1 Жаза тайынду институтының қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері


  Қатысып жасалған қылмыстық құқық бұзушылығы



жүктеу 1,61 Mb.
Pdf просмотр
бет53/82
Дата26.03.2022
өлшемі1,61 Mb.
#37927
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   82
Binazarov KR Kilmistik atkaru ОҚУЛЫҚ

3.3. 
Қатысып жасалған қылмыстық құқық бұзушылығы
 
үшін 
 
жаза тағайындау
 
  
Түрлі қызмет түрлерін жүзеге асыру барысында адам басқа адамдармен 
ынтымақтаса,  бірлесе  жұмыс  істеуге  бейім  тұрады.  Мұндай  талпыныстар 
адамның тек әлеуметтік пайдалы мақсаттарға жетуінде ғана емес, сондай
-
ақ 
қоғам мүдделеріне қайшы келетін іс
-
әрекеттерінде, оның ішінде қылмыстық 
құқық бұзушылық
 
жасауда да көрініс табуы мүмкін.
 
Қазіргі  уақытта  қатысып  жасалған  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар

әсіресе  ауыр  және  аса  ауыр  қылмыс  жасаған  кезде,  барынша  кең  таралып 
отыр.  Сот  статистикасы  оның  үлесі  35  пен  50  пайыз  аралығында  екендігін 
дәлелдейді.  Сондай
-
ақ  мұндай  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың 
қауіптілігі бірқатар себептермен негізделеді. Атап айтқанда:
 
-
 
қылмыстық
 
құқық  бұзушылық
 
іс
-
әрекетке  бір  мезгілде  бірнеше  адам 
тартылады;
 
-
 
бірнеше адамның қылмыстық құқық бұзушылықты
 
бірлесіп жасауымен 
жеке  адамның  және  мемлекеттік  мүдделеріне,  әдетте  үлкен  зиян 
келтіріледі;
 
-
 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтарға
 
қоса  қатысушылардың  түрлі 
тәжірибелері  мен  нақтылы  таным
-
білімдері  қылмыстық  құқық 
бұзушылықты
 
барынша тыңғылықты және сапалы дайындауға және оны 
оқиға  орын  алған  жерде  шама  келгенше  із  қалдырмай  орындауға 
мүмкіндік  береді,  бұл  өз  кезегінде  мұндай  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтарды
 
ашуда  және  одан  әрі  іздестіру
-
тергеу  жүргізуде 
қиындық туғызады;
 
-
 
қатысып  жасалған  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың  мұндай 
«
ашылуы
» 
қылмыскерлердің  бойында  жазаланбаушылық  сезімін 
тудырады,  оларды  жаңа  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар
 
жасауға, 
қылмыстық іс
-
әрекетке жаңа қатысушыларды тартуға итермелейді.
 
Еліміздің  бұрынғы  Қылмыстық  кодексінде  қоса  қатысушылардың 
әрекетін  дәрежелеу  ережесін  нақтылы  реттейтін  норма  болған  жоқ.  Бұл 
келеңсіздік  1998  жылдың  1  қаңтарынан  бастап  қолданысқа  енген  жаңа 
Қылмыстық кодексте жойылды.
 
Жаңа  Қылмыстық  кодекс,  бұрынғыға  қарағанда,  қылмысқа  сыбайлас 
қатысу  ұғымына  арнайы  анықтама  береді.  Соған  сәйкес  екі  немесе  одан
 
да 
көп  адамның  қасақана  қылмыстық  құқық  бұзушылық  жасауға  қасақана 
бірлесіп  қатысуы  қылмысқа  қатысу  деп  танылады.  Бұл  новелла,  сөйтіп, 
теорияда және тәжірибеде орын алып келген абайсызда жасалған қылмыстық 
құқық бұзушылыққа
 
қатысу мүмкіндігі туралы пікірталасқа нүкте қойды.
 
Қылмыстық кодекстің жеке бабында қылмысқа қатысушылардың түрлері 
қарастырылады.  Бұрнағы  кодекстегідей,  Жаңа  Қылмыстық  кодекс  те 
орындаушымен  қатар  қылмысқа  қатысушылар  деп:  ұйымдастырушыны, 
айдап  салушыны  және  көмектесушіні  таниды.  Егер  бұрынғы  Қылмыстық 
кодекс 
«
орындаушы деп қылмыстық құқық бұзушылықты
 
тікелей жасаушы 
адам  танылады
» 
деп  тұжырымдаған  болса,  жаңа  заң  бұл  ұғымды  барынша 
кеңейтіп, нақтылай түскен. Кодекс бойынша орындаушы 
– 
қылмыстық құқық 
бұзушылықты
 
тікелей  жасаушы  субъект,  дәлірек  айтқанда,  айдап  салудың 
нәтижесінде,  оған  көмек  ету  немесе  ұйымдастырушының  ықпалымен 


100 
қылмыстық құқық бұзушылық
 
құрамын тікелей орындаушы адам.
 
Егер  қылмыстық  құқық  бұзушылық  құрамын  тікелей  орындаушы  екеу
 
болса, онда олар қоса орындаушылар болып табылады. Топтық қылмыстық 
құқық бұзушылықтарды
 
нақ осы қоса орындаушылар жасайды.
   
Орындаушылық (қоса орындаушылық) деп сондай
-
ақ, қоғамдық қауіпті 
зардаптарды  қосарласа  келтіру  танылады.  Қосарласа  орындау  қылмыстық 
құқық  бұзушылықты
 
жасына,  есінің  дұрыс  еместігіне  немесе  Кодексте 
көзделген  басқа  да  мән
-
жайларға  байланысты  қылмыстық  жауапқа  тартуға 
болмайтын
 
адамдарды пайдалану арқылы жасау дегенді де білдіреді.
 
Қылмыстық құқық бұзушылықты
 
жасау үшін он алты жасқа  толмаған, 
басқа  жағдайларда  он  төрт  жасқа  толмаған  жасөспірімдерді  пайдалану 
кезінде  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
құрамын  айдап  салушының  немесе 
қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
ұйымдастырушының  өзі  орындаған  деп 
есептеледі. Қатысып жасалған қылмыстық
 
құқық бұзушылықтың
 
субъектісі, 
жоғарыда аталып өткендей, тек қылмыстық
-
құқықтық кәмелетке толған адам 
ғана бола алады. 
 
Басқаша  жағдайда  ол  жай  ғана  қылмыс  жасау  құралы  ретінде 
бағаланады.  Қылмыстық  жауаптылық  жасына  толмаған  адамды  қылмыс 
жасау  үшін  пайдалану  олардың
 
қылмыспен  келтірген  барлық  зардаптары 
үшін  жауаптылығына  әкеп  соғады.  Сонымен  бірге  айыпкер  кәмелетке 
толмаған адамды қылмыс жасауға тартқаны үшін жауап береді.
 
Қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасау  үшін  есі  дұрыс  емес  адамды 
пайдаланған  адамның  әрекеті  де  осыған  ұқсас  дәрежеленеді.  Әрине,  бұл 
жағдайда да, қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамды пайдаланған 
кездегі сияқты, қосарласып зиян келтіруші өзі пайдаланушы адамдардың бұл 
ерекшеліктері  туралы  білетін  болуы  керек.  Сондықтан  да  субъективтік 
жағына  қатысты  түзету  енгізе  отырып,  мұны  көрінеу  қылмыстық 
жауаптылыққа жатпайтын басқа адамды пайдалану деп шектей түсіндіру жөн 
сияқты.
 
Қылмыстық  кодекс  ұйымдастырушы  деп  қылмыстық  құқық 
бұзушылықты
 
жасауды  ұйымдастырған  немесе  оның  орындалуына 
басшылық  еткен  адам,  сол  сияқты  ұйымдасқан  қылмыстық
 
топ  немесе 
қылмыстық  қауымдастық  (қылмыстық  ұйым)  құрған  не  оларға  басшылық 
еткен  адам  танылады  деп  анықтайды.  ҚР  Қылмыстық  кодексінің
  28-
б.  3
-
бөлігіне сәйкес ұйымдастырушының қатысу нысанына қарай үш түрі болады: 
а) қылмыстық құқық бұзушылықты
 
жасауды ұйымдастырушы; ә) қылмыстық 
құқық бұзушылықтың
 
орындалуына басшылық жасаған ұйымдастырушы; б) 
ұйымдасқан  қылмыстық  топ  немесе  қылмыстық  қауымдастық  (қылмыстық 
ұйым) құрған не оларға басшылық жасаған ұйымдастырушы. Үшінші түр ҚР 
Қылмыстық заңнамасында бірінші рет көрініс тауып отыр.
 
Қылмыстық  кодекс  басқа  адамды  қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
жасауға  көндірген  адамды  айдап  салушы  деп  анықтай  отырып,  көндіру 
тәсілдерін: азғыру, сатып алу, қорқыту және т.б. заң жүзінде бекітеді.
   
Қоса  қатысудың  төртінші  түрі 

көмектесушілік.  Қылмыстық  кодекс 
бойынша  түрлі  тәсілдермен  орындаушының  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасауына  жәрдемдескен  субъект  көмектесуші  болып  табылады.  Заң 
шығарушы көмектесушіліктің мына екі нысанын қамтыған: интеллектуалдық 
және  нақтылы  іс
 
жүзінде.  Нақтылы  іс  жүзінде  көмектесушілік  қылмыстық 


101 
құқық  бұзушылық
 
жасау  қаруын  беру,  кедергілерді  қолмен,  күшпен  алып 
тастау,  жою,  т.б.  көрінеді.  ҚР  Қылмыстық  кодексінің
  28-6. 5-
бөлігінде 
көмектесушіліктің  негізгі  тәсілдерінің  тізімі  берілген:  кеңестер,  нұсқаулар, 
ақпарат,  қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
жасайтын  қару  немесе  құралдар 
беру,  не  қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
жасауға  кедергілерді  жою, 
қылмыскерді, қаруды немесе қылмыстық құқық бұзушылықты
 
жасаудың өзге 
құралдарын,  қылмыстық  ізін  не  қылмыстық  жолмен  табылған  заттарды 
жасыруға  күні  бұрын  уәде  беру,  сондай
-
ақ  осындай  заттарды  сатып  алуға 
немесе өткізуге күні бұрын уәде беру. Көмектесушіліктің қылмыс заттарын 
жасыру,  сатып  алу  және  өткізуден  айырмашылығы  жасыруға,  сатып  алуға, 
өткізуге алдын ала берілген уәде белгісі бойынша анықталады. Мұндай уәде 
орындаушыға  психологиялық  тұрғыда  күш
-
жігер  береді,  оның  қылмыстық 
құқық  бұзушылықты
 
жасауға  деген  шешімділігін  нығайтады.  Сөйтіп, 
орындаушының  іс
-
әрекетіне  көмектесушінің  көмегін  уәде  ететін 
субъективтік және объективтік байланыстар пайда болады.
 
Қоса  қатысушылардың  жауаптылығы  туралы  норма  заң  жүзінде 
бекітілген новелла болып табылады. ҚР Қылмыстық кодексінің
  29-
6. сәйкес 
қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
құрамын  орындауға  қатысу
 
сипаты  мен 
дәрежесі  қылмыстық  құқық  бұзушылыққа
 
қатысушылардың  жауаптылығын 
анықтайтын басты критерий болып танылады. Айта кету керек, осы 29
-6. 1-
бөлігінде  белгіленген  қатысушылардың  әрқайсысының  қылмыстық
 
құқық 
бұзушылықтың
 
жасалуына  қатысуының  сипаты  мен  дәрежесі  айқындаушы 
фактор ретінде көрсетілуі жаза тағайындау мәселелері арнайы сөз болатын 52 
(жаза  тағайындаудың  жалпы  негіздері),  57
-
баптардың  (қатысып  жасалған 
қылмыстық құқық бұзушылық
 
үшін жаза тағайындау) ережелеріне
 
алғы
 
шарт 
іспетті. 52, 57
-
баптарда 29
-
баптың нормаларын одан әрі
 
нақтылай, жетілдіре 
түседі.  Жалпы  алғанда  жоғарыдағы  нұсқау  (қатысу  сипаты  мен  дәрежесі) 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтарға
 
қоса  қатысушыларға  жазалау  шарасын 
анықтаған кезде негіздердің негізі болып табылады.
   
Бұл  ҚР  Қылмыстық  кодексінің
  29-
б
. 1-
бөлігінде  бекітілген  норманың 
айрықша маңыздылығын дәлелдей түседі.
 
ҚР  Қылмыстық  кодекстің  29
-
б
. 1 -
бөлігінде  қатысушылардың 
әрқайсысына нұсқау жасалуы олардың іс
-
әрекетінің қоғамдық қауіптілігінің 
өзіндік  ерекшеліктері  қоса  қатысушылардың  кез  келгеніне  жасанды  түрде 
тиесілілігімен  шектелмейді.  Әрбір  қоса  қатысушының  нақтылы  қылмыстық 
белсенділігін,  оның  ортақ қылмыстық құқық  бұзушылыққа  қосқан  «үлесін
» 
жеке есепке алу қажет. Қатысушының жасанды рөлінің (орындаушы, айдап 
салушы,  ұйымдастырушы  немесе  көмектесуші)  қылмыстық  оқиғаның 
дамуында  және  оның  зиянды  және  қауіпті  зардаптарында  ерекше  маңызы 
бар. Дегенмен, ол тіпті ең құрығанда көпшілік жағдайда қылмыстық құқық 
бұзушылыққа
 
қатысу нысаны амалсыз осы қатысудың қылмыстық нәтижеге 
жетудегі  көлемін  және  маңыздылығын,  оның  зияндылығы  дәрежесін 
анықтайтын  болғандықтан  жасанды  түрде  болсын  басым  сипат  алуға  тиіс 
емес.
 
Сондай
-
ақ  қоса  қатысушылардың  іс
-
әрекетінің  белсенділігі  және 
тиімділігі  шаралары  қылмыстық
 
құқық  бұзушылық
 
әрекетті  жүзеге  асыру 
барысында  да,  нақтылы  нәтижеге  жету  немесе  оның  орын  алуына  жағдай 
жасау кезінде де артықшылықты мәнге ие болуы тиіс.
 


102 
ҚР  Қылмыстық  кодексінің
  29-
б
. 2-
бөлігіне  сәйкес  қоса  орындаушылар 
өздерінің  бірлесіп  жасаған  қылмыстық  құқық  бұзушылығы
 
үшін  осы 
Кодекстің 28
-
бабына сілтеме жасамай, осы Кодекстің нақ бір бабы бойынша 
жауап  береді.  Дәрежелеудің  бұл  ережесі,  біріншіден,  орындаушылар  және 
қоса  орындаушылар  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
құрамын  өздері 
жасайтындығынан келіп шығады. Екіншіден, қылмыстық құқық бұзушылық
 
құрамдары 
туралы 
нормалардың 
диспозициясы 
субъектілерге
-
орындаушыларға  есептелінген.  Айдап  салушының,  көмектесушінің 
жауаптылығы  Кодекстің  28
-
бабына  сілтеме  жасай  отырып  жүргізіледі,  егер 
олар  бір  мезгілде  қылмыстық  құқық  бұзушылыққа
 
қоса  орындаушылар 
болып табылатын болса, онда бұл ереже міндетті емес.
 
Орындаушы  өзіне  тәуелсіз  мән
-
жайлар  бойынша  қылмыстық  құқық 
бұзушылықты
 
ақырына  дейін  жеткізбеген  жағдайда  қылмыстық
 
құқық 
бұзушылықтың
 
қалған  қатысушылары  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасауға  дайындалуға  немесе  қылмыстық  құқық  бұзушылықты  жасауға 
оқталуға  қатысқаны  үшін  жауапқа  тартылады.  Өзіне  тәуелсіз  мән
-
жайлар 
бойынша  басқа  адамдарды  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасауға  көндіре 
алмаған  адам  да  қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
жасауға  дайындалғаны 
үшін қылмыстық жауапқа тартылады.
 
ҚР  Қылмыстық  кодексінің  29
-
б.  5
-
бөлігінің  қылмыстық  құқық 
бұзушылыққа
 
арнайы  субъектімен  қоса  қатысуды  дәрежелеу  туралы  сөз 
болады. Қылмыстық арнайы субъектімен қоса қатысушылары тек белгілі бір 
тұлғалар  болуы  мүмкін,  яғни  арнайы  субъектінің  ерекшеліктеріне  ие 
адамдар:  лауазымды  түлғалар,  медициналық  қызметкерлер,  әскери 
қызметшілер  және  т.б.  Қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
жасауды 
ұйымдастырушылар,  оған  айдап  салушылар  және  көмектесушілер  ҚР 
Қылмыстық  кодексінің
  29-
бабына сілтеме жасай отырып, орындаушы (қоса 
орындаушы)  жасаған  қылмыстық  құқық  бұзушылығы
 
үшін  жауаптылыққа 
тартылады.  Өйткені  олар  тиісті  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
құрамының 
субъектісі  болып  табылмайды.  ҚР  Қылмыстық  кодексінің
 
Жалпы  бөлімінің 
нормасы сияқты бұл
 
бап та жаңадан енгізілген.
 
Тәжірибе  жүзінде  және  теориялық  түрғыда  да  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтарға
 
жалпы  субъектілердің  арнайы  субъектімен  қоса  қатысу 
туралы  мәселе  қашанда  бір  жақты  шешіліп  келді.  Рас,  құрамына  арнайы 
субъектілермен қатар жалпы субъектілер де енетін топтық қылмыстық құқық 
бұзушылықтарды
 
дәрежелеу кезінде тәжірибеде түрлі шешімдер орын алды. 
Соған  қарамастан  екі  адам  қатысқан,  ал  олардың  тек  біреуі  ғана  арнайы 
субъект болған (мәселен, лауазымдық жағдайын пайдаланып мүлікті заңсыз 
иемдену)  топтық  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
мәселе  жай  және 
дәрежеленген құрамдарды шектеу маңызына ие болды.
 
Жаңа Кодекс қылмыстық құқық бұзушылыққа
 
арнайы субъектімен қоса 
қатысуды  дәрежелеуді  барынша  нақты  белгілеген:  жалпы  субъект 
ұйымдастырушы  немесе  айдап  салушы  не  көмектесуші  ретінде  арнайы 
субъект  жасаған  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
үшін  ҚР  Қылмыстық 
кодексінің
 28-
бабына сілтеме жасай отырып, жауапқа тартылады.
 
Сөз  болып  отырған  баптың  4
-
бөлігінде  іске  аспай  қалған  қоса  қатысу 
жөнінде  баяндалады.  Мұндай  екі  вариант  қарастырылған.  Бірінші, 
орындаушының  өзіне  тәуелсіз  мән
-
жайлар  бойынша  қылмыстық  құқық 


103 
бұзушылықты
 
ақырына дейін жеткізбеген жағдай. Екінші, іске аспай қалған 
айдап салушылық кезінде, айдап салушы басқа адамдарды қылмыстық құқық 
бұзушылықты
 
жасауға көндіре алмаған жағдай.
 
Бірінші  жағдайда  қоса  қатысушылар  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасауға  дайындалуға  немесе  қылмыс  жасауға  оқталуға  қатысқаны  үшін 
жауапқа  тартылады,  өйткені  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
оларға  тәуелсіз 
мән
-
жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмей қалды.
 
Екінші  жағдайда  іске  аспай  қалған  айдап  салушылық  көрініс  береді, 
басқа  адамды  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасауға  көндіру  талабы 
нәтижесіз  болып  шыққан.  Ойы  іске  аспай  қалған  айдап  салушы 
жауаптылыққа  нақ  сол  орындауға  басқаны  көндіргісі  келген  қылмысқа 
дайындалғаны  үшін  тартылады.  Бұрынырақта  атап  өтілгендей,  айдап 
салушылықты  өзінен
-
өзі  қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
жасау  үшін 
психологиялық жағдай жасау десе де болады, яни, орындаушының көңілінде 
қылмыстық құқық бұзушылықты
 
жасауда шешімді болуға сенім ұялату деген 
сөз.  Сондықтан  да  іске  аспай  қалған  қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
жасауға психологиялық жағдай жасау үшін айдап салушы 24
-
бап (қылмысқа 
дайындалу  және  оқталу)  және  оның  басқа  адамды  нақ  соны  жасауға 
көндіргісі  келген  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жөніндегі  бап  бойынша 
жауаптылыққа тартылады.
 
Сондай
-
ақ, қылмысқа дайындалу үшін қылмыстық құқық бұзушылықты
 
жасауды ұйымдастырушылар, айдап салушылар немесе көмектесушілер, егер 
орындаушы  өз  еркімен  қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
жасаудан  бас 
тартса,  қылмысқа  дайындалудың  жалпы  ережелері  бойынша  жауап  беруге 
тиіс.
 
Шектен  шығушылық  мәселелері  бұрынғы  Қылмыстық  кодексте, 
қылмыстық  құқық
 
ғылымында  бұл
 
мәселелер  қашанда  назарда  болғанына 
қарамастан,  нақтылы  қарастырылмаған  болатын.  Заң  әдебиеттерінде  кез 
келген,  тіпті  аяқ  асты  ойластырылған  қылмыстық
 
құқық  бұзушылық
 
жоспарды  жүзеге  асырған  кезде  қылмыскердің  оны  іске  асыру  барысында 
қоса  қатысушылардың  алдын  ала  ескеруі  мүмкін  емес  қылмыстық  құқық 
бұзушылық
 
жасауының  мән
-
жайы,  оны  орындаудың  жағдайымен 
байланысты  белгілі  бір  өзгертулер  енгізуі  мүмкін  екендігі  атап  көрсетіледі. 
Сондықтан  да  орындаушының  іс
-
әрекеті  басқа  қоса  қатысушыларға 
соншалықты күтпеген, кездейсоқ болуына орай, оны бағалау да көп жағдайда 
қиынға соғып, тығырыққа тіреп жатады
 (91)
. Сол себепті де бұл
 
мәселелердің 
орайын  тауып,  түйінін  шешу  тек  ұйымдастырушыларды  және  басқа 
қатысушыларды орындаушының шектен шығушылығы үшін жауаптылықтан 
босатуды негіздеу үшін ғана емес, сондай
-
ақ орындаушының шектен шығуы 
мүмкін боларлық мән
-
жайларды анықтау үшін де айрықша маңызды.
 
Жаңа  Қылмыстық  кодекс  бойынша 
–  «
Қылмысқа  қатысушының  басқа 
қатысушылардың ойында болмаған қылмыстық құқық бұзушылықты
 
жасауы 
оның шектен шығушылығы деп танылады. Шектен шығушылық үшін басқа 
қатысушылар  қылмыстық  жауапқа  тартылмайды
»
.  Қылмыстық  кодекс 
орындаушының  шектен  шығушылығының  барлық  мүмкін  боларлық 
варианттарын  жинақтай  келіп,  тек  біреуінің  ғана  басын  ашып  көрсеткен: 
барлық жағдайларға ортақ іс
-
әрекет белгісі: басқа қатысушылардың ойында 
болмаған  қылмыстық  құқық  бұзушылықтарды  жасау.  Аталған  бапта 


104 
көрсетілген «орындаушының шектен шығушылығы үшін басқа қатысушылар 
жауаптылыққа  тартылмайды
» 
деген  тұжырым  әрбір  қатысушының 
жауаптылығы негізі орындаушының іс
-
әрекетінде емес, олардың әрқайсысы 
жасаған іс
-
әрекетте жатады дегенді білдіреді.
 
Қоса  қатысушының  мұндай  нысаны  ұзақ  уақыт  бойы  ҚР  Қылмыстық 
кодексінің 
 
Жалпы бөлімінің нақтылы нормасымен заңды түрде бекітілмеді. 
Дегенмен  Жалпы  бөлімнің  қоса  қатысуға  тікелей  қатысы  жоқ  басқа 
баптарында  және  бұрынғы  ҚР  Қылмыстық  кодексінің
 
Ерекше  бөлімінің 
жекелеген  баптарында  қоса  қатысудың  түрлі  нысандарына  сілтеме  жасау 
ұшырасатын.  Мысалы,  жауаптылықты  ауырлататын  бір  мән
-
жай  болып 
ұйымдасқан  топпен  қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
жасау,  банда 
құрамында  болғаны  үшін  қылмыстық  жауаптылық  қарастырылатын. 
Қылмыстық  кодекстің  ондаған  баптарында  қылмысқа  алдын  ала  жасалған 
келісім  бойынша  қатысу  қарастырылатын.  Бірқатар  баптарда  қылмыстық 
құқық  бұзушылықты
 
адамдар  тобы  жасағаны  үшін  жауаптылықты 
жоғарылату,  ал  басқа  бір  баптарда  ұйымдасқан  топтың  дәрежелеуші 
белгілері қарастырылатын. Қоса қатысудың мұндай түрлі нысандары жөнінде 
ескертулерді Ерекше бөлімнің басқа баптарынан да табуға болатын. Осыған 
байланысты  қылмыстық  құқық  теориясы  қоса  қатысу  нысандары  мәселесін 
жан
-
жақты  талдап,  жүйелеп  шығаруды  мақсат  тұтады.  Заң  шығарушы  оны 
дәрежелеудің түрлі варианттарын ұсынады.
 
ҚР  1997  жылғы  Қылмыстық  кодексі  қоса  қатысудың  төрт  нысанын 
ерекшеледі:  адамдар  тобы  жасаған  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар

адамдар  тобы  алдын  ала  сөз  байласып  жасаған  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтар;  ұйымдасқан  топ  жасаған  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар

қылмыстық  сыбайластық  (қылмыстық  ұйым)  жасаған  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтар

Қылмыстық құқық бұзушылыққа
 
күні бұрын сөз байласпай қоса қатысу 
ҚР Қылмыстық кодексінің 
  31-
б. 1
-
бөлігіне сәйкес «егер қылмыстық құқық 
бұзушылық
 
жасауға  екі  немесе  одан  да  көп  орындаушы  күні  бұрын  сөз 
байласпай  бірлесіп  қатысса
» 
орын  алады,  яғни  бір  қатысушының  әрекеті 
орындаушының  немесе  басқа  қатысушының  әрекетімен  қылмыстық  құқық 
бұзушылықты
 
жасау  кезінде,  ол  аяқталғанша  қосылып  кетеді.  Соған  сай 
мұндай қатысу нысанының бастапқы кезеңі қылмыстық құқық бұзушылыққа
 
қатысушылардың  олардың  біреуінің
 
(немесе  бірнешеуінің)  қылмыстық 
құқық  бұзушылықтың
 
объективтік  жағын  орындай  бастаған  сәтінен,  яғни 
қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасауға  оқталу  сатысынан  бастап  бірлесіп 
кетуі  болып  табылады.  Мұндай  бірлесіп  кетуде  алдын  ала  сөз  байласу 
болмайды.  Бұл  форманы  дәрежелеу  үшін  аса  маңызды  заңдық  бір  сәт 

мұндай  бірігу  орындаушы  (орындаушылар)  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасауды 
– 
қылмыстық
 
құқық  бұзушылықтың
 
объективтік  жағының, 
қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
құрамының  бір  элементін  толық  орындауды 
аяқтағанша жасалуы тиістігі болып табылады.
 
Адамдар тобының
 
алдын ала сөз байласып қылмысқа сыбайлас
 
қатысуы 
ҚР  Қылмыстық  кодексінің
 
баптарына
 
сәйкес  егер  оған  қылмыстық  құқық 
бұзушылықты
 
бірлесіп  жасау  туралы  күні  бұрын  уағдаласқан  адамдар 
қатысса  мүмкін  болады.  Алдын  ала  сөз  байласу  қылмыстық  сәтті  аяқталу 
мүмкіндігін  өсіретіндігі  себепті  бұл,  алдындағымен  салыстырғанда,  қоса 


105 
қатысудың барынша қауіпті нысаны.
 
Алдын  ала  сөз  байласқан  топта  бірігушілік  және  ұйымдасушылық, 
әдетте,  нақтылы  бір  қылмыстық  құқық  бұзушылық  жасауға  алдын  ала  сөз 
байласумен  шектеледі. 
«
Алдын  ала
» 
деген  кез  келген  үлгідегі 

сөзбен, 
ыммен,  көзбен  және  т.б.  келісім  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасағанға 
дейін  жасалғандығын  білдіреді.  Қылмыстық  құқық  бұзушылыққа
 
қатысушылар  бірлескен  әрекеттер  (әрекетсіздіктер)  туралы  келіскен  топпен 
жасайды.  Ұсталған  кезде  мұндай  қоса  қатысушылар  өздері
 
алдын  ала  сөз 
байласқан  қылмыстық  құқық  бұзушылыққа
 
дайындалғаны  үшін  жауапқа 
тартылуға жатады.
 
Өз  мазмұны  бойынша  сөз  байласу 

қатысушылардың  қандай 
қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасайтындығы  жөнінде  және  оны  олардың 
бірлесіп жасауға келісуі. Бұл ретте мұнда, күні бұрын сөз байласпаған топқа 
қарағанда,  топтың  әрбір  мүшесі  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
өзі 
орындайтын  тікелей  қоса  орындаушылық  талап  етілмейді.  Сөз  байласу 
қажетті  жағдайда  қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
жасауды  жеңілдету 
мақсатында функцияларды өзара бөлісу үшін жасалады.
 
Ұйымдасқан  топ  жасаған  қылмыстық  құқық  бұзушылыққа  сыбайлас
 
қатысу баптарына сәйкес
 
бір немесе бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық
 
жасау  үшін  күні  бұрын  біріккен  адамдардың  тұрақты  тобы  жасаса  орын 
алады.  Қоса  қатысудың  бұл  нысанының  маңызды  бір  белгісі  тұрақтылық 
болып  табылады.  ҚР  Қылмыстық  кодексіне  түсініктеме:  «Бірлескен 
қатысудың  аталған  нысанының  белгісі  ретіндегі  тұрақтылық  дегенді  бұл 
топта кездейсоқ адамдардың болмайтындығы, қалғандармен бірлесе отырып 
бір  немесе  бірнеше  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасау  ниетімен  жүрген 
адамдардың  болуы,  бұл  топқа  қатысушылардың  әрқайсысының  бір
-
біріне 
сенетіні,  топ  құрамының  тұрақтылығы,  топқа  қатысушылар  бағынатын 
бастаушылардың  болуы  деп  түсінген  дұрыс
»  - 
деп  есептейді.  Сондай
-
ақ 
мықты  ұйымдасқандық  және  бір  немесе  бірнеше  қылмыстық  құқық 
бұзушылықты
 
жасау  мақсатын  да  аталған  қатысудың  дербес  белгілері 
ретінде ерек
-
шелеуге болады.
 
Қылмыстық  сыбайластық  жасаған  қатысу  баптарына  сәйкес  ол,  егер 
ауыр  немесе  ерекше  ауыр  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар
 
жасау  үшін 
бірігіп  ұйымдасқан  топ  (ұйым)  не  нақ  сондай  мақсатпен  құрылған 
ұйымдасқан  топтардың  бірлестігі  жасаса,  орын  алады.  Ұйымдасқан 
сыбайластық  ұйымдасқан  топтан  екі  ерекшелігімен  айшықталады 

тығыз 
ынтымақтастық  және  ауыр  немесе  ерекше  ауыр  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтар
 
жасауға деген мақсаттылық. 
 
Мұндай  сыбайластықтың  негізінде  кем  дегенде  бір,  ал  көпшілік 
жағдайларда  тәжірибеде  сыбайластыққа  бірлескен  бірнеше  ұйымдасқан  топ 
жатады.  Егер  қылмыстық  сыбайластықтың  ынтымақтастығын  ұйымның 
қылмыстық тапсырмаларын орындаушы оның топтарының, бөлімшелерінің, 
нақтылы  қатысушылардың  бірлескен  әрекеттерінің  нақтылығы  және  тығыз 
бірлігі  сипаттайтын  болса,  онда  сыбайластықтың  жүйелілігі  қылмыстық 
сыбайластықтың  жоғары,  орта  және  төмен  құрылымдары  арасындағы 
жоғарыдан  төмен  қарай  орын  алған  байланысты,  жазылмаған  мінез
-
құлық 
кодексі бойынша олардың күрделі және құпия байланыстарын алға тартады. 
Сыбайластықтың  сыртқы  ортамен  көлденең  қарым
-
қатынасы  жоғарыда 
аталған функционалдық бөлімшелер арқылы жүзеге асырылады.
 


106 
Қылмыстық  сыбайластықтың  мақсаты 

 
ауыр  немесе  ерекше  ауыр 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтарды
 
жасау  ретінде  анықталған,  яғни 
жасалғаны  үшін  ең  төменгі  жаза
 
мөлшері  5  жылға  бас  бостандығынан 
айырудан  басталып,  өлім  жазасына  дейін  тағайындалатын  қасақана  іс
-
әрекеттер  жасау.  Талданып  отырған  бапта  ұйымдасқан  қылмыстық 
сыбайластықты  дәрежелеу  ережелері  түзілген.  Ұйымдасқан  топты  немесе 
қылмыстық  сыбайластықты  (қылмыстық  ұйымды)  құрған  не  оларға 
басшылық  еткен  адам  ҚР  Ерекше  бөлімінің  тиісті  баптарында  көзделген 
жағдайларда оларды ұйымдастырғаны және оларға басшылық еткені, сондай
-
ақ  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар
 
оның  қаскүнемдік  ниетімен  қамтылса, 
ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған 
барлық қылмыстық құқық бұзушылық
 
үшін жауап береді.
 
Ұйымдасқан  топтың  немесе  қылмыстық  сыбайластықтың  (қылмыстық 
ұйымның) басқа қатысушылары ҚР Қылмыстық кодекстің
 
Ерекше бөлімінің 
тиісті баптарында көзделген жағдайларда оларға қатысқаны үшін, сондай
-
ақ 
өздері  дайындауға  немесе  жасауға  қатысқан  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтар
 
үшін  қылмыстық  жауапқа  тартылады.  Ал  Қылмыстық 
кодекстің Ерекше бөлімінде көзделмеген жағдайларда ұйымдасқан топ құру 
оны жасау үшін құрылған қылмыстық құқық бұзушылықтарға
 
дайындалғаны 
үшін қылмыстық жауаптылыққа әкеліп соғады.
 
Қазақстан  Республикасы  Қылмыстық  кодексіне  қарағанда  Ресей 
Федерациясының  Қылмыстық  кодексінде  адамдар  тобының,  алдын  ала  сөз 
байласқан  адамдар  тобының,  ұйымдасқан  топтың  немесе  қылмыстық 
сыбайластықтың  (қылмыстық  ұйымның)  жасаған  қылмысы  Қылмыстық 
кодексте  көзделген  негізде  және  шекте  барынша  қатаң  жазаға  әкеліп 
соғатындығы жөніндегі арнайы норма қарастырылған.
 
Біздің  ойымызша,  Қылмыстық  кодексте  қатысушылар  құрамында 
қылмыстық құқық бұзушылықты
 
жасаған адамдардың қатаң жазалатындығы 
жөнінде  тікелей  көрсетілмеуі,  әлбетте,  қоса  қатысушы  мен  жеке 
орындаушының қоғамдық қауіптілігінің бірдей дәрежелілігіне куәлікке жүре 
бермейді. Бұрынырақта айтып кеткеніміздей, қатысып жасалған қылмыстық 
жоғары қауіптілігі өзінен өзі көзге ұрып тұрады. Мәселен, заңда қылмыстың 
дербес құрамдарын, қоса қатысудың мүмкін боларлық нысандарын (қарулы 
бүлік  (181
-
6.),  Қазақстан  Республикасының  конституциялық  құрылысын 
күшпен  құлатуға  немесе  өзгертуге  не  оның  аумақтық  тұтастығын  күшпен 
бұзуға шақыру (17
9-
6), бандитизм (268
-
6.), заңсыз аңшылық (237
-
6.) сияқты 
қауіпті қылмыстық құқық бұзушылықтармен
 
қатар) бекіте және қылмыстық 
құқық  бұзушылық
 
құрамының  белгісі  ретінде  алдын  ала  сөз  байласқан 
адамдар тобының (жануарларға қатыгездік жасау, 316
-
б
. 2-
б.) немесе онсыз 
(зорлау, 120
-
б
. 2-
б.) қылмыстық құқық бұзушылық
 
жасауын ескере отырып, 
заң  шығарушы  қатысушылар  жасаған  қылмыстық  жоғары  қоғамдық 
қауіптілігін  атап  көрсетеді.  Біз  қылмыстық  іс
-
әрекет  жасаған  адамдардың 
жоғары  қауіптілігі  жөнінде  куәлікке  жүретін  факторлар  олардың 
жазаланушылығына  ол  тек  қылмыстық  заңның  нормасымен  кезделген 
жағдайларда  ғана  ықпал  етіп  қоймайды  деп  есептейміз.  Аталған  норманың 
ҚР  Қылмыстық  кодексінің
 
Жалпы  бөлімінде  болмауы  Ерекше  белімнің 
нормаларының  есебінен  толық  қалыпқа  келеді.  Сондықтан  да 
қатысушылардың  жоғары  жауаптылығын  белгілейтын  нормалардың  ҚК 


107 
арнаулы  баптарында  ескерілмеуіне  бола  жағдайды  күрделілендіруге 
болмайды.  Бұл  жерден  ҚР  ҚК
-
нің  кемшілігін  танып,  проблемаға 
айналдырудың қажеті жоқ.
 
Жаңа  Қылмыстық  кодексте  тұңғыш  рет  топтық  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтар
 
үшін жаза тағайындау мәселелері заңды түрде реттелді. Онда: 
«
Қатысып  жасалған  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
үшін  жаза  тағайындау 
кезінде  оны  жасаған  адамның  іс  жүзінде  қатысу  сипаты  мен  дәрежесі,  осы 
қатысудың  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
мақсатына  жету  жөніндегі  мәні, 
оның  келтірілген  немесе  келтіруі  мүмкін  зиянының
 
сипаты  мен  мөлшері 
ескеріледі»

деп жазылған.
 
Және  осында  қатысушылардың  біреуінің  жеке  басына  қатысты 
жауаптылық  пен  жазаны  жеңілдететін  немесе  ауырлататын  мән
-
жайлар  тек 
сол  қатысушыға  жаза  тағайындау
 
кезінде  ғана  ескерілетіндігі  атап 
көрсетілген.  Қатысып  жасалған  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
үшін  жаза 
тағайындау кезінде заң алға тартатын бірінші талап 

оны жасауға адамның іс 
жүзінде  қатысу  сипаты  мен  дәрежесі.  Қылмыстық
-
құқықтық  әдебиеттерде 
қылмыстық  сипаты  мен  дәрежесі,  бұл  терминдердің  мазмұнын  заң  жүзінде 
ашып  көрсету  болмаса  да,  жеткілікті  деңгейде  оқып
-
зерттелген.  Осы 
анықтамалардың бірнешеуін қарастырып көрелік.
 
Бір  тараптар  қатысу  сипаты 

келісіп  жасалған  қылмыстық  құқық 
бұзушылыққа
 
әрбір  қатысушының  өзіндік  үлесінің  сапалық  сипаты  деп 
есептейді,  ол  басқа  мән
-
жайлармен  қатар  қылмыс  жасауға  қатысу  дәрежесі 
ретінде  анықталады,  мәселен,  өз  рөлін  орындау  барысында  көрініс  тапқан 
табандылық,  қатысушылар  арасында  ерекше  қарым
-
қатынастардың  болуы 
(мә
-
селен, бағыныштылық), кәмелетке жасы толмау және т.т.
 
Ал басқа бір ғалымдар қатысу дәрежесі деп әрбір
 
қатысушының қосқан 
нақтылы үлесін, оның қылмыстық құқық бұзушылық
 
жасаудағы рөлін ұғыну 
керек  деген  пікірді  алдыға  тартады.  Қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасаудағы  қатысу  сипаты  қатысушының  бірлескен  қылмыстық  құқық 
бұзушылық әрекеттегі рөліне (ұйымдастырушы,
 
айдап салушы, орындаушы, 
көмектесуші) қатысты анықталады.
 
Көп реттерде қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қатысу сипаты деп 
қатысушы  орындайтын  рөл,  функция,  ал  қатысу  дәрежесі  деп  адамның  өз 
рөлін, функциясын атқарудағы белсенділік деңгейі ұғынылады.
 
Бұл  орайда  Е.В.
 
Благов  пен  Р.Х.
 
Шаипов  барынша  мазмұнды  түсінік 
береді.  Олар  қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
жасаудағы  қатысушының 
қатысу  сипаты  деп  адамның  атқаратын  рөлін,  функциясын,  қысқаша 
айтқанда,  адамның  қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
жасау  кезіндегі  рөлін: 
орындаушы,  ұйымдастырушы,  айдап  салушы  немесе  көмектесуші  ретіндегі 
жасаған  іс
-
әрекетін  ұғыну  керек  деп  есептейді.  Ал  қылмыстық  құқық 
бұзушылықты
 
жасаудағы  қатысушының  қатысу
 
дәрежесін  белгілі  бір  рөлді 
жүзеге асыру барысында немесе іске асушы рөлдердің шеңберінде іс
-
әрекет 
түрінде  немесе  көлемінде  көрініс  табатын  адамның  белсенділік  деңгейі 
ретінде қарастырған жөн.
 
Бұрнағы  қылмыстық  заңдылықта  аталған  мән
-
жайларды  есепке  алу 
тәртібі  көзделген  болатын.  Бірінші  орында  қатысу  дәрежесі,  ал  екінші 
орында  қатысу  сипаты  тұрды.  Көріп  тұрғанымыздай,  бұл  мәміле 

қоса 
қатысушыларға  жаза  тағайындаудың  қарастырылып  отырған  критериін 


108 
есепке алудың осы үлгісін сақтауды заң шығарушы талап ететін тәртібі. Бұл 
тәртіп судьялар арасында орынды түсінбеушілік туғызды: қалайша алдымен 
адамның  қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
жасау  кезіндегі  белсенділігін,  ал 
содан  соң  ғана  оның  орындаған  рөлін  ескеруге  болады?  Олар  әуеліде 
қылмыстық құқық бұзушылыққа
 
қатысушы кім ретінде әрекет етті, ал содан 
кейін  барып  өзінің  функциясын  қалай  атқарғанын  есепке  алу  керек  деген 
пікірді берік ұстанады. Жаңа Қылмыстық кодекс бұл қателіктерді түзеді.
 
Қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
жасауға  қатысу  сипатын  ескеру 
қоғамдық қауіпті қатысу мынадай тәртіппен: орындаушы, ұйымдастырушы, 
айдап  салушы,  көмектесуші  болып
 
анықталатындығынан  келіп  шығу 
қажеттігін білдіреді. ҚР Қылмыстық кодекстің
 28-
бабында олар нақ осындай 
тәртіппен  түзілуі  кездейсоқтық  емес.  Бесенеден  белгілі,  басқадай  бірдей 
жағдайлар  кезінде  ортақ  ереже  ең  қатаң  жазаны  орындаушыға,  одан  кейін 
ұйымдастырушыға,  онша  қатаң  емес  жазаны  айдап  салушыға,  неғұрлым 
қатаң  емес  жазаны  көмектесушіге  тағайындау  болып  табылады.  Дегенмен 
бұл  заңдылық  кей  жағдайларда  сақталмауы  да  мүмкін.  Кейде  көмектесуші 
айдап  салушыға  қарағанда,  айдап  салушы  ұйымдастырушыға  қарағанда

ұйымдастырушы  орындаушыға  қарағанда  барынша  қатаң  жаза  тартуы 
мүмкін.  Бұл  өзінен  өзі  түсінікті,  өйткені  судья  тек  қылмыстық  құқық 
бұзушылықты
 
жасаудағы  қатысу  сипатын  ғана  емес,  сондай
-
ақ  қатысу 
дәрежесін де қатты есепке алады.
 
Қатысып  жасаған  қылмыстық  құқық  бұзушылықтың
 
ең  қауіпті 
қатысушыларының  бірі  қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
ұйымдастырушы 
болып 
табылады. 
Ұйымдастырушының 
қауіптілігі 
басқалармен 
салыстырғанда  немен  түсіндіріледі?  Ұйымдастырушы  алдын  ала 
ойластырылған,  тікелей  ниетпен  әрекет  етеді.  Ұйымдастырушы  өз  рөлінің 
айрықша  қауіптілігін  жақсы  сезінеді  және  басқа  қатысушыларға  қарағанда
 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтың
 
зардаптары  жайында  барынша  кең 
құлақтанған,  жан
-
жақты  біледі.  Сондықтан  да  оларға  басқаларға  қарағанда 
ауыр  жаза  тағайындалып  отырады.  Соттар  ұйымдастырушыға  ауыр  жаза 
тағайындау  кезінде  қылмыстық  сипаты  емес,  оның  сол  қылмыстық  құқық 
бұзушылыққа
 
қатысуының қауіптілік дәрежесін алға қойып есептеуі керек.
 
Өкінішке  орай,  соттар  жаза  тағайындау  кезінде  қылмыстық  құқық 
бұзушылықты
 
ұйымдастырушыға  барлық  реттерде  бірдей  лайықты  жаза 
тағайындамай  жүр.  Бұл  жөнінде  жан
-
жақты  зерттеу  жұмыстарын  жүргізген 
А.М.
 
Царегородцев  қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
ұйымдастырушы
-
лардың  жауаптылығы  туралы  жазған  оқу  құралында  қылмыстық  құқық 
бұзушылықты
 
ұйымдастырушыларға  және  басқа  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтарға
 
қатысушыларға тағайындалған жазалардың толық мөлшерін 
арнаулы кестемен көрсеткен болатын.
 
Онда тонау, әйел зорлау, кісі өлтіру, бұзақылық және мемлекеттік немесе 
қоғамдық  мүлікті  ұрлау  мен  талан
-
таражға  салу  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтары
 
бойынша  қылмысты  ұйымдастырушыларға  қандай  жаза 
қолданылғаны  көрініс  тапқан.  Сонда  келтірілген  мәліметтерге  сүйенсек, 
соттар әрқашанда қылмыстық құқық бұзушылықтарды
 
ұйымдастырушыларға 
ауыр  жаза  тағайындаудың  орнына,  кей  кездерде  оған  басқаларға  қарағанда 
жеңіл жаза қолданады екен. Бұл, әрине, теріс бағыт.
 


109 
Бұл жерде тағы бір толықтыра кететін баршаға мәлім жай бар. Жазаның 
өзі  адамдарға  әсер  ететінін  ескере  отырып,  жаза  тағайындау  кезінде 
қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
жасау
 
барысында  ерекше  көзге  түскен 
белсенділерді  лайықты  жазаламау  жазаның  алдында  тұрған  мақсаттарға 
жетуге  кері  әсерін  тигізеді.  Жұртшылықта  «айран  ішкен  құтылады,  шелек 
жалаған тұтылады»
 
деген сияқты пікірдің туындауына себеп болады.
 
И.И.
 
Карпец:  «Егер  жасаған  қылмыстық  құқық  бұзушылыққа
 
болмашы 
үлесі  бар  кінәлі  өзінен  кінәсі  мол  қылмыстық  құқық  бұзушылыққа
 
қатысушыдан немесе соны ұйымдастырушыдан артық жаза шексе, бұл жаза 
өзінің  алдына  қойған  мақсаттарын  орындай  алмайды.  Заңсыз  ауыр 
жазаланған  адам  ол  жазаның  әділетсіздігінің  салдарынан
 
кейін,  бас 
бостандығынан айыру орнында да, тіпті жазадан босағаннан кейін де тәртібін 
өзгертпеуі мүмкін»
 - 
деп ой түйеді.
 
Жазаны  жеке  даралау  кезінде  қылмыстық
 
қауіптілігі  деңгейіне 
қылмыстық құққатысушылардың ұйымдастырушыдан басқа нысандарының, 
яғни  айдап  салушы  және  көмектесушінің  атқаратын  рөлі,  алатын  орны  да 
өзіндік әсер етеді. Енді оларға да қысқаша тоқталып өтелік.
 
Айдап  салушылықтың  қоғамдық  қауіптілігі,  бірінші  кезекте,  сондай 
адамдардың  тұрақсыз  адамдарды  қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
жасауға 
итермелеуімен  анықталады.  ҚР  Қылмыстық  кодексте  көндіру  тәсілдері 
түпкілікті  сипатқа  ие  емес,  тұйықталмаған.  Әрбір  жағдайда  олар  өзіндік 
дербес  бағыт,  сипат  алады.  Айдап  салушылық  тәсілін  таңдау  әрқилы.  Ол 
айдап салынушының жеке басына, орын алуы мүмкін қылмыстық сипатына, 
айдап  салушылық  жүзеге  асатын  және  сол  ыңғайда  қылмыстық  құқық 
бұзушылық
 
жасалатын  мән
-
жайларға  қатысты  болып  келеді.  Шартты  түрде 
айдап  салушылық  тәсілдерін  мәжбүрлеуші  және  сендіруші  деп  бөліп 
қарастыруға  болады.  Барынша  қауіптісі  бірінші  тәсіл  болып  табылады. 
Бірқатар  қылмыстық  заңдарда  бұл  ережелердің  заңдық  күші  бар.  Айталық, 
ҚР  Қылмыстық  кодексі  айдап  салушылықтың  барынша  қауіпті  түрі  деп 
қорқытуды  таниды.  Мұндай  ықпал  ету  нысандары  жағдайында
 
орындаушы 
барынша жеңіл жазалануы не жазадан мүлдем босатылуы мүмкін.
 
Көмектесушілерге  қарағанда  айдап  салушылардың  қауіптілік 
дәрежесінің жоғары болуы 

олардың орындаушы жасаған қылмыстық құқық 
бұзушылықтың
 
ең  бастапқы  «авторы»  екендігінде.  Қылмыстық  құқық 
бұзушылық  ниетті  туындатып,  оны  орындауға  деген  шешімді  бекіту  айдап 
салушының  әрекетінен  туындайды.  Сондықтан  да  жаза  тағайындау  кезінде 
айдап  салушыға  қатаң  жаза  қолдану  мүмкіндігін  шектемей,  орындаушы, 
ұйымдастырушылармен деңгейлестіріп жаза тағайындау жағын да ойластыру 
керек.
 
Заң шығарушы оның анықтамасын «Басқа адамды азғыру, сатып алу, 
қорқыту  жолымен  немесе  өзге  де  жолмен  қылмыс  жасауға  көндірген  адам 
айдап салушы деп танылады
» 
(ҚР ҚК 28
-
б. 4
-
б.) деп береді.
 
Қылмыстық құқық бұзушылыққа
 
айдап салудың әдістері әр қилы. Оның 
бәрін  түстеп,  түгендеп  шығу  мүмкін  емес.  Бірақ  бастыларын,  жиі 
кездесетіндерін айта кетуге болады: ұсыну, қорқыту, алдау, бір нәрсеге уәде 
беру, жалыну, жалбарыну, иландыру, көндіру, келісу және т.т.
 
Жоғарыда  айтылған  жазаның  криминологиялық  және  қылмыстық
-
құқықтық  мәселелерін  зерттеген  ғалымдар  қылмыстың  әдісінен  гөрі,  оның 
осы  әдісінің  қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
жасауға  әсер  еткенінің 


110 
құқықтық  маңызы  жоғары  екенін  айта  келіп,  жазаны  жеке  даралау  кезінде 
айдап салу әдісінің орны ерекше дейді. Осы авторлардың деректері бойынша 
айдап салушылықтың ең жиі кездесетін әдісі 

айдап салушының тілегі (50%) 
немесе ұсынысы (37%). Сол сияқты айдап салушылық сирек болса да сендіру 
(7%), иландыру (5%) әдістерімен жасалады.
 
Қылмыстық
 
құқық бұзушылықтың
 
қауіптілік дәрежесін көтеруде  айдап 
салушылық  әдістерінің  түрлері  де  өзіндік  рөл  атқарады.  Біздің  ойымызша, 
адам  өміріне  қарсы  бағытталған  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар
 
үшін 
жазаны  жеке  даралау  кезінде  айдап  салушы  күш  көрсету  арқылы  немесе 
қылмыскердің  отбасына,  туыстарына  үлкен  залал  тигізетін  жағдайлардың 
болатынын  желеу  етіп  не  осы  тектес  жағдайларды  алға  тартып,  қылмысты 
еріксіз жасатуға мәжбүр етсе, бұл жерде жауаптылықтың қатаң түрлеріне ден 
қою керек.
 
Көмектесушілерді 
интеллектуалдық 
көмектесуші, 
іс 
жүзінде 
көмектесуші  деп  бөлу 

заң  әдебиеттерінде  бұрыннан  қалыптасқан  қағида. 
Интеллектуалдық  көмектесушілікке  қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
орындаушының  сана
-
сезіміне,  ерік
-
жігеріне  әсер  ете  отырып,  қылмыстық 
құқық  бұзушылықты  жасауға  психологиялық  тұрғыда  шындап  бекіндіру 
жатады.  Көмектесушіліктің  бұл
 
түріне  қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
жасау  жөнінде  кеңес  беру,  оның  әдістерін  үйрету,  қандай  жағдайларды 
пайдалану, кімді өзімен бірге
 
қылмыстық құқық бұзушылықты
 
жасауға алу, 
т.б.  жатады.  Кез  кездері  заңгер
-
мамандар  интеллектуалды  көмектесуші  мен 
айдап  салушы  арасындағы  ұқсастықтың  салдарынан,  оларды  айырып 
қарастыруда түсін
-
бестіктер жіберіп отырады. Бұлардың айырмашылықтары 

егер азғырушы қылмыстық құқық бұзушылықты
 
жасау ойында жоқ адамға 
азғыру  арқасында  оның  бойында  қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
жасауға 
ұштасатын  ниет  туғызып,  соны
 
қашан  жүзеге  асырғанша  ынталандырып, 
итермелеп  отыру  болса,  ал  көмектесушінің  бұл
 
түрінде  қылмыстық
 
құқық 
бұзушылық
 
ниетке  көмектесушінің  қатысуынсыз  тұрған  адамға  кеңес  бәру 
орнына,  соның  ойындағы  ниетті  қуаттап,  дем  беру,  өз  тарапынан  көмек 
көрсететінін айту болып табылады.
 
Іс  жүзінде  көмектесушілікке  қылмыскерге  оның  өзіндік
 
қылмыстық 
құқық  бұзушылық  іс
-
әрекетін  жасауға  дайындалу  немесе  оны
 
орындау 
барысында
 
іс жүзінде не материалдық жәрдемдесу жатады. Заңда іс жүзінде 
көмектесушіліктің  екі  түрі
 
айшықталған.  Жазаны  жеке  даралау  кезінде 
көмектесушіліктің  қай  түрде  болғанына  да  назар  аударып  отырған  жөн.
 
Инттеллектуалдық  көмектесушіліктің  қауіптілік  дәрежесі  іс
 
жүзінде 
көмектесушіліктің қауіптілік дәрежесінен көп төмен
 
болуы мүмкін. Өйткені

адамның қылмыстық құқық бұзушылық
 
жасауына нақтылы іс
-
әрекет арқылы 
көмек  берем  деп  уәде  беру  көп  жағдайларда  екі  ойлы  болып  жүрген 
адамдардың заңды бұзуына себепкер болып отырады.
 
Заң әдебиеттеріндегі деректерге сүйенсек, көмектесушіліктің біз сөз етіп 
отырған  екі  түрінің  ең  жиі  кездесетіні 

іс  жүзінде  кемектесу  екен.  Осы 
деректерді  берушілердің
 
зерттеген  қылмыстық  құқық  бұзушылықтары
 
бойынша іс жүзіндегі көмектесушілік 65
,
5 пайызды құраса, интеллектуалдық 
көмектесушілік  35,5  пайызға  тең  екен
  (92)
.  Бұл  авторлардың  қылмыстық 
құқық  бұзушылықтың
 
қай  түрлерін  зерттеп  осындай  пікірге  келгені  бізге 
белгісіз,  ал  өзіміз  зерттеген  адам  өміріне  қарсы  бағытталған  қылмыстық 


111 
құқық  бұзушылықтар
 
бойынша  интеллектуалдық  көмектесушіліктің  бір  де 
бір мысалын кездестіре алмадық.
 
Қылмыстық  жазаны  жеке  даралау  кезінде  көмектесушіліктің 
субъективтік  жағына  назар  аудару  қажет.  Тікелей  ниетпен  жасалған 
көмектесушілік  жанама  ниетпен  жасалған  көмектесушіліктен  әлдеқайда 
қауіпті екенін әркез естен шығармау керек.
 
Көмектесушінің  қосарлас  рөлі  оған  басқа  қатысушыларға  қарағанда 
неғұрлым  жеңіл  жаза  тағайындау  керек  екендігін  алға  тартады.  Жоғары 
тұрған сот орындары соттардың қылмыстық, тіпті ауыр қылмыстық
 
қосарлас 
қатысушыларына  бас  бостандығынан  айырумен  байланысты  емес  жаза 
шараларын тағайындау мүмкіндігіне басым бағыт ұстануын міндеттейді. Бұл 
ретте,  әлбетте,  сөз  бірлескен  қылмыстық
 
құқық  бұзушылық
 
әрекетте 
белсенділік танытпайтын көмектесушілер жайында
 
болып отыр.
 
Қылмысқтық  құқық  бұзушылыққа
 
айдап  салушының  және 
көмектесушінің  қауіптілік  дәрежесіне  байланысты  ой
-
толғамдарымызды 
қорытындылай  отырып,  осы  мәселе  бойынша 
XVIII 
ғасырдың  соңы 
-  XIX 
ғасырдың  басында  криминалистика  саласында  маңызды  еңбектер  жазған, 
кезінде  «қылмыстық  құқықтың  Канты»
 
атанған  Ансельм  Фейербахтың 
айтқан  тұжырымдарын  келтіре  кетсек  пе  дейміз.  Фейербах  қылмыстық  қол 
сұғушылықты тікелей және жанама қол сұғушылық деп екіге беледі. Тікелей 
қол
 
сұғушылық  қылмыстық  құқық  бұзушылықты  орындаушының  іс
-
әрекеттерімен  сипатталса,  жанама  қол  сұғушылық  қылмыстық  құқық 
бұзушылыққа
 
көмектесушінің  іс
-
әрекеттерімен  сипатталады.  Қылмыстық 
құқық бұзушылыққа
 
көмектесушіге оны орындаушыға қарағанда жеңіл жаза 
тағайындау  керек,  оның  себебі 

көмектесуші  іс
-
әрекетінің  заңды  бұзылған 
мүдделерге  тікелей  қатысы  жоқ.  Ал  енді  қылмыстық  құқық  бұзушылыққа
 
айдап  салушылыққа  келсек,  бұл  жерде  әңгіме  басқа  бағытта  өрбиді. 
Фейербах  қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
орындаушыдан  оған  айдап 
салушының  қауіптілігі  зор,  сондықтан  оларға  жазаның  ауыр  түрін  қолдану 
қажет деп пайымдайды. Оның себебін ғалым егер айдап салушы болмағанда, 
қылмыстық жасалынуы неғайбыл еді деген оймен дәлелдейді. Сонымен бірге 
Фейербах  жазаны  жеке  даралау  кезінде  айдап  салушының
 
айдап  салу 
әдістеріне де
 
айрықша назар аудару қажеттігін айтады. Бұл ретте кеңес беріп 
қылмыстық құқық бұзушылыққа
 
айдап салудан бұйрық беріп айдап салудың 
айырмашылығы біршама екендігін көрсетеді.
 

жүктеу 1,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау