3.5.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың қайталануы жағдайында
жаза тағайындау
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың
қайталануы жағдайында жаза
тағайындау қылмыстық құқық бұзушылықтардың
қайталануы мен оның
түрлерін белгілейтін ҚР Қылмыстық кодексінің
14-
бабымен және
қылмыстың қайталануы жағдайындағы жауаптылық негізі мен шекті
мөлшерлерін ашып көрсететін ҚР ҚК 59
-
бабымен реттеледі.
Қылмыстардың қайталануының әлеуметтік маңызы рецидивистің жеке
басының қоғамдық қауіптілігі дәрежесінің оның салт
-
санасында тұрақты
қалыптасқан, жаңа қылмыс жасауға итермелейтін қоғамға жат мінез
-
құлықтардың болуына байланысты өсуімен түсіндіріледі, бұл мән
-
жағдай өз
кезегінде ҚР Қылмыстық кодексінің
52-
бабында көзделген мақсаттарға
жетудің алғы шарты есепті оған барынша қатаң жаза тағайындауды
негіздейді.
Қылмыстық қайталануының құқықтық маңызы ең алды
-
мен ҚР
Қылмыстық кодексінің
54-
б
. «1»
тармағының негізінде жазаны ауырлататын
мән
-
жай болып табылатындығымен айқындалады. Екіншіден, ҚР
Қылмыстық кодексінің
бірқатар баптарында өзара ұқсас қылмыстық құқық
бұзушылықтарды
кәнігі қылмыскердің жасауы, адамның бұрынғы соттылығы
121
іс
-
әрекеттің қоғамдық қауіптілік дәрежесін арттырмайтындығына
қарамастан, қылмыстық құқық бұзушылық
құрамының дәрежелеуші
белгілері болып табылады. ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 25
мамырдағы N1 «Қайталанушы қылмыстар туралы қылмыстық істерді
соттардың қарау тәжірибесі туралы»
Қаулысында
«
бұрынғы соттылығы,
бұрынырақта тағайындалған және нақтылы өтелген жазалар туралы, жазасын
өтеуден босату негіздері туралы мәліметтерді тыңғылықты және жан
-
жақты
тексеру, сондай
-
ақ сотталушының жеке басы туралы басқа да мәліметтерді
анықтау
»
қажеттігіне баса назар аударылған.
Сот тәжірибесі қашанда қайталап қылмыстық құқық бұзушылықты
жасаушылардың жауаптылығын күшейту жолында болды. Айталық,
жоғарыда аталған Қаулыда: «бұрынырақта сотты болған адамдарға жаза
тағайындау туралы мәселені шешу кезінде соттар табанды түрде түзелу
жолына түскісі келмейтін және ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтар
жасаған кәнігі қылмыскерлерге қатысты негізгіз жеңіл жаза шараларын
қолдану жағдайларына жол бермей отырып, жазаны жеке даралау туралы заң
талаптарын басшылыққа алуға тиіс»
, -
деп атап көрсетілген.
Қайталанушы қылмыстық құқық бұзушылықтар
үшін жауаптылықты
күшейту қажеттілігіне әлеуметтік ахуалдың лепті ықпалы болып отыр.
Мәселен, Д.А.
Лидің мәліметтері бойынша, әлемдік деңгейде тіркелген
қылмыскерлердің жалпы санының 100 пайызынан алып қарайтын болсақ,
кәнігі қылмыскерлердің ортақ үлесі осының 25 пайызынан асып түседі
(100).
Қазақстан Республикасында бұл үлес 28 пайыздан 33 пайызға дейінгі
аралықты құрайды. Бұл ретте кәнігі қылмыскерлер, әдетте, жаңа, ауыр
қылмыстық құқық бұзушылықтар
жасай отырып, қылмыстық іс
-
әрекетке
басқа адамдарды тартады, кәмелетке
толмағандарға және ересек азаматтарға
теріс ықпал етеді, қоғамдық ахуалды бұзады, т.б.. Аталған және басқа да мән
-
жайлар қылмыстық қайталануы жағдайында жаза тағайындау туралы
мәселені барынша талдап, жан
-
жақты реттеу қажеттігін алдыға тартты. Бұл
мәселелерді шешудің алғы шарты ҚР Қылмыстық кодексте «Қылмыстардың
қайталануы»
деп аталатын 13
-
бабының ережелері болып табылады.
Аталған норманың негізінде қылмыстық құқық бұзушылықтардың
қайталануы үш түрге бөлінеді:
1.
1.Жай(13
-
б. 1
-6);
2.
Қауіпті (13
-6. 2-6.);
3.
Аса қауіпті (13
-
6. З
-
б).
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың
қайталануын жай, қауіпті және
аса қауіпті деп бөлудің заңдық маңызы ҚР Қылмыстық кодексінің
59-
бабының негізінде
қылмыстық құқық бұзушылықтардың
қайталануының кез
келген жағдайында жазаның мерзімі мен мөлшері жасалған қылмыстық
құқық бұзушылық
үшін көзделген ең қатаң жаза түрінің ең жоғары
мерзімінен төмен болмауы қажеттігімен айқындалады. ҚР Қылмыстық
кодексінің
60-
б
. 1-
бөлігіне сәйкес сот жаза тағайындау кезінде бұрын
жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың
саны, сипаты және қоғамдық
қауіптілік дәрежесі, оның алдындағы жазаның түзетушілік ықпалының
жеткіліксіздігіне себеп болған мән
-
жайларды, сондай
-
ақ жаңадан жасалған
қылмыстық
құқық бұзушылықтың
сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін
ескеруге міндетті.
122
Сонымен қатар
ҚР Қылмыстық кодексінің
52-
б
. 3-
бөлігі соттарды жаза
тағайындау кезінде қылмыстық
құқық бұзушылық
сипаты мен қоғамдық
қауіптілік дәрежесін, айыпкердің жеке басын, сонымен бірге оның
қылмыстық құқық бұзушылық
жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез
-
құлқын, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән
-
жайларды, сондай
-
ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне
және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік
жағдайына ықпалын ескеруге міндеттейді. Заңның бұл
талаптары жасалған
қылмыстар және айыпты кәнігі қылмыскердің жеке басы туралы барлық
мәліметтерді есепке ала отырып, жазаны жеке даралауға мүмкіндік береді.
Соттың сотталушының жеке басын оқып
-
зерттеуінің жалпы мақсаты
қылмыстық құқық бұзушылықтарды
қайталап жасаушыға қатысты өзіндік
мән
-
мазмұнға ие болады. Сот ең алдымен, қылмыстық құқық бұзушылықтың
қайталануы айыпкердің өте жоғары қоғамдық қауіптілік дәрежесінің
көрсеткіші болып табыла ма, жоқ па, осыны анықтап алуға
тиіс. Қылмыстық
құқық
бұзушылықтардың
қайталануы, әдетте, айыпкердің қоғамға қарсы
көзқарастары және мінез
-
құлықтарының өте тұрақтылығын білдіреді. Бұл
қылмыстық жауаптылықтың мақсаттарына жетуді барынша қиындатады,
және сондықтан да кәнігі қылмыскерлерге (қайталап қылмыс жасаушыларға)
барынша қатаң жазалау шараларын қолдануды талап етеді. Белгілі бір топқа
жататын кәнігі қылмыскердің қоғамдық қауіптілік дәрежесі (қылмыстық
құқық бұзушылықтардың
қайталануы, қауіпті қайталануы және аса қауіпті
қайталануы), әлбетте, бірдей емес. Әрбір кәнігі қылмыскердің қоғамдық
қауіптілігінің ерекшеліктерін есепке алу соттың айыпкерлерге әділ жаза
тағайындауына көп көмек етеді.
Кәнігі қылмыскердің жеке басының қоғамдық қауіптілігін ең алдымен
оның жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарының
,
жаза тағайындалып
отырған және бұрын сотты болған қылмыстық үдесінен шыға отырып
бағалау қажет. Сот кәнігі қылмыскердің бұрынғы соттылықтары туралы
мәліметтерді оқып
-
білуге міндетті, бұл
ретте ол соттылықты, жазаны өтеуді,
жазадан босатуды, т.б. сипаттайтын үкімдердің және басқа да құжаттардың
көшірмелерін пайдалануға тиіс. Бұрынырақта шығарылған үкімдермен және
басқа да соттық және іс жүргізу құжаттарында айшықталған нақтылы
мәліметтерді
сот дәлелденген, процеске қатысушылардың даулауына
жатпайтын мәмілелер ретінде қабылдайды. Сот, дегенмен, бұрынғы
үкімдерде және басқа құжаттарда айыпкердің жеке басына қатысты берілген
бағапайымдарға тәуелді емес, оған ең бірінші себеп
-
аталған баға
айыпкердің жеке басының қоғамдық қауіптілігінің артып келе жатқандығын
көрсететін, қылмыстардың қайталануына дейін берілген.
Айыпкердің жеке басының қоғамдық қауіптілігін бағалауға оның
жасаған қылмысы ғана емес, сондай
-
ақ оның жеке басын сипаттайтын басқа
да
қосымша мәліметтер ықпал етеді, мәселен, жас шамасы, жасалған
қылмыстық құқық бұзушылыққа
қарым
-
қатысы, еңбекке қатысы, отбасылық
жағдайы, денсаулық жағдайы және т.с.с.
Істің сот есепке алатын жеңілдететін (ҚР ҚК 53
-
б.) және ауырлататын
(ҚР ҚК 54
-
б.) мән
-
жайлары өзінің мазмұны бойынша жасалған іс
-
әрекеттің
немесе айыпкердің жеке басының қоғамдық қауіптілігін сипаттайды.
Сонымен қоса, ауырлататын мән
-
жайлардың көпшілігі Қылмыстық кодекстің
123
Ерекше бөлімінің баптарында қылмыстық құқық бұзушылық
белгілерін
дәрежелеуші мәмілелер ретінде айшық тапқан, заң осыдан келіп
санкцияларды күшейтеді. Бұл
мән
-
жай кей жағдайларда белгілерді
дәрежелейтін мәліметтерді ауырлататын мән
-
жайлар ретінде ескеруді жоққа
шығармайды, өйткені мұндай белгілердің мазмұны әр түрлі болып келуі
мүмкін, соған сай, жазалау шарасына да түрлі дәрежеде ықпал етеді.
Кәнігі
қылмыскердің жеке басын сипаттайтын көптеген мән
-
жайларды
сот бірінші үкім шығарған кезде есепке алған (жас шамасы, еңбек өтілі,
денсаулық жағдайы, отбасылық
жағдайы, бұрынғы сіңірген қызметі, т.б.).
Бұл, дегенмен, қылмыстық құқық бұзушылықтардың
қайталануы
жағдайында жаза тағайындаған кезде қайтадан есепке алу қажеттігін жоққа
шығармайды. Бірақ келтірілген мән
-
жайлардың үлес салмағы қылмыстық
құқық бұзушылықтың қайталануы себепті өзгерістерге ұшырауы мүмкін.
Айталық, кәнігі қылмыскердің бұрынғы сіңірген еңбектерінің, оның
кәмелетке толмаған балаларының немесе басқа да қарауындағы адамдардың
болуы, денсаулығының ауру
-
сырқау күйінің жеңілдететін ықпалы
қылмыстық құқық бұзушылықтың
қайталануы фактісімен жоққа шығады.
Өйткені, қылмыстық құқық бұзушылықтың
қайталануы аталған мән
-
жайлардың кәнігі қылмыскердің түзелуіне және жаңа қылмыстық құқық
бұзушылықтың алдын алуға ықпал етпегендігін, етпейтіндігін көрсетеді.
Өге кері кеткен, теріс емір салтын ұстанатын кәнігі қылмыскерлер
эгоизммен, қоғамның, басқалардың есебінен өмір сүруге ұмтылатындығымен
сипатталады. Осының әсерімен олар түзелу жолына түскен сотталушыларға
да дұрыс қарамайды, тіпті оларды кемсітуге, қорлауға дейін барады: ұрып
-
соғады, арнамысына
тиеді, т.б. әрекеттер істейді.
Кәнігі қылмыскерлердің ішінде өзінің сотталғандар арасындағы
үстемдігін көрсетуге, оларды өзінің еркіне бағындыруға, өзінің ой
-
жоспарын
орындаудың құралы ретінде пайдалануға ұмтылатындары да кездеседі.
Зорлық
-
зомбылыққа ұмтылу, өзін қоршаған кез келген адамдар тобына күш
көрсету және алдау
-
арбау жолымен үстемдік етуді көксеу
-
аталған
қылмыскер психологиясының ерекше бір белгісі болып табылады.
Кәнігі қылмыскерлердің мынадай да психологиялық
ерекшелігі өзіне
еріксіз назар аудартады: олардың тағайындалған жазаға деген көзқарасы да,
әдетте, ерекше болып келеді. Олардың көпшілігінің пікірі бойынша, өтелген
немесе өтеліп жатқан жаза
-
бар болғаны жасалған қылмыс үшін есеп
айырысу ғана. Түзеу мекемесінен босатылғаннан кейін бастау алатын жаңа,
болашақ өмір үшін, қылмыстық жазаның, олардың көпшілігі ойлайтындай,
ешқандай маңызы жоқ.
Кәнігі қылмыскерлердің ішінде кездескен қиыншылықтарға қарамастан
ойға алған мақсатына қайтсе де жетпей қоймайтын көзсіз тәуекелшілері де
жиі кездеседі. Олардың арасында сондай
-
ақ барынша шешімді
сыбайластарының ықпалына жылдам еріп кететін ерік
-
жігері төмен адамдар
да
бар. Барлықдерлік кәнігі қылмыскерлерге тән болып келетін спирттік
ішімдіктерге және есірткі заттарына деген шамадан тыс бейімділік көпшілік
жағдайда, осы мінез
-
құлықтың әлсіздігімен түсіндіріледі.
Жоғарыда сөз болған психологиялық сипаттар кәнігі қылмыскерлердің
бәріне ортақ, дегенмен барлық реттерде толық көлемде емес, сондай
-
ақ
олардың көрініс табу дәрежесі де барлық реттерде бірдей емес. Бір кәнігі
124
қылмыскерлер үшін аталған сипаттардың бәрі тән болып келсе, басқа
біреулері үшін бірқатары ғана тән болады. Кәнігі қылмыскерлердің жеке
басының қоғамға қарсы бағытталуының тұрақтылығы да әрқилы, содан келіп
жаза қолдануды жеке даралау қажеттігі туындайды.
Осы талапты ескере отырып бас бостандығынан айыру
орындарында
ұсталушы кәнігі қылмыскерлер арасында мынадай топтарды ерекшелеген
жөн болар еді:
а)
жеке меншікке қол сұққаны үшін
жазасын өтеп жатқандар;
ә)
бұзақылық үшін жазасын өтеп жатқандар;
б)
адамның жеке басына қол сұққаны үшін жазасын өтеп
жатқандар.
Меншік түрлеріне ұрлық, тонау, т.б. түрде қол сұғушылар кәнігі
қылмыскерлердің басым бөлігін құрайды. Олар өздерінің материалдық
қажетін қанағаттандыру жолында ештеңеге қарамастан, барлық адамшылық
қасиеттерді аяқ асты етіп, көзсіз ұмтылуымен сипатталады. Бұл топ сондай
-
ақ ішімдік және есірткі заттарды қолдануға бейім.
Бұзақылық үшін сотталғандардың үлес салмағы өте қомақты. Кәнігі
қылмыскерлердің бұл тобы қоғамға деген құрметтің жоқтығымен,
екіжүзділікпен, адамшылық және мораль нормаларын өрескел бұзумен, білім
дәрежесінің және мәдениетінің төмендігімен, сондай
-
ақ ішімдік және есірткі
заттарды қолдануға бейімділігімен де сипатталады.
Адамның жеке басына қол сұғушылық: кісі өлтіру, денеге жарақат салу
және зорлау
-
жоғарыда аталған қылмыс түрлеріне қарағанда аз тараған,
бірақ оларды жасаған айыпкерлер, әдетте, ұзақ мерзімге бас бостандығынан
айыруға сотталады. Бұл қылмысты жасаған адамдар қатыгездігімен,
сезімсіздігімен, ұстамсыздығымен, басқа адамдардың мүдделеріне атүсті
қарайтындықтарымен, өз ісіне деген жауапкершіліктің әлсіздігімен,
тәртіпсіздігімен ерекшеленеді.
Кәнігі қылмыскердің жеке басының сипаты қаншалықты қарама
-
қайшылықты, қауіпті болсын, ол қылмыстық жауаптылық үшін негіз бола
алмайды. ҚР Қылмыстық кодексінің
3-
бабы мынадай мазмұнда түзілген:
«
Қылмыстық құқық бұзушылықты
жасау, яғни Қылмыстық кодексте
көзделген қылмыс құрамының
барлық белгілері бар әрекет қылмыстық
жауаптылықтың бірден бір негізі
болып табылады
»
. Аталмыш ережелерден
басқа мәмілелер қолданыстағы заңнамаларда қарастырылмаған, сондықтан да
қылмыстық жауаптылықтың жалғыз негізі
—
оның әрекетінде қылмыстық
заңдарда көзделген қылмыстық құқық бұзушылық
құрамының болуы. Кәнігі
қылмыскердің жеке басының жоғары қоғамдық қауіптілігі тек айыпкердің
жауаптылығын күшейту үшін ғана негіз болып табылады.
Кәнігі қылмыскер жасаған қылмыстық
құқық бұзушылықтың
сипаты
оның жасалуы нәтижесінде нұқсан, залал келтірілетін, қылмыстық заңмен
қорғалатын қоғамдық қатынастардың мазмұнына байланысты болып келеді.
Мүлікті иемденіп кету мақсатында жасалған ұрлық, тонау, шабуыл жасап
тонау, иемдену немесе ысырап ету меншіктік қатынастарға қол сұғады және
меншікке қарсы жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар
деп танылады.
Кісі өлтіру, денеге жарақат салу, зорлау, еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің
жыныстық қатынасы, өтірік айту және қорлау өмірге, денсаулыққа,
жыныстық еркіндікке, адамның арұжданы мен қадір
-
қасиетіне қол сұғады
және осыған орай жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар
125
болып табылады. Осы тұрғыда қылмыстық құқық бұзушылық сипаты кәнігі
қылмыскер жасаған қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтың әлеуметке қарсы
бағыттағы мазмұнымен анықталады.
Қылмыстық қоғамдық қауіптілік дәрежесі әрекеттің маңызды
объективтік және субъектиктік белгілерімен анықталады. Олар нақ сол
қылмыстық құқық бұзушылық
құрамын ашып көрсету барысында есепке
алынуы да, алынбауы да мүмкін. Содан келіп бұл фактор қылмыстық құқық
бұзушылықты
дәрежелеуге ғана емес, сонымен қоса аталған түрдің бір
қылмыстық құқық бұзушылықтың
сол түрдің басқа қылмысынан
ажырата
білуге де мүмкіндік береді. Ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық
қатынастардың маңыздылығына, олардың сипатына (кісі өлімі, материалдық
шығындар, моральдық нұқсан, т.б.), қол сұғушылық жасаудың тәсіліне,
қылмыс жасау кезінде айыпкер басшылыққа ұстаған себеп
-
салдарларға,
қылмыстық
құқық бұзушылық
әрекеттің даму сатыларына, егер ол аяғына
дейін жеткізілмесе (дайындалу немесе оқталу, аяқталған немесе аяқталмаған
оқталу) және басқа мән
-
жайларға байланысты болып келеді. Олардың толық
тізімін келтіру, әлбетте, мүмкін емес.
Кәнігі қылмыскер жасаған қылмыстық
құқық бұзушылықтың
сипаты
мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін сот жаза тағайындау кезінде тек олардың
жиынтығы күйінде назарға алады.
Кәнігі қылмыскерге қатысты, соттық талдаудың нысаны болып
табылатын жасалған қылмыстық қоғамдық қауіптілік сипаты мен
дәрежесінен басқа, ол жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың саны және
олардың бір тектілігі мен әр тектілігі ескеріледі.
Қылмыстық құқық бұзушылықты
бірнеше рет жасау қоғамға қарсы
көзқарастар мен дағдылардың тұрақтылығынан хабар береді, соған сай
неғұрлым ұзақ мерзімді және нәтижелі жазалау
-
тәрбиелеу шараларын
қолдануды қажет етеді. Кәнігі қылмыскердің жеке басының әлеуметке қарсы
бағыттылығының және бір айрықша белгісі оның бір текті қылмыстық құқық
бұзушылықтарды
бірнеше рет жасауы болып табылады. Өйткені, бұл
дегеніңіз айыпкердің жоғары қоғамдық қауіптілігінің бұлтартпас дәлелі және
ұзақ мерзімді жаза тағайындауды және жазаны өтеудің барынша қатаң
режимін тағайындауды талап етеді.
Жазаның түрін және көлемін анықтаған кезде айыпкердің жеке басы
туралы мәліметтер ескеріледі. Жаза тағайындау кезіндегі жеке басының
бағасы негізінен оның сипатын талдауға тұспал келеді. Оның сипаты деп
адамның өзіндік маңызды ерекшеліктерінің бірлігі танылады. Адамның
сипаты әдетте қоғамға, ұжымға, қоғамдық пайдалы еңбекке және оның
нәтижелеріне, өзінің міндеттемелеріне және т.б. қатысты іс
-
әрекеттерінде,
мінез
-
құлқында көрініс табады.
Соттың жаза тағайындау кезінде айыпкердің жеке басының қоғамдық
қауіптілігін ескеруі талап етіледі дегеніміз, сот қылмыстық әрекет жасаған
адамның жеке басын сипаттайтын түрлі жағдайлардың жиынтығын назарға
алуға міндетті дегенді білдіреді.
Алдында айтылып кеткендей, адамның қоғамдық қауіптілігінің маңызды
критериі, көрсеткіші ол жасаған қылмыстық құқық бұзушылық
болып
табылады. Сонымен қатар айыпкердің жеке басының сипатын жан
-
жақты
ашып көрсету және оған барынша тиімді ықпал ету шараларын анықтау үшін
126
қылмыскердің жеке басын тұтас түрғыда оқып
-
зерделеу қажет. Бұл
мақсатқа
тек қылмыскердің әлеуметтік
-
психологиялық сипатын талдау арқылы ғана
жетуге болады.
Осыған орай төмендегі ережелерді қарастырған жөн.
Әлеуметтік мінездеме
-
қылмыскерді түрлі әлеуметтік рөлдердің
субъектісі, қоғамдық жеке түлға ретінде сипаттау. Сондықтан да әлеуметтік
-
демографиялық мәліметтер
-
жынысы, жас шамасы, әлеуметтік жағдайы,
білім дәрежесі, кәсібі және отбасылық жағдайымен қатар оның кәсіптік
білім
-
білігі мен шүғылданып жүрген іс
-
әрекетін, еңбекке, қоғамдық
міндеттемелерге
көзқарасы
-
қатысын;
отбасылық
байланыстарын,
тұрмыстағы тәртібін, жақын
-
жуықтарға деген қарым
-
қатынасын анықтау
қажет. Әсіресе сотталушының байланыстары мен таныстарының сипатын,
оған ықпал ете алатын қоршаған ортаға, адамдарға деген қарым
-
қатынастарын, бұрынырақта әкімшілік жазалаудың, соттылықтың болған
-
болмағандығын анықтап алудың маңызы ерекше. Сондай
-
ақ
тұлғаны
тәрбиелеу жағдайын, ата
-
аналардың өмір салтын, олардың балаларға деген
көзқарасын анықтау да қажет.
Қылмыскердің жеке басының психологиялық мінездемесі
-
оның ішкі
әлемін сипаттау, одан сыртқы ықпал ету шараларының тиімділігі келіп
шығады.
Адамның психологиялық ерекшеліктерін оқып
-
білу үшін төмендегі
мәселелерді анықтау шарт:
а) олардың өз іс
-
әрекеттерінде басшылыққа алатын ой
-
жоспарларының,
мүдделерінің бағыттылығы, табандылығы,
идеалдары, адамшылық
қасиеттері;
ә) адамның қабілет
-
қарымы, табиғи дарыны;
б)
субъектінің жеке басының ерекшеліктері.
Мәселелердің осы тобын зерттеу мінез
-
құлықтың нақтылы себеп
-
салдарларын, қылмыс жасаудың негізгі мақсатын, адамның қоғамға қарсы
көзқарасының тереңдігін және түрақтылығын анықтауға көмек етеді.
Қылмыскердің жеке басын психологиялық түрғыда танып
-
білу үшін
тұлғаның ерекшеліктерімен танысу қажет: бұл
ретте оның қылмыстық құқық
бұзушылық
жасауына ықпал еткен немесе керісінше, оның әрекеттеріне
қарсы түрған теріс пиғылы мен ерекшеліктері, сондай
-
ақ олардың
қылмыскердің ерекшеліктері жүйесінде қандай орынға ие екендігі
анықталады, өйткені нақ осы сипаттар жаза шарасын таңдауға барынша
ықпал етеді
(101).
Басқаша айтқанда, айыпкердің жеке басын есепке алу қылмыстық құқық
бұзушылықты
екінші қайтара жасау кәнігі қылмыскер мінез
-
құлқының теріс
жақтарының одан әрі дамуының нәтижесі болып табыла ма немесе қылмыс
оның мінез
-
құлқының теріс жақтарымен байланысты болса да, нақ сол адам
үшін, дегенмен кездейсоқ, қалыпты емес пе деген мәселені анықтап алу
керек. Бұл мәселені шешу кезінде, егер сөз кәнігі қылмыскер жайында болып
отырса, төмендегідей дерек
-
дәйектерді ескеру қажет: бұрынырақта жасалған
қылмыстық құқық бұзушылығы
үшін жазадан босатуға негіз, бұл жазаны
өтеудің толықтығы мен ұзақтығы, бұрынырақта жасаған қылмыстық құқық
бұзушылығы
үшін тағайындалған жазаны орындау сәтінен жаңа қылмыстық
құқық бұзушылық
жасағанға дейінгі өткен уақыт, бас бостандығынан айыру
127
орындарынан босатылғаннан кейінгі өзін
-
өзі ұстауы, т.б. Жалпы, кәнігі
қылмыскердің жеке басын зерттеу кезінде оқып
-
білуге жататын мән
-
жайларды үш топқа бөлуге болады:
1.
Қылмыстық құқық бұзушылықты
жасау алдындағы кезеңдегі
айыпкердің жеке басын сипаттайтын мән
-
жайлар (айыпкердің әлеуметтік
-
психологиялық мінездемесін талдау: еңбек өтілі, еңбекке, отбасына және
ұжымға қатынасы, қоғамдық өмірге қатысы, айыпкердің соттылығы болған
ба, бұрынғы қылмыстық құқық бұзушылығының
сипаты жәнет.б.);
2.
Қылмыстық құқық бұзушылықты
жасаудың себептері мен
жағдайларына жататын мән
-
жайлар: қылмыскер
-
рецидивистің адами тұрғыда
қалыптасуының жағдайлары, жаңа қылмыстық құқық бұзушылық
жасауға
негіз болған сыртқы жағдайлар;
3. Тұлғаның жасалған қылмыспен байланысты мінез
-
құлықтары мен
ерекшеліктерін сипаттайтын мән
-
жайлар; қылмыстық
құқық бұзушылықтың
сипаты мен ауырлығы, оны жасаудың себеп
-
салдарлары мен мақсаты.
Жазаның өтелген бөлігінің ұзақтығын есепке алмауға болмайды. Егер
адам бұрынғы қылмыстық құқық бұзушылығы
үшін қысқа мерзімді жазасын
өтеп, содан кейін жаңа қылмыстық құқық бұзушылық
жасаса, бұл жағдай
аталған адамға қатысты қысқа мерзімді жаза тағайындаудың тиімсіздігін
және қайталанған қылмыстық құқық бұзушылық
үшін оған санкция
шеңберінде барынша ұзақ мерзімді жаза тағайындау қажеттігін білдіреді.
Адамның ұзақ мерзімді бас бостандығынан айыру жазасын өтеп, сонда да
болса жаңа қылмыстық құқық бұзушылықты жасау жағдайы санкция
шеңберінде тек жазаның ұзақтығын ұлғайтып қана қоймай, сонымен қатар
жазаны барынша қатаң режимдегі түзеу колониясында етеуді тағайындау
туралы ойға жетелейді.
Жаза мерзімі туралы мәселені шеше отырып ҚР Қылмыстық кодексінің
53 және 54 баптарында белгіленген жауаптылықты жеңілдететін және
ауырлататын мән
-
жайларды соттың назардан тыс қалдыруына болмайды.
Аталған мән
-
жайларды ескеру жаза мерзімін, оның ішінде бас
бостандығынан айыру мерзімін анықтау кезінде соттың құқығы ғана емес,
сонымен қатар
міндеті де, өйткені заңда сот жауаптылықты жеңілдететін
және ауырлататын мән
-
жайларды ескереді деп атап көрсетілген.
Айта кету керек, заңда жауаптылықты жеңілдететін мән
-
жайлардың
үлгілік тізімі және жауаптылықты ауырлататын мән
-
жайлардың тұйықталған
тізімі келтірілген. ҚР Қылмыстық кодексінің
53-
бабында жаза тағайындау
кезінде соттың заңда көзделмеген мән
-
жайларды да жеңілдетуші ретінде
ескеруі мүмкін екендігі жөнінде айтылған.
Егер жеңілдетуші мән
-
жайлар қылмыстық құқық бұзушылық
құрамының элементтері болып табылатын болса, онда олар санкцияның
өзінде ескерілгендіктен, өзінен
-
өзі жаза тағайындау кезінде қайталап ескеріле
алмайды. Жауаптылықты жеңілдететін мән
-
жайларды, екеуінің де негізінде
бірдей сипатты мәліметтер жатқанына қарамастан, ерекше мән
-
жайлардан
айыра білу қажет. Істің ерекше мән
-
жайлары жайында ҚР Қылмыстық
кодексінің
55-
бабында сөз болады. Сот ерекше мән
-
жайларды, сондай
-
ақ
айыпкердің жеке басын ескере отырып және аталған қылмыстық құқық
бұзушылығы
үшін заңда көзделген неғұрлым жеңіл жаза тағайындау
қажеттігін тани отырып, оның себеп
-
салдарларын міндетті түрде көрсете
128
отырып, мұндай жеңілдетуге баруы мүмкін. Бұл ретте ерекше мән
-
жайлар
ұғымы бірнеше жеңілдететін мән
-
жайлардың жиынтығын білдіреді. Аталған
мән
-
жайлар жағдайында тиісті баптың санкциясы шеңберінде жазаның
неғұрлым жеңіл түрін тағайындау адамшылық және әділдік қағидаларына
қайшы келген болар еді. Істің ерекше мән
-
жайлары бір ғана маңызды
жеңілдететін мән
-
жайлар болған жағдайда да пайда болуы мүмкін.
Аталған баптарда бұл орайда ешқандай шектеулер қойылмауы себепті,
кез келген қылмыстық құқық бұзушылық
жасаған жағдайда ҚР Қылмыстық
кодексінің
55-
бабының қолдануылуы мүмкін. Дегенмен жалпы ескерту
пайымы бірқатар жағдайларда, мәселен айыпкердің ауыр қылмыстық құқық
бұзушылық
жасаған және айыпкердің жеке басының жоғары қоғамдық
қауіптілігі жағдайында, сот аталған баптарды қолданудан бас тартады.
Егер, керісінше, іс бойынша тек жауаптылықты ауырлататын мән
-
жайлар анықталған болса, онда сот оларды ескере отырып ҚР Қылмыстық
кодексінің тиісті бабы санкциясының ең жоғары мөлшеріне жақын немесе
тіпті соған сай келетін жаза тағайындауға хақылы. Жауаптылықты
ауырлататын мән
-
жайлар қылмыстық құқық бұзушылық
құрамының
элементтері болып табылатын жағдайларда, оларды заң шығарушы бап
санкцияларында алдын ала ескерген деп саналады да жаза мерзімін
белгілеген кезде ескерілмейді.
Егер жауаптылықты жеңілдететін де, ауырлататын да мән
-
жайлардың
барлығы анықталса, сот оларды жиынтық түрде ескеруге міндетті және соған
сәйкес жазаның нақтылы мерзімін тағайындайды.
Жазаны қолдану дегеніміз оны соттың тағайындауын, сондай
-
ақ жазаны
орындайтын түзеу мекемелері және басқа органдардың оны жүзеге асыруын
білдіреді. Жазаны тағайындау және орындау рецидивистің жеке басына тән
психологиялық еркшеліктерін анықтауды және талдауды керек етеді. Кәнігі
қылмыскерлердің түзеу мекемелерінде және одан босатылғаннан кейінгі
қадағалау
нәтижесі
оларды
көпшілік
жағдайларда
эгоизм,
айналасындағыларға деген
теріс пиғыл, жат көзқарас, имансыздық,
қылмыстық жазаны олардың өмір салтына орай заңды құбылыс деп қабылдау
сияқты психологиялық ерекшеліктер сипаттайтындығын көрсетіп отыр.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың
қайталануы жағдайында
қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл
ретте қылмыстық жауаптылықты жүзеге асыруды тек мемлекеттің белгілі бір
органдарының заңда көзделген шараларды іс жүзінде қолдануы деп ұғыну
аздық етеді. Қылмыстылыққа ықпал ететін қылмыстық
-
құқықтық шаралар,
әлі де жетілдіруді қажет етеді.
Айталық,
қылмыстық
қайталануы
жағдайында
қылмыстық
жауаптылықты жүзеге асырудың айыпкерді жазасын өтеусіз соттау сияқты
түрі, қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың маңызды сипаты соттау
дәйегінің өзі, адамды кәнігі қылмыскерлер қатарына жатқызу болса да, өзін
-
өзі ақтай алмайды.
Қауіпті және өте қауіпті қылмыстық құқық бұзушылықтардың
қайталануы жағдайында қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың
айыпкерді жаза тағайындаусыз соттау және жаза тағайындап, бірақ оны
нақтылы өтеусіз соттау сияқты түрлерін есептен шығарып тастау қажет
болар. Жаза қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың міндетті әдісі
129
болуға тиістігі турасындағы талаптан шыға отырып, бұл
жағдайда бас
бостандығынан айыруды басым сипатты, өзін
-
өзі ақтайтын тәсіл ретінде
қабылдаған жөн.
Бірқатар ғалымдар жаза мақсатының оны тағайындау сатысындағыдан
оны орындау сатысындағы жазаның мақсатынан айырмашылығы бар деп
есептейді. Мәселен, жалпы ескертудің мақсаты жазаны өтеу кезінде өте
төменгі дәрежеде, өйткені адамшылық және халықаралық нормалар
тұрғысынан алып қарағанда адамдарды бас бостандығынан айыру
орындарындағы тәртіппен және жағдайлармен қорқытуға жол берілмейді.
Заңдық түрғыда жаза қылмыстылықпен күрес мүдделеріне негізделген
қосымша құқықтық шектеулер болып табылады. Педагогика тұрғысынан
алып қарағанда, жаза
-
сотталушыны түзеу бағытында арнаулы мақсаты бар
тәрбиелік процесс. Психологиялық тұрғыда
-
опық жеу, азап шегу,
бостандығынан айырылу және сонымен бір мезгілде оған психологиялық
қалыптасу, әлеуметтік тұрғыда
-
қылмыстылықпен күрес мақсатында
азаматтарға ықпал ету шарасы. Сондықтан да жазаны өтеу барысында
мемлекет органдары, қоғамдық ұйымдар және жекелеген азаматтар
тарапынан сотталушыны түзеу мақсатында нақтылы, нысаналы ықпал етуші
шаралар жүргізіледі. Сотталушының тұтыну қажеттіліктері шектеледі, оның
мінез
-
құлқы басқа азаматтарға қарағанда барынша қатаң бақылауға алынады.
Жаза мақсаттарына қол жеткенде, біз жаза
«
жұмыс істеді
»
, ол тиімді
болды деп білеміз. Жазаның қылмыстан сақтандыру мақсатына жетуге ықпал
ететіндігінің бірден бір нақтылы критериі қылмыстылық динамикасы болып
табылады. Жалпы сақтандырудың тиімділігі көрсеткіші үшін
-
барлық
қылмыстылықтың жалпы алғандағы динамикасы, қылмыстық құқық
бұзушылықтың
жекелеген түрлері бойынша динамикасы, кәмелетке
толмағандар қылмысының динамикасы және т.б., ал арнаулы сақтандыру
мақсаты үшін
-
бұл
дегеніміз қылмыстық қайталануының динамикасы.
Егер жазаның нақтылы түрлерін (бас бостандығынан айыру, бас
бостандығынан айырусыз түзеу жұмыстары және т.б.) кез келген қылмыстық
құқық бұзушлық
түрлері үшін қолдану бұл
әрекеттер санының азаюына
ықпал еткен болса, онда аталған жаза түрлерінің тиімділігі турасында да сөз
етуге болады (жалпы превенция).
Кез келген қылмыстық жаза түрін қолданудың тиімділігінің бір
көрсеткіші қайталап қылмыстық құқық бұзушылықты
жасау жағдайы болып
табылады (жеке превенция). Жазаның белгілі бір шарасын және түрін
өтегендер арасындағы кәнігі қылмыскерлердің үлес салмағының азаюы, сөз
жоқ, жазаның нақ сол түрі мен көлемі үшін тиімділік критериі болып
табылады, дегенмен кәнігі қылмыскерлерге қатысты жазаның тиімділігін
салыстыру тек олардың дәрежелеріне қатысты, бұрынғы жасалған
қылмыстық құқық бұзушылықтардың
сипатын, жас шамасын, түзеу
мекемелерінен босатылу мерзімін ескере отырып қана мүмкін болады. Бұл не
бас бостандығынан айырудың ұзақ мерзімінің, не болмаса қоғамнан қысқа
мерзімге, бірақ жазаны өтеудің қатаң режимін қолдана отырып, оқшаулаудың
қайсысы тиімді болатындығын анықтауға мүмкіндік береді.
Ең соңында, бірдей нәтиже беретін барлық жазалардың ішінен
тиімділігін анықтау үшін неғұрлым жеңіл түрін пайдалану қажет болады.
Өйткені жаза келтірілген залал үшін қайғы шектіріп, қарғысқа ұшыратуды
130
мақсат
ұтпайды, оның негізгі міндеті қылмыстық құқық бұзушылықты
сақтандыру болып табылады. Қоғам қылмыстылықпен күрестің неғұрлым
адами нысандарына қарай ұмтылуы керек, сонымен бірге ол жалпы және
жеке превенциялардың мақсаттарын жүзеге асыру үшін жеткілікті дәрежеде
болуы шарт. Кәнігі қылмыскерлерге қатысты жазаның тиімділігі проблемасы
да осы тұрғыдан алып қарастырылады.
Егер бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар туралы айтатын
болсақ, олардың өмірі мейлінше тар шеңберде өтеді. Мұндай адамдардың
сыртқы әлеммен байланысы үзіледі, олар қалыптасқан жағдайды барлық
реттерде дұрыс қабылдай бермейді, нақтылы мән
-
жайлар туралы түсініктері
өзгереді, жекелеген адамшылық қасиет
-
құндылықтарды дұрыс ұғыну
жоғалады.
Бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеу кезінде
сотталғандардың іс
-
қимылдарына, әрекеттеріне шектеу қойылады. Бұлардың
барлығы, әлбетте, оның психикалық ахуалына қатты әсер етеді, өйткені
сотталғанға дейінгі болған ортасының бас бостандығынан айыру
орындарындағы ортадан, айтары бар ма, ат шапқандай айырмашылығы бар.
Сонымен қатар, бас бостандығынан айыру орындарында бір жынысты
адамдар ғана болады, олардың арасында мінез
-
құлық қатынастары қатаң
реттелген, оның
«
шеңберінен
»
шығуға қатаң түрде тыйым салынады,
басқаша жағдайда кінәлі жаңа
«
жазаға
»
ұшырауы мүмкін. Сондай
-
ақ
колониялардың өзіндік мінез
-
құлық
«
жүйесі
»
бар, соған сай сотталғандар
нақтылы мәртебеге ие болады. Бұл да сотталушының психикалық жағдайына
барынша ықпал етеді, өйткені оған өзінің қалыпты мінез
-
құлқын, көзқарасын
өзгерту жолымен жаңа ортаға үйренісуге тура келеді, т.б.
Кәнігі
қылмыскерлерге
осыған
ұқсас
қылмыстық
құқық
бұзушылықтарды жасаған басқа адамдарға қарағанда жазаның неғұрлым
ауыр түрін тағайындау қылмыскерлердің осы дәрежесіне қатысты
қылмыстық жауаптылықты арттыру жөніндегі заң талаптарынан келіп
шығады. Кәнігі қылмыскердің жеке басының жоғары қоғамдық қауіптілігі
қасақана ауыр қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет сотталғандығынан көрініс
табады. Сонымен қатар бұл
-
оған қатысты бұрынырақта қолданылған жаза
шараларының жеткіліксіз, тиімсіз болғандығының көрсеткіші де.
Жауаптылық пен жазаны
күшейту
-
кәнігі қылмыскерлерге неғұрлым тиімді
және тәрбиелік ықпал етудің бір жолы. Бұл жол қазақстандық қылмыстық
құқық қағидаларымен сәйкес келеді және жауаптылықты жеке даралау
қағидасының нақтылы көрініс
табуы болып табылады. Кәнігі
қылмыскерлердің жауаптылығын жеке даралау аталған қағиданы жүзеге
асырудың барлық кезеңдерінде
-
заңда, үкім шығару және жаза тағайындау
кезінде сотта және жазаны өтеу кезіндө қолданылады.
Қылмыстық қайталануы, қауіпті қайталануы және аса қауіпті
қайталануы
жағдайында
бұрын
жасалған
қылмыстық
құқық
бұзушылықтардың сипаты және қоғамдық қауіптілік дәрежесі, оның
алдындағы жазаның түзетушілік ықпалының жеткіліксіздігіне себеп болған
мән
-
жай, сондай
-
ақ жаңадан жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың
сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі ескеріледі. Сонымен қатар,
айыпкердің жеке басы, оның ішінде оның қылмыстық құқық бұзушылық
жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез
-
құлқы, жауаптылықты
131
жеңілдететін және ауырлататын мән
-
жайлар, сондай
-
ақ тағайындалған
жазаның сотталушының түзелуіне және оның отбасының немесе оның
асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына әсер
-
ықпалы ескеріледі.
ҚР Жоғарғы Сотының Пленумы 1994 жылғы 25 мамырдағы
«
Қайталанушы қылмыстар туралы қылмыстық істерді соттардың қарау
тәжірибесі туралы
»
№1 қаулысында жаза тағайындау кезінде кәнігі
қылмыскерлердің жеке басы туралы мәліметтерді ескеру қажеттігіне
соттардың назарын аударды. Пленум бұрын сотталған адамдарға жаза
тағайындау туралы мәселені шешкен кезде
«
соттар табанды түрде түзелу
жолына түскісі келмейтін және жаңа ауыр қылмыстар жасаған кәнігі
қылмыскерлерге жазаның негізсіз неғурлым жеңіл түрін қолдану
жағдайларына жол бермей отырып, жазаны жеке даралау туралы заң
талаптарын басшылыққа алуға тиіс
»
деп атап көрсетті.
Кәнігі қылмыскерлердің жауаптылығы мен оларды жазалауды күшейту,
ҚР Қылмыстық кодексінің
39-
бабының 2
-
бөлігінде айшықталған жаза
мақсаттарына жету тұрғысында, яғни әлеуметтік әділеттілікті қалпына
келтіру, сондай
-
ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа
адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтарды
жасауынан
сақтандыру тұрғысында өзін
-
өзі ақтап тұр. Қайталап қылмыстық құқық
бұзушылықты
жасаушыларға жаза тағайындау кезінде қазақстандық
қылмыстық құқықтың адамгершілік қағидалары көрініс табады. Бас
бостандығынан айыру мерзімін ұзарту, кәнігі қылмыскерлердің жазасын өтеу
жағдайын қатаң режимге көшіру, жазаның қайғы шектіру жақтарын күшейту
-
дербес мақсат емес, тек жазаның басқа мақсаттарына жетудің бір шарты.
Өте терең әлеуметтік
-
адамшылық түрғысында кері кетуімен
сипатталатын
адамдарды түзеу үшін барынша ұзақ
мерзім және
қылмыскерлердің басқа дәрежелеріне қарағанда жазаны өтеудің неғұрлым
қатаң түрін қолдану қажет етіледі. Қайталап қылмыстық құқық
бұзушылықты
жасағандар үшін ерекше режимдегі түрмелерде және
колонияларда белгіленген жазаны өтеудің ауыр жағдайы тіпті мейлінше тіс
қаққан қылмыскерлердің өзін өткені және бүгінгісі жөнінде ойлантуға, сөйтіп
болашаққа деген көзқарасын анықтауға ықпал етуі тиіс.
Жеке даралау қағидасына сәйкес қылмыстық жаза қылмыстық құқық
бұзушылықты
жасаған барлық адамдарға қатысты мақсатты түрде және
әділетті болуға тиіс. Қайталап қылмыстық құқық бұзушылықты
жасаушыларға қатысты жаза да осындай талаптарға жауап беруге тиіс.
Қайталап қылмыстық құқық бұзушылықты
жасаушылардың жоғары
қауіптілігі олардың жасаған қылмыстық құқық бұзушылығы
үшін
қылмыстық жауаптылығын күшейту қажеттігін негіздейді. Мұндай күшейту
қайталап қылмыстық құқық бұзушылықты
жасаушының жасаған қылмысы
үшін көзделген заң бабының шеңберінде жүзеге асырылады. Қылмыстық
қайталануы және
қайталап қылмыстық құқық бұзушылықты
жасаушының
жеке басы қаншалықты қауіпті болса, жаза да соншалықты қатаң болуға тиіс.
Қайталап қылмыстық құқық бұзушылықты
жасаушылардың жоғары
қауіптілігі қағидасы кәнігі қылмыскер жасаған қылмыстық құқық
бұзушылық
үшін жазаның ең төменгі мөлшерін тағайындау мүмкіндігі
туралы мәселені шешуде де айшықталады. Ол бірінші рет сотталып отырған
адамдарға қатысты қолданылатын жазаның ең төменгі мөлшерінен жоғары
132
болуға тиіс. Аталған қағида, әдетте, қайталап қылмыстық құқық
бұзушылықты
жасаушыларға жазаның заңда көзделгеннен неғұрлым жеңіл
түрін тағайындау және шартты түрде соттау мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Кәнігі қылмыскердің жеке басының жоғары қоғамдық қауіптілік
дәрежесі соттың баламалы түрде бас бостандығынан айыруды және түзеу
жұмыстарын көздейтін санкциялар шеңберінде жаза түрлерін таңдауына
сөзсіз ықпал етеді. Бұрынырақта бас бостандығынан ауыру түрінде жазасын
өтеген қайталап қылмыстық құқық бұзушылықты
жасаушыларға қатысты
түзеу жұмыстарын қолдану өзін өзі ақтамайды.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың қайталануы жағдайында жаза
тағайындау мәселесін шеше отырып, соттар бұрын жасалған қылмыстық
құқық бұзушылықтарының
санын, сипатын, бұрын тағайындалған жазаны
өтеудің толықтығын, бұрынғы үкімдер бойынша жазадан босатудың
негіздерін, қылмыстық құқық бұзушылық
жасаған кездегі уақыт, т.б.
ескереді. Кәнігі қылмыскерлерге соттар, әдетте, қылмыскерлердің басқа
дәрежелеріне қарағанда барынша ауыр
жаза тағайындайды. Сонымен қатар,
адамды кәнігі қылмыскер деп тану туралы
мәселені шешу және жаза
тағайындау кезінде соттар тарапынан қателіктер де кетіп жатады.
Соның бір айғағы
-
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының Г.Ф.
Макляк жөнінде шығарған үкімі. Г.Ф.
Макляк ҚР Қылмыстық кодексінің
186-
б
. 3-
бөлігімен айыпталып, төрт
жылға бас бостандығынан айырылып,
мүлкі тәркіленіп, қатаң режимдегі түзеу мекемесіне жіберілген болатын.
Оның алдында ол 1992 жылы
215-
б
. 2-
бөлігімен, 201
-6. 1-
бөлігімен (ҚазССР
ҚК) 5 жылға сотталған және 1993 жылы 76
-6. 2-
бөлігімен 5 жылға бас
бостандығынан айыруға сотталған. Бостандыққа 1998 жылы мерзімін
өтегеннен кейін шыққан. Бұл
іс бойынша наразылық білдірген прокурор
соттың қылмыстық заңды дұрыс
пайдаланбағанын атап көрсеткен. Яғни, сот
айыпталушының ісінде аса қауіпті рецидив бар екендігін көрсеткен. Ал шын
мәнінде Макляктың бұрынғы соттылықтары аса қауіпті емес қылмыстарға
жататын. Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы
прокурордың наразылығымен келісіп, ол істі қайтадан жаңа сот қарауына
жіберді
(102).
Заң талаптарына сәйкес қайталап қылмыстық құқық бұзушылық
жасаушы деп танылуы мүмкін адамдарға қатысты қылмыстық істерді қарау
кезінде соттар әрбір жағдайда сол адамды сотталушының жеке басы туралы
мәліметтерді, жасалған қылмыстық қоғамдық қауіптілік дәрежесін, олардың
себеп
-
салдарларын, қылмыстық
құқық бұзушылық
ниет
-
пиғылдарды жүзеге
асыру дәрежесін, жасалған қылмыстық құқық бұзушылыққа
қатысу рөлі мен
сипатын, істің және басқа мән
-
жайларын ескере отырып, қайталап
қылмыстық құқық бұзушылық
жасаушы деп тану туралы мәселені талқыға
салуға тиіс.
Бұл ретте заңдық тұрғыдан алып қарағанда жоғары қоғамдық қауіптілік
тудыратын, табанды түрде түзелу жолына түскісі келмейтін
қылмыскерлердің кәнігі қылмыскер деп танылуы мүмкін екендігі туралы
мәмілені әрдайым есте ұстау керек. Сотталушыны кәнігі қылмыскер деп тану
үшін негіздің болуы туралы және мұндай шешімді қабылдау қажеттігі туралы
мәселе сотта процеске қатысушылардың іс жүргізу ережелерінің теңдігі
қағидасын ескере отырып, зерттелуге тиіс. Бұл ретте сотталушының өзін
-
өзі
133
қорғау құқығын жүзеге асыру мүмкіндігі жан
-
жақты қамтамасыз етілуі керек.
Адамды кәнігі қылмыскер деп тану туралы мәселені шеше отырып сот
мұндай шешімді қабылдауға кедергі боларлық мән
-
жайлардың (бұрынғы
қылмыс қандай жас шамасында жасалынған, бұрынғы үкімдер бойынша іс
-
әрекеттерді дәрежелеу өзгерген жоқ па, оларды жоғары тұрған соттар
кассациялық немесе қадағалаушылық тәртіппен алып тастаған жоқ па және
т.с.с.) бар
-
жоғын тексеруге тиіс.
Сотталушыны кәнігі қылмыскер деп тани отырып сот үкімде өз
шешімінің себеп
-
еалдарларын ашып көрсетуге, ал үкімнің қарар бөлігінде
қылмыстық заңның тиісті нормасына сілтеме жасай отырып, сол шешімнің
өзін келтіруге міндетті. Егер сот болымсыз негіздер жағдайларында
сотталушыны кәнігі қылмыскер деп танымау мүмкіндігін тапса, бұл шешім
де үкімде айшықталуға тиіс.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың
қайталануы үшін жоғары
жауаптылық белгілей отырып, заң шығарушы мұны заңмен белгіленген
тәртіппен жойылмаған немесе алынып тасталмаған соттылықтың бар болуы,
белгілі бір жаза түрінің (ауыр қылмыстарға қатысты)
-
бас бостандығынан
айырудың болуымен байланыстырады. Заңға сәйкес адам бірқатар міндетті
белгілердің, оның ішінде
-
бұрынғы бас бостандығынан айыруға
сотталуының бар болуы жағдайында кәнігі қылмыскер деп танылуы мүмкін.
ҚР Жоғарғы Сотының Пленумы 1994 жылғы 25 мамырдағы
«
Қайталанушы қылмыстық құқық бұзушылықтар
туралы қылмыстық істерді
соттардың қарау тәжірибесі туралы
»
№1 қаулысында атап өткендей:
«
бұрынырақта бас бостандығынан айыруға сотталған адам деп, заңды күшіне
енген сот үкімі бойынша түзеу мекемелерінде өтеуге жататын бас
бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған, оның ішінде бұл
жазаны адам өтемеген (мәселен, оны өтеуден жалтарған, үкімді орындау
қылмыстық іс жүргізу заңдарымен көзделген тәртіппен кейінге қалдырылған,
үкім ескіру мерзімінің өтуіне байланысты орындалмаған, қылмыстық заңмен
көзделген кейінге қалдыруды қолдана отырып шарты түрде сотталған
реттерден басқа жағдайларда) адамдарды есептеу керек
».
Сондықтан да кәнігі қылмыскер деп бұрынырақта бас бостандығынан
айыруға шартты түрде сотталған, не үкімнің орындалысын кейінге қалдыру
қолданыла отырып сотталған адам, егер ол тиісінше сынақ мерзімі ішінде,
немесе үкімнің кейінге қалдырылуы кезеңінде, немесе ол соттың шешімі
бойынша заңда көзделген негіздермен үкім бойынша бас бостандығынан
айыру жөнінде тағайындалған жазаны өтеу үшін бағытталған уақытта
жаңадан қылмыстық құқық бұзушылық
жасаған адам танылады. Бұл ретте
кез келген жағдайда заңмен белгіленген тәртіппен алынып тасталған немесе
жойылған соттылық ескерілмеуі мүмкін емес.
Сондай
-
ақ соттың үкімі бойынша түзеу жұмыстарына сотталған,
артынша ол бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдар, сонымен
бірге заңға сәйкес сот жасаған қылмыстық құқық бұзушылығы
үшін бас
бостандығынан айырудың орнына тәртіптік әскери бөлімде ұстауды
қолданған әскерилер бас бостандығынан айыруға сотталған деп
қарастырылуы мүмкін емес. Кәнігі қылмыскерге бас бостандығынан айыру
түрінде жаза тағайындай отырып, сот үкімде сотталушының жазасын өтеуге
тиіс түзеу мекемесінің түрін көрсетуге тиіс. Түзеу мекемесінің неғұрлым
134
қатаң түрі түрме болып есептелінеді. Жаза мерзімінің бір бөлігіне, бірақ бес
жылдан артық емес мерзімге түрмеге қамау түрінде бас бостандығынан
айыру қылмыстық құқық бұзушылықтардың
аса қауіпті қайталануы
жағдайында және кәмелетке жасы толғаннан соң аса ауыр қылмыстық құқық
бұзушылықтар
жасаған адамдарға тағайындалуы мүмкін.
Бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеу соттың үкімі бойынша
қылмыстық құқық бұзушылықтардың қайталануы жағдайында
-
қатаң
режимдегі түзеу колонияларында, қылмыстық құқық бұзушылықтардың
қауіпті қайталануы жағдайында
-
ерекше режимдегі түзеу колонияларында,
қылмыстық құқық бұзушылықтардың аса қауіпті қайталануы жағдайында
-
түрмеде, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімде өтеуге тағайындалады. Сот
жасалған қылмыстық, айыпкердің қоғамдық қауіптілігі дәрежесі мен сипатын
және басқа мән
-
жайларды ескере келіп, өзінің шешімін жан
-
жақты дәлелдеп,
жазасын неғұрлым жеңіл режимдегі мекемелерде өтеуді тағайындауы
мүмкін. Жазаның белгілі бір түрімен, мысалы бас бостандығынан айырумен
және оны нақтылы өтеумен жалғасқан қылмыстық құқық бұзушылықтардың
қайталануы жазаны өтеу орны туралы мәселені шешу үшін негіз болып
табылады.
Бас бостандығынан айыру орындарындағы негізгі талаптар мен
шарттарды да көрсетелік. Олар: міндетті түрде оқшаулау және
сотталушының жаңа қылмыстық құқық бұзушылық
жасау немесе қоғамға
қарсы іс
-
әрекеттерге бару мүмкіндігін жоққа шығару тұрғысында оны үнемі
бақылауда ұстау; оның өзінің міндеттерін нақты және бұлтармай орындауы.
Қайталап қылмыстық құқық бұзушылық
жасаушылар үшін аталған
қылмыскерлер тобының айрықша қоғамдық қауіптілігін ескере отырып, заң
шығарушы жазаны өтеудің қатаң жағдайларын қарастырған.
Кәнігі қылмыскерлерге жаза жалпы негіздер үдесінен шыға отырып
және мұндай жағдайлар үшін қолданыстағы заңнамаларда көзделген
ерекшеліктерді ескере отырып тағайындалады. Осы орайда ҚР Жоғарғы
Сотының 2002 жылғы 15 тамыздағы
«
Сот үкімі туралы
»
нормативтік
қаулысында атап өтілгендей:
«
Жаза мөлшері қылмыстық қайталану
қауіптілігінің дәрежесіне байланысты болғандықтан, соттар қылмыстың
қайталану түрін дұрыс белгілеуге міндетті. Соттың бұл туралы тұжырымы
дәлелдер келтіріле отырып, үкімнің дәлелдеу бөлігінде, ал тиісті шешім
үкімнің қорытынды бөлігінде көрсетіледі
».
Үкім шығарылғаннан кейін, бірақ жазаны толық өтегенге дейін жаңадан
қылмыстық құқық бұзушылықты
жасау жаңа үкім бойынша тағайындалған
жазаға бұрынғы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігін толық немесе
ішінара қосуға әкеліп соғады. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза
тағайындау кезінде, бұрын жасалған қылмыстық құқық бұзушылық
үшін
тағайындалған жазаны жаңадан жасалған қылмыстық құқық бұзушылық
үшін тағайындалған жазаға толық немесе ішінара қосу мәселесін шеше
отырып, соттар бұрынырақта жасалған және жаңадан орын алған қылмыстық
құқық бұзушылықтардың
ауырлығын, айыпкердің жеке басы туралы
мәліметтерді және жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән
-
жайларды көрсетуге тиіс. Жаңадан жасалған қылмыстық құқық бұзушылық
үшін үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау, ол қылмыстық құқық
бұзушылықты
қасақана немесе абайсызда жасады ма, жоқ па
-
оған қатыссыз
135
жүргізіледі. Бұл ретте үкімдердің жиынтығы бойынша тағайындалған
жазаның түпкілікті шарасы қанша дегенмен шартты түрде не үкімнің
орындалуын кейінге қалдырылуды қолдану арқылы тағайындалған жазадан
немесе шартты түрде
-
мерзімінен бұрын босату кезінде жазаның өтелмеген
мерзімінен көп болуға тиіс.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың қайталануы сотталушы адамның
бір ғана
емес, бірнеше қасақана қылмыстық құқық бұзушылықтарды
жасауынан көрініс
табуы мүмкін. Егер олар
ҚР
Қылмыстық кодекстің түрлі
баптарында көзделген болса немесе бір қылмыстық
құқық бұзушылық
іс
-
әрекет
құрамында Қылмыстық кодекстің екі немесе одан да көп
баптарында
көзделген қылмыстық құқық бұзушылық
белгілері болса, онда қылмыстық
құқық бұзушылықтардың жиынтығы бірден көзге ұрады. ҚР Қылмыстық
кодексінің
58-
бабы
соттарды әуелі әрбір қылмыстық құқық бұзушылығы
үшін бөлек (негізгі және қосымша) жаза тағайындауға міндеттейді.
Жиынтыққа енетін әрбір
қасақана жасалған қылмыс айыпкер бұрынырақта
сол үшін
сотты
болған қылмыстық құқық бұзушылықтарға
қатысты
қылмыстық құқық бұзушылықтардың
қайталануы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |