1 Жаза тайынду институтының қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері



жүктеу 1,61 Mb.
Pdf просмотр
бет57/82
Дата26.03.2022
өлшемі1,61 Mb.
#37927
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   82
Binazarov KR Kilmistik atkaru ОҚУЛЫҚ

 
3
.6. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың
 
жиынтығы бойынша
 
 
жаза тағайындау
 
 
Қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың  жиынтығы  бойынша  жаза 
тағайындау  қылмыстық  жаза  тағайындаудың  жалпы  проблемаларының  бір 
түрі,  сонымен  қатар  оның  қылмыстық  жауаптылықты  іске  асыру 
механизмінің  ерекше  мән
-
жайларымен  сипатталатын  жеке  жағдайы  болып 
табылады.
 
Аталған мысалдың басты ерекшелігі қылмыстық
-
құқықтық зардаптарды 
бір мезгілде бірнеше қылмыстық
-
құқықтық іс
-
әрекеттерге, басқаша айтқанда 
жиынтық түрде қолданумен айшықталады.
 
Бірден  айта  кету  керек,  бұл  ұғымды  заң  шығарушы  құрамында 
Қылмыстық кодекстің түрлі баптары немесе баптары бөлігінің белгілері бар, 
адам  солардың  бір  де  біреуі  үшін  сотталмаған  немесе  қылмыстық 
жауаптылықтан  босатылмаған  іс
-
әрекеттердің  кез  келген  санын  қамтитын 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың 
 
көптігінің  бір  формасын  немесе 
түрлерін сипаттау кезінде пайдаланады (ҚР ҚК
-
нің 1
3-
б. қараңыз). Бұл ретте,
 
егер  жасалған  әрекеттердің  белгілері  Қылмыстық  кодекстің  бір  бабының 
немесе  бабының  бір  бөлігінің  неғұрлым  қатаң  жаза  қолдануды  көздейтін 
нормасымен  қамтылмаған  болса,  әрбір  жасалған  қылмыстық  құқық 
бұзушылық
 
үшін  Кодекстің  тиісті  бабы  немесе  бабының  бөлігі  бойынша 
қылмыстық  жауаптылыққа  тартылады.  Осыдан  көрініп  тұрғандай, 
қылмыстық құқық бұзушылықтардың
 
жиынтығын анықтайтын критерийлер: 
біріншіден, түрлі сіңірілмеген құрамдардың болуы, екіншіден, олар бойынша 
соттаумен немесе  қылмыстық  жауаптылықтан босатумен байланысты  басқа 
шешімдердің болмауы болып табылады.
 
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы дегеніміз, қылмыстық 
құқық бұзушылықтардың
 
көптеген түрін жасау кезінде жаза тағайындау мен 
оны  дәрежелеудің  қағидалары  мен  ережелерін  анықтайтын  қылмыстық 
құқықтың құқықтық санасы немесе тіпті тұтас бір институты.
 


136 
«Қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
жиынтығы
» 
ұғымы  жалпы 
алғанда  екі  ұшты  мағынада  қолданылады.  Бір  жағынан  ол  іс
-
әрекеттердің 
көптігінің  ерекше  жағдайының  сапалық  еркшеліктерін  білдірсе,  екінші 
жағынан  жаза  тағайындау  кезінде  анықталған  қағида  ретінде  қолданылады. 
Біріншісі екіншісін анықтайды, сондықтан да қылмыстардың жиынтығының 
сапалық  мазмұнын  неғұрлым  толық  ашумен  осындай  үлгідегі  көпшілік 
жағдайлар бойынша жаза тағайындаудың қағидалары мен ережелері туралы 
мәселенің нақтылы маңызы барынша байланысты болып келеді.
 
Жиынтыққа  кіретін  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
әрқайсысы 
басқа құрамдарға сіңіруге немесе қосуға жатпайтын өз алдына дербес құрам 
құрайды.  Олардың  сәйкессіздігі  толық  немесе  жартылай  болуы  мүмкін, 
мәселен,  объективтік  жағы  бойынша  немесе  зақым  келтіру  объектісі 
бойынша.  Негізінен  жиынтық  бойынша  Қылмыстық  кодекстің  түрлі 
баптарымен  немесе  бір  баптың  бөліктерімен  көзделген,  бір
-
біріне 
ұқсамайтын  іс
-
әрекеттер  дәрежеленеді.  Дегенмен  тәжірибеде  ұқсас 
қылмыстарды  дәрежелеу  кезінде  шектеушілікті  талап  ететін  жағдайлар  да 
кездесіп  тұрады.  Бұл,  әлбетте,  әр  типті  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар
 
құрамының  құрылымы  сәйкес  келмеген  реттерде  орын  алады.  Мәселен, 
орындалуы  түрлі  дәрежедегі  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
жиынтығы  (аяқталған  немесе  аяқталмаған  іс
-
әрекет).  Бір  сөзбен  айтқанда, 
қылмыстық құқық  бұзушылықтардың
 
жиынтығы оларды дәрежелеуде, яғни 
олардың құрамын құрауда айырмашылық болған кезде орын алады.
 
Қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
жиынтығының  оны  бір  текті 
қоғамдық  қауіпті  іс
-
әрекеттерден,  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың 
бірнеше мәрте жасалуы мен қайталануынан ерекшелеп тұратын күрделі ішкі 
құрылымы болады. Сондықтан да оның сыртқы формасы да  күрделі болып 
келеді.  Қылмыстық  құқық  теориясында  қылмыстық  құқық  бұзушылықтың 
жиынтығын жасалған іс
-
әрекеттердің саны бойынша дәрежелеу барынша кең 
тараған:
 
1.
 
бірнеше әрекет немесе әрекетсіздікті қамтитын нақтылы және
 
2.
 
бірнеше  құрамдардың  белгілерін  қамтитын  бір  әрекетті  көрсететін 
мақсатты.
 
Қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
жиынтығын  дәрежелеуге  негіз 
ретінде  оның  пайдалану  формасын  да  алуға  болады:  бір  үкіммен  соттау 
кезінде  бір  сәттік  қолдану  немесе  түрлі  үкімдермен  соттаған  кезде  түрлі 
уақытта  қолдану.  Біздіңше,  бұл  жағдайлардың  шектеушілік  критериі 
қылмыстық қудалау органдарының жиынтықты құраушы барлық қылмыстық 
құқық  бұзушылықтардың
 
жасалуы  туралы  құлақтандырылуы  және  олар 
бойынша  істі  ұштастырып  жүргізу  мүмкіндігі  болып  табылады  (алдын  ала 
тергеу, істі сотқа жолдау және соттық талқылау). Көптеген қылмыстық құқық 
бұзушылық
 
өз  табиғаты  бойынша  латентті  болып  келеді,  оларды  анықтау 
үшін  белгілі  бір  уақыт  және  күш
-
жігер  жұмсау  қажет.  Осыған  орай 
қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
ашуға  байланысты  қиындықтар  да  жиі 
кездеседі (тергеудің мерзімі өтіп кетуі, айыпталушыны іздеу, айыптың үлкен 
көлемі,  т.б.).  Сондықтан  да  ҚР  Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексінің  47
-
бабы 
қылмыстық  істердің  материалдарын  бөлектеудің  мүмкіндігін  қарастырады. 
Бұл  белгілі  бір  дәрежеде  қылмыстылыққа  қарсы  күрестің  тиімділігінің 
артуына ықпал етеді. Дегенмен, қылмыстық процесті бөлектеу, қалай дегенде 


137 
де  соттық  іс  жүргізудің  жан
-
жақтылығына,  тұтастығына  әсер  етпеуі  тиіс 
екендігін  әсте  естен  шығармау  керек.  Сондықтан  да  соттар  белектеп 
қарастыру қылмыстық жауапкершілік мәселелерін дұрыс шешуге әсер ете ме

жоқ па, осыған үнемі назар аударуға тиіс. Соттың сотталғанға дейін жасалған 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтар
 
туралы  қылмыстық  істерді  бөлектеп 
қарастыруы олардың әрқайсысы үшін, біріктіріп талқылау барысындағыдай
 
ережемен  жүзеге  асырылады.  Қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың 
жиынтығы  бойынша  жаза  тағайындау  кезінде  де  осындай  ереже 
қолданылады.  Аталған  мысалдардың  арасындағы  бірден  бір  айырмашылық 
сотталушы  тағайындалған  жазаның  біршама  бөлігін  өтеген  болып 
келетіндігінен  көрініс  табады.  Бұл  жағдайда  заң  жиынтық  жазаның  ақтық 
мерзіміне  соттың  бірінші  үкімі  бойынша  өтелген  жазаны  қосып  есептеуді 
алдыға  тартады.  Осы  ретте  ҚР  Қылмыстық  кодексінің
  59-
б.  6
-
бөлігінің 
өтелген жазаны «түпкілікті жазалауға
» 
есептеу туралы соңғы сөйлемі сәтсіз 
болып  шыққан  деп  пайымдаймыз.  Соңғы  үкімде  жауапкершілік  шарасы 
жазаның  мерзімінде  емес,  көлемінде,  мәселен  айыппұл,  көрініс  табуы 
мүмкін.  Осыған  байланыстыҚР  Қылмыстық  кодексінің
 
аталған  бабына 
төмендегідей мазмұндағы шамалы түзету енгізуді ұсынамыз: 
«

жүктеу 1,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау