1 Жаза тайынду институтының қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері


  тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ  ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ



жүктеу 1,61 Mb.
Pdf просмотр
бет2/82
Дата26.03.2022
өлшемі1,61 Mb.
#37927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Binazarov KR Kilmistik atkaru ОҚУЛЫҚ


тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ  ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ 
 
ҚАҒИДАЛАРЫ
 
 
1.1. 
Қағида: оның философиялық
-
құқықтық, методологиялық мәні
 
 
«
Принцип»  (қағида)  термині  латынның  «р
r
і
n
сірі
um
»  деген  сөзінен 
шығады, «негіз, бастау»
 
дегенді білдіреді. Философиялық және ғылыми білім 
құрылымында принцип ұғымы төмендегідей маңыз
-
мағынаға ие:
 
1.
 
Субъективтік гносеологиялық тұрғыда 

ойлау принципі, яғни негізгі 
қағида, алғы шарт, ойлау
-
пайымдау;
 
2.
 
Объективтік онтологиялық тұрғыда 

өмір сүру,
 
тіршілік ету принципі, 
яғни шығар есік, бастапқы негіз, тіршіліктегі бірінші бастау;
 
3.
 
Ғылыми  тұрғыда 

идеяларды  нағыз  абстрактылы  анықтау,  білімді 
жүйелеудің бастапқы формасы (мәселен, даму идеяларын ашып көрсету даму 
принципін  құрап
-
түзуден  басталады)  немесе  даусыз,  сөзсіз  сипатқа  ие 
талаптар, мәселен, аксиома, постулаттар (аксиома 

грекше 

талап, постулат 

латынша 

талап).
 
4.
 
Этикалық  тұрғыда  адамгершілікке  арқау  болатын  норма,  Кантқа 
сүйенсек,  не  ерік
-
жігердің  субъективтік  принципі 

максима  (латынша 
Р
ropositio maxima - 
жоғары талғам), ол жекелеген индивидтердің ерік
-
жігерін 
индивидтердің жетекші сәті ретінде бағалайды, не объективтік принципі 

заң 
болып  табылады.  Соңғы  жағдайда  әрбір  саналы  адамның  ерік
-
жігері  үшін 
маңызды деп танылады.
 
Принципті  кейінгі  жылдарғы  қазақ  тілді  заңдық  нормаларда,  құжаттарда 
қағида  деп  аудару,  қолдану  қалыптасып  қалды.  Қағида  сөзі,  шындығына 
келгенде,  принцип  ұғымының  мән
-
маңызын  барлық  реттерде  жан
-
жақты, 
толықтай  аша  бермейді.  Дегенмен,  құқықтық  заңнамаларға,  нормативтік
 
құжаттарға сүйене отырып, біз де осы терминді қолдануды жөн көрдік.
 
Сонымен, гносеология қағидалары:
 
-
 
адамның нақтылықты игеру тәсілдері;
 
-
 
адамның  тәжірибелік  және  танымдық  қызметіне  бағыт
-
бағдар  беруші 
ережелер;
 
-
 
адамның рухани қызметіне сипаттама;
 
-
 
нәтижеге
 
жету жолында таным
-
түйсікке бағыт
-
бағдар беруші әдіс;
 
-
 
ғылыми таным әдісінің құрылымдық элементі;
 
-
 
ғылыми таным
-
білімді жүйелеу формасы.
 
Таным  қағидасы 
– 
тұрмыс
-
тіршіліктің  кез  келген  жалпыға  ортақ 
нысандары  негізінде  құрастырылған  және  ойланушы,  саналы  субъектіні 
танымдық  қызметке  қалыптастырушы  белгілі  бір  талаптардан  түзілген 
ережелер.
 
«
Қағида
» 
ұғымы 
«
ғылым заңы
» 
ұғымымен өзара байланысып, астарласып 
жатады. Қағида да, заң да нақтылықтың бірден бір бөлігін білдіреді, тек тұрлі 
нысанда көрініс табады: заң 

оң ыңғайлы ғылым түрінде, қағида 

белгілі бір 
талап  немесе  реттеуші  норма  түрінде.  Барлық  ілім
-
ғылымдарда  қағидалар 
немесе әдіснамалық ережелердің өзіндік атқаратын қызмет бағыттары бар: олар 
жаңа ғылымға жету жолын ұстанады, танымды реттеуші ереже
-
нормалар болып 
табылады. Оларды  ойлау жүйесі нақтылықтың бір бөлігін зерттеу барысында 
жаңа жетістіктерге жету үшін
 
басшылыққа
 
алуға тиіс.
 



Екінші  жағынан,  қағидалар  бірқатар  реттеуші  ережелер  сияқты  дайын 
білімді, оны жүйелеуді айшықтау барысында пайдаланылады. Бұл жағдайда 
қағидалар  ғылыми  білімді  құру  кезіндегі  танымның  теориялық  деңгейі 
ретінде көрініс береді.
 
Ғылыми  зерттеудің  реттеуші  қағидаларын  дайындау  және  ғылыми
-
теориялық  білімді  жүйелеп  жазып  шығу  гнесология  шеңберінде  жүзеге 
асырылады. Жалпыға ортақ философиялық
-
танымдық дайындау және оларды 
теориялық тұрғыда негіздеу барысында диалектикалық әдістер, тиісті ғылым 
саласының  дәрежелік  аппараты,  осы  салада  қалыптасып  қалған  ереже
-
алғы
 
шарттардың жүйесі, сондай
-
ақ формальды логика әдістері пайдаланылады.
 
Әдетте, танымға қажетті талаптарды көрсететін қағидалар әдіснамалық 
қағидалар болып табылады.
 
XVII 
ғасырдан  бастап  әлеуметтік  сынақтан  өткен  қағидалардың, 
ғылыми
-
танымдық  қызметтің  нормалары  мен  әдістерінің  жүйесі  туралы, 
ғылыми  танымның  формасы,  құрылымы  және  функциясы  туралы 
философиялық  ілім  ретінде  ғылымның  әдіснамасы  белсенді  тұрде  ойлап 
шығарыла  бастайды.  Әрбір  ғылыми  пәннің  шеңберіндегі  білімнің  жан
-
жақтылығы  көп  жағдайда  олардың  арқауы  боларлық  қағидалардың  немесе 
негіздердің  ықпалымен  біртұтас  жүйеге  айналады.  Негіздер  жүйе  құрайтын 
блок  ретінде  болады,  олар  ғылыми  ізденістердің  стратегиясын,  алынған 
білімдердің  жүйесін  анықтайды  және  олардың  тиісті  тарихи  кезеңдердің 
мәдениетіне енуін қамтамасыз етеді.
 
Ғылымның негіздері немесе қағидасының үш компоненті ерекшеленеді:
 
Логикалық зерттеудің идеалдары мен нормалары;
 
Жеке ғылыми әлемнің ғылыми картасы;
 
Философиялық негіздер 

философиялық идеялар мен қағидалар.
 
Ғылымның  идеалдары  мен  нормалары  арқылы  мыналарды  анықтауға 
болады: 
 
а) танымдық ұстанымдардың өзін, таным процесін реттейтін қағидаларды; 
 
б)  ғылымның  рөлі  мен  оның  тарихи  дамудың  белгілі  бір  кезеңіндегі 
қоғамдық  өмір  үшін  құндылығын  белгілейтін  әлеуметтік  нормативтерді,  яғни 
қоғамның ғылымға деген көзқарасын білдіреді.
 
Ғылымның  танымдық  идеалдары  барынша  күрделі  құрылым.  Идеалдар 
мен нормаларды:
 
1.
 
Түсіндіру және жазу қағидасы ретінде;
 
2.
 
Білімді дәлелдеу және негіздеу қағидасы ретінде;
 
3.
 
Білімді құрау және ұйымдастыру қағидасы ретінде қарастыруға болады.
 
Түрлі  тарихи  даму  кезеңдерінде  ғылым  кез
 
келген  қағидалардың 
жиынтығы түрінде көрініс табатын зерттеу идеалдары мен нормаларының түрлі 
жүйелерінен  түзіледі.  Оларды  салыстыра  отырып,  танымдық  идеалдар  мен 
нормалардың  жалпылама,  сондай
-
ақ  жекелеген  де  сипаттарын  ерекшелеуге 
болады.
 
Біз  атап  өткен  ғылым  идеалдары  мен  нормаларының  кез  келгені 
мазмұнынан өзара байланысты үш дәрежені байқауға болады.
 
Бірінші  дәреже  ғылымды  танымның  басқа  формаларынан  (қатардағы, 
стихиялы
-
эмпирикалықтаным,  өнер,  әлемді  діни
-
аңыздық  игеру,  т.б.) 
ерекшелеп тұратын белгілермен берілген. Мәселен, алғашқы қауымдық
 
ойлау 
жүйесі антроморфизм қағидаларымен сипатталады.
 



Антроморфизм 

адамның  қасиеттерін  табиғатқа  ауыстыру:  сыртқы 
әлемнің құбылыстарын түсіндіру кезінде амалсыз оларды адами іс
-
қимылдар 
және  себеп
-
салдарлармен  салыстыруға  жүгінеді.  Бушмендер  оттың  шығу 
төркінін қым
-
қуытталқының нәтижесінде былайша
 
түсіндіреді: "Егер ағашты 
ұзақ  уқаласа,  ол  терлейді,  түтіндейді  және  өкпелейді  де 

от  тұтанады". 
Физика уқалау, жылу және оттың арасындағы байланысты ашып көрсетеді. 
Соған  сәйкес,  ғылым  белгілері 

құбылыстың  мән
-
маңызын  ашу,  негізділік, 
дәйектілік.
 
Зерттеу  идеалдары  мен  нормалары  мазмұнының  екінші  дәрежесі 
ғылымда белгілі бір тарихи даму кезеңінде басым бағытқа ие болатын ойлау 
стилін сипаттайтын өзгермелі ұстанымдарда көрініс табады. Айталық, ежелгі 
грек  математикасын  Ежелгі  Египет  математикасымен  салыстыра  отырып, 
білімді  ұйымдастыру  қағидаларындағы  айырмашылықтарды
 
байқауға 
болады. Ежелгі Египет математикасында қабылданған тапсырмаларды шешу 
рецептінің  жиынтығы  ретіндегі  білімді  жүйелеу  қағидасы  грек 
математикасында  білімді  дедуктивтік  жүйе  ретінде  ұйымдастыру 
қағидасымен  алмастырылады,  екіншісінде  дәлелдеуді  қажет  етпейтін 
аксиомалардан  салдар  шығарылады.  Бұл  идеалдың  барынша  батыл  жүзеге 
асырылуы  ғылым  тарихындағы  бірінші  теориялық  жүйе 

Евклид 
геометриясы болды.
 
XVI 
ғасырдың  аяғында 
–  XVII 
ғасырдың  басында  табиғаттанудың 
қалыптаса  бастауы  білімнің  негізділігінің  жаңа  идеалдары  мен  нормаларын 
бекітті.  Жаңадан  пайда  болған  бағалы  бағыттар  мен  дүниетанудағы 
ұстанымдарға  сәйкес  танымның  басты  мақсаты  табиғаттың  өзіндік 
ерекшеліктерін және заттардың өзара байланысын зерттеу және ашу, табиғат 
тылсымы мен заңдылықтарын табу ретінде белгіленді. 
 
Осыдан  келіп  табиғат  туралы  білімнің  негізділігіне  қойылатын  басты 
талап ретінде эксперименттік тексеріс қағидасы түзілді.
 
Ғылыми  зерттеу  идеалдары  мен  нормалары  мазмұнында  үшінші 
дәрежені де  атап өтуге  болады, онда бірінші  дәреженің ұстанымдары  әрбір 
ғылымның  пәндік  саласының  ерекшеліктеріне  қатысты  нақтылана
 
түседі. 
Мәселен,  математикада  теорияны  эксперименттік  жолмен  тексеру  қағидасы 
жоқ,  ал  жаратылыстану  ғылымдары  үшін  ол  міндетті.  Қазіргі  заманғы 
биология  эволюция  идеяларын  айналып  өте  алмайды,  сондықтанда 
тарихилық қағидасы оның танымдық ұстанымдарына кірігіп кетеді.
 
Ғылымды негіздеудің екінші блогын әлемнің ғылыми картасы құрайды. 
Бұл  дегеніңіз  табиғаттың  ортақ  ерекшеліктері  мен  заңдылықтарының 
біртұтас жүйесі. Бұл ұстанымдардың мазмұны тиісті қағидаларды құрау және 
негіздеу  арқылы  көрініс  табады:  мәселен,  жүйелілік  туралы  түсінік 
-
жүйелілік қағидасы арқылы, салдардың себептен қатаң біржақты тәуелділігі 
туралы түсінік 

механикалық детерминизм қағидасы арқылы және т.б.
 
Әлемнің  кестесі  тиісті  ғылымдар  аясында  білім  мен  қағидаларды 
жүйелеуді қамтамасыз етеді. Әлемнің ғылыми картасын ауыстыру ғылымда 
бұрыннан қалыптасып қалған парадигмаларды қайта қарау дегенді білдіреді.
 
Ғылымды негіздеудің үшінші блогы ғылымның постулаттарын, сондай
-
ақ оның идеалдары мен нормаларын негіздейтін философиялық идеялар мен 
қағидаларды алға тартады.
 



Ғылымның  дамуында  жүйелік,  құрылымдық  негіз,  құрылымдық
-
функционалдық талдау ретінде жалпы
 
ғылыми әдіснамалық тұжырымдамалар 
да үлкен рөл атқарады.
 
Айталық,  философиялық  және  ғылыми  білімнің  дамуы  білімнің 
болмыстың қағидалары турасында дамуы және ойлау қағидаларының құралуы 
ретінде көрініс береді. Философия дегеніміз не деген сауалға Гуссерль "Ақиқат 
бастаулар,  қайнар  көздер  туралы  ғылым"  деп  жауап  береді
  (1)
.  Аристотель 
«
Метафизикада
»: «
ғылым дегеніміз қайсы бір негіздер мен бастауларды тану»
 
деп жазады.
 
Адам 

әлеуметтік құбылыс. Ол әлемді таниды, өзінің әлеммен және басқа 
адаммен  қарым
-
қатынастарын  өзі  өмір  сүріп  жатқан  қоғам  тұрғысынан 
реттейді, жүйелейді. Қабылдаудың әлеуметтік эталоны дейтін ұғым бар: адам 
әлемді оны қалай үйретсе солай қабылдайды, яғни ол тәрбие, оқу және білім алу 
процесінде әлемді танудың белгілі бір қағидаларын игереді. 
 
Дәстүрлі  қоғамның  адамы  әлемді  көрудің  және  қоғамға  қатысты
 
қарым
-
қатынастың  дәстүрлі  қағидаларын  басшылыққа  алады.  Дамыған  өндірісті 
қоғамда адам дербестік қағидасын басшылықта ұстайды.
 
Сонымен,  ойлау  қағидасы  әлемге,  басқа  адамдарға  және  өзіңе  қатысты 
таным
-
түсінікте дайын ұстаным, бағыт
-
бағдар екендігіне көз жеткіздік.
 
Адам  аталған  қағидаларды  қоғамнан  негізгі  ұғымдар,  ережелер, 
постулаттар,  нормалар,  заңдар  ретінде  алады.  Ол  өзі  осы  қоғамда  әлеуметтік 
адаптациядан  (бейімделу)  өтеді.  Әлеуметтену  дегеніміз  әлеуметтік  оқу,  яғни 
қоғамның тәжірибесін бойына сіңіру және оқу барысында игеру. Мәдениеттену 
дегеніміз 

өз этносының (руының, тайпасының, ұлысының, ұлтының) нақтылы 
мәдени тәжірибесін игеру болып табылады.
 
Маргаред  Мид  «Балалық  әлемі  мен  мәдениеті
» 
атты  кітабында  балада 
әлемді  тану
-
қабылдаудың  қалай  қалыптасатындығы  жөнінде  жан
-
жақты 
әңгімелейді.  Анасы  баланы  үйрете  отырып,  оны  күнмен,  әпкелерімен, 
ағаларымен, туғандарымен таныстырады. Өзінің іс
-
қимылымен, әрекетімен ол 
баланың  санасында  тұрлі  ұғымдармен  қатар  белгілі  бір  бағыт
-
бағдарларды, 
ұстанымдарды,  яғни  ойлау  қағидаларын  қалыптастырады,  соның  нәтижесінде 
белгілі  бір  менталитет  құралады  (менталитет  латыншадан  аударғанда 

ойлау 
мәнері, рухани бағыт
-
бағдар).
 
Американ  социологтары  Дж.  Мид  пен  Ч.  Кулидің  символикалық 
интеракционизм  теориясына  сәйкес  адамның  санасында  дербес 
«
Мен»    және 
әлеуметтік «Мен
» 
бар 
(I 
және те, ағылшыншадан аударғанда «Мен»
, «
маған
»). 
Әлеуметтік  «Мен»
 
адам  қоғамнан  алатын  және  соларға  сүйене  отырып 
әлеуметтік ортаға қалыптасатын символдардың жиынтығы.
 
Ол  осы  символдарды  қаншалықты  жақсы
 
игерген  сайын,  соншалықты 
ортаға  оңтайлы  кірігіп  кетеді.  Мұнда  вербальдық  (ауызша)  және  визуалдық 
кеңістік  үлкен  рөл  атқарады.  Тілде,  сөзде  сол  тілді  қолданушының  ойлау 
қағидасы қаланған. Тілді меңгере отырып біз белгілі бір ұстанымдарды, мінез
-
құлық  ерекшеліктерін,  ойлау  қағидаларын  игереміз.  Мәселен,  орыс  тілді 
қазақтардың  тек  қазақ  тілінде  ойланып,  сөйлейтін  дәстүрлі  ауылдық 
қазақтардан ойлау қағидалары, сана
-
сезім дәрежесі жөнінен айырмашылықтары 
бар.  Олар  қоғамның  маргиналдық  қабаты  (латынша 
margo  - 
шет,  шек)  болуы 
мүмкін:  тәлімді  тәрбие,  ойлау  жүйесімен  де,  қоғамға  жат  қылықтарымен  де. 
Дәстүрлі  қазақтарда  әлемді  танудың  әлеуметтік  эталоны  үлкендерді  сыйлау, 



ата
-
баба дәстүрі, қонақжайлылық, т.б. ұғымдарға негізделеді.
 
Норбер  Рулан  «Заңдық  антропология
» 
атты  еңбегінде  құқықтық 
мәдениеттің  алмасуы  деген  ұғымды  қарастырады.  Мәдениеттің  алмасуы 

мәдениеттердің  өзара  кірігу  процесі,  оның  нәтижесінде  олардың  бастапқы 
модельдері өзгеріске ұшырайды. Құқықтық мәдениеттің алмасуы құқықтың бір 
халықтан екінші халыққа өтуін білдіреді, бұл ретте қоғамның жергілікті құқығы 
қабылданған құқықтың ықпалымен өзгеріске ұшырауы мүмкін, не орталықтан 
шетке  ығысуы,  не  қолданылу  аясынан  шығарылып  тасталуы,  демек  мәдениет 
қатарынан түсіп қалуы мүмкін. 
 
Өмір  сүру  образы  және  ойлау  қағидаларында  ортақ  ұқсастықтары  көп 
қоғамда құқықтардың алмасуы жағдайында, мәселен, ежелгі грек мемлекеттері 
арасында  заң  алмасу  немесе  бірқатар  мұсылман  елдерінде  ислам  құқығын 
қабылдау  барысында  құқықтық  мәдениет  алмасу  процесі  өте  оңтайлы 
жүргізіледі
 (2).  
Құқықтық  мәдениет  алмасуларға  қарсылық  бодандыққа  ұшыраған 
халықтар өзінің ойлау қағидаларын, мәселелерді шешудің қалыптасқан дәстүрлі 
жолдарын ауыстыруға дайын емес жағдайларда көрініс табады. Мұндай жағдай, 
мысалы,  Қазақстанда  патшалық  Ресейдің  хандық  билік,  билер  соттары 
институттарын жою кезінде байқалды.
 
Мәдениеттанушылар халықтың белгілі бір тектік мәдениеті болатындығы 
фактысын  алға  тартады.  Бұл  оның  ойының  астары  іспетті.  Бұл  орайда
 
Аристотельдің  болымсыздық  логикасы  еуропалық  құбылыс,  еуропалық 
мәдениеттің көрінісі деген пікір айтылады. 
 
Оның  негізгі  ұстанымы 

әңгімелесу  (диалог)  қағидасы.  Ойлаудың 
шығыстық  стилі  басқа  қағидамен 

монологпен  ерекшеленеді.  Жасы  үлкен 
сөйлеп тұрған кезде, жасы кіші әдеп сақтай отырып, оның уағызын тыңдайды. 
Шығыстық ойлау  «ли
» 
қағидасы, 
«
гу» қағидасы, «сяо
» 
қағидасы, даосизмдегі 
әрекетсіздік  қағидасы,  ежелгі  үнді  философиясындағы  «дхарма
» 
(парыз) 
қағидасы сияқты этикалық қағидалармен айшықталады.
 
Негізгі  арқау  болып  табылатын  этикалық  нормалар  да  қағида  ретінде 
қабылдануы  мүмкін  (грекше 
ethos  - 
салт
-
сана,  әдет
-
ғұрып).  Осы  тұрғыда 
Канттың пікіріне сүйенсек, философияның болмыс, әдептілік және дін туралы 
мәселелерін  қарастырмастан  бұрын  адамның  танып
-
білу  мүмкіндігінің 
шекарасын белгілеп алу қажет. Таза ақыл
-
ой адамның ерік
-
жігерін, тәжірибелік 
іс
-
әрекетін айқындауға мүмкіндік береді.
 
Жалпыға ортақ этикалық нормалар ислам, христиан, будда сияқты әлемдік 
діни  ағымдардың  негізгі  қағидаларына  сәйкес  келеді,  сондай
-
ақ  құқықта  да 
көрініс табады. Құқықтың моральдылығы (имандылығы), және бірінші кезекте 
онда  әділеттің  айшықталуы,  құқық  пен  моральдың  (иманның)  генетикалық 
ұқсастығын  айғақтайды:  оның  екеуі  де  адами  қарым
-
қатынастардың 
нормативтік
-
құндылық реттеушілері болып
 
табылады.
 
С. С. Алексеев 
«
Құқық философиясында
»: «
құқық феноменін анықтайтын 
негізгі  постулат  құқықтық  материяда,  оның  барлық  бөлімшелерінде  әділет 
талаптарын, тең шара және тең заңдық іс
-
қимылды жүзеге асыру болып қалады. 
Олар  заң  саласында  маңызды  құқықтық  бастауларға  әділ  құқық  және  оны 
әділетті тұрде қолдану 

сот төрелігіне ұласады
», - 
деп атап көрсетеді
 (3). 
Осымен  бірге  мораль  мен  құқықтың  бір
-
бірінен  үш  айшықты  айырмасы 
бар:
 



Біріншіден, мораль 
— 
әділеттілік, қайырымдылық идеалдары, және басқа 
моральдық талаптар адамға іштен, оның санасы, рухани әлемі арқылы әсер ету 
мақсатын діттейді. Ал құқық 

сыртқы реттеуші, ол адами қарым
-
қатынастарды 
заңдарда,  басқа  да  нормативтік
-
міндетті  құжаттарда  анықталған,  жазба 
нормалар арқылы реттейді.
 
Екіншіден,  мораль 
–  «
таза
» 
сана  саласы,  адамдардың  рухани  өмірімен 
шектелген және міндетті, сыртқы ықпалды талап етпейді. Құқық 

институттық 
реттеуші, ол дамыған қоғамда жазылған құқық ретінде болады, қоғам өміріне 
объективтік нақтылық, тұрақты догма ретінде
 
енеді.
 
Үшіншіден, моральдың мазмұны парызға, міндеттерге, адамдардың өз іс
-
әрекеті  үшін  жауапкершілігіне  сай  түзілген.  Құқық  болса  бірінші  кезекте 
субъектілердің  «құқықтары  туралы  айтуға
» 
негізделген,  субъектілердің 
мәртебесін,  олардың  заңдық  мүмкіндіктерін,  соған  сай  олардың  мінез
-
құлықтарының  негізделген  құқықтық  бостандықтарын  анықтауға  және  заңды 
қамтамасыз етуге бағытталған.
 
Құқықтың өзіндік  ерекшеліктері  үдесінен шыға отырып, құқық  қағидасы 
ретінде төмендегідей мәселелерді қарастыруға болады:
 
Құқық догмалары 

заң құжаттарында мазмұндалатын, заңдық нормаларда, 
олардың  жиынтығында,  құқықтық  қатынастарда,  заңдық  актілерде  көрініс 
тапқан,  құқықтық  негіздердің  нақтылы  объектіленген  бөліктері.  «Догма
» 
сөзі 
бұл  жерде  ешқандай  бағалау  сипатына  ие  емес,  тек  аталған  құқықтық 
негіздердің  (нормалар,  өзара  қарым
-
қатынастар,  актілер) 

қатаң,  тұрақты, 
нақтылы,  әрбір  сәт  үшін  өзгермейтін,  ең  бастысы  құқықтық  құбылыстар 
әлеміндегі сырттай объектіленген феномен, яғни нақтылы, көрнекті және өзара 
байланысты құқықтық жағдай дегенді білдіреді.
 
Құқықтың  құқықтық  мазмұны.  Нақ  осыларда,  субъективтік  құқықтарда 
объективтік  құқықтар  («идея  бойынша
»
,  анықтау  бойынша,  потенцияда) 
құрамында  негізі  қаланған  оның  мән
-
маңызы  және  бағыт
-
бағдары  ашылады 
(адам «құқық бойынша
» 
әрекет еткен (әрекет етпеген) реттерде).
 
Құқықтық  идеялар  (түсініктер,  ұғымдар,  концепциялар)  басты  құқықтық 
сана  ретінде.  Қазіргі  уақытта  күннен  күнге  белгілі  болып  отырғандай,  сол 
қоғамның  барлық  құқықтық  санасы  болмаса  да,  үстемдік  етуші  құқықтық 
сананың (құқықтық идеологияның) белгілі бір формалары негізгі арқау болатын 
идеялар түрінде құқық мазмұнына, оның тамырына, тініне тереңдеп енеді де, 
барлық құқықтық материяның
 
өзегіне айналады. 
 
Мәселен, М. Н. Марченко иудей құқығының қағидаларын талдай отырып, 
олар  ешқандай  да  құқықтық  құжатта  немесе  бастауларда  ашық  және 
жүйеленген түрде көрініс таппаса да, құқықты танып
-
білу барысында барынша 
жеңіл танылады және құралады деп атап көрсеткен.
 
Олар мынадай негізгі қағидалар:
 
1.
 
Аталған  құқықтық  жүйедегі  діни  бастаулардың  этикалық  бастаулармен 
органикалық үйлесімі қағидасы;
 
2.
 
Иудей халқының мессиандық және құдай таңдаушылық қағидасы;
 
3.
 
Өз Құдайына, «таза сенімге
» 
және өз халқына адалдықты сақтау қағидасы;
 
4.
 
Қанды кек қағидасы 
– «
қанды кек
»
, сондай
-
ақ бірқатар қосалқы қағидалар
 
(4)
.Қазіргі заманғы заң әдебиеттерінде басқа, төмендегідей көзқарастар да 
бар:
 
 



1.
 
Құқық қағидаларын құқықтың қайнар көздері ретінде қарастыра отырып, 
оларды бірінші 

заңдарға, екінші 

прецедент, доктринаға бөлу
 (5). 
2.
 
Құқықтың қағидалары мен нормаларын екі бөліп қарау. Қағидалар мен 
нормалардың өзара айырмашылықтары олардың жиынтығы және заңдық күші 
дәрежесіндегі айырма ретінде қарастырылады. Құқық қағидалары нормативтік 
жиынтықтың  жоғары  дәрежесі  болып  табылатын  барынша  жалпылама 
нормалар ретінде қарастырылады
 (6). 
Қылмыстық  құқық  алдында  тұрған  міндеттер  оның  қағидаларының 
негізінде  шешіледі.  Жалпы  қылмыстық  құқық  жүйесі,  сондай
-
ақ  кең  көлемде 
алғанда қылмыстық
-
құқықтық реттеу де солармен сәйкестендіріле құрылады.
 
Қағидалардың  нақты  мазмұны  және  олардың  тізімі  құқықтың  жалпы 
теориясында да, қылмыстық құқықта да әр мағынада түсіндіріледі. Әдетте, олар 
жалпы  (тұтастай  алғанда  құқықтар  жүйесіне  тән  және  әрқилы  салаларда 
өздерінің тиісті мән
-
мазмұнына ие болатын) және құқықтың жеке саласының 
құқықтық реттеудегі сапалық өзгешеліктерін айшықтайтын арнайы (салалық) 
қағидалары ретінде бөліп алып қарастыруды жақтай қоймайтын өзге де пікір
-
көзқарастар  бой  көрсетіп  қалып  жүр.  Олар  бойынша  жалпы
-
құқықтық 
қағидалар  салалық  қағидалар  арқылы  әрекет  жасайды,  ал  ерекше  салалық 
қағидалар  жалпы
 
құқықтық  қағидалардың  өзгеше  ұйғарылуы  болып 
табылады деген дәйектеме (аргумент) алға тартылады
 (7). 
Бұл  позициямен  келіскен  ләзім.  Ол  құқық  салаларының 
дифференциялану  процесін оның  жүйесінің  даму  тенденциясы  ретінде  ғана 
есепке  алып  қоймайды,  сонымен  қатар  олардың  бір  мезгілде  жүретін
 
кері 
тенденциясын  көлденең  тартатын  интеграциялау  процесі  тұрғысында  да 
қарастырады.  Осыған  байланысты  көптеген  салалық  қағидалардың  әдетте 
құқықтың  басқа  салаларында  өздерінен  аумайтын  ұқсас
 
үрдістері 
болғандықтан, олар тым терең арнайы (салалық) қағида болмай қалады.
 
Қазақстан  Республикасының  жаңа  Қылмыстық  кодексінде  қылмыстық 
құқықтың  қағидалары  жеке  заң  нормалары  ретінде  қаралмаған.  Ескі 
қылмыстық  заң  да  осы  жолмен  жүрген  еді.  Біз  бұл  жерде  бір  маңызды 
мәселені  қозғауды  ниет  еттік.  Иә,  қылмыстың  қағидалары  заңның  арнайы 
нормаларында  көзделген
-
көзделмегендігіне  қарамастан  өз  уәзіптерін 
орындай  береді.  Әйтсе  де,  олар  заң  нормаларында  орын  алса  не  ұтар  едік 
деген  сұрақ  та  туады.  Кеңестер  Одағы  кезеңінде,  әсіресе  50
-
60  жж., 
қылмыстық  процестік
 
кодексінің  принциптерін  заңдастыру  керектігі  көп 
айтылған болатын
 (8). 
Қағидалардың заңнамаларда бекітілуінің осындай маңызын Л.С.Явич те 
айқындай  түседі,  оның  пікірінше: 
«
заңдық  нормаларда  беки  отырып, 
құқықтық  қағидалар  мемлекеттік  органдардың  құқық  шығару  және  құқық 
қолданумен  байланысты  қызметтеріне  бағыт
-
бағдар  бола  алады...  Олардың 
қатаң сақталуы құқықтық жүйенің қалыпты, бірыңғай дамуы мен өмір сүруін 
қамтамасыз етеді
» (9). 
Жаңадан  қабылданған  Ресей
 
Қылмыстық  кодексінде  және  тағы  басқа 
ТМД  мемлекеттерінің  қылмыстық  заңдарында  қылмыстық  құқықтың 
қағидалары  жаңа  заң  нормаларында  қарастырылған.  Мәселен,  Ресей 
Қылмыстық  кодексі  бойынша  заңды  тұрде  қисындастырған  қылмыстық 
құқықтың  қағидаларына  мыналар  жатады:  заңдылық,  азаматтардың  заң 
алдындағы теңдігі, кінәлілік, әділдік, адамгершілік.
 


10 
Қағидалардың 
заңдастырылуының 
үлкен 
мәні 
бар 
және 
қылмыстылықпен  күресудегі  маңызы  тіпті  зор.  Ресей  ғалымдарының  пікірі 
бойынша,  Ресей  және  басқа
 
ТМД  елдері  Қылмыстық  кодекстеріне 
қағидаларға  арналған  арнайы  тараудың  енгізілуінің  іс  жүзіндегі  маңызы 
бұдан  былай  тиісті  қылмыстық
-
құқықтық  идеялардың,  сөйтіп  қылмыстық 
құқықтың  міндеттері  мен  уәзіптерін  жүзеге  асыруға  тікелей  септігін 
тигізетіндігі;  олардың  сонымен  қатар  азаматтарға,  қылмыстық  құқықтың 
нормаларын  қолданатын  органдарға,  белгілі  бір  дәрежеде  заң  шығарушыға 
ықпал ететіндігімен түсіндіріледі.
 
Осы мәселелер бойынша Г.Ш.
 
Лежава былай дейді: 
«
қазіргі заманғы жеке 
даралау және дифференциялау, жазаның қатаң тұрлерін қолдану, қатты жаза 
шектіру  көлемін  қысқарту,  т.б.  желісі  бойынша  дамып  келе  жатқан 
қылмыстық саясаттың қағидалары мен бағыттарын дұрыс түсінбеу
 
қоғамдық 
пікірдің  кері  ыңғайда  қалыптасуына,  тұрғындар  арасында  жазаны  қатайту 
қажеттігі туралы пікірдің кең таралуына жол беруші факторлардың бірі болып 
табылады
» (10). 
Өкінішке  орай,  жоғарыда  айтып  кеткеніміздей,  жаңа  қылмыстық  заңда 
қылмыстық құқықтың қағидалары жөнінде арнайы нормада көрсетілмей кетті. 
Бұл ретте мемлекетіміздің қылмыстық заңын жасаушылар Ресей және бірнеше 
ТМД елдерінің кодексінен үлгі алса болар еді. Бұл мәселе бойынша айтқымыз 
келіп  отырғаны  қылмыстық  құқықтың  қағидалары  жеке  заң  нормаларында 
айшықталып  кеткен.  Мәселен,  қылмыстық  құқықтың  жалпы  бөлімінде 
заңдылық,  әрбір  адамның  заң  алдындағы  теңдігі,  адамгершілік,  әділдік 
қағидалары  көрініс  тауып  отыр.  Мысалы,  ҚР  Қылмыстық  кодексінің
  3-
бабында  былай  делінген: 
«
Қылмыс  жасау,  яғни  осы  Кодексте  көзделген 
қылмыстық 
 
құрамының  барлық  белгілері  бар  әрекет  қылмыстық 
жауаптылықтың бірден
-
бір негізі болып табылады
». 
9-
бапта  қылмыс  ұғымына  анықтама  беріледі  де,  қылмыстық  заңды 
ұқсастығы  бойынша  қолдануға  жол  берілмейтіндігі  атап  көрсетіледі.  Мұнда 
заңдылық қағидасы көзге ұрып тұр.
 
19-
баптың  1
-
бөлігі  былайша
 
түзілген: 
«
адам  соларға  қатысты  өз  кінәсі 
анықталған  қоғамдық  қауіпті  әрекеті  (іс
-
әрекет  немесе  әрекетсіздігі)  және 
пайда  болған  қоғамдық  қауіпті  зардаптар  үшін  ғана  қылмыстық  жауапқа 
тартылуға
» 
тиіс. Мұнда кінәлілік қағидасы көрініс тапқан.
 
Азаматтардың заң алдындағы теңдігі қағидасы ҚР Қылмыстық кодексінің
 
15-
бабында  айшықталған,  онда: 
«
қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасаған 
адамдар  шығу  тегіне,  әлеуметтік,  лауазымдық  және  мүліктік  жағдайына, 
жынысына,  нәсіліне,  ұлтына,  тіліне,  дінге  көзқарасына,  сеніміне,  қоғамдық 
бірлестіктерге қатыстылығына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де кез келген 
мән
-
жайларға қарамастан заң алдында бірдей
», - 
деп атап көрсетілген.
 
Адамгершілік  қағидасы  ҚР  Қылмыстық  кодексінің
  39-
бабында  көрініс 
тапқан. Осы бапқа сәйкес, жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір
-
қасиетін қорлауды мақсат етпейді.
 
Әділдік  қағидасы  ҚР  Қылмыстық  кодексінің
 
3  және  3
7-
баптарында 
айшықталған,  оларда  бір  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
үшін  ешкімді  де 
қайталап  қылмыстық  жауапқа  тартуға  болмайтындығы  және  жазаның 
әлеуметтік  әділеттілікті  қалпына  келтіру  мақсатында  қолданылатындығы
 
жөнінде атап көрсетілген.
 


11 
Қылмыстық  құқық  қағидаларының  заң  жүзінде  бекітілуінің  маңызын 
ескере  отырып,  қылмыстық  құқық  қағидалары  туралы  нормаларды 
ерекшелеп, ҚР Қылмыстық кодексіне өзгерту енгізуді ұсынамыз. Егер біздің 
бұл ұсынысымыз, 5 дербес бапты бірден енгізу техникалық тұрғыда қолайсыз 
болатындығы  себепті,  күрделі  болса,  онда  осы  барлық  қағидаларды  ҚР 
Қылмыстық кодексінің
 
жалпы бөлімінің бір бабында қарастыруға болады
 
Біздің  бұл  ұсынысымыз  2001  жылғы  сәуірде  Мәскеу  қаласындағы 
А.С.Грибоедов атындағы халықаралық құқық және экономика институтында, 
«
Ашық  Қоғам
» 
институтының  қолдауымен  (Сорос
-
Ресей  қоры)  өткен 
«
Кәсіпкерлік: мемлекеттік
-
құқықтық араласудың шектері
» 
атты халықаралық 
конференцияда қолдау тапқан болатын.
 
Өздеріңізге  белгілі,  заң  әдебиеттерінде  жалпы  құқықтың  бір  жүйесінің 
қағидалары  ғана  болмайды,  оның  салалық  немесе  жеке  бір  институттарына 
тән қағидалары бой көрсетіп отырады. Жаза тағайындаудың қағидалары жаза 
тағайындаудың  жалпы  негіздерінің  қызметінде  өзіндік  орынға  ие  болып 
отырады. Демек, құқық қорғау органдарымен қудаланатын жаза тағайындау 
қағидаларын, мақсаттары мен міндеттерін нақтылы анықтап алмай, жазаның 
мақсаттарына жету өте қиын.
 
Қылмыстық
-
құқықтық  әдебиеттерде  жаза  тағайындау  қағидаларына 
қатысты,  олардың  саны,  тұрлері,  олардың  өзара  байланысы  немен 
сипатталатыны, бұл қағидалардың қандай құралдармен жүзеге асырылатыны

т.б.  жөніндегі  мәселелер  әр  түрлі  шешіледі.  Айталық,  көптеген  авторлар 
(В.Д.
 
Меньшагин,  Ю.В.
 
Бышевский,  А.И.
 
Марцев,  И.И.
 
Карпец,  Л.А

Прохоров,  А.М.
 
Васильев  және  т.б.)  жаза  тағайындау  қағидаларына 
заңдылықты, гуманизмді, жазаны жеке даралауды жатқызады.
 
М.
 
И.
 
Бажановтың пікірі бойынша, қылмыстық құқықта жаза тағайындау 
қағидаларына,  жоғарыда  аталған  үшеуімен  қатар,  мыналарды  да  жатқызу 
керек:  жазаның  үкімдегі  нақтылығы,  оны  үкімде  келтірудің  негізділігі  мен 
міндеттілігі және әділеттілік.
 
Жаза  қағидалары  туралы  осы  жолдар  авторының  заң  әдебиеттерінде 
қалыптасып қалған идеялардан біршама алшақтау өзіндік концепциясы бар. 
Ол жөнінде келесі тақырыпты талқылау кезінде кеңінен сөз болады.
 

жүктеу 1,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау