1 Жаза тайынду институтының қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері



жүктеу 1,61 Mb.
Pdf просмотр
бет59/82
Дата26.03.2022
өлшемі1,61 Mb.
#37927
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   82
Binazarov KR Kilmistik atkaru ОҚУЛЫҚ

Бұл
 
жерде проблеманы шешудің үш варианты пайда болады. Оның 
бірі  заң  мәтінін  нақтылы  ұғыну  ретінде  сүранып  түр.  ҚР  Қылмыстық 
кодексінің
  58-
б
. 5-
б.  айшықталғандай,  әуелде  жиынтық  негізгі  жазаға 
тағайындалған  барлық  қосымша  жазалар  қосылады,  одан  кейін  олар 
ішінара немесе толық қосылып, түпкілікті қосымша жазаны құрайды.
 
Екінші  вариант  қосымша  жазаларды  қосу  немесе  сіңіру  жолымен  қосу 
және одан соң оларды түпкілікті негізгі жазаға қосу үлгісінде көрініс береді.
 
Үшінші  вариант  екіншіге  ұқсас,  дегенмен,  әрекеттің  басқаша  жүйесін 
алға  тартады 

әуелде  қосымша  жазаларды  негізгіге  қосу,  одан  кейін 
түпкілікті  жиынтық  қосымша  жазаны  анықтау,  содан  соң  барып  соңғысын 
түпкілікті негізгі жазаға қосу.
 
Ұсынылған  варианттарды  дұрыс  таңдаудың  тәжірибелік  маңызы  өте 
үлкен,  себебі  қосымша  жазалар  тағайындаудың  бір  ізділігін  қатаң  сақтау 
оларды  орындау
 
және  қылмыстық  жауаптылықтың  міндеттерін  ойдағыдай 
атқару мүмкіндігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
 
Түпкілікті  қосымша  жаза  тағайындаудың  бір  ізділігін  анықтаудың 
барлық жолдарының ішінде барынша дұрыс емесі біріншісі болып табылады. 
Жекелеген қосымша жазаларды дербес негізгі жазаларға қоспау жиынтықты 
бөлу  кезінде  шешімі  қиын  жағдайға  алып  келеді.  Мәселен,  бір  қылмыстық 
құқық  бұзушылығы
 
үшін  бес  жыл  бас  бостандығынан  айыру  және  мүлікті 
тәркілеу тағайындалды, ал екінші қылмыс үшін 

үш жыл бас бостандығынан 
айыру және белгілі бір қызметпен екі жыл ішінде айналысу құқығынан айыру 
тағайындалды  делік.  Қылмыстық  құқық  бұзушылықтарының  жиынтығы 
бойынша  ішінара  қосу  жолымен  түпкілікті  негізгі  жаза 

жеті  жыл  бас 


149 
бостандығынан айыру белгіленді. Оған мүлікін тәркілеу және екі жыл ішінде 
белгілі бір қызметпен айланысу құқығынан айыру қосылды. Одан кейін үкім 
аппелляциялық немесе қадағалау тәртібімен езгертіліп, сотталушы неғұрлым 
ауыр  айыптаудан  ақталды.  Нәтижесінде  ол  жазасын  үш  жыл  ішінде  бас 
бостандығынан айыру
 
түрінде өтеуге тиіс болды. Белгілі бір қызмет түрімен 
айналысу  құқығынан  айыру  түрінде  тағайындалған  қосымша  жаза 
тағайындалса  да,  дегенмен  негізгі  жазаға  қосылған  жоқ.  Ол  ауада  тұрып 
қалған  сияқты.  Бұл  варианттың  екінші  қатесі  қосымша  жаза  әуеліде 
түпкілікті  негізгі  жазаға  қосылып,  содан  кейін  барып  олардың  жиынтығы 
белгіленетіндігінен  көрініс  береді.  Бұл  жерде  біз  арбаны  аттың  алдына 
қойып,  артынан  өзіміз  итергенмен  бірдейміз.  Расында,  мәселен,  егер 
қосымша  жаза  жиынтыққа  сіңірілген  болса,  ол  сөйтіп  жоғалып  кеткендей. 
Сонымен бірге ол  түпкілікті негізгі жазаға  қосылуы  себепті  бар  сияқты да. 
Түсініксіз жағдай.
 
Екінші  вариант  бір  ізділік  турасында  жөн
-
жөнді  көрінеді,  дегенмен  ол 
негізгі  жазаға  жеке  дәрежеленуші  қылмыс  үшін  тағайындалған  қосымша 
жазаны  қосуды  қарастырмайды.  Мұнда  да  қолданудың  ортақ  объектісі 

нақтылы  қылмысқа  байланысты  қосымша  жазаның  негізгі  жазамен 
логикалық  байланысы  қамтамасыз  етілмейді.  Түрі  бойынша  әр  басқа 
жазаларды  беліп  және  оларды  ықпал  етудің  ортақ  объектісінен  алыстата 
отырып,  біз  амалсыз  үкімді  орындау  кезінде  шымшытырық  шырғалаңға 
ұрынамыз.
 
Бұл  ретте  құқық  қолданушының  жауаптылықты  бастапқыда  жекелеген 
құқық  бұзушылық  үшін  бөлектеп,  одан  кейін  оларды  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтың
 
көптігі  факторы  есебінен  жиынтық  бойынша  қарастыру 
позициясы  барынша  қарапайым  және  ұғынықты  көрінеді.  Осы  орайда 
жауаптылықтың қосымша түрлері негізгіге қосылады да, сөйтіп бірге жүзеге 
асырылады.
 
Қосымша  жазалар  негізгілерге  олардың  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтардың
 
жиынтығы бойынша тағайындалуының бірінші кезеңінде
-
ақ  қосылуы  тиіс,  себебі  олар  тұтаса  келіп  құқық  бұзушыға  ықпал  етудің 
қылмыстық
-
құқықтық  шараларының  бірыңғай  кешенін  құрайды.  Одан  әрі 
олардың  жиынтық  нәтижесін  анықтап,  содан  кейін  барып  оны  жиынтық 
негізгі жазаға қосу қажет.
 
А.Л.
 
Цветинович  қосымша  жазаларды  біріктірудің  төмендегідей 
варианттарын алға тартады:
 
1.
 
Қосымша жазалар бір текті, тек бір ғана түрге қатысты емес, сондай
-
ақ 
барлық  сапалық  белгілері  бойынша  сәйкес  келеді.  Мәселен,  айыппұл 
және  айыппұл.  Бұл  жерде  оларды  сіңіру  және  кез  келген  қосу 
қолданылуы мүмкін.
 
2.
 
Олар  бір  түрге  жатады,  бірақ  бір  текті  емес.  Мәселен,  жалпы  және 
арнаулы  тәркілеу.  Мұнда  сіңіру  және  қосу  мүмкін  емес,  сондықтан  да 
қосымша жазалар өз алдына жеке орындалуға тиіс.
 
3.
 
Жазалар бір текті, бірақ әр түрлі. Мәселен, тәркілеу және айыппұл. Бұл 
жағдайда тек сіңіруге рұқсат етіледі.
 
Олар әр текті, сондықтан да өз алдына дербес орындалуға тиіс, қосылуы 
және сіңірілуі мүмкін емес.
 


150 
Келгірілгеннен көрініп тұрғандай, А.Л.
 
Цветинович анығында жиынтық 
бойынша  қосымша  жаза  тағайындаудың  жаңа  тәсілін  ұсынады 

оларды 
жеке
-
жеке  орындау.  Бұл  орайда  ғалым  жазаларды  бір
-
біріне  шендестірудің 
эквиваленті  жоқтығы  себепті  бір  текті  қосымша  жазаларды  қосудың 
мүмкіндігі жоқтығын негіздейді
 (118). 
В.
 
Попрас та осындай позицияны ұстанады. Ол айыппұл және белгілі бір 
лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру 
түріндегі  негізгі  жазалар  оларды  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
жиынтығы  және  үкімдердің  жиынтығы  бойынша  тағайындау  кезінде 
жазаның  басқа  түрлерімен
 
қосуға  жатпайды  және  жеке  орындалады  деп 
есептейді. Әр түрлі қосымша жазалар барлық жағдайларда жеке орындалады
 
(119). 
Ю.Н.
 
Юшков  пен  М.М.
 
Становский  қосымша  жазаларды  жеке 
орындауды  оларды  қосу  формасы  ретінде  қарастырады  және 
«
қосымша  әр 
текті  жазалар,  әдетте,  бір
-
біріне  қосылады,  өйткені  олар  мақсатты  түрде 
тағайындалады, соған сай жеке орындалуға тиіс. Бір текті жазалар қосумен 
де, сіңірумен де қосылады
» 
деп пайымдайды
 (120). 
Көріп  отырғанымыздай,  екі  көзқарас  та  әр  текті  жазалар  жеке 
орындалуы тиіс дегенге саяды, бірақ оны әркім өзінше, басқаша түсіндіреді. 
Жазаларды қосу олардың толықтай бірігуін білдіре ме және ол оларды жеке 
орындауды жоққа шығара ма? Солай болар (86
-
б. қосу ұғымы анықтамасын 
қараңыз).  Біздің  ойымызша,  заң  шығарушыға  қосымша  жазалар
 
үшін 
жиынтық нәтижені анықтаудың тағы бір тәсілін 

жеке орындауды қарастыру 
қажет сияқты.
 
Жеке  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
үшін  тағайындалған  қосымша 
жазаның жеке орындалу мүмкіндігіне байланысты жиынтық бойынша бірден 
бірнеше қосымша жаза тағайындаудың құқықтық дұрыстығы туралы мәселе 
пайда болады. В.
 
П.
 
Малковтың пікірі бойынша, мәселен, жиынтық
 
бойынша
 
тағайындалған  негізгі  жазаға  кез  келген,  бірақ  тек  жеке  қылмыс  үшін 
тағайындалған  қосымша  жазалардың  біреуі  ғана  қосылуы  мүмкін.  Олар, 
сондай
-
ақ, бірдей болса да қосыла алмайды. Ол 
«
Жиынтық бойынша негізгі 
жазаға бірнеше қосымша жазаны қосу қудалауды үнемдеу қағидасына қайшы 
келген болар еді
» 
деп тұжырымдайды
 (121). 
А.Л.
 
Цветиновичтің  пікірі  бойынша  В.
 
П.
 
Малковтың  позициясы  қате, 
өйткені:  біріншіден,  заң  тіпті  бір  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
үшін  екі 
қосымша  жаза  қолдануға  мүмкіндік  береді;  екіншіден,  жауаптылықтың 
болмай қоймайтындығы қағидасы сотталушының әрбір жасалған қылмыстық 
құқық бұзушылық
 
үшін жауаптылықты сезінуін талап етеді.
 
Біздіңше, мұндай түсініктеме барынша дұрыс болып табылады.
 
Теорияда  кең  тараған  қателік  жиынтық  бойынша  тек  ҚР  Қылмыстық 
кодексінің
 
Ерекше  бөлімінің  баптары  санкцияларында  белгіленген,  аталған 
қылмыстық  құқық  бұзушылыққа
 
қатысты  жауаптылықты  қарастыратын 
қосымша жазалар тағайындалуы мүмкін деген тұжырым болып табылады.
 
Бұл  ретте  В.
 
Попрастың  позициясы  басқаларға  қарағанда  жан
-
жақты 
негізделген  сыңайлы.  Ол  тек  заң  баптарының  санкцияларында 
қарастырылған  ғана  емес,  қарасты
-
рылмаған  қосымша  жазалар  да  қосылуы 
мүмкін деп тұжырымдайды.
 


151 
Бұл орайда мұндай мәміле барлық жағдайларда мүмкін еместігі жөнінде 
айта кету орынды болмақ. Осы жөнінде ҚР Жоғарғы Сотының түсініктемесі 
бар.  Онда  соттардың  назары  айыппұл,  мүлікін  тәркілеу  түріндегі  қосымша 
жаза  ҚР  Қылмыстық  кодексінде
 
сотталушы  айыпты  болып  танылған 
бабының санкциясы диспозициясы оны қосымша жаза ретінде қарастыратын 
жағдайда  ғана  тағайындалатындығына  аударылады.  Белгілі  бір  лауазымды 
атқару  немесе  белгілі  бір  қызметпен  айналысу  құқығынан  айыру,  арнаулы, 
әскери  немесе  құрметті  атағынан,  сыныптық  шенінен,  дипломатиялық 
дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру 
ретіндегі  қосымша  жазалар  ҚК  Ерекше  бөлімінің  қылмыстық  құқық 
бұзушылық
 
дәрежеленіп  отырған  бабында  жаза  ретінде  қарастырылмаса  да 
тағайындалуы  мүмкін.  Бұл  жағдайда  үкімнің  қорытынды  бөліміндегі 
қосымша  жаза  тағайындау  туралы  шешімде  тиісінше  ҚР  Қылмыстық 
кодексінің
 50 
бабына
 
сілтеме жасалуға тиіс. 
 
Қылмыстық  іс  жүргізу  заңнамаларындағы  өзгерістерге  байланысты 
кассациялық  немесе  қадағалау  сатысындағы  соттардың  егер  ол  үкіммен 
тағайындалмаса,  оның  ішінде  қылмыстық  заңның  оны  міндетті  түрде 
қолданылуын  көздейтін  бабына  дәрежелеу  кезінде  қосымша  жаза 
тағайындауға хақысы жоқ.
 
Тәжірибеде  негізгі  жазаны  сіңіру  қосымша  жазаны  да  міндетті  түрде 
сіңіруге  әкеліп  соға  ма,  жоқ  па 

осы  жөніндегі  мәселе  жиі  алдан  шығып 
жатады.  Біздің  ойымызша,  барлық  жағдайларда  сіңіріле  беруі  мүмкін  емес. 
Үкімнің  мақсаттарына  байланысты  соңғысын  жиынтық  бойынша 
тағайындалған  басқа  жазалармен  қосуға  болады.  Бұл  ретте  бұрынырақта 
айтылғандарға  қарама
-
қайшылық  жоқ,  біз  сөз  етіп  отырған  қосымша  жаза 
негізгі жазамен заңдық байланысын жоғалтпайды. Тек оны жиынтық жазада 
пайдалану  тәсілі  өзгереді.  Жиынтықты  бөлу  кезінде  жеке  қосымша  жаза 
өзара  байланысты  негізгі  жазамен  бірге  орындалады.  Мұндай  ұстаным  М.
 
Становский  мен  В.
 
Попрастың  зерттеулерінде  байқалады.  Олар: 
«
қосымша 
түпкілікті  жазаны  анықтау  қағидасы  негізгі  түпкілікті  жазаны  анықтау 
қағидасына тәуелді емес»
 
және 
«
қосымша жазалар негізгі жазаларға қатысты 
қандай қағида қолданылғанына қарамастан қосылуы немесе сіңірілуі мүмкін»
 
(122). 
Айтылғандардың  астарында  қосымша  жазаларды  негізгі  жазаларға 
қосуға мүмкіндік беретін ҚР Қылмыстық кодексінің 61
-
б
. 2-
бөлігінің ережесі 
еріксіз  таң  қалдырады.  Шындығында  негізгі  жаза  қосымша  жазаны  сіңіре 
немесе оған  қосыла алмайды, оның өзіндік дербес мәртебесі бар. Бұл ретте 
ҚР  Жоғарғы  Соты  Пленумының  түсініктемесіне  сәйкес,  ҚР  Қылмыстық 
кодексі
 61-6. 2-
бөлігінде көрсетілген жазалар дербес орындалуға тиіс.
 
Бул жөнінде заңның қосымша жазаны негізгі жазаға қосу турасындағы 
тиісті бабында да айта кеткен орынды болатын еді.
 
Бірнеше  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасаған  кезде  немесе  бірнеше 
үкім  бойынша  жаза  тағайындаған  кезде  жазаның  жеңілірек  қатаң  түрі 
ауырырақ жаза түріне айналуға тиіс деп есептейтін В.
 
Попрастың позициясы 
айрықша  назар  аударуға  түрарлық  болғанмен,  тіпті  де  дұрыс  емес. 
Анығында, бұл
 
ұстанымда жазаны ауыстырып жіберу қаупі бар.
 
Қосымша жазалар туралы мәселені қорытындылай отырып, мыналарды 
атап өтеміз:
 


152 
a.
 
Жекелеген  қосымша  жазалар  да  жекелеген  негізгі  жазалар 
түрғысындағы ережелер бойынша тағайындалады.
 
2.
 
Қосымша жазалар негізгі жазалармен қосылмайды,
 
жеке тағайындалады 
және  жеке  орындалады.
 
Қосу  қосылу
 
тәсілі  болып  табылмайды  және 
факультативтік  тәуелділікті
 
білдіреді.  Қосылған  қосымша  жазаны 
сотталушы негізгі жазадан бөлек өтейді, дегенмен онымен өзінің заңдық 
байланысы бойынша берік сабақтас.
 
3.
 
Түпкілікті  қосымша  жаза  үш  кезеңде  анықталады.  Әуелі  әрбір 
қылмыстық құқық бұзушылық
 
үшін қосымша жаза жеке тағайындалады 
да  негізгіге  қосылады,  содан  кейін  барып  қорытынды  жиынтық  жаза 
анықталады,  ақыр  аяғында  соңғысы  қорытынды  негізгі  жазаға 
қосылады.
 
4.
 
Жиынтық  қосымша  жаза  тағайындаған  кезде  үш  тәсілдің  бірі 
қолданылады 

жеңілірек  қатаң  жазаны  ауырырақ  қатаң  жазаға  сіңіру, 
оларды ішінара немесе толық қосу не жеке
-
жеке орындау.
 
5.
 
Жиынтық  қосымша  жаза  тағайындау  тәсілін  таңдау
 
негізгі  жазаларды 
қосу тәсіліне тәуелді емес.
 
Айтылғандарға қоса кету керек, қосылу нәтижесінде қосымша жазалар 
бір
-
біріне  сіңіріле  немесе  қосыла  отырып,  берік  сабақтасып,  бір  жүйеге 
айналады, сонымен бірге өзгеріссіз қалады және жеке орындалады, дегенмен 
бұл
 
ретте олардың барлығын  сот  жиынтық жаза  тағайындау  кезінде  есепке 
алады және бұл
 
үкім мәтінінде анық айшық
-
талуға тиіс.
 
Келтірілген  деректер  мен  дәйектердің  негізінде  ҚР  Қылмыстық 
кодексінің
 58-6. 5-
бөлігін төмендегідей редакцияда беруді ұсынамыз:
 
Қосымша  жазалар  жиынтықты  құрайтын  жекелеген  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтар
 
үшін  тағайындалуы  және  негізгі  жазаға  қосылуы  мүмкін. 
Жиынтық  бойынша
 
түпкілікті  қосымша  жаза  жеңілірек  қатаң  жазаны 
ауырырақ қатаң жазаға сіңіру,  ішінара немесе толық қосу не жеке орындау 
тәсілдерімен анықталады.
 
Түпкілікті қосымша жаза түпкілікті негізгі жазаға 
қосылады және жеке өтеледі.
 
Бұл
 
ретте түпкілікті қосымша жазаның мерзімі 
мен  мөлшері  осы  Кодекстің  Жалпы  бөлімінің  сол  жазалау  түрі  үшін 
белгіленген ең жоғары мерзімі мен мөлшерінен аспауы керек.
 
ҚР  Қылмыстық  кодексінің
  58-6. 6-
бөлігінде  жазылған  мәмілені 
(жазаларды есептеу туралы) қалай шешуге болатындығы жөніндегі мәселе де 
қызығушылық  тудырады.  Заң  осы  орайда  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтардың  жиынтығы  бойынша  жаза  тағайындаудың  жалпы 
ережелерімен  шектелуі  себепті  бұл
 
барыстағы  жұмысты  дербес  іс
-
әрекетке 
жеке
-
жеке жаза тағайындаудан бастау керек деп білеміз, содан кейін барып 
жеңілірек  қатаңды  ауырырақ  қатаң  жазамен  сіңіру  немесе  ішінара  немесе 
толық  қосу  тәсілімен  түпкілікті  жазаны  белгілеу  қажет.  Мәселен,  бірінші 
қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
үшін  бес  жыл  бас  бостандығынан  айыру 
тағайындалды,  оның  үш  жылы  толық  өтелді.  Екінші  қылмыстық  құқық 
бұзушылық
 
үшін  жеті  жыл  бас  бостандығынан  айыру  тағайындалды. 
Жеңілірек қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сіңіру жолымен
 
жеті жыл бас 
бостандығынан  айыруға  түпкілікті  жаза  тағайындалды,  оның  үш  жылы 
нақтылы  өтелген  ретінде  есепке  алынды.  Осыған  қарап  біз  ҚР  Қылмыстық 
кодексінің
  58-6. 6-
бөлігі  бойынша  жаза  тағайындау  үш  кезеңмен  жүзеге 
асырылатынын  көреміз 

ең  соңғы  ашылған
 
қылмыстық  құқық  бұзушылық 


153 
үшін жаза тағайындау; бірінші қылмыстық құқық бұзушылық және жаңадан 
шығарылған үкімді есепке ала отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтардың 
жиынтығы бойынша түпкілікті жазаны анықтау; бірінші үкім бойынша толық 
немесе ішінара өтелген жазаны жаза мерзіміне есептеуді жүзеге асыру.
 
Бірінші  кезең  бойынша  бізді  қызықтыратын  ешқандай  проблеманың 
жоқтығын  алдыға  тарта  отырып,  екінші  және  үшінші  кезеңнің 
ерекшеліктеріне назар аударғымыз келеді. Жиынтық жазаны анықтау кезінде 
сот бұрынырақта
 
анықталған
 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың
 
көптігі жағдайында жаза тағайындау 
мән
-
жайлармен қатар олардың көптігі факторын ерекшелей отырып жаңадан 
пайда болған мән
-
жайларды есепке алады және оның коэфициентіне сәйкес 
қылмыстық  жауаптылықты  күшейту  немесе  ондайдан  бас  тарту  жөніндегі 
мәселені  шешеді.  Бұл
 
ретте  ол  жиынтық  жаза  тағайындаудың  қатардағы 
тәсілдерін  қолданады 

толық  немесе  ішінара  қосу  немесе  сіңіру.  Сонымен 
қатар  айта  кету  керек,  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Сотының 
Пленумының  қаулысына  сәйкес,
 
соттар  ҚР  Қылмыстық  кодексінің
  58-
б
. 6-
бөлігін  қолдану  кезінде  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың  жиынтығы 
бойынша  түпкілікті  жаза  бірінші  үкім  бойынша  тағайындалған  жазадан 
төмен  болмауға  тиіс,  өйткені  мұндай  жағдайларда  жазаларды  қосу  немесе 
сіңіру  кезінде
 
бірінші  үкім  бойынша  тағайындалған  жазаның  өтелмеген 
бөлігінен  емес,  жалпы  мөлшерінен  шығу  керек.  Сонымен  қоса,  егер  үкім 
шығарылғаннан  кейін  сотталушының  басқа  қылмыстарға  қатысты  екені 
анықталса, оның бірі үкім шығарылғанға дейін, екіншісі үкім шығарылғаннан 
кейін жасалған болса, екінші үкім бойынша жаза   ҚР Қылмыстық кодексінің
 
58  және  60
-
баптарын  қатар  қолданумен  анықталады:  әуелі  бірінші  үкім 
шығарылғанға  дейін  жасалған  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың 
жиынтығы  бойынша  жаза  анықталады,  содан  кейін  ҚР  Қылмыстық 
кодексінің
 58-
б
. 6-
бөлігінің ережелері қолданылады, содан кейін бірінші үкім 
шығарылғаннан  кейін  жасалған  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың 
жиынтығы  бойынша  жазалар  анықталады  және  түпкілікті  жаза  үкімдердің 
жиынтығы бойынша анықталады.
 
Қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
жиынтығы  бойынша  жаза 
тағайындаудың  үшінші  кезеңінде  түрлі  үкімдермен  соттау  кезінде  сот 
жауаптылықты  күшейтуге  ықпал  ететін  факторларға  көңіл  аудармайды. 
Жасалған  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың 
 
сипатына,  қоғамдық 
қауіптілігіне, сондай
-
ақ айыпкердің жеке басының, оның сотталғанға дейінгі 
және сотталғаннан кейінгі мінез
-
құлықтарының ерекшеліктеріне қарамастан 
жазаның  түпкілікті  мерзіміне  бірінші  үкім  бойынша  өтелген  жаза 
есептелінеді. Бұл
 
жерде ол бөлініп емес, толықтай есепке алынады.
 
Бір  немесе  бірнеше  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
үшін  сотталғаннан 
кейін  айыпты  адам  қылмыстық  сол  құрамы  белгілерін  қамтитын,  ұқсас 
әрекеттер  жасағаны  немесе  бастапқы  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
жекелеген  эпизодтары  белгісіз  болып  қалғаны  анықталған  жағдайындағы 
ситуация да проблемалы болып келеді.
 
Бұл  жағдайда  В.И.
 
Малыхин  жаңадан  ашылған  мән
-
жайлар  бойынша 
үкімді  алып  тастап,  сотта  жаңадан  талқылау  кезінде  барлық  жаңа 
мәліметтерді ескеру керек дейді. Бірінші үкімнің күшін жою, оның пікірінше, 
айыптаудың
 
жаңадан  табылған  эпизоды  үлкен  қоғамдық  қауіптілікті 


154 
білдірмейтін,  сондықтан  да  ол  жөніндегі  мәселе  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтардың
 
жиынтығы  бойынша  шешілуі  мүмкін  болатын 
жағдайларда  ғана  талап  етілмейді.  Дәйек  ретінде  ол  барынша  айқын,  бірақ 
біздің ойымызша, сондай дәлелді емес мысал келтіреді
: «1941-
1945 жылдары 
неміс
-
фашист  басқыншыларының  армиясында  қызмет  еткендігі  үшін 
сотталған  (бұдан  басқа  олар  турасында  ештеңе  белгісіз  болатын)  Отанға 
опасыздық  жасағандар  жөніндегі  іс  бойынша,  кейіннен  жазаларын  өтеу 
кезінде  не  одан  соң,  олардың  тек  жау  жағында  соғысқаны  емес,  сондай
-
ақ 
кеңес адамдарын өлтіру мен азаптау актілеріне тікелей қатысқаны, басқаша 
айтқанда  ҚР  Қылмыстық  кодексінде
 
Отанға  опасыздық  жасағаны  үшін 
көзделген, алдында сол үшін сотталған нормасында көзделген қылмыстарды 
жасағаны  анықталғаннан  кейінгі  орын  алған  мәселе  тұрғысында.  Бірінші 
үкімнің  жаңадан  ашылған  мән
-
жайларға  байланысты  күші,  жойылды, 
жаңадан  тергеу  кезінде  айыпталушыға  қылмыстық  іс
-
әрекеттің  барлық 
эпизодтары таңылды (оның ішінде ол сол үшін бірінші үкіммен сотталғандар 
да  бар),  барлық  жасалған  іс
-
әрекет  Отанға  опасыздық  жасағаны  үшін 
жауаптылық  туралы  бір  бап  бойынша  бір  рет  дәрежеленді  және  олар 
бойынша жаза бір рет тағайындалды. Жазалау мерзіміне бас бостандығынан 
айыру орындарында бірінші үкім бойынша өтелген уақыт қосып есептелінді»
 
(123). 
Біздің  ойымызша,  соттар  бұл  жағдайда  мынадай  мәмілені  басты  бағыт 
етіп  алуы  керек 

өзгерген  айыптың  көлемі  қан
-
шалықты  маңызды  және 
соның салдарынан сотталушының жағдайы төмендей ме, жоқ па. Қылмыстық 
процестік
 
кодексінің  үкімдердің  күшін  жоюдың  және  өзгертудің  негіздерін 
қарастыратын  ережелерін  де  әрдайым  есте  ұстау  қажет,  олардың  негізінде 
мынадай қағида жатады 

үкімнің
 
күшін жою материалдық және іс жүргізу 
құқықтарының елеулі түрде бұзылуы жағдайында, оның ішінде айып көлемін 
айыпталушының  позициясын  төмендету  жағына  қарай  өзгерту  қажеттігі 
кезінде  жол  беріледі.  Сөз  жоқ,  қылмыстық  құқық  бұзушылықты  қайтадан 
дәрежелеуге  әкеп  соғатын  қосымша  эпизодтар  және  ұқсас  іс
-
әрекеттер 
бірінші  үкімнің  күшін  жойғаннан  кейін  бастапқы  мән
-
жайлармен  бірге 
қарастырылуы  керек.  Қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
қайтадан 
дәрежелеуге әкеп соқпайтын қосымша эпизодтар мен ұқсас іс
-
әрекеттер жаңа 
үкім  шығарылған  кезде  ескерілуі  мүмкін.  Бұл  жағдайда  олар  үшін  жаза 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
жиынтығы  ережелері  бойынша 
тағайындалуы керек.
 
Айтылғандарды  қорытындылай  келіп,  жазаларды  тағайындауды 
реттейтін заңнамалардың тілдің тазалығы, нақтылығы және тұжырымдардың 
дәлдігі  тұрғысында  да,  логикалық  негізделінуі  тұрғысында  да 
жетілдірілмегеніне,  әлі  де  ақсап  жатқанына  айрықша  назар  аударамыз. 
Сөзімізге  дәлел,  мысал  ретінде  «егер  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
жиынтығында  осы  Кодексте  жиырма  жылға  дейінгі  мерзімге  бас 
бостандығынан айыру немесе өлім жазасы не өмір бойы бас бостандығынан 
айыру көзделген, ең болмағанда бір аса ауыр қылмыс
 
қамтылатын болса...
» 
тікелей  өлім  жазасын,  өмір  бойы  бас  бостандығынан  айыруды  немесе 
жиырма  жылға  дейінгі  мерзімге  бас  бостандығынан  айыруды  тағайындауға 
тыйым  салуды  қарастыратын  ҚР  Қылмыстық  кодексінің
  58-6. 4-
бөлігінің 
диспозициясын алып қарауды ұсынамыз.
 


155 
Айтылған пікірлердің, келтірілген дерек
-
дәйектердің негізінде Қазақстан 
Республикасы  Қылмыстық  кодексінің  58
-
бабын  мынадай  редакцияда  түзуді 
ұсынамыз.
 
58-
бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша жаза 
тағайындау
 
1.  Қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
жиынтығы  кезінде  жаза  екі 
кезеңде:  әуелі  әрбір  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
үшін  жеке,  содан  соң 
барлық жиынтық бойынша дербес тағайындалады. Түпкілікті жаза жеңілірек 
қатаң  жазаны  ауырырақ  қатаң  жазаға  сіңіру,  барлық  жазаларды  ішінара 
немесе толық қосу жолымен тағайындалады.
 
2.  Түпкілікті  жазаны  анықтаудың  тәсілін  таңдау  кезінде  сот 
жиынтықтағы әрбір қылмыстық орны мен рөліне, адамның жаңа қылмыстық 
құқық бұзушылық
 
жасауына итермелеген мән
-
жайларға, бірнеше қылмыстық 
құқық  бұзушылық
 
жасауға  алдын  ала  ойластырылған  ниет
-
пиғылының, 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
көптігі  факторының  барлығын 
көрсететін және басқа мән
-
жайларға назар аудара отырып, қылмыстық құқық 
бұзушылықта жауаптылықты
 
күшейтудің қажеттігін анықтайды. Егер барлық 
жиынтық  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар
 
үшін  жаза  түрлері  мен  көлемі 
бірдей  болса,  оларды  бір
-
біріне  сіңіруге  жаза  қылмыстық  кодекстің  тиісті 
баптары  санкцияларының  ең  жоғары  мөлшерінен  аспай  тағайындалған 
жағдайда ғана жол беріледі.
 
3. 
Түпкілікті  жиынтық  жазаның  мерзімі  мен  мөлшері  мынадай  шектен 
аспауы керек:
 
а)
 
егер  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың  барлығы  кішігірім 
ауырлықтағы  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар  болып  табылса,  аса  ауыр 
қылмыс үшін белгіленгенең жоғары мерзім немесе мөлшерден;
 
ә)  егер  жиынтықтағы  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
ең 
болмағанда  біреуі  орташа  ауырлықтағы  немеса  ауыр  қылмыстық  құқық 
бұзушылық
 
болып табылса, жиырма жыл бас бостандығынан айырудан;
 
б)
 
егер  жиынтықтағы  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың  ең 
болмағанда  біреуі
 
аса  ауыр  қылмыс  болып  табылса  жиырма  бес  жыл  бас
 
бостандығынан айырудан.
 
4.
 
Егер  бір  немесе  жиынтықты  құрайтын  бірнеше  қылмыстық  құқық 
бұзушылық
 
үшін  өлім  жазасы  немесе өмір  бойы бас  бостандығынан  айыру 
тағайындалған  болса,  бұл  жаза  жиынтықтағы  басқа  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтар  үшін  тағайындалған  неғұрлым  жеңіл  жазалардың  барлығын 
өзіне сіңіріп алады.
 
5.
 
Қосымша жазалар жиынтықты құрайтын жекелеген қылмыстық құқық 
бұзушылықтар 
 
үшін  тағайындалуы  мүмкін  және  негізгі  жазаға  қосылады. 
Жиынтық  бойынша  түпкілікті  қосымша  жаза  неғұрлым  жеңілірек  қатаң 
жазаны  ауырырақ  қатаң  жазаға  сіңіру,  ішінара  немесе  толық  қосу  не  жеке 
орындау  жолдарымен  анықталады.  Түпкілікті  қосымша  жаза  түпкілікті 
негізгі жазаға қосылады және жеке өтеледі. Бұл орайда түпкілікті қосымша 
жазаның мерзімі мен мөлшері осы Кодекстің Жалпы бөлімінің сол жазалау 
түрі  үшін  белгіленген  ең  жоғары  мерзімінен  немесе  мөлшерінен  аспауы 
керек.
 
6.
 
Егер  сотталған  адамның  ісі  бойынша  сот  үкім  шығарғаннан  кейін 
оның  бірінші  іс  бойынша  үкім  шығарылғанға  дейін  жасаған  басқа  бір 


156 
қылмыстық  құқық  бұзушылыққа
 
айыпты  екені  анықталса,  жаза  тағайындау 
нақ  сол  ережелермен  тағайындалады.  Бұл  жағдайда  соттың  бірінші  үкімі 
бойынша өтелген жаза толықтай түпкілікті жазалау мерзіміне есептеледі.
 

жүктеу 1,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау