1 Жаза тайынду институтының қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері



жүктеу 1,61 Mb.
Pdf просмотр
бет55/82
Дата26.03.2022
өлшемі1,61 Mb.
#37927
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   82
Binazarov KR Kilmistik atkaru ОҚУЛЫҚ

Біріншісіне 
жас  қылмыскерлердің  ерекше  ерекшеліктерін  сипаттайтын
 
жағдайларды жатқызуға болады:
 
а) жасалған қылмыстық сипаты мен қоғамға қауіптілік
 
дәрежесі;
 
ә) қылмыскердің жас шамасының ерекшеліктері;
 
б)
 
қылмыскер тұлғасының психологиялық ерекшеліктері;
 
в) қылмыскердің қылмыстық мотивациясының ерекшеліктері.
 


119 
Ал 
екінші  топқа 
жалпыға  бірдей 
– 
басқа  да  қылмыскерлерге  қатысты 
жағдайларды  жатқызған  жөн.  Олар:  қылмыстық  жауаптылық  пен  жазаны 
жеңілдететін және ауырлататын мән
-
жайлар»

Н.А.
 
Колоколовтың 
заңда 
жасөспірімдер 
үшін 
жан
-
жақты 
ойластырылған  жазалау  жүйесін  қарастыру  қажеттігі,  олар  үшін 
санкциялардың  «баламасыздығы»
 
жағдайын  алып  тастау,  жазаның  шартты 
шараларын  қолдану  кезінде  оларды  тәрбиелеу  жағдайына  және  тәрбиелену 
ортасының  ерекшеліктеріне  баса  көңіл  аудару  қажеттігі  жөніндегі  пікірін 
біздіңше, қолдау,
 
қуаттау керек. Соңғы жағдайда ол 
«
қалыпты отбасылардан 
шыққан  жасөспірімдер  үшін
» 
тек  түрлі  ықпалды  шектеулермен  шектеуді 
(демалыс, т.б.). ал 
«
ата
-
аналары сот
 
үшін сенім тудырмайтын балалар»
 
үшін 
сынақ мерзімін өтеу үшін орналастырылуы мүмкін интернат, балалар үйлері 
жүйесін қарастыру қажеттігін»
 
алға тартады.
 
Автордың кәмелетке толмағандарға қатысты
 
ҚР Қылмыстық кодексінің
 
баптарының  қылмыстық
-
құқықтық  санкцияларына  шектеулер  енгізудің 
маңыздылығы  жөніндегі  ұсынысы  дер  кезінде  айтылған  ой
-
толғам  сияқты 
көрінеді. Мәселен, олар үшін жазалардың ең төменгі шегін қалыпты шектен 
екі жарым есеге төмендету. Біздіңше, тіпті Швеция еліндегі сияқты, соттарға 
кәмелетке  толмағандарға  қылмыстық
-
құқықтық  ықпал  ету  шараларын 
таңдауда  барынша  дербестік,  еркіндік  беруге  де  болатын  сияқты.  Яғни, 
«
Фемида бұғауынан босатып
»
, соттарды заңның қатал шеңберімен шектемеу 
қажет.
 
Осы жерде біз бір толғақты мәселені алға тартып, айтып кетсек дейміз.
 
Қазақстанның  егемен  мемлекет  қүру  жолына  түруы  дипломатиялық, 
экономикалық  және  әлеуметтік
-
мәдени  байланыстардың  нығаюына  және 
жаңа  халықаралық  құқықтық  кеңістікке  кіру  мәселесін  айқындап  алуына 
әкелді.  Сондай
-
ақ,  ішкі  қиындықтарға,  шектеулі  ресурстарға  қарамастан, 
көлеңкелі  факторлардың  ықпалынан  өсіп  келе  жатқан  ұрпақты  қорғауды 
және  жас  буынды  өркендетуді  мақсат  ететін  халықаралық  құқықтық 
құжаттарға Қазақстанның қосылуына қажеттілік туындап отыр.
 
Қазақстандағы  әлеуметтік
-
экономикалық  және  саяси  мәселелер  балалар 
мен  жастарға  байланысты  туындайтын  мәселелерді  көп  ретте  ескерусіз 
қалдыруда.
 
Қазіргі уақытта біздің мемлекетіміздегі 15
-
29 жас аралығындағы 
азаматтардың саны халықтың жалпы санының 25,7 пайызын құрайпы. Соның 
нәтижесінде  Қазақстан  Республикасында  кәмелеттік  жасқа  толмағандардың 
қылмыстылық деңгейі артуда. Статистикалық деректерге сүйенсек, 1996 ж. 
– 
5667 кәмелеттік жасқа толмағандар, 1997 ж. 
– 
5669, 1998 ж. 

 
6137, 1999ж. 
– 
4542, 2000 – 
5393 кәмелеттік жасқа толмағандар сотталған екен.
 
Кәмелеттік  жасқа  толмағандардың  қылмыстылық  деңгейін  төмендету, 
жастарға  құқықтық  көмек  көрсету  мақсатында  мемлекет  тарапынан  сан 
салалы  жұмыстар  жүргізілуде.  Жүргізілген  зерттеулер  бойынша 
қылмыстанушылар,  деликтолог  пен  психологтар  балаларды  қорғаумен 
шұғылданатын арнайы ұйым құруды алға тартады (Ювеналдық сот).
 
Ювеналдық  юстиция  өз  бастауын 
XVIII 
ғасырдан  алады.  Бірақ,  оның 
құрылымы  ретінде  қарастырылып  келген  ювеналдық  сотты  құру  жөніндегі 
шара тек 1909 ж. Санкт
-
Петербургтық қалалық Дума мәжілісінің шешімімен 
жүзеге асты.
 


120 
Бірінші  дүние
 
жүзілік  соғыстың  басталуы  бұл  жүйенің  құлдырауына 
әкеліп  соқты.  1935  ж.  кәмелеттік  жасқа  толмағандар  істері  бойынша  алқа 
құрылып,  12  жасқа  толған  балаларға  ересектерге  қолданылатын  жаза 
шаралары  көзделді.  Қазіргі  уақытта  Ресей  мен  ТМД  елдерінде  1935  ж. 
қарастырылған  ювеналдық  жүйе  өзгешеленіп  қолданылады.  Балалар  12 
жастан  емес,  14  жастан  қылмыстық  жазаға  тартылып,  оларға  қылмыстық 
жазаның  аса  ауыр  түрі 
– 
өлім  жазасы  қолданылмайды.  Басқа  жағдайларда 
кәмелеттік  жасқа  толғандарды  жазалау  бұрынғы  тәртіппен  жүзеге  асуда. 
ТМД  елдерінде,  соның  ішінде  Қазақстан  Республикасында
 
ювеналдық 
юстицияны құру, басты әрі маңызды мақсат болып отыр.
 
ҚР  Президентінің 
«
Сот  жүйесі
 
және  соттар  мәртебелері  туралы»
 
Конституциялық  заң  күші  бар  Жарлығына  сәйкес  Қазақстанда 
мамандандырылған  сот  ретінде  кәмелеттік  жасқа  толмағандардың  істері
 
бойынша  сот  құрылуы  мүмкін.  Бұл  мамандандырылған  соттар  аудандық 
(қалалық) соттар мәртебелеріне ие болуы тиіс.
 
Ювеналдық соттарды құрудың мынадай өміршең мұраттары бар:
 
1.
 
Балалар  мен  кәмелеттік  жасқа  толмағандардың  құқықтары  мен 
мүдделерінің құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету;
 
2.
 
Істерді қарауда арнайы ережелердің қолданылуы;
 
3.
 
Құқық бұзушы тараптың ерекшелігін және құқық бұзушылық жағдайды 
есепке ала отырып, мемлекеттік ықпал ету шараларына тарту;
 
4.
 
Құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал ету.
 
Ювеналдық  сот  кәмелеттік
 
жасқа  толмағандардың  қалыптасып 
үлгермеген  қарым
-
қабілеттерін  ескере  отырып,  кәмелеттік  жасқа  толмаған 
тұлғаның дамуына және оған құқықтық көмек қажет болған жағдайда ықылас 
көрсетуі тиіс. Қазіргі уақытта ювеналдық сот АҚШ
-
тың барлық штаттарында 
қолданылады.
 

жүктеу 1,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау