму үстінде болады. Ал осы даму тілдегі 
сөздердің қолданысына, олардың мағыналарына өзгеріс әкелері сөзсіз. Тілдің, әсіресе, лексикалық қабаты 
өзгеріске бейім келеді. Ал осы өзгерістерді жаңа тұрғыдан, яғни когнитивтік-дискурстық бағытта зерттеу тіл 
біліміндегі жаңа бағыттардың бірі. Аталған мақалада неология саласының кейбір теориялық мәселелері, оның 
ішінде тілдік қолданыстан шыққан көнерген сөздердің тілімізге қайта оралуы және олардың жаңғыру жолдары 
қарастырылады. Сонымен бірге сөз мағыналарының эволюциясы, олардың өзгеріске түсу жолдары жаңа 
бағытта сипатталады. Қазіргі таңда тілімізде пайда болып жатқан жаңа қолданыстардың жаңашылдық 
сипатының дәрежесі және олардың дискурстық сипаты мен олардың дискурстық қолданысқа түсу жолдары сөз 
болады. Осыған байланысты дискурстың зерттелуі, оның таным және сөз мағыналары мәселесімен 
байланыстылығы айтылып, нақты мысалдармен дәлелденеді.
Түйін сөздер:
 
жаңа қолданыстар, жаңа атаулар, қайта жаңғыру (неологизация), дискурс, когнитивтік ұғым, 
мағына, эволюция, неологизм, неологизация (қайта жаңғыру), неология, семантикалық, қатыстық жаңа 
қолданыстар 
 
Тіл жүйесінің негізгі қасиеттерінің бірі – оның өзгерістерге және жаңаруға бейім болатындығында. 
Когнитивтік-дискурстық шарттар мен қайта жаңғыру үдерісі тұрғысынан қарағанда, тілдің бұл 
қасиеті арқылы тілдің әлемдік бейнесінің динамикасын байқауға болады. Жалпы тілдің жаңаруы 
негізгі екі негізгі шарт арқылы жүзеге асады: оның бірі – қоғамдағы когнитивтік – коммуникациялық 
қажеттілікпен байланысты болса, екіншісі – тілдің ішкі құрылымына қатысты болады.
Тілдің қайта жаңғыру, жаңару факторлары танымның вербальды процесі және жаңа сөздер мен 
қолданыстардың пайда болуына негіз болатын когнитивтік қарым-қатынас пен дискурстық – 
прагматикалық шарттарымен байланысты. Қазақ тіліндегі бұл үдерістер (жаңару, жаңғыру) оны 
динамикалық жүйе ретінде зерттеуді қажет етеді. Тілдің динамикасы, оның жаңару қабілеттілігін 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г. 
84
когнитивтік – дискурстық қызметін арттыра түсері анық. 
Тілдегі даму, оның үнемі жаңару үстінде екенін анықтайтын негізгі факторлардың бірі болып та-
былады. Аталған мәселе ғалымдар тарапынан қызығушылық туындатып отыр. Өйткені қазіргі жаһан-
дану кезеңінде тілімізде көптеген – неологиялық өзгерістер болып жатырғаны аян. Осы неологиялық 
жаңалықтарды когнитивтік – дискурстық тұрғыдан зерттеу тіл біліміндегі тың мәселелердің бірі 
болып табылады. Алдымен дискурс ұғымымына, оның зерттелуіне тоқтала кеткенді жөн көрдік.
Дискурс теориясының зерттелу тарихы сонау 1964 жылдардан басталса да (Ван Дейк, А.Тойн, 
Я.Торфинг т.с.с.), қазақ тіл білімінде дискурс теориясы соңғы жылдары ғана зерттеле бастаған жаңа 
бағыттардың бірі болып табылады. Қазақ тіл білімінде аталған мәселемен Н.Уәли, Ж.Кеншібаева, 
Д.Әлкебаева, Г.Садирова сияқты ғалымдар айналысып, дискурс теориясына қатысты қазақ ұғымына 
сай пікірлер айтып, еңбектер жазып жүр.
Жалпы дискурс ұғымын әр ғалым өз бағытында әртүрлі түсіндіреді. Мысалы, Ю.С. Степанов 
дискурс дегеніміз «тіл ішіндегі тіл» деп түсіндіреді: «Дискурс – это «язык в языке», но представ-
ленный в виде особой социальной данности. Дискурс существует, главным образом, в текстах, но в 
таких, за которыми встает особая грамматика, особый лексикон, особые правила употребления и 
синтаксиса, особая семантика – в конечном счете особый мир...» [1, 35-73]. Ал қазақстандық ғалым-
дар пікірлеріне тоқталсақ, Ж.Кеншінбаева «дискурс – қолданыстағы мәтін, яғни сөйлеу тілінің нақ-
тылы коммуникативтік қарым-қатынас орнатудағы қызметі» - [2, 17-19] деп анықтама берсе, Н.Уәли 
«фреймі «автор», «сөз актісі» – «адресат» және сөз жағдаяты (сөздің қандай ситуацияда айтылғаны) 
деген құрылымдардан тұратын коммуникативтік «уақиға» [3, 28] деп түсіндірсе, ал Г.Садированың 
пікірі бойынша, «Дискурс дегеніміз – шынайы өмір үзігіндегі көріністің сөйлеу әрекеті арқылы 
санаға көшуі мен тілдік бірлікте таңбалануы» [4, 9]. Қарап отырсақ, үш ғалымның дискурс бойынша 
пікірі әртүрлі болғанымен, олардың пікіріндегі ортақтық – сөйлеу әрекеті, оған тән адресат мен 
автордың болуы. Ал осы аталғандар (сөйлеу әрекеті де, автордың сөзі де, өмірдегі көріністің тіл 
арқылы берілуі де) сөз арқылы жүзеге асатындығы белгілі. Біздің мақсатымыз да сөздің дискурстық 
қолданысқа түсіп, мағыналарында жаңа мағынаның пайда болуын анықтау болып табылады.
Тілімізде жаңа сөздердің пайда болуына, алдымен, адамзаттың танымдық қызметінің дамуы әсер 
етеді. Қоғамдағы кез келген жаңалықты тілдік материалдарды пайдалана отырып, оларға атау беріп, 
қолданысқа енгізу барысында адамдар когнитивтік – коммуникациялық қажеттілікті жүзеге асырады. 
Осы тұрғыда тілімізде көптеген жаңа атаулар пайда болады немесе тілімізде бұрыннан бар сөздер жа-
ңа мағынаға ие болады. Мысалы, адамның 
жады
сөзі тіркесіндегі жады сөзіне тоқталсақ, бұл сөздің 
алғашқы мағынасы адамның есте сақтау қабілеті деген мағынада қолданылады, тілімізде бұл сөздің 
синонимі ретінде «ес», «зерде» сөздері қолданылады. Сонымен бірге бұл сөз адамның танымдық әре-
кетінің нәтижесінде ақпараттық терминге айналып, 

жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау